Жерді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің құқықтық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 11:51, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз алдында егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, соның ішінде жер қатынастары Қазақстан Республикасының негізгі заңының нормаларына сай дами бастады, яғни тәуелсіз жас мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық, саяси және құқықтық қатынастарының жаңа өмір талабына сай дамуы, өзіміз үшін және болашақ
ұрпақ үшін жоғарыда аталған мемлекетіміздің негізгі қатынастарын қайта реттеп, экономикалық, құқықтық реформаларды қазіргі өмір талабына сай жүргізуді талап етті. Мемлекетімізде жер қатынастарының дұрыс дамуы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық дамуына зор ықпалын тигізетінін ұмытпағанымыз жөн. Сол себепті, жер қатынастарының реттелуін
мемлекеттен ажыратып алуға болмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.docx

— 65.09 Кб (Скачать документ)

Егер жер учаскесін жалға беруші, яғни жер учаскесін уақытша өтеулі

пайдалану құқығын беруші мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушы

болса, онда бұл аталған қатынастар Салық кодексінің ережелерімен

реттеледі.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9-бабына сәйкес,

мемлекет уақытша өтемді пайдалануға берген жер үшін жалдау ақысы

алынып, ол жергілікті бюджетке аударылады. Төлемақының мөлшері жер

ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалған жер учаскесін

уақытша өтеулі пайдалну шартының негізінде айқындалады *4+.

Жер реформасын жүзеге асыру және жер қатынастарын нарықтық

экономика талаптарына сәйкестендіру – бұл нәтижелі жүзеге асрылуы

дамыған елдердің әлемдік даму тәжірибелерін есепке алып, кешенді түрде

қараған кезде ғана мүмкін болатын. Шет елдік құқықтық тәжірибені

Қазақстандық ұлттық заңдарға бірден және жедел енгізуге жол беруге тіптен

болмайды. Қазақстан – бұл әлеуметтік-экономикалық, этно-мәдени және

табиғи-географиялық ерекшеліктерімен негізделген өздеріне тиесілі

құқықтық салт-дәстүрі және менталитеті бар қайталанбас және бірегей ел.

Міне, сондықтан нарыққа бағдарланған шет елдердің құқықтық тәжірибесі

нақты қазақстандық жағдайларға мән бере бейімдеуді қажет етеді.

Осы орайда жер қатынастарын реформалаудың әлемдік тәжірибесін

пір тұтуға жол бермеу және олардың теріс тенденцияларын айқындауға

объективті түрде талпыну қажет және оның маңызы зор.

 

Қорытынды:

Қазақстан Республикасының жер заңдары жерге ақы төлеудің басты

мақсаты - жерді ұтымды пайдалану, корғау мен игеру, топырақ құнарлығын

арттыруға ынталандырумен ұштасады.

Әдебиеттер:

1. Айгаринова Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер

төлемдері. – Алматы: Юрист, 2008, 164б.

2. Қазақстан Республикасының Экологиялық  кодексі. – Алматы: ЮРИСТ,

2007. – 164 б.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қоршаған ортаны ластағаны үшін

төлемақы алудың Ережелерін бекіту туралы" Қаулы // Нормативтік актілер

жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2007. – 95-118 бб.

4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы

(Салық кодексі). – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 248 б.


Информация о работе Жерді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің құқықтық мәселелері