Стандарттаудың маңызы мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:06, лекция

Краткое описание

Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер, қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады.

Содержание

Стандарттау ұғымы
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар
Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары
Стандарттау жұмыстарының тиімділігі
Стандарттау жұмыстарының техникалық тиімділігі
Стандарттардың түрлері
Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі
Стандарттаудың мақсаттары
Пайдаланған әдебиеттер
Стандарттау ұғымы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Стандарттаудың маңызы мен мазмұны.docx

— 35.18 Кб (Скачать документ)

 

  1. Стандарттау жұмыстарының тиімділігі

        Стандарттау жұмыстарының тиімділігі одан қоғам көлемінде (халық шаруашылалынған пайда мөлшерінің осы пайдаға қол жеткізуге жұмсалған қаржыға қатынасы түрінде анықталады.

Стандарттау жұмыстарының тиімділігі мына мақсаттарда анықталады:

-нақтылы стандарттау  жұмыстарын мемлекеттік және  мемлекетаралық стандарттау жұмыстарының  жоспарларына қосудың орынды  екенін дәлелдеу үшін;

-стандарттарға енгізілуі  мүмкін шешімдердің ішінен оңтайлысын  таңдап алу үшін;

-стандарттау саласындағы  жұмыстың нәтижелілігін бағалау  үшін.

Стандарттау жұмыстарының тиімділігі оның мынандай негізгі түрлерімен сипатталады:

  • экономикалық;
  • техникалық және ақпараттық;
  • әлеуметтік.

     1. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері ретінде қолданылады:

-пайда (э). - нақтылы стандартты (стандарттар топтарын) халық шаруашылығында  қолданғанда оған сәйкес жекелеген  өнімге жұмсалатын жалпы шығын  мөлшерінің азаюы;

-шығын (з) – нақтылы  стандартты (стандарттар топтарын);

-халық шаруашылығында  қолданғанда оған сәйкес жекелеген  өнімге жұмсалатын жалпы. шығын  мөлшері;

-жекелеген өнімге (қызметке) шаққандағы экономикалық тиімділік  - стандартталатын өнімді өндіру, сату, қолдану және жою кезеңдерінде  жекелеген өнімнен алынатын пайда  (э) мен жұмсалған шығын (з)  айырымы түрінде анықталатын  көрсеткіш;

-стандарттау жұмыстарының  экономикалық тиімділігі нақтылы  стандартты (стандарттар топтарын) қолданудан халық шаруашылығында  алынған экономикалық пайданың  жұмсалған шығынға қатынасы түрінде  анықталады.

Экономикалық тиімділік  стандарттардың мына түрлерін әзірлегенде  және қолданғанда анықталуы тиіс: А) өнімге (қызметке) техникалық талаптар немесе шарттар тағайындалатын стандарттарды; Б) процеске (жұмысқа) арналған стандарттарды; С) бақылау әдістеріне арналған стандарттарды.

      Стандарттардың экономикалық тиімділігіне қатысты бірер мысал. Ресейде тоңазытқыштарға қатысты стандартты енгізгенде олардың әрқайсысынан жылына 200 кВт-қа дейін өнім түсіп отырады. Тоңазытқыштар әр үйде қолданылатынын ескерсек, үнемделетін электр энергиясының мөлшері жаңа электр станциясын салғанмен пара-пар.

Материалдарды тот басудан (коррозиядан), тозудан және биологиялық  бүлінуден қорғауға арналған стандарттарды  әзірлеу және қолдану жылына 600-800 млн. теңге шамасында пайда түсіреді.

     2. Техникалық тиімділік негізге алынатын (ұйымдық-техникалық, жалпы техникалық) стандарттарға қатысты анықтау ұсынылады.

    1. Стандарттау жұмыстарының техникалық тиімділігі

    Стандартты қолданудан алынатын техникалық пайданың салыстырмалы көрсеткіштері түрінде анықталуы мүмкін.

Мысалы, қауіпсіздік деңгейінің артуы, материалдың және энергиялық сыйымдылықтардың азаюы, т.б.

Стандарттау жұмыстарының ақпараттық тиімділігі қоғамға қажетті өзара  түсіністікке, ақпаратты түсіну біркелкілігіне қол жеткізеді және осы жағдайларға  шаруашылық субъектілерінің бір-бірімен  келісімдік құқықтың қатынастарында және халықаралық ғылыми-техникалық, сауда-экономикалық қатынастарын мемлекеттік басқаруда  да жету.

       3. Әлеуметтік тиімділік негізгі тәжірибеде қолданылатын өнімге (қызметке, процеске) қойылатын міндетті талаптардың көпшіліктің денсаулығына, тұрмыс деңгейіне және басқа да әлеуметтік маңызы бар жағдайларда оң өзгерістер әкелуінде. Мысалы, өндірісте жарақаттану, ауырып қалу деңгейлерінің төмендеуі, т.б.

Әлеуметтік тиімділікті  тікелей есептеп шығару көп жағдайда қиын немесе мүмкін емес. Мысалы, балалар  тағамдарына қатысты стандарттар  тобын әзірлеу және қолдану көп  мөлшерде шығын шығаруға байланысты. Бірақ та стандарттау жұмыстары  негізінде қол жеткізіп отырған  балалардың денсаулығының жақсаруы - үлкен әлеуметтік жетістік.

 

  1. Стандарттардың түрлері

      Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:

    • негізге алынатын стандарттар;
    • өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар;
    • процеске стандарттар;
    • бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рөсімдеу) стандарттар.

     Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары. Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді. Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыс тарында автоматты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стандарттардың атқаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл машиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жобалауға жұмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан. Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атңарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:

    • сынау құралдары және басқа да керек- жарақтар;
    • сынауды өткізуге дайындалу тәртібі;
    • сынауды өткізу тәртібі;
    • сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері;
    • сынау нәтижелерін дайындау ережелері;
    • сынау қателігінің мүмкін деңгейі.

 

  1. Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі

      Ұлттық стандарттар

     Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты өзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралы хабарлама береді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты өзірлеуші мүдделі тұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.

        Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.

        Ұлттық стандарттың жобасы мүдделі тұлғалардан жазбаша түрде алынған пікірлермен қоса стандарттау жөніндегі техникалық комитетке жіберіледі, комитет жобаны сараптамадан өткізеді. Техникалық комитет сараптау нәтижесі бойынша жобаны бекіту немесе қабыл алмау жөнінде дәлелді ұсыныс жасайды. Техникалық; комитет ұсынысты ұлттық стандарттау органына жібереді, орган комитет жіберген құжаттар негізінде шешім қабылдайды.Ұлттық стандарттың бекітілуі туралы хабар органның баспасөз беттерінде және электронды сандық жалпы қолданыстағы ақпарат жүйесінде жарияланады. Жариялану мерзімі стандарт бекітілгеннен кейін бір айдан аспауы керек.Ұлттық стандарттау органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп, баспасөз бетінде және ақпараттық жүйеде жариялайды.

          Ұйым стандарттары. Ұйым стандартын, соның ішінде коммерциялық, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің стандарттарын қажет болғанда олар өз бетімен әзірлеп, бекіте алады. Қажеттілік мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:

өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жақсартуға;

қызмет көрсетуге;

зерттеулердің (сынақтардың), өлшеулердің және басқа да жаңалықтардың  нәтижелерін таратуға және пайдалануға.

        Ұйым стандартын дайындаушы жобаны сараптамадан өткізу мақсатында, техникалық комитетке жіберуі мүмкін. Сараптама нәтижесі бойынша техникалық комитет қорытынды шығарып, оны стандарт жобасын дайындаушыға жібереді.

 

  1. Стандарттаудың мақсаттары

      Стандарттау – нақты бар немесе ықтимал міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудiң оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттаудың  негізгі мақсаттары мыналар болып  табылады:

- өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер  мен сипаттамалар белгілеу;

- өнімнің, процестердің  көрсетілетін қызметтердің адамдардың  өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін  қауіпсіздігін, қоршаған ортаның  қозғалуын қамтамасыз ету; 

- өнімнің техникалық және  ақпараттық сиымдылығын, сондай-ақ  өзара алмасымдылығын, қамтамасыз  ету; 

- өнімнің, процестердің  қызмет көрсетулердің сапасын  ғылыми-техникалық даму деңгейімен  сәйкестендіру және сапа мәселелерінде  тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

- өлшемдер бірлігін қамтамасыз  ету; 

- ресурстардың барлық  түрін сақтау және ұтымды пайдаланұ; 

- елдің қорғаныс қабілеті  мен жұмылдырушылық әзірлігін  қамтамасыз ету; 

- табиғи және техногенді  апаттар мен басқа да төтенше  жағдайлардың туындау қаупін  ескере отырып, шаруашылық объектілерінің  қауіпсіздігін қамтамасіз ету. Комитет қорытынды шығарып, оны стандарт жобасын дайындаушыға жібереді.

 

  1. Пайдаланған әдебиеттер
  • В.А. Швандар., В.П. Панов ., Е.М. Купраков и др.Под. ред. проф. В.А. Швандара.Стандартизация и управление качеством продукции. Учебник для вузов М.: ЮНИТА - ДАНА 1999Библиотека КазУТБ, 2.108
  • В.В. Окрепилов.Управление качеством.М : Экономика 1998 г.Библиотека КазУТБ, 2.108
  • Фомин В.Н.Квалиметрия. Управление качеством сертификация. Учебное
  • пособие М.; ОСЬ - 89, 2002Библиотека КазУТБ, 2.108
  • Позняковский В.М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза пищевых продуктов, Новосибирск, 2002
  • Гоева Н.Н.Безопасность продоволственного сырья и продуктотов питания

Информация о работе Стандарттаудың маңызы мен мазмұны