Басқару есебінің әдістері мен тәсілдер және ұйымдастырылуы,

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 14:42, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындай кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетінөнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Басқару есебінің негізгі элементтері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.doc

— 267.00 Кб (Скачать документ)

1-сурет. Басқару процесiнiң моделi

Тап осы мақсат үшін ай сайын бухгалтер – талдаушы менеджерге есеп беріп отыруы керек, атап айтсақ:

  • шығарылған өнімнің статистикасы;
  • өндіріс пен айналым шығындарын есептеу;
  • шығын есебінің әртүрлі сызбасы (схемасы) бойынша қаржылық нәтижені есептеу (шығару);
  • жабу сомасын (маржиналдық табысын) есептеу;
  • рентабельдық пен өтімділік көрсеткіштерін есептеу;
  • қор қозғалысының статистикасы;
  • ақша ағынын есептеу;
  • инвестицияның есебін шығару т.б.

 

 

  1. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.

 

Экономика саласында  басқарушы есептің ролінің артуымен қоса жүретін бизнестің одан әрі дамуы әр түрлі елдерде қолданылатын қағидалары мен оларды есептеудің алгоритмі есепті одан әрі жетілдіру мен түсіндіруге белгілі бір талаптар қояды. Дәл осы кезінде елдің нарықтық экономикаға өту барысында және ұйымдар (кәсіпорындар), акционерлік қоғамдар және т.б. деңгейінде шетел инвесторларымен іскерлік контрактілерді қалыптастыруда біздің мамандар бухгалтерлік есепті жүргізудің біршама тауқыметтерімен бетпе-бет қақтығысады.

Бүгінде әлемдік есеп жүйесінде, оның ішінде бақсарушы есепте де, өмір талабына сай келмейтін жақтары аз емес, бұл мәселе тек Қазақстанға ғана тән емес. Ол ауқымды сипатқа ие. Сондықтан кейінгі кезде басылған бухгалтерлік есп бойынша аздаған оқулықтарда, ғылыми-практикалық публикацияларда, монографиларда, конференция мен дискуссияларда, ресми бухгалтерлерді дайындау мен аттестациялау бағдарламасында жаңа «басқарушы есеп» ұғымы талқыланып жатыр. Басқарушы есеп бухгалтерлік есептің ішкі жүйесі ғана болып табылады, бірақта ол басқару деңгейінде ұтымды қабылданған шешімдердің қажеттіліктері сай келетіндей етіп ұйымдастырылуы қажет. Бұрынғы стандартталған процедураға сүйене бағыты, бүгінде ол шаруашылық субъектілердің мүмкіндіктерін талдауға бағытталған икемді сеп жүйесіне орын босатып берді.

Сәйкесінше, толық ауқымды  басқарушы есепке көшу тек шаруашылық субъектінің барлық деңгйеіндегі есеппен қатар, эккаунтинг жүйесі шеңберідегі функционалдық жәе құрылымдық жекелеген бөлімшелірдің деңгейіндегі есепті де қарастырады.

«Батыс бухгалтерінің бағалауы бойынша, деп жазады Карминский А.М. және т.б. – тек басқарушы есептің жолға қойылуы мен жүргізіліуі ресурстар мен уақыттың 90 пайызына жуығы кетеді, ал дәстүрлі қаржы есебіне қалған уақыт бөлігі кетеді». Осыған ұқсас пікірлерді проф. БезрукихП.С. пен Кондраков Н.П. растайды, жалпы экономикалық ақпараттардың жиынтығында, 2/3 жуығын бухгалтерлік есептің мәліметтерін құрайды, және олар басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет. Бірақта, есептің екі түрі де өз кезеігнде мынадай жүйе элементтерінен тұрады: алғашқы құжаттау мәліметтері бойынша ақпараттарды өңдеу; әр түрлі өндіріс сипатын немесе оның жекелеген бөліктерін өлшеу; бақылау қызметтерін орындау кезінде тура және кері байланысты көздейтін және тағы басқа реттеуші ролін атқарады және ол оны атқарып та жүр. Жоғарыдағыны растау үшін бухгалтерия мен кәсіпорын службаларының және бөлімшелерінің арасындағы есеп беру құжаттамасының қарқынды қозғалысын айтсақ болғаны. Одан басқа, соңғы жылдары ақпаратпен қаныққан башылар шаруашылық субъектінің ішіндегі есептік пен қаржылық қызметтердің интеграциялануына байланысты, бухгалтерлік есептің дәстүрлі процедурасының тиімділігін арттыру мәселелеріне баты назар аударып отыр. Осыдан, «оларды саналы түрде бөлудің нақты жолдары жоқ, өйткені екі жағдайда да ақпарат әдетте менеджменттің жалпы ақпараттық жүйесінен келіп түседі» - дейді Боб Райан

Қаржы мен басқарушы  есептері буъгалтерлік еептің өзара  тәуелді және өзара уәделескен біртұтас компоненттерін білдіреді. Есептің  екі түрін біріктіретін маңызды  ероекшілігі болып, олардың ақпараттарды негізінген шешім қабылдау үшін пайдаланады.

Есеп түрінің әр қайсысында өзіндік ерекшеліктердің болуына  қарамастан, оның құру қағидаларында, қолданылатын әдістерінде ортақ  сипаты болады, ең бастысы басқарушы  және қаржы есебінде ағымдағы өндірісті  бақару процесінде біртұтас объектәілер ретінде еңбек құралы және еңбектің өзі, яғни материалдық және еңбек ресурстарды алға шығады.

Басқарушы және қаржы есептерінің өзара

 байланысының  әдістемелік негізі.

Өзара әрекеттесу критериясы

Басқарушы (өндірістік) есеп

Қаржы есебі

  1. Ақпараттар

 

 

  1. Алғашқы ақпаратты жүргізу
  2. Есепті жүргізу қағидалары
  3. Есептің объектілер

 

5. Есептің әдістері

Жедел ақпараттың қолдануы

Шешім қабылдау үшін

Қаржылық құжаттарын жасау үшін

Алғашқы ақпараттың бірақ  дүркін жүргізілуі

Мақсаттар мен міндеттерді  таңдауда олар біртұтас жалпы қабылданған бабы бойынша жүргізіледі

Біртұтас объектілер (объектілерінің бір тектестігі)

Қолданатын әдістерінің  ортақтығы; құжаттау, түгелдеу бағалау  және калькуляциялар, топтастыру, есеп беру (ішкі және сыртқы), шоттар


        1-кесте

Қаржы есебі

Басқару есебі

1. Ақпараттың  негізгі тұтынушылары

Акция иелері және кредиторлар (нақты және потенциалды), жабдыктаушылар, сатып алушылар, салык службалары мен бюджеттен тыс корлардың  өкілдері, кәсіпорында қызмет етушілер, мемлекет.

Шаруашылық субъектісінің менеджерлері, қызметкер, бухгалтерлер, яғни бөлімшелерді қоса алғанда шаруашылық субъектісінің басқарушылық персоналы.

2. Акпараттың  арналымы (не үшін пайдаланатындығы туралы)

Бухгалтерлік ақпаратты  сыртқы пайдаланатындар үшін (баланс, табыс және шығыс туралы есеп беру, ақша  қозғалысы туралы есеп беру).

Кезеңдік жоспарлау  мен бақылау мақсаттары үшін, сондай-ақ стандаррты емес жағдайдарда шешім  қабылдау ұшін және үйымдастыру саясатын таңдау үшін де қажет. Субъектінің басқарушылық құрамы үшін оның қызметіне қатысты кез келген акпарат өте маңызды, тіптен ол есептің объектісі ме немесе жоқ па, сандык бағалауға жата ма немесе жоқ па деген мәселелерден тәуелсіз түрде болуымен маңызды. Ішкі басқаруды ұйымдастыру үшін, субъект алған табыстар мен өндірістік шығындар туралы ақпараттарды өндеу мен өз уақытында жинауды, тиімді камтамасыз етуді дербес шешуі керек.

3. Акпараттарды  жинау мақсаты

Күрделі қаржы туралы (акцияны ұстаушылар) мәлімет; алған  міндеттемелерді төлеу қабілеттілігі (кредиторлар, ссудалық капитал иелері); декларацияланған табыс, күрделі қаржының жұмсалу көлемі туралы, мүліктерге есептелген салықтар,  жалакы төлеу қабілетілігі туралы мәлімет (жалдамалы жұмысшылар) және т.б.

Шаруашылық субъектінің (басшының) қаржылық жағдайы туралы мәлімет, өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін өзіндік құны туралы мәлімет, жоспарлау үшін сметалар, ағымдағы жедел есеп берулер, қысқа мерзімдік шешімдерді қабылдау үшін болатын шығындар туралы есеп беру, сату бағалары, өндіріс шығындары, сұраныс, бәсекелестік қабілеттілігі, тауардың рентабельділігі мен басқа шешім қабылдау үшін (барлық аталған ақпараттар менеджерлер үшін қажет) мәліметтер.

4.  Реглементеу  деңгейі

Қаржы есебін жүргізу  нормативі құжаттар мен заңға  сәйкес регламенттеледі, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар шоттардың классификациясына сай келуі керек. Және міндетті түрде қаржы есебін жүргізу керек. Міндетті мәліметтерді бұрмалағандар мен есеп беру мерзімін сақтамағандар жауапкершілікке тартылады.

Өндірістік есепті жүргізу  шаруашылық субъектінің әр қайсысы үшін міндетті болып табылады. Өйткені калькуляциялаусыз, қаржылық есеп беруді жасауға болмайды, барлық қалған жағдайларда басқару есебі әкімшіліктің еркіне және олардың шешіміне тәуелді болып келеді. Ал калькуляциялау әдістемесі алдын ала шаруашылықтың әр қайсысының есептік саясатында регламенттеледі. Қазақстанда орындалатын өндірістік есептік едәуір бөлігі – бұл қаржылық есеп жүйесінің жанама өнім. Заңмен қарастылған басқару есебіне нақты талаптар батыста да, Қазақстанда да жоқ.

5. Ақпараттың арналымы (не үшін пайдаланатындығы туралы)

Жалпықабылданып стандарталған  есеп қағидаларына: есептеу, түсініктілігі, мәнділігі, маңыздылығы, дәлділігі, шыншылдығы, аякталуы, сақтығы, салыстырмалығы, жүйелігі т.б. жатады.

Басқару есебі есептік  нормативтері мен зандылық талаптарына сай келе бермейді, сондықтан біршама тәуелсіз тұрғыда үйым-дастырылады. Басқару есебінің қағидасы шешімді қабылдауда пайдалы ақпараттар беретін ережелер мен тәсілдерді таңдауда айқындалады. Басқаша айтқанда, нормалар мен шектеулер жоқ. Басқару есебі көп жағдайда қисынға және тәжірибеге немесе жалпы қолданатын қағидаларға негізделген. Осы тұрғыда басқару есебінің орталықтан-дырылмағаны туралы айтуға болады.

6. Есепті жүргізудің  мақсаты

Қаржы есебінің мақсаты  – қаржылық құжаттарды жасау, қаржылық есеп беру, яғни осы сонғы дайын болысымен, мақсатқа қолы жеткен болып саналады. Бас кітапқа кіргізілген барлық шоттар бойынша қалдықтар мәліметтері қатал түрде қаржылық есеп беруде көрсетіледі.

Басқару есебінің мақсаты - өзіндік ішкі жоспарлау, басқару және бақылауды қамтамасыз ету. Мұнда басқару есебі өнімге қарағанда, мақсатқа жетелейтің құрал болып табылады.

7. Қолданылатын  өлшегіштер

Бәрімізге белгілі, қаржы  есебі ұлттық валютада – Қазақстан  теңгесімен жүргізіледі. Шетел валюталарымен операциялар операцияны жасаған дата бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен бағамды қолданумен қазақстандық теңгемен есептелінеді.

Басқару есебінде ақшалай  да, ақшасыз да өлшегіштер қолданылады  – олардың тиімділігіне байланысты. Кең түрде: дана, метр, тонна, литр т.б. сияқты натуралдық көрсеткіштер қолданылады.

8. Шығындарды  топтастыру

Шығындар элементтері  бойынша топтастырылады. Элемент  деп өндіріске кеткен бірыңғай шығын  түрлері түсіндіріледі. Элементтер бойынша шығындарды топтастыру, мына сұрақтарға жауап береді: есепті  кезеңде өндіріске не жұмсалады? Бірақ қайда және неге қаражаттың жұмсалғаны ескерілмейді. Меншік нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық субъектілері үшін шығындардың құрамы туралы Ережеде экономикалық элементтердің біртүтас тізбесі белгіленген:

  • материалдық шығындар (кері қалдықтар кұнын ескермегенде немесе есептен шығарғанда);
  • еңбекке ақы төлеу шығындары;
  • әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар;
  • амортизациялық аударымдар;
  • басқалай шығындар.

Шығындарды иеленушілері (тасымалдаушылары) бойынша калькуляция баптарына жіктелген түрінде топтастырылады. Шығынды иеленушілер деп сату (өткізу) үшін арналған кәсіпорынның өнім (жұмыс, қызмет) түрі түсіндіріледі. Калькуляция баптары бойынша шығындарды жіктеу, мына сұраққа жауап береді: иелері үшін ресурстар үшін келесі калькуляциялық баптар тән:

  • шикізат және матералдар;
  • кері қалдықтар (есептен шығарылады);
  • технологиялық қажеттілікке деген отын және энергия;
  • азықтар;
  • өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары;
  • әлеуметтік мұктаждықтарға аударымдар;
  • жалпыөндірістік шығындар;
  • коммерциялық шығындар;

және т.б.

9.Есептің негізгі  объектісі

Қаржылық есепте шаруашылық субъектінің шаруашылық қызметі  біртұтас бүтін ретінде қабылданады. Басқаша айтсақ қаржы есебінің объектісі: активтер, меншік капиталы, субъектінің міндеттемесі, яғни шаруашылық операциялар болып табылады. Қаржы есебінің объектілері міндетті түрде синтетикалық шотта көрсетіледі, ал аналитикалық шоттар субъектінің қызметінде бақылаушы ретінде табылады. Басты объектісі – жалпы алғанда, шаруашылық субъектінің бір тұтас өзі болып табылады.

Басқару есебінде басты  назар жауапкершілік орталықтарына  – басшылар басқаратын құрылымдық бөлімшеге, яғни олардың жұмысының  нәтижелеріне жауап беретіндерге аударылады. Бұл кезде бөлімшенің басшысының жауапкершілік са



Информация о работе Басқару есебінің әдістері мен тәсілдер және ұйымдастырылуы,