Жер кадастры және ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 09:41, доклад

Краткое описание

Мемлекеттік жер кадастрында жердің құқықтық режимі, оларды жер иеленушілерге, жер пайдаланушыларға, жер категориялары бойынша бөлу туралы, жерлердің сапалық сипаттамасы және халық шаруашылығы тұрғысынан бағалануы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттар жүйесі баяндалады.
Мұндай мәліметтердің тұжырымдамасы мемлекеттік жер кадастрының мынадай кіші жүйелерімен камтамасыз етіледі:
- жер иелену мен жер пайдалануды тіркеу;
- жерді есепке алу;
- жердің топырақ кыртысын және табиғи-технологиялық қасиеттерін таңбалау;
- жердің экономикалық (ақшаға шаққанда) бағасы:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жер кадастры.docx

— 22.91 Кб (Скачать документ)

Жер кадастры және ауыл шаруашылығы  жерлерін экономикалық бағалау.

 

Жер кадастры дегеніміз - жерлердің  табиғат, шаруашылық және құқықтық жағдайы  туралы егжей-тегжейлі мәліметтерінің жинағы. Мемлекеттік жер кадастрының  негізгі міндеті айқындалған. Атап айтқанда, онда мемлекеттік жер кадастрының  мүдделі кәсіпорындарды, мекемелерді  және азаматтарды жерді ұтымды пайдалану  мен қорғау, жер кадастрын реттеу, жерге орналастыру, жер үшін төленетін  акы мөлшерін негіздеу, шаруашылық кызметті бағалау мақсатындағы жер  туралы мәліметтермен камтамасыз етуге  арналғаны атап өтілген.

 Мемлекеттік жер кадастрында  жердің құқықтық режимі, оларды  жер иеленушілерге, жер пайдаланушыларға, жер категориялары бойынша бөлу  туралы, жерлердің сапалық сипаттамасы  және халық шаруашылығы тұрғысынан  бағалануы туралы қажетті мәліметтер  мен құжаттар жүйесі баяндалады.

 Мұндай мәліметтердің  тұжырымдамасы мемлекеттік жер  кадастрының мынадай   кіші  жүйелерімен   камтамасыз етіледі: 

- жер иелену мен жер  пайдалануды тіркеу;

-  жерді есепке алу; 

- жердің топырақ кыртысын  және табиғи-технологиялық қасиеттерін  таңбалау;

- жердің экономикалық (ақшаға  шаққанда) бағасы:

 Жер кадастрын сапалы  жүргізу үшін топографиялық-геодезиялык,  картографиялық топырақ, геоботаникалық  және басқа зерттеулер мен  іздестірулер жүргізу, жер иелену  мен жер пайдалануды тіркеу, жерлерді  есепке алып, бағалау арқылы қамтамасыз  етіледі.                                            

 Мемлекеттік жер кадастры  нақты мәліметтер мен құқықтық  жағдайлары құжаттар жайлы мәлімет,  саны мен сапасы және жердің  экономикалық бағалау. Жер учаскілерінің  құқықтың орналасуы  жайлы  мемлекеттік кітабында көрсетілген.  Мемлекеттік тіркеу және учаскілері  және субъектілері оны қолданатын, сонымен қатар жалпы мәліметті  және жер учаскілерін қолдану  мінезін құқығын мәліметте көрсетілген.  Сапа мен санның есебі оның  қолдануы мен жағдайына байланысты. Есепке барлық жер категориялары  жатады. Есепке жердің ауданы, классификациясы,  шешімді экологиясы, технологиясы  және қасиеті жатады.

 Мемлекеттік жер кадастрын  қалыптастыру және жетілдіру  процесі толық масштабды түрде  жүргізілуде. Республикада жылжымайтын  мүлік, сондай – ақ жер құқықтарын  мемлекеттік тіркеуге алуға себепті,  жер – кадастрлық жұмыстарының  көлемі едәуір артты.

 Мемлекеттік жер кадастры  мен жер мониторингін жүргізуді  ұйымдастыру агенттік құзіретіндегі  негізгі функциялардың бірі болып  табылады. Мемлекеттік жер кадастры  еліміздің жерінің табиғи және  шаруашылық жағдайы, жер телімдерінің  орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың  сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың  есебі мен жер телімдерінің кадастрлық құны туралы және де қажетті мәліметтердің жүйесін құрайды.

 Жер кадастрының құрамдас  бөлігі суармалы жер учаскелерінің  мелиорациялық жай-қүйі, олардың  табиғи және ирригациялық-шаруашылық  жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын  бағалау туралы, оларды пайдаланудың  есебі туралы мәліметтер жүйесін  құрайтын суармалы жерлердің  мелиорациялық кадастры болып  табылады.

 Кадастр мәліметтері  топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық, катографиялық, жерді үйлестіру,  инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеулер  мен іздестіру жұмыстарын жүргізу  арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін  есепке алу, сақтау бірлігі  белгіленген тәртіппен жер құқығы  қатынастары субъектілеріне бекітіліп  берілген, тұйық шекарада бөлінген  жер учаскесі болып табылады.

 Қазақстанда жер мемлекеттің  меншігінде болғандықтан, оған барлық  жер қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық  жайы туралы мәліметтер қажет.  Экономикалық тұрғыда жерді өңдірістің  ең басты құралы ретінде есепке  алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің  даму жоспарларын, бағдарламаларын,  болжамдарын ғылыми негіздеп  құру үшін оның материалдық  мүмкіндіктерін білу керек. Осы  жағдай адам, материалдық, табиғилық  қорларын есепке алу қажеттілігін  есептейді. 

 Жер қорларын ұтымды  және тиімді пайдалану – халық  шаруашылық маңызды мәселе. Ол  халық шаруашылығы салалары арасында  жерді дұрыс үлестіруді, қоғамға  керек ауыл шаруашылық өнімді  толық алуды, топырақтың құнарлылығын  сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды  көздейді. Осы мәселені шешу үшін  жер кадастрын толық, қомақты  жүргізу керек. 

 Жер – кадастрын  жүргізу жөніндегі жұмыстар негізінен  жер – кадастрлық карталарын  құрастыруды және жер учаскелері  туралы мәліметтерді автоматтандырылған  жер – кадастры жүйесіне енгізуді  қамтиды.

 Жер кадастрлық жұмыстары  алдымен жер учаскелерін сату  – сатып алу жөніндегі келісім  шарттарын рәсімдеумен, жер аукциондары  мен конкурстарды өткізумен байланысты.

 Жер кадастрының мазмұны  және оны жүргізудің белгіленген  тәртібі еліміздің барлық аймақтарына  міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының  объектісі Қазақстан Республикасының  барлық мемлекеттік жер қоры  болып саналады. Мемлекеттік жер  кадастры осы қордың толық  саны және сапалық сипаттамасын  беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы  дұрыс, қажетті мәліметтер жиынтығынан  тұруға тиісті.

 Жер кадастрын жүргізудің  ең маңызды шарты  координаттардың  биіктіктердің, картографиялық проекциялардың  классификатор, код, кіру және  шығу форматтардың бірыңғай мемлекеттік  жүйесін қолдану жолымен ақпаратты  өзара сәйкестендіру принципін  қамтамасыз ету болып табылады.

 Жер ресурстарын басқаруды  қамтамасыз ететін міндеттерді  тиімді, уақытты және сапалы түрде  жүзеге асыру үшін жер кадастры  жерді үйлестіру, жер моноторингі,  топографиялық – геодезиялық  топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау және пайдалану қазірге есептеуіш және телекоммуникациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан Республикамыза қазірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың біріңғай ақпаратты – есептеуіш жүйесін құру керек.

 Жер кадастрының автоматтандырлыған  ақпараттық жүйесін құрудың негізгі  мақсаты жер ресурстарын басқарудың  барлық ауқымын жоғары өнімді  компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастрын жүргізудің түбегейлі,  жаңа тәсілдері мен түрлеріне  көшу болып табылады. Жер кадастрының  автоматтандырлыған ақпараттық  жүйесіне тиісті мәліметтер базаларында  жер ресурстары туралы ақпаратты  жинайды, сақтайды. Оларды барлық  деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісті министрлік және ведомстволар  пайдаланады. Жер кадастрының  автоматтандырлыған ақпараттық  жүйесі – ол күрделі, көп  нысаналы, көп қызметті, үздіксіз  дамып жатқан ұйымдастыру –  технологиялық жүйе. Оған:

- Жер ресурстарын басқару  процестерінің мүмкіндігінше толық  ақпараттары;

- Басқарудың барлық деңгейлері  бойынша ақпараттың өте қысқа  уақытта өтуі;

- Жер пайдалану жүйесіне  басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы;

- Басқарылатын жүйеде  болатын барлық өзгерістерді  дер кезінде тауып, есепке алу;

- Жер ресурстарын басқару  мақсатына мемлекеттен бөлінетін  қаржыларды нәтижелі пайдалану  мүмкіндіктері кіреді.

 Жер кадастрының автоматтандырлыған  ақпараттық жүйесінің республикалық  орталықтарының негізгі міндеттері:

- Республика жер ресурстарын  басқару процестер туралы барынша  толық ақпараттануы;

- Елдің жер ресурстарын  пайдалану және жай – күйінің  мәліметтері банкісін белсенді  түрде ұстау және жүйелеу;

- Заң, атқарушы органдардың,  ведомстволарды, ұйымдарды жер кадастрлы  ақпаратпен өз уақытында және  сапалы түрде қанағаттандыру;

- Жер кадастрын жүргізуді  компьютерлеу және ақпараттаудың  негізгі бағыттарын анықтау;

- Ақпаратты топтастыру  және код арқылы құпиялаудың  бірыңғай жүйесін жасау мен  енгізу – жергілікті классификаторларды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған  түрде өңеуге арналған бір  рәсімдік құжаттарды ойлап табу;

- Жер кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесіне қызметкерлерді  оқыту және мамандық арттыру;

- Барлық деңгейде есептеу  жүйесінің құралдарын пайдалану  және Жер кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі  жұмыстарды үйлестіру.

 Қалыптасып жатқан  Жер кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесінің қызметі  мына мәселелерді қамтиды: жер  пайдаланушы субъектілерге, басқару  органдарға, барлық мүдделі органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарына заңды  және сол салада жұмыс істейтін  жеке тұлғаларға қызмет көрсету.  Жер кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесі жер меншігінің  әр түрлеріне негізделінген жер  қатынастарының орнатылуын қамтамасыз  ететін және жер нарығының  дамуын қолдаушы мемлекеттік  ақпараттық құрылым ретінде қарауға  болады.

 Республикамызда мемлекеттік  жер кадастры жүргізудің ұйымдастырушылық  құрылымы және оның автоматтандырылған  ақпараттық жүйесі үш деңгейлік  әкімшілік - аумақтық құрылымнан  тұрады: республикалық, облыстық  және аудандық деңгейлер. Жер  кадастрын жүргізу мен Жер  кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесі тік және  көлбеу деңгейлерде бірыңғай  әдістеме мен технология бойынша  жүзеге асыру міндеті ресурстарын  басқару жөнінде Қазақстан Республикасы  Агенттігінің өндірістік құрылымы  атқарады.

 Жер кадастрлық құжатты  жүргізу және жердің қоры және  үйлестірілуі туралы жылдық есепті  құрастыру көптеген есептер мен  жазуларға байланысты. Кадастрлық  мәліметттерді алу, құрастыру  бойынша жұмыстар әр деңгейде  орындалады. Жер кадастры мәліметтерін  өңдеуде шешілетін негізгі міндеттер:

1. Жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер  көлемдерін анықтау;

2. Алқап түрлері бойынша  аудандарын есептеу;

3. Жерлердің және ауыл  шаруашылығы алқаптарының сапасын  анықтау;

4. Жақсартылған жерлердің  аудандарын және олардың жай  – күйін анықтау;

5. Аудандар, облыстардың  есептік мәліметтеріне өзгерістер  енгізу;

6. Есептік кадастрлық  құжаттарды құрастыру.

 Қазіргі уақытта жерлердің  бар болуы мен үлестіруші олардың  санатта, жер учаскесінің иесі, жер пайдаланушы және алқаптар  бойынша кезектегі жылдың бірінші  қарашасына қосымша кестелерімен  бірге есеп беріледі. Осы мемлекеттік  статистикалық есеп беру аудан,  қала, облыс, республика деңгейлерінде  толық автоматтандырылған.

 Республикамызда жер  кадастрын жүргізуді автоматтандыру  жұмыстары жер қатынастарын қайта  қараумен қатар бірге жүргізіле  бастады. Ең алдымен бұл жұмыстар  республикалық «МемжерҒӨО» жер  ресурстарын басқару жөніндегі  Алматы облыстық, қалалық комитеттерде  басталды. Мысалы, Алматы қаласының  қалалық комитетінде 20-дан астам  автоматтандырылған жұмыс орны  АЖО бар, барлық қажетті техника  мен бғдарламалық бұйымдармен  жабдықталған жер кадастрын жүргізуді  автоматтандыру бөлімшесі құрылды.

 Керек техникамен жабдықталған  АЖО қаланың алты аудандық  агенттігінде қалыптаса бастады.  Қазіргі кезде жер учаскесін  тіркеу жерлерді негізгі және  кезектегі есепке алуды жүргізу,  барлық деңгейде есеп құру  жұмыстары толық автоматтандырылған.

 Жер кадастрының автоматтандырлыған  ақпараттық жүйесі жүргізуді  жер учаскелері бойынша келесі  міндетті ақпараттар кіреді:

1/ жер учаскесінің кадастрлік  нөмірі;

2/ әкімшілік аудан;

3/ учаскенің орны және  оның жүйелік баяндамасы;

4/ нысаналы арналуы;

5/ бөлінуі;

6/ пайдаланудағы шектеулер  және ауыртпалықтар;

7/ учаске ауданы.

 Мемлекеттік жер кадастры  негізінде Қазақстан Республикасы  Үкіметінің тапсырмасына сәйкес  жер кадастрының мәліметтер базасын  басқа кадастрлармен бірлестіруге  мүмкіндік беретін біріңғай бағдарламалық  өнімді шығару:

- Жер кадастрын жүргізу  процестерін автоматтандыруға қажет  бірыңғай анықтамаларды дайындау;

- Геоақпараттық жүйе  технологияларды пайдаланып, көпқабатты  векторлық карталар негізінде  топырақтық және геоботаникалық  картогрофиялау процестерін автоматтандыру;

- Жер кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесі қызметін атқару  бойынша нормативтік, құқықтық, әдістемелік  құжаттар жинағын дайындау.

 Жер кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесінің ары қарай  дамуы Қазақстан Республикасының  заң министрлігімен жылжымайтын   мүлік пен заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу агенттігі  жанындағы  Пилоттық жобаны  дайындау және жүзеге асыру  бойынша Топ жоспары жұмысымен  байланысты. Жер кадастрының автоматтандырлыған  ақпараттық жүйесі облыстық орталығы  облыста жер кадастрын автоматты  жүргізу үшін қызмет атқарады  және кадастрлык мәліметтерді  жинау, өңдеу, оларды өзгерту,  сақтау, жаңарту кадастрлік ақпараты  беру процестерін қамтиды:

- Облыс жер кадастры  мәліметтерінің біріңғай ақпараттық  банкін қалыптастыру және ақпаратты  Жер кадастрының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесін республикалық  орталығына беру;

Информация о работе Жер кадастры және ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық бағалау