қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 19:43, реферат

Краткое описание

Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституцияның, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

2.pptx

— 368.29 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық  іс жүргізу принциптері

 

СОӨЖ №2

Орындаған: Бауыржанұлы Қ.

Қабылдаған:Сагинаев Қ.

 

Заңдылық

 

Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер  бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан  Республикасы Конституцияның, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік  құқықтық актілердің талаптарын дәл  сақтауға міндетті.

Сот әділдігін  тек соттың ғана жүзеге асыруы

 

  Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек соттар ғана жүзеге асырады. Сот өкілеттігін кімнің болса да иемденуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады. Соттың үкімі бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды.

Адам  мен азаматтың құқықтары мен  бостандықтары сот арқылы қорғау

 

Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңмен көзделген соттылығы  өзгертіле алмайды. Ешкiмге өзiнiң келісімiнсiз ол үшiн заңмен көзделген соттылығы өзгертiле алмайды.

 Мемлекет заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша жәбірленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткізуiн және келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi.

Жеке  адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу

 

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде  қылмыстық процеске қатысушы адамдардың абыройын түсіретін немесе қадір-қасиетін кемітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге  тыйым салынады, адамның жеке өмірі  туралы мәліметтерді, сонымен бірдей осы кодексте көзделмеген мақсаттар  үшін адам құпия болып табылады.

Адамның жеке басына тиiспеушiлiк

 

1. Осы  Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.

2. Осы  Кодексте көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығын бере отырып, тек соттың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Адам прокурордың санкциясынсыз жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұсталуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмi немесе соттың санкциясы бойынша жол берiледi.

3. Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi, сондай-ақ ол жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереу хабарланады.

Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау

 

1. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi.

2. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс.

3. Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен, не өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.

Жеке өмiрге қол сұқпаушылық

 

Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы

Азаматтардың  жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi

Тұрғын  үйге қол сұқпаушылық

 

Тұрғын  үйге қол сұғылмайды.  
Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркiне қарсы кіруге, оны қарауға және тiнту жүргiзуге заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.

Меншiкке қол сұқпаушылық

 

1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де соттың шешiмi болмайынша өз мүлкiнен айыруға болмайды.

2. Iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысында адамдардың банктегi салымдарына және басқа да мүлiктерiне тыйым салу, сондай-ақ оны алу осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.

Кiнәсiздiк  презумпциясы

 

1. Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшiн кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкімімен белгiленгенге дейiн кiнәсiз деп саналады.

2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

3. Айыпталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күдiк оның пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуi тиiс.

4. Айыптау үкімін болжамдарға негiздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы тиiс.

Қайта соттауға және қылмыстық iзге түсуге жол берiлмеуi

 

Ешкiмдi де нақ бiр қылмыс үшiн қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Сот әдiлдiгiн заң мен сот алдындағы теңдiк негiздерiнде жүзеге асыру

 

1. Сот  әдiлдiгi барша жұрттың заң мен сот алдында теңдiгi негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тілі, дiнге қатысы, сенімдерi, тұрғылықты жерi бойынша немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша қандай да болсын кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды.

3. Қылмыстық iзге түсуден иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен, заңдармен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.

Судьялардың тәуелсiздiгi

 

1. Судья сот әдiлдiгiн атқару кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

2. Соттың сот әдiлдiгiн атқару жөніндегі қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапқа тартылады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.

3. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген

Сот iсiн жүргiзудi тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыру

 

1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптау және қорғау тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы принципiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Қылмыстық iзге түсу, қорғау және iстi соттың шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.

3. Сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу мiндетi айыптаушыға жүктеледi.

4. Қорғаушы сотталушыны қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен әдiстерiн пайдалануға мiндеттi.

5. Сот  қылмыстық iзге түсу органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi.

 

Iстiң  мән-жайын жан-жақты, толық және  объективтi зерттеу

 

1. Сот,  прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.

2. Қылмыстық iзге түсу органдары нақты деректердi анықтайды, солардың негiзiнде iс үшiн мәні бар мән-жайлар белгiленедi.

3. Қылмыстық iстi қараушы сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптау және қорғау тараптарына олардың iстiң мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеу құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай туғызады.

3-1. Осы  Кодекстің 361-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот істегі бар және сот отырысында тараптар табыс еткен дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі мен жеткіліктілігі мәселелері бойынша тараптардың пікірімен байланысты емес.

Дәлелдемелердi iшкi сенім бойынша бағалау

 

1. Судья,  прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өздерiнiң iшкi сенімi бойынша бағалайды, бұл орайда заң мен ар-ожданды басшылыққа алады.

Алқаби  дәлелдемелерді қаралған дәлелдемелердің  жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша бағалайды, бұл ретте ар-ожданды басшылыққа алады.

2. Ешқандай дәлелдеменiң күнi бұрын белгiленген күшi болмайды

Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын  қамтамасыз ету

 

1. Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығы бар. Олар бұл құқығын осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке өзi де, қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға, олардың құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi.

3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктi, айыпталушы қорғаушысының iске қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

4. Сезiктi, айыпталушы қорғаушысының және заңды өкiлiнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы сезiктiге, айыпталушыға тиесiлi құқықтарды кемiтпейдi.

Куәлiк  айғақтар беру мiндетiнен босату

 

1. Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге мiндеттi емес.

2. Дiни қызметшiлер өздерiне iшкi сырын ашуға сенім бiлдiрген адамдарға қарсы куәлiк беруге мiндеттi емес.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және ол үшiн қандай да болсын жауапқа тартуға болмайды.

Бiлiктi заң көмегiне құқықты қамтамасыз ету

 

1. Қылмыстық процесс барысында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес біліктi заң көмегiн алуға әркiмнiң құқығы бар.

2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Жариялылық  

 

1. Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттар мен барлық сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияны қорғау мүдделерiне қайшы келгенде ғана жол берiледi. Сонымен бiрге iске қатысушы адамдар өмiрiнiң жеке жақтары туралы мәлiметтердi жариялауды болдырмау мақсатында, сондай-ақ оны жәбiрленушiнiң, куәнiң немесе басқа да iске қатысушы адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының қауiпсiздiк мүдделерi талап ететiн жағдайларда кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы iстер және басқа да iстер бойынша соттың дәлелдi қаулысымен жабық сот талқылауына жол берiледi. Жабық сот отырысында сот процесiнiң сотқа дейiнгi сатысында сот шешетiн қылмыстық iзге түсуді жүзеге асырушы органның iс-әрекетi мен шешiмiне шағымдар да қаралады.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тілі

 

1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу мемлекеттік тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттік тiлмен бiрдей орыс тілі немесе басқа да тiлдер қолданылады.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе өзге тілдерде жүргізу қажет болған жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы дәлелді қаулы шығарады.

3. Iс бойынша iс жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға сотта өзiнiң ана тілінде немесе олар бiлетiн басқа тiлде өтiнiш жасау, түсiнiк және айғақтар беру, өтiнiш бiлдiру, шағым жасау, iстiң материалдарымен танысу, сөйлеу, осы Кодексте белгiленген тәртiппен аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.

Iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану бостандығы

 

1. Сот пен қылмыстық iзге түсу органының әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

2. Әрбiр сотталған адамның осы Кодексте белгiленген тәртiппен үкiмдi жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға, сондай-ақ кешiрiм жасау немесе жазаны жеңiлдету туралы сұрауға құқығы бар. Шет мемлекеттің соты соттаған және жазасын өтеу үшін кешірім жасауды қолданбау туралы шарт қойылмай, Қазақстан Республикасына берілген адамның кешірім жасау немесе жазаны жеңілдету туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.

Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер. 

  
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. 

Информация о работе қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі