Жерге ақы төлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 10:40, реферат

Краткое описание

Жерге ақы төлеу дегеніміз – жер учаскесін пайдаланудың экономикалық нәтижесіне байланысты болмайтын, белгілі бір аймақта орналасқан, белгілі бір сападағы және шаруашылық құндылығы бар жер учаскесінің бірлік алаңы үшін белгіленген соманы айтамыз.

Содержание

Кіріспе
1.Жерді пайдаланғаны үшін ақы төлеу
2.Жерді пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.docx

— 30.29 Кб (Скачать документ)

Төлемақы сомасы жер ресурстарын  басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті  органмен жасаған өтемін төлеп уақытша  жер пайдалану шартының негізінде  есептеледі. Төлемақының жыл сайынғы  сомалары жер ресурстарын  басқару  жөніндегі аумақтық уәкілетті органдар жасаған есеп-қисаптарда белгіленеді.

Шарт талаптары, сондай-ақ Салық кодексінде белгіленген жер  салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда жер ресурстарын  басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті  орган төлемақы сомаларының есеп- қисаптарын қайта қарайды. Салық  кезеңінде төленуге тиіс төлемақы мөлшері  есеп-қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және жер учаскесін  салық кезеңінде пайдалану кезеңіне қарай белгіленеді.

Төлемақы мөлшері Салық  кодексіне сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығының  сомасынан кем болмайтындай  мөлшерде белгіленеді.

Төлеудің белгіленген  мерзімдерінен кейін өтімі төленетін  уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскілерін берген жағдайларда, төлеудің келесі (кезекті) мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі  болып табылады. Мемлекет өтеміне  уақытша ақы төлеуге жер пайдалануға  жер учаскелерін төлемінің соңғы  мерзімінен кейін берген жағдайларда, жер учаскесі берілген айдан кейінгі  айдың 20-күні бюджетке төлем төлеу мерзімі деп есептеледі.

Өтемін төлеу уақытша  жер пайдалану шартының мерзімі  біткен немесе салық кезеңі басталғанан  кейін ол бұзылған жағдайда, қалған мерзім үшін бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы, шарттың қолданылуы  мерзімі аяқталған күннен бастап 15 күннен кешіктірілмей төленеді.

Төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының, есеп-қисабын есепті салық  кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей  табыс етеді. Салық кезеңі басталғанан  кейін өтемін төлеп уақытша  жер  пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей  ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс  етіледі.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

       Қазақстан  Республикасының жер заңдары жерге ақы төлеудің басты мақсаты - жерді ұтымды пайдалану, корғау мен игеру, топырақ құнарлығын  арттыруға ынталандырумен ұштасады. 

Жер реформасын жүзеге асыру  және жер қатынастарын нарықтық  экономика талаптарына сәйкестендіру  – бұл нәтижелі жүзеге асрылуы  дамыған елдердің әлемдік даму тәжірибелерін  есепке алып, кешенді түрде 

қараған кезде ғана мүмкін болатын.

Қазақстандық ұлттық заңдарға бірден және жедел енгізуге жол беруге тіптен  болмайды. Қазақстан –  бұл әлеуметтік-экономикалық, этно-мәдени және  табиғи-географиялық ерекшеліктерімен негізделген өздеріне тиесілі 

құқықтық салт-дәстүрі  және менталитеті бар қайталанбас  және бірегей ел. 

Міне, сондықтан нарыққа  бағдарланған шет елдердің құқықтық тәжірибесі  нақты қазақстандық жағдайларға мән бере бейімдеуді қажет етеді.

Осы орайда жер қатынастарын реформалаудың әлемдік тәжірибесін  пір тұтуға жол бермеу және олардың  теріс тенденцияларын айқындауға  объективті түрде талпыну қажет  және оның маңызы зор.

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Айгаринова   Г.Т.   Қазақстан   Республикасының   заңдары   бойынша   жер   төлемдері. – Алматы: Юрист, 2008, 164б. 

2. Қазақстан  Республикасының   Экологиялық  кодексі.  –           Алматы:  ЮРИСТ,   2007. – 164 б. 

3. Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  "Қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төлемақы алудың Ережелерін бекіту туралы" Қаулы // Нормативтік актілер  жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2007. – 95-118 бб.

4. Салық   және   бюджетке   төленетін   басқа   да   міндетті   төлемдер   туралы  (Салық кодексі). – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 248 б. 


Информация о работе Жерге ақы төлеу