Криминалистикалық идентификация және диагностика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 17:16, реферат

Краткое описание

«Идентификаця» термині—латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.
«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:
идентификация — адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;
идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;
идентификация - теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретіңде қарастырылады.

Содержание

І. Кіріспе .....................................................................................................................................................................3
ІI. Негізігі бөлім
II.1 Криминалистикалық идентификацияның түсінігі........................................................................
II.2 Криминалистикалық идентификация объектілерінін ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (жіктелуі)
II.3 Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
ІІ.4 Диогностика криминалистиканың ілімі ретінде

Прикрепленные файлы: 1 файл

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ.docx

— 62.39 Кб (Скачать документ)

Диагностиканың жеке мәселелері өте көп. Оларды жіктеу негізі ретіңде қылмыс оқиғасын құрайтын материаддық дүние объектілерін, қылмыстың өзін және өзге де қылмысты құрайтын материалдық объектілерді қарастырған жөн.

Индификация объектісі ретінде тек қана материаддық заттар қарастырылса, диагностикада объект ұғымына материалдық объект ұғымына материалдық заттармен қатар, объектілердін жеке қасиеттері, объектілердін, құбылыстардын күй – жағдайлары, объектідегі процесстер, оқиғалар, ситуациалар, оқиға механизімдеріде кіреді.

Егер объек ретінде құбылыстар, процесстер зерттеу пәніне жатса  олар техникалық, физиологиялық, биологиялық, биохимиялық, физикалық, сонымен қатар, механикалық, химиялық, радиациялық және т.б. негіздер бойынша жүктеуге жатады.

Диогностика а объектісі ретінде — оқиғалар, ситуациялар қарастырылса, оларды жол-көлік оқиғасына (соқтығыс, жолаушыны басып кету, аударылып қалу және т.б.), адам өлтіруге (пышақпен атыс қаруымен), ұрлыққа (бұзыпкіру),тонауға,қарақшылыққа, контрабанда, жарылыс оқиғаларына және т.б. жүктейміз.

Құбылыстар, процестер, оқиғалар, ситуациялар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Күрделіде - құбылыстардың, процестердің, оқиғалардың, ситуациялардың механизмдері объект болып табылады.

Объектілердің, қасиеттердің, құбылыстардың, ситуациялардың әр түрлілігі оларды теориялық жағынан талдау мен жүйелеуді киындатады.

Диогностикалық  мәселелер шешетін субъектілерге қатысты жедел қызметкермен, тергеушімен және сарапшымен шешілетін диогностикалық мәселелер болып жіктелінеді. Қазіргі кезде диогностикалық мәселелерді жүйелеу өз көрінісін сараптамалық зерттеу шеңберінен тауып отыр. Сот сараптамасының көптеген түлері негізінен диагностикалық мәселелерді шешеді. Бұл сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-бухгалтерлік, сот - қаржылық, экономикалық, тауартанымдық, технологиялық, автотехникалық, өрт-техникалық, инженерлік, әлеуметтік медицина және өзге де сараптамалар.

Сот сараптамасымен шешілетін  диагностикалык мәселелер классификациялық, диагностикалық және ситуациялык деп жіктелінеді.

Мысалы, сот-медицина сараптамасында негізінен диагностикалық сипаттағы мәселелер карастырылады: өлімнің себебі, уақыты, кұралы, тірі кездегі алған жарақаттары, жаракаттың дәрежесі, қан тобы және т.б. Кейде идентификация қажет ететін жағдайлар да туындайды, мәселен: жәбірленушінің жеке басын, өлтіру құралын, шашын, қанын және т.б. тендестіру.

Дәстүрлі  сараптамалардың барлық түрлеріңде  трасологиялық, баллистикалык, колжазбалық, құжаттарды техникалық зерттеу, автортанушылық, заттар және материалдар сараптамасында диагностика мен идентификацияның атқаратын релдері бірдей, бірақ трасологиялық сараптамада идентификациялық мәселелердің диагностикаға қарағанда басымдырақ екенін атап кеткен жөн.

Бүгінгі танда сараптаманың барлық түрлері бойынша диагностикалық мәселелерді шешу, әдістемелік жағынан алып карағанда жеткілікті өнделіп жетілдірілген деуге болады. Диагностика жүргізудің көптеген әдіс-тәсіддері мен әдістемелері бар. Сарапшылар идентификациялық зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді диагностикада да қолданылады.

Диагностика жүргізу кезінде  қандай объектілер зерттелетіндігіне  байланысты әдістер әр түрлі классификацияланады (жіктеледі). Сарапшылармен өнделген әдістемелерде идентификациялық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды шешу үшін тергеушілер мен мамандарға диагностикалык объектілерді табу, бекіту және алуға байланысты ұсыныстар берілген. Мысалы, сот-баллистикалық сараптамаларында идентификациялық және идентификациялық емес мәселелер бірдей шамада қарастырылып шешіледі. Тәжірибеде сезіктіден алынған қару кұралы, мәйіттен алынған оқ немесе оқиға болған жерден табылған гильзалар бойынша идентификация өте жиі жасалады. Бірақ кейбір жағдайларда келесідей диагностикалық: қару өздігінен атылып кетуі мүмкін бе еді; қару қандай кашықтықтан атылған; оқ-дәрілер мен каруды дайындау тәсілдері қаңдай; қару кұралы атуға жарамды ма; қарудың моделі, жүйесі қандай деген сұрақтарды және басқа да диагностикалық сипаттағы жағдайларды

анықтау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ, идентификациялауға кажетті материалдарды дайыңдау кезінде қойылатын талаптар диагностикада да қойылады. Мысалы, ату арақашықтының тек тәжіребенушінің ату іздері бар киімдерімен сезіктіден алынған қару, оқ-дәрі жабдықтары сараптамаға жіберілгенде ғана мүмкін.

Карудың өздігінен атылып кету фактісін анықтау үшін ттергеуші осы фактіге қатысты қарудың өзін және факті жайындағы ақпараттарды сарапшыға жіберуі қажет.

Сараптама шеңберінде жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің қолданылатын өзіндік әдістемелері бар. Сарапшының интификациялық зерттеулеріндегідей белгілерді анықтай отырып, оларды бағалайды. Яғни қорытындыларды қалыптастыру негізінде баға береді, оның дәлдігі жөніндегі қорытындылар категориялық және ықтималды болып келуі мүмкін. Әдістеме болмаған жағдайларда сараптамаға жіберілген зерттеу объектілердін саны жеткіліксіз болған, сондай-ақ объектілерді дұрыс емес бекіткен, алған жағдайларда және басқада себепьерге байланысты сарапшы тергеушінің қойған барлық сұрақтарына жауап бермеуіне құқықығы бар.

Сараптамалық диогностика  кезінде тек категориялық (дұрыс  немесе теріс) қорытындылар ғана дәлелдемелік маңызға ие бола алады.

Диагпостика қорытындыларын бағалаудың ерекшелігі, категориялық қорытыңдылар барлық уақытта жеке фактілік маңызға ие бола бермейтіңдігінде және де диагностикалық ситуациялар мен идентификацияны шешетіндігінде. Мысалы, сарапшы оқиға болған жерден алынған оқ, гильза Макаров тапанша жүйесімен атылған деп қорытынды береді. Бұл қорытынды сезіктінің тұрғын-жайына тінту жүргізу мақсатында қолданылады. Дұрыс нәтижелер алынған жағдайларда, табылған тапанша оқ, гильзаларымен бірге сараптамаға идентификациялауға жіберіледі.

Диагностика тергеуші мен  мамандардың қызметінде өзіндік  ерекшеліктерге ие. Нақты айтқаңда дигностика тергеушінің болжау құру мен оны тексеру кезінде пайда болады. Ал, мамандар тергеушімен жүргізілген тергеу әрекеті шеңберіңде диагностика жүргізу арқылы тергеушіге болжаулар кұруға көмегін тигізеді.

Тергеуші мен маман  диагностикасы көптеген жеке сұрақтарды шешеді және жеке болжауларды кұруға мүмкіндіктер береді. Мысалы, оқиға болған жерді қарау кезінде диагностикалау келесідей: не жағдай болды; қылмыс қалай жасалды; қылмыскер кім; ол не істеді; іздер қайда болуы мүмкін деген сұрақтарды шешуден басталады. Егер іздер табылған жағдайларда, мысалы: аяқкиімнің ізі бойынша кылмыскердің жынысын, жасын, жағдайын, бойы мен басқа да іздердің сыртқы белгілерін диагностикалауға (ажыратуға) болады.

Тергеуші жауап алу барысында  жауап алынушы тұлғанын жағдайын диагностикалауға тырысуы қажет. Тергеуші дұрыс диагностика жасау арқылы іс бойынша алынған мәліметтердің, ақпараттардың дұрыстығына, дәлдігіне, анықтылығына немесе оның жалғандығына, болмаса оның жартылай, ішінара жалғандығына көз жеткізеді.

Тергеушінің диагностикасы  өзіндік мәні бойынша сараптамалық диагностикадан ерекшеленеді. Тергеушінің диагностикасы — бақылау, модельдеу, эксперимент, салыстыру, өлшеу, сипаттау дегендей жалпы ғылыми әдістемелерге негізделеді, сонымен қатар криминалистика, психология әдістерін пайдаланады. Ал сараптамалық диагностикада диагностикалық зерттеу әдістемелері негізінде өнделіп жетілдірілген құрал-жабдықтық (инструменталдық) әдістер қолданылады. Мысалы, жәбірленушінің киіміңдегі қатпарлану фактісі мен оның табиғатын анықтау үшін сарапшы жарықтандыруды әр түрлі жағдайларда жіберу, сондай-ақ химиялық, спектрлік және т.б. талдаулар жасау арқылы визуалды-микроскоптық әдісті (МБС-2) қолданады. Әдістерді қолдану негізінде сарапшы қорытындыны классификациялық сипатта береді.

Тергеушінің қызметіңдегі субъективтік диагностика барынша кең тараған әдіс болып табылады.


Информация о работе Криминалистикалық идентификация және диагностика