Меншік – экономикалық категория

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:36, реферат

Краткое описание

Ең алдымен меншік дегеніміз не? Оның мәнін жалпы алғанда кез келген ересек адамның түсінуі де, түсіндіруі де мүмкін. Көпшілігінде бұл сұраққа жауап күнделікті тұрмыс тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Мысалы: «меншік – дәл жеке дара басыма тиесілінің бәрі, меншік – басқа біреудің иелігіндегі байлығы» т.б. Әрине меншіктің бұдан да басқа анықтамасы болғаны тарихтан белгілі. Ертеректегі француз социалисі Пьер Жозеф Прудоның (1809-1865 ж.ж.) меншік – ұрлау деген мағынаны береді дегені бар.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларда белгілі бір ақиқаттың бары анық.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Меншік экономикалық категория.doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

  Меншік – экономикалық категория

 

Ең алдымен меншік дегеніміз не? Оның мәнін жалпы алғанда кез келген ересек адамның түсінуі де, түсіндіруі де мүмкін. Көпшілігінде бұл сұраққа жауап күнделікті тұрмыс тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Мысалы: «меншік – дәл жеке дара басыма тиесілінің бәрі, меншік – басқа біреудің иелігіндегі байлығы» т.б. Әрине меншіктің бұдан да басқа анықтамасы болғаны тарихтан белгілі. Ертеректегі француз социалисі Пьер Жозеф Прудоның (1809-1865 ж.ж.) меншік – ұрлау деген мағынаны береді дегені бар.

Жоғарыда келтірілген  анықтамаларда белгілі бір ақиқаттың  бары анық. Олай дейтініміз осы түсініктемелердің  қай-қайсысында да бірінші кезекте  адамның затқа қатынасы (материалдық игіліктерге) сипатталады. Шын мәнінде дәл осылай ма екен?  Меншік түсінігі адамның «тірі», не «өлі» материалға қатынасы ма? Бұған үзілді-кесілді бір жақты дұрыс болмас еді. Олай дейтініміз экономикалық теорияда «робинзонада» әдісінің кеңінен орын алатыны белгілі. Міне осы әдісті меншіктің мәнін, мазмұнын толық түсіну үшін қолданып көрейік. Адам аяғы баспаған аралда Робинзон бір өзі өмір сүрді деп ұйғаралық. Ол табиғаттың жемісін, атап айтқанда, банан жеп, өзеннен балық ұстап, пальма жапырақтарынан киім киіп тіршілік етеді. Ал Робинзон өзі-өзіне осының бәрі менің меншігім деп айта алар ма еді. Өзін айнала қоршаған материалдық игіліктердің бәрі де менікі деген түсінік оның миына да кіріп шықпас еді. Қоршаған, көзге көрінгеннің бәрі де менікі деп айту үшін, ең болмағанда тағы бір адам болуы шарт. Олай болса бұдан мынадай қорытынды шығаруға болар еді: меншік – адамның затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас. Меншік, әдетте затпен байланысты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздей жай зат емес, осы заттарды иемденумен байланысты адамдар арасындағы қатынас.

Меншіктің экономикалық мазмұнын заттың, материалдық игіліктің  біреудің иелігіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз айтамыз: «мына жер аумағы – менің меншігімде». Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік экономикалық тұрғыдан қалай түсіндіріледі? Жер бетінде адам өз бетімен жұмыс істей ме?  Әлде сол жерде басқа бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін ипотекалық банкке салып, содан тиісінше табыс алатын шығар? Байқап отырсақ меншіктің экономикалық мән-мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін осы әдіс анықтайды:

  • бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, құл иеленушілік және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі;
  • жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік (буржуазиялық) типі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меншік формалары, мәні және айырмашылықтары

 

Меншік - өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім – жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара әсер етеді.

Жалпы және жеке меншіктің  түпкі мәні ортақ болады, бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің мазмұны жалпылықтың (орталықтық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.

Айырмашылықтың мағынасы көп болады: Кейбіреуі өзара алмасуға, ауысуға жол береді, басқасы бұны болдырмайды. Меншік түрлерінің айырмашылығы көп түрлі болғанда, арақайшылықтары  меншіктің бір түрінің оның басқа түріне ауысқаны арқылы шешуге болады. Мысалы, отбасы меншіктің бірлестік түрінен, үлестік түрге (баланың үлесін бөлу) айналуы және керісінше (жұбайының меншігі – жасауы) – жалпы меншік болып қосылуы. Осы меншіктің жеке объектері бірлестік пайдалануда (үй, пәтер), басқалары жеке, индивидуалдық (жеке бастың заттары) пайдалануда болуы мүмкін. Егер меншіктің түрлері арасындағы айырмашылықтар қарама-қарсылыққа дейін жеткен болса, өзара алмасу жойылады. Өйткені бұл меншіктің формасының өзінің күйреуі болып табылады. Мысалы, қоғамдық (халықтық) меншік жалпы меншіктің түрлерінің біреуі болып табылады, ал ол, жеке меншікпен ара қатынастарының көріністері қандай болмасын, өзінің қарама-қарсылығы ретінде қатынасады. Жекешелендіру деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол жалпыхалықтық меншікті жеке меншік етіп қайта құру болады, ал национализациялау – керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің – қоғамдыққа айналуы, форманың ауысуы болып табылады.

Меншіктің формалары  мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың, тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен балық аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке күн көрісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бұндай шарттар қолөнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте ұзақ мерзім бойы семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейін де мұның орынын ауылдың көршілес қаумы басты. Мұндай қауымға дуализм тән болады: егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші өзінің отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып өңдейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әртүрлі көрінісі болып мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ, олардың рөлі мен мағынасы, қоғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей болмайды.

 

Меншіктің экономикалық мазмұны

 

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;

ә) жекелену-қоғамдану  сияқты жұп категориялардың өзара  байланысы;

б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;

в) табыстарды үлестіру тәсілі;

г) субъектілік-объектілік талдау.

 

1. Ең алдымен, меншіктің  экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.

Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету – қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.

2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.

Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.

3. Меншік қатынастарының  ауқымды негізін өндіріс факторларын  біріктіру тәсілі құрайды.

Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.

Өндіріс құралдарын материалдық  игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын  айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының  тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде – жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.

4. Табыстарды үлестіру  өндіріс құралдарын меншіктеушілер  мүддесі үшін жүзеге асырылады.

5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік  ұжым, халық, басқару органдары  бола алады. Меншік объектілері:  өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект,  жұмыс күші болып табылады.

 

 

Меншік объектілері мен субъектілері

 

Меншік қатынастары  көптеген ғасырларды қамтиды. Оның өз даму тарихы бар. Онымен адамдардың өте  қуатты экономикалық, кәсіпкерлік әрекеттері, мақсатты қозғалыс жүйесі, тағы да басқа  әртүрлі экономикалық мүдделері, шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдері байланысты. Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені – меншіктің аса маңыздылығы – жалпы адамзаттың маңызды бағалығына жатады.

Меншік қатынастарының ерекшелігі, ол, бір жағынан, өте  қарапайым, ал екінші жағынан, өте күрделі де. Қарапайымдылығы - әр адам онымен күнделікті кездеседі және оны жиі сезіне отырып, ол туралы белгілі – бір деректер алып отырады. Күрделілігі – оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны. Бұл қарым-қатынастар - әлеуметтік-экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым-қатынастары.

Меншік қатынастарының экономикалық мазмұнын, яғни меншік субъектісі мен объектісін анықтай білу де қажет.

Меншік субъектісі – меншік қатынастарының белсенді жағы. Олар меншік объектісін иемденетін, оған билік ететін және пайдаланатын адамдар. Ол аз емес. Меншік субъектілері:

Адам, тұлға – меншіктің бастапқы субъектісі болып табылады. Ол ең алдымен өз дене қуатының, қарым-қабілетінің, жұмыс күшінің қожасы. Меншіктің бұл боъектілері адамның жеке өзіне тәуелді. Сонымен қатар, адамдар өзінен тыс бақа да заттарға ие бола алады.

Отбасы – бұл да меншіктің көп тараған субъектісі. Отбасы мүшелері үй-ішінің жиған мүлік-жиһаздарының иесі.

Әлеуметтік топтар - өз еріктерімен пікірлес болған топтардың өз меншіктері болады. Олардың мүдде-мақсаттары мен ынта-жігері бір-бірімен сәйкес келеді  (бірлестіктер, қорлар, партиялар, кәсіподақтар).

Кәсіпорындардың еңбек  ұжымдары – бір кәсіпорында жұмыс істейтіндер көп жағдайда бір ғана ұжымдық иелер рөлін атқарады.

Территория халықтары – қандай да бір болсын, аймақта қоныстанған халық сол ауқымды орналасқан кейбір объектілердің иесі бола алады.

Ел халқы – жалпы халықтың дәулеті болып саналатын, елдің ұлттық байлығын белгілі бір бөліктерін иемденеді.

Басқару бөлімдері – кәсіпорындардың басқарушыларынан бастап, ел үкіметіне дейін меншік иелерінің қызметін атқарады. Олардың меншіктің біраз объектілерін пайдалану, билеу туралы шешім қабылдауға құқықтары мен мүмкіндіктері бар.

Меншік қатынастары  әр түрлі объектілерді иемденуге  байланысты қалыптасады. Мұны потенциалды  тұрғыдан алып қарағанда, тіпті жердегі  құрлық атаулы, әрбірден соң бүкіл  әлем де меншік объектісі бола алады. Шын мәнінде, адамның өзі, оның жеке өмірі, қабілеттілігі тек оның өзіне ғана жатады. Бұлай болмаған жағдайда біз «құндылықтың» өзін де заң түрінде белгілер едік.

Көптеген меншік объектісінің құрамын және мазмұнын түсіну үшін олардың маңызды деген түрлерін атап өту керек.

Жер, жер учаскелері, жер кеңістіктері, пайдаланылатын жер – меншіктің көп тараған объектілері болып саналады. Оларды әр түрлі субъектілер, құрылыс жүргізу, ғимараттар салу, коммуникациялар жүргізу және әр түрлі өсімдіктер, дәнді-дақылдар егіп, мал өсіру мақсатымен – жайылым-шабындық ретінде, сонымен қатар, адамдарға, қоғамға қажетті шикізаттар алу үшін де пайдаланады.

Табиғат байлығы – меншіктің тағы да бір көпқырлы объектісі болып табылады. Ол: пайдалы қазбаларды, жер-су байлығы мен ондағы тағы да көптеген пайдалы заттарды, ауа орталығын қамтиды.

 

 

 

Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері

Информация о работе Меншік – экономикалық категория