Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:31, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес алдына ала тергеу, анықтау және сотта істі қарау сатысында қылмыстық істі қысқарту институтының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудағы орнын, ұғымы мен мәнін, заң нормаларында көзделген негіздері мен түрлерін, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі мен тәжірибеде кездесетін бірқатар мәселелерін сипаттайды.

Содержание

КІРІСПЕ

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ ҰҒЫМЫ МЕН ТӘРТІБІ
1.1
Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен маңызы
1.2
Қылмыстық істі қысқарту негіздері мен жіктелуі, тәртібі

2
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
2.2
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қылмыстық істі қысқарту .doc

— 596.50 Кб (Скачать документ)

Тараптардың татуласуы институтын дұрыс қолдану, бір жағынан,  қылмыстық  процестегі жәбірленушінің белсенділігі мен рөлінің артуына, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын толық және тез қалпына келтіруге әсер етуге міндетті, сонымен бір уақытта кінәлі тұлғаға ізгілік танытуға бағытталады.

Қарастырылып отырған институт азаматтарға да, мемлекетке де керек. Ол қылмыстық-құқықтық дауларды шешудің тиімді құқықтық механизміне айнала алады. Осы институт арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттік ізге түсу органдарының күштері мен құралдарын үнемдеу мен қоғамға пайдалы болып үйлесе де алады.

Анықтау мен тергеу органдарына берілген тараптардың татуласуы арқылы қылмыстық жауаптылықтан босату құқығы, аталған кезеңде келесі артықшылықтар мен пайданы қамтамасыз ету үшін болып та табылады: елеусіз істер бойынша қылмыстық ізге түсуге бюджет қаражатын жұмсауды үнемдеу, қалған қаражат пен құралды есірткі бизнесіне, сыбайлас жемқорлыққа және өзге де ауыр қылмыстарға мемлекеттік қарсы әрекет жасауды ұйымдастыруға пайдалануға мүмкіндік берер еді; жәбірленушіге атаулы зиянды өтеу түріндегі қосымша мехнизмнің іске енгізілуіне; елеусіз  істерді қарастырудағы соттардың жұмысын және ішінара тергеушілердің жұмысын жеңілдету.

Сонымен қатар, заң ғылымы алдында  бұрынғыша жәбірленушімен татуласу арқылы қылмыстық жауаптылықтан  босатуды нормативті реттейтеудің тәртібін жетілдірудің қажеттілігін тудыратын тұтас теориткалық проблемалар кешені тұр.

Заң шығарушы органға әлі де қылмыстық  істерді ақтамайтын негіздер бойынша  қысқартуға, соның ішінде, тараптардың  татуласуына қатысты іс қысқартудың  нысандары мен тәртібін  оңтайландыру бойынша көптеген шешімдер қабылдау керек болады: әрекеттегі заңнаманың жетілмеушілігі және оның қолданылуының дұрыстығына қатысты.

Бұл, ең алдымен, қылмыстық жауаптылықтан  міндетті босату туралы ҚР ҚК 67-бабы 1-бөлігі мен ҚР ҚК 67-бабында көзделген  жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі туралы ҚР ҚІЖК 38-бабы 1-бөлігі нормаларының қарама-қайшылығы.

Аталған қарама-қайшылық жоғарыда айтылған нормалардың тәжірибеде әр түрлі  қолданылуына әкеліп соғады.

Алматы қаласының қылмыстық  ізге түсу органдарымен ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі 12 тармағы ҚР ҚК 67-бабында  көзделген барлық жағдайлар орын алғанда қолданылады, Оңтүстік Қазақстан  облысында ҚР ҚК 67-бабын ҚР ҚІЖК 38бабы 1-бөлігіне сілтеме жасай отырып қолданады, өзге де облыстарда олардың қолданылуы бір-бірінен өзгешеленеді.

Аталған нормалардың сот органдарымен қолданылуы тәжірибесі де біркелкі емес.

Заң шығарушы органмен ҚР ҚК 67-бабында  көзделген жағдайда қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім  қабылдау мәселесі де реттелмеген, себебі ҚР ҚІЖК 38-бабында әңгіме тек қылмыстық іске және сезікті мен айыпталушыға ғана қатысты айтылған.

Бұл ретте аталған негіздер бойынша  қылмыстық істерді қозғаудан  бас тарта отырып, қылмыстық ізге түсу органдары ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігі 12 тармағы және 38-бабы 1-бөлігіне сілтеме жасайды, бұл, біздің ойымызша, жол берілмеушілік.

Осыған сәйкес, ҚР ҚІЖК 37 бабы 12 тармағы  бойынша тараптардың татуласуымен байланысты қылмыстық істі  қозғаудан  бас тарту құқығын алып тастаған жөн, және ҚР ҚІЖК 38 бабына өзгерістер енгізу керек болады.

ҚР ҚІЖК 38-бабына сәйкес шешім ауырлығы онша емес және ауырлығы орташа қылмыстарды  жасаған сезікті немесе айыпталушыға қатысты қолданылады.

Осылайша, ең алдымен, соның салдарынан тұлға сезікті немесе айыпталушы мәртебесін алатын процессуалды шешім немесе әрекет маңызды орын алуы керек.

Бірақ, біздің ойымызша, ең маңызды  мәселе сезікті немесе айыпталушының  формальді мәртебесінде емес, олардың  кінәлілігінің қаншалықты дәлелденгендігінде болып тұр. Қылмыстық ізге түсуді тараптардың татуласуы арқылы қысқарту ақтамайтын негіз болып табылады. Сезікті немесе айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік олардың пайдасына шешілуі тиіс ( ҚР ҚІЖК 190-бабы). Сондықтан да қылмыстық ізге түсуді қысқарту кезінде «ешқандай күдіксіз» дәлелденуі қажет: қылмыс оқиғасы (уақыты, орны, әдісі және өзге де қылмыс жасаудың жағдайлары); қылмыс жасаудағы тқлғаның кінәлілігі, оның кінәсі мен ниетіінң нысаны; қылмыстылықты жоятын және жауаптылықты болдыртпайтын жағдайлардың болмауы.

Аталған жағдайлардың анықталуы бір  уақытта тұлғаны айыпталушы ретінде  танудың негізі болып табылады. Дәл  осы тұсты заң шығарушы айыпталушы үшін еш күдіксіз дәлелдеуді байланыстырады.Сезікті  мен айыпталушы арасындағы елеулі айрмашылық, соған сәйкес сезік келтіру мен айып тағу арасын алып қарасақ, айып тағу жеткілікті дәлелдемелерге негізделуі керек. Сондықтан да айыпталушы дегеніміз қылмыс жасауға қатыстылығы тергеушіге (анықтаушыға) болсын дәлелденген тұлға. Ал күдік жорамалға негізделеді, яғни сезікті ‒ қылмыс жасауға қатысы бар деп болжамданған тұлға. Бұл институттарды теңдестіру кінәні делелдеу стандартын төмендетеді, сонымен бірге қылмыстық ізге түсу органын қылмыс жасауға қатысқан кінәлі тұлғаны әшкерелеуде ҚР ҚІЖК көрсетілген барлық шараларды жүзеге асыру (ҚР ҚІЖК 21-бабы 1-бөлігі) болып табылатын басты міндетін орындаудан босатады. Сезіктіні әшкерелеу өзіне тез арада оның кінәсіне қатысты дәлелдемелерді жинауды және оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту талаптарын қосады.

Қылмыстық іс қозғаудан бас  тарту туралы шешім қабылданған материал бойынша қылмыс жасаудағы тұлғаның кінәсінің дәлелденгендігі туралы мәселе, тіпті, сынауды көтере алмайды.

Осының орнына сотқа дейінгі  өндірісте, көбінесе, жиналған материалдар  бойынша кінәсі толық дәлелденбеген  тұлғаға қатысты тараптар татуласуы арқылы қылмыстық іс қозғаудан бас тартылады және қысқартылып жатады.

Заңға сәйкес ҚР ҚІЖК 38-бабы бойынша  тергеуші немесе анықтау органы прокурордың  келісімімен сәйкес жағдайлар орын алған жағдайда, қылмыстық істі жәбірленушінің сезіктімен (немесе жәбірленушімен) татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босата отырып қысқартуға құқылы.

Құқық қолдану тәжірибесінде тергеуші және анықтаушы сәйкес келісімді  алмайды, прокурорға процессуалды шешімі бар және жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқарту туралы қаулысы шығарылған дайын қылмыстық істі ұсынады.

Ал прокурор, өз кезегінде, қабылданған  процессуалды шешіммен келіспеген жағдайда, одан бас тартып, қосымша тергеу жүргізу үшін кері жолдайды, бұл  әрекет тергеу өндірісін қайта жаңғырту мен тергеу мерзімін ұзартумен байланысты созбалауға әкеп соғады, сондай-ақ тергеліп жатқан қылмыстық істің сапасына да әсер етеді.

Тергеу органдары аталған ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту құқығын, қылмыс толық ашылмаған, қылмысты әрекеттің  маңызды эпизодтарын анықтау, шынайы қылмсыкерді табу, ұсынылған айыптаулар ішінде аса ауырын дәлелдеу мүмкін болмаған кезде анықтау мен алдын ала тергеудің кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін жасыру мақсатында белсенді пайдаланады.

Тәжірибе көрсеткендей, айыптаушылар, тіпті, олар кінәлі болмаған күннің өзінде де осы негіз бойынша істің қысқартылуына қарсылықтарын білдіре бермейді. Мұның бір себебі, азаматардың қылмыстық ізге түсу органдарына деген сенімінің болмауы, сондай-ақ істің әділетті шешілетініне деген күмәнінің көрінісі. Бұл құбылысты мүдделі тұлғалардың қызығушылық білдірмеуі деп түсінумен бірге, олардың қандай да болсын қылмыстық жауаптылықтан құтылу ниетін көреміз, себебі олар қылмыстық істі қысқартуға қарсылық білдірсе, істің әрі қарай насырға шабуынан қорқады.

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың  қарастырылған  негіздерін қолдану  іс бойынша өндірісте жәбірленуші  немесе оның өкілі, яғни тергеушімен, анықтаушымен, прокурормен, судьямен сәйкес қаулы  бойынша танылған процессуалды тұлғаның  қатысуын да керек етеді. Келтірген шығынды өтеу мен татуласу осы процеске қатысушылардың қатысуымен орын алуы қажет. Бірақ заң айыпталушы ретінде кәмелетке толмағандар (жас балалар), сондай-ақ әрекет қабілетсіз немесе жартылай әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар болған кездегі жағдайды толық қарастырмайды.  Бұл жерде сотқа дейінгі өндірісте анықтау мен тергеу органдары 2001 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының «ҚР Қылмыстық кодексі 67 бабын қолдану бойынша сот тәжірибесі» нормативті қаулысына басшылық етеді, осы қаулыда кәмелетке толмаған (он төрт жастан он сегіз жасқа дейін) немесе әрекет қабілеті шектелген жәбірленушімен заңды өкілі келісімі арқылы ғана татуласу жүргізіледі, ал бұл әрекеттегі қылмыстық іс жүргізу кодексінде заңнамалық бекітілуін талап етеді.

Заң шығарушы орган, сондай-ақ іс бойынша  жәбірленушілер болып табылған жақын  туыстарының бірінің келісіп, екінші біреулері қарсылық білдірген жағдайда, осы сұрақтың қалай шешілетіндігін де қарастырмаған, мысалға алсақ, заң бойынша ең жақын туыстар болып табылатын аға мен әпкесінің, ата-анасы мен балаларының қайсысына артықшылық беруге болады?

Мұндай жағдайда татуласу жүргізу  мүмкін емес деп заңнамамен бекітуге болатын еді. Бірақ қаншалықты бұл  заңды? Ал азаматтардың заң алдындағы теңдігі қайда? Бір айыпталушыға екіншісіне қарағанда ыңғайлы болды ма?

Сонымен қатар, қылмыстық-іс жүргізу  кодексінде заңнамалық бекіту тек қана аталған Жоғары Сот қаулысында көрініс  тапқан келесі ережелерді қажет етеді:

а) қылмыстық ізге түсу органдарымен түпкілікті шешім қабылдауға ықпал еткен барлық жағдайлар мен негіздердің процессуалды құжатта орын алу міндеттілігі қамтамасыз етілмейді.

Қылмыс жасаған тұлғаның жәбірленушімен татуласуы тиісті процессуалды нысанда  бекітілуі керек. ҚР ҚІЖК татуласудың нысаны,  мазмұны мен процессуалды бекіту тәртібін реттемейтіндігін ескере отырып, жәбірленушімен татуласу кезінде сот, прокурор, сондай-ақ тергеуші мен анықтаушы былайша ресімдеуге міндетті:

егер татуласу алдын ала тергеу немесе сот талқылауы барысында жүргізілетін болса, хаттамамен ресімделеді, себебі бұл жағдайда тараптардың тергеу әрекеті болып табылады, ҚР ҚІЖК-нің талабына сіәйкес тергеу әрекеттері хаттамамен бектіледі (жәбірленушінің айыпталушымен татуласуы туралы хаттамасы).

б) ҚР ҚК 67 бабы тәртібімен қылмыстық істі қысқартқан жағдайда, жәбірленушіге бір тұлғаға қатысты сол айыптау бойынша қылмыстық ізге түсуді жаңғырту мүмкіндігі туралы талап теу құқығының келесіде жоғалатыны жайлы түсіндіріп өту [41].

Қылмыстық ізге түсу органдарымен қылмыс санаттарын анықтауға қатысты заң талаптары орындалмайды - ҚР ҚК 67 бабы бойынша татуласу жүргізілуі мүмкін ауырлығы онша емес немесе орташа ауыр қылмыстардың.

Қылмыстық ізге түсу органдары қылмыстық  істі тараптардың татуласуы арқылы қысқартуға мүмкіндік болуы үшін, ауырлығы жоғары қылмыстарды төмен етіп қайта дәрежелеуді өздері жасайды.

Қылмыстық істі жәбірленушімен татуласу арқылы қысқартудың бірден бір талабы ‒ келтірілген зиянды шынайы өтеу, бұл да қылмыстық ізге түсу органдарымен сақталмайды. Қылмыстық ізге түсу органдары өтеуге жататын зиян көлемін анықтауға қатысты жәбірленуші мен сезікті арасындағы процессуалды қатынасқа тікелей араласуды жүргізеді. Кейбір жағдайларда, заң талап еткендей келтірілген зиянды шынайы өтеу қылмыстық ізге түсу органдарының қалауымен жүргізілмейді де, жәбірленушінің қысқартылған іс бойынша бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіру туралы қайта өтініш жасауын тудыртады. Аталған нормалардың қылмыстық ізге түсу органдарымен белсенді қолданылуы, олардың да мүдделілігін көрсетеді.

Жалпы 1998 жылы жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері өз күштеріне енген кезде, заңнамада  ауыр емес және орташа ауыр қылмысты бірінші  рет жасаған тұлғаларға тараптар татуласуы арқылы қылмыстық жауаптылықтан  босатуды көздейтін норма да әрекетке енді.  Кейін 2002 жылы ҚР ҚК 67 бабына қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндірісті оңайлатуды көздей отырып, аталған баптың мәтіні кішкене өзгеріске ұшырап, екіге бөлінген еді.  Егер де бірінші бөлікті тәжірибеде қолдану ешқандай қиындыққа әкеп соқтырмаса, екіншісі түрлі қайшылықтарға тудырды. ҚР ҚК 67 бабының 2 бөлігіндегі норма міндетті емес (факультативті) болып табылады. Сот, прокурор, сондай-ақ тергеуші мен анықтау органы прокурордың келісімін ала отырып, сотқа дейінгі өндірісті өз қалаулары бойынша, қылмыстың барлық жағдайларын және сезікті (айыпталушы) тұлғасын  ескере отырып қолдануға құқылы, яғни заң шығарушы оның нақты бір тұлғаға қолданылу мүмкіндігін көрсеткен.  Сонымен қатар аталған норма тәжірибеде ылғи да қолданылады. Тәжірибеден көргеніміздей, материалды және моральды шығын өтелгеннен кейін тараптар тергеудің аяқталуына бағытталған қандай да бір процессуалды әрекетті жүргізу үшін ІІБ-не келуден үзілді-кесілді бас тартады, осыдан кейін оларды шақырып алу қиындық тударады, сондықтан да олардың міндетті келуін қаматамасыз ету едәуір уақыт пен құралдарды жұмсауды талап етеді.  Осылайша факультативті норма алдын ала тергеу барысында міндетті нормаға айналып кетіп тұр. Сондай-ақ кінәлі тұлғамен материалды және моральды шығынды өтелмеуіне байланысты, оған қатысты шара қолдануды сұрайтын қайталама өтініштер келіп түсетін жағдайлар да кездесіп жатады. Ал қылмыстық ізге түсу органдарынан қылмыстық іс негізді түрде қысқартылған және аталған шешімнен бас тартуға негіздер жоқ деген жауапты ала отырып, алдын ала тергеу сатысында ҚР ҚК 67 бабында көзделген тәртіппен қылмыстық іс қысқартылғаннан кейін, сол тұлғаға қатысты сол айыптаумен қылмыстық қудалауды жаңғырту мәселесін қоюға құқығы жоқ екендігі туралы татуласу салдары түсіндірілгеніне қарамастан жәбірленуші тарап түрлі инстанцияларға қылмыстық ізге түсу органдарының әрекеттері жайлы арыздарымен жүгініп жатады.

Қылмыстық ізге түсу органдарымен іс бойынша дәлелдеу пәніне жататын  жәбірленушінің ерікті түрде ниет білдіру  фактісі анықталмай жатады.

Тергеуші немесе анықтаушы жәбірленуші  мен кінәлі тұлғаға тараптардың  татуласу құқығы бар екендігін түсіндіру  туралы  өз өкілеттігі шеңберінен шыға отырып, жәбірленушіні татуластыруға  белсенді түрде қатысады, кейбір жағдайларда, тіпті қысым жасау арқылы, жәбірленушінің туыстары мен жақындарын да араластыру арқылы қатысады. Сонымен қатар қылмыстық ізге түсу органдары тұлғаға жәбірленуші мәртебесін беру кезінде, жәбірленуші деп танудан негізсіз бас тартып, жәбірленушінің өзге де қысымға көнгіш, тез иланатын туыстары немесе жақындарына қандай да бір  сый немесе марапаттау беру арқылы заңсыз түрде жәбірленуші құқығын беретін фактілер де кездесіп жатады.  

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен тәртібі