Дәлелдеу процессі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәлелдеу процессі.doc

— 371.00 Кб (Скачать документ)

Фотосуретке түсірудің артықшылығы дәлелдемелік ақпаратты бекітудің әдісі ретінде фотоға түсіруді қамтамасыз етеді:

  1. объектіні бекітудің жеделдігі;
  2. бекіту нәтижелерінің толықтылығы және көрнектілігі. Жүз жыл бұрын бұл мәселе бойынша П.В. Макалинский қарау қаншалықты мұқият және адал жүргізілсе де, қаншалықты айқын болса да, суреттей және көркемдей мазмұндалса да, фотосурет сияқты суреттеу ешқашан көрнекті елесте бере алмайды деп жазған;
  3. бекітудің объективтілігі және нақтылығы. Фотосуретке бейне бекітілетін объектіге субъективті қатынасынан айырылған;
  4. адамдардың көздеріне көрінбейтін түстердің түрлерін айқындау және сақтау, оларды визуальді ажырату үшін қол жеткізбейтін бекітуге мүмкіндік.

Фотосуретке түсірудің бұл артықшылығы белгілі дәрежеде оның кемшіліктерін өтейді, бекітудің әдісі ретінде: бейне жазықты сипатта, кейбір жағдайларда суреттің болашақта бұрамалануы, сапасыз болуы мүмкін, қаралы-ақ бейнелер және кейбір басқа түстерді берілуінің шектелуі.

Бірақ анық көріп отырғанымыздай, жалпы және сот фотографиясы дамуының нәтижесінде, фотосуретке түсірудің жаңа құралдарын және әдістерін жетілдірудің кемшіліктері толық немесе ішінара жойылады.

Орыс криминалистері сот фотографиясының дамуы криминалистиканың маңызды мәселесі деп санайды. 1926 ж. сот фотографиясы бойынша бірінші ірі жұмыстар дүниеге шықты, авторы ретінде С.М. Потапов болды. Сот фотографиясы мәселелерімен Н.Д. Вороновский, А.В. Дулов, Ю.Г. Корухов, М.В. Салтевский, Н.А. Селиванов. П.Ф. Силкин, С.М. Сырков, Н.С. Полевой, Х.М. Тахо-Годи, А.А. Эйсман және тағы басқа ғалымдар айналысты.

Криминалистік фотонграфиясының кең қоданылуы қарапайымдылығымен, шынайлылығымен бекітілетін объектімен физикалық байланысының жоқтығы алдын ала анықталған, ол ең бастысы әдістің көрнектілігі. Сот фотографиясының дамуы теориялық жетілдірумен белгіленген, осы база негізінде криминалистикалық (сот) фотографиясының жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе ғылыми дәрежелі және олардың дәлелдемелерді зерттеу және жинау кезінде қолданылатын фотосуреттердің түрлеріне және әдістеріне, тәсілдеріне негізделген. Сот фотографиясы туралы оның басты – бекіту қызметімен ғылыми ойларының өзіндік ерекшеліктерін, бұл тақырыпқа бірінші монографиялық зерттеулерін С.М. Потапов ұсынған болатын. Оның анықтамасына сәйкес, сот фотографиясы көрнекті дәлелдемелік материалдарды сотқа ұсыну және қылмысты ашу мақсатында қолданылатын фотосуретке түсірудің ғылыми әдістерін шығарған жүйе деп аталады. Сот фотографиясының маңызды белгілерін ерекшелей отырып, ол сот фотографиясының мақсаты ретінде қылмысты ашуға көмектеседі деп белгілейді, бірақ қылмысты ашуға көмектесумен қатар, белгілі бір текті заттарға немесе оқиғаларға қатысты тергеу кезінде қызмет ететін көрнекті дәлелдемелік материалдарды сотқа ұсыну, бірақ істі қарау кезінде оларды тікелей қадағалау үшін сақталына алмайды. Криминалистикалық фотографияның әдістері және тәсілдері сол жағдайда ғана қолданылады, егер объектінің қабылданбайтын сыртқы белгілерін анықтау үшін қооданылуы мүмкін. Бұл негіздердің негізінде криминалистикалық фотографияның жүйесі қалыптасты. Криминалистикалық фотография жүйесінде өзіндік бағыт ретінде зерттеулі фотографияның әдістері болып табылады. Бұл бағыттың негізін қалаушы Е.Ф. Буринский Г. Гросстың «Сот тергеушілер үшін жетекшілік» деген іргелі жұмысына сілтеме жасайды, Гросс сот фотографиясы туралы барлық мәліметтерді адал жинады, бірақ ол ерекше сот фотографиясын құрудың керектілігі туралы мәселені қозғамайды деп жазды Е.Ф. Буринский. Сот мақсаты үшін фотографияны қолданудың екі түрі бар деп айтады ол: бірінші, әртүрлі фотографтың қызметін пайдаланады; ал басқалары фотоға түсірумен ғана емес, тәжірибеде, сонымен қатар теориямен таныс, ғылыми білімі бар фотографтың қатысуын талап етеді. Бірінші жағдайда тергеушінің өзі суретке түсіре алады, егер қажетті құралдары болса. Сотқа шақырылатын фотографтың алдында пайда болатын жалпы фотсуретке түсіру құралдарымен шешілмейтін қандай да бір жаңа техникалық мәселелер, бірақ жаңа жолдарды, жаңа тәсілдерді және жаңа құралдар болуы мүмкін іздеулерді талап ететін, осы бағыттар және зерттеулі фотография әдістерінің маңызын анықтайды.

Зерттеу бағыттарының ғылыми негіздерін талдап, А.И. Винберг криминалстикалық трнасформацияның синтезделетін қағидасы ретінде анықтады, ол әртүрлі ғылымдардың қолданылуы қылмыстық сот өндірісіндегі арнайы білімнің кең қолданылуына алып келеді.

Буринский сот фотографиясының зерттеу бағыттарының криминалистикалық маңызын анықтай отырып, криминалистикада арнайы тәсілдер, әдістер және құралдарды айқындау, бекіту, жинау және физикада, химияда, биологияда, психологияда, мехиникада және т.б ғылымдарда жоқ дәлелдемелік фактілерді зерттеу жетілдіруде деп белгілейді. Жеке ғылыми әдістер криминалистикаға өткенде өзгеріске ұшырайды, криминалистикалық әдістер ретінде қалаптаса бастағанда, олра өз бойларына жаңа қасиеттерді сініреді. Буринский болжағандай зерттеу фотографиясының әдістерін қоданып дәлелдемелік ақпаратты көрнекті-бейнелі нысанда бекітуді қолданудың жолдарымен қол жеткізіледі. Фотосуретті сақтаудың әдістерін оптикалық бейненің қалыптасу қағидасы негізінде криминалистикалық сараптаманың жаңа түрі анықталды – фототехникалық сараптама.

Екінші бағыты фотосуретке түсіру арнайы әдістерінің қоданылуы тоқтың ағым күшінде (токов высокой частоты) фотосуретке түсіру.

Үшінші бағыт интегралды әдістеме негізінде әртүрлі нысандағы бекітуді қолданудағы көрнекті-бейнелі нысанда бекітуді дамыту. Қылмысты тергеу кезінде қолданылатын техникалық құралдар, бейнежазба құралдың көмегімен вербальді, динамикалық, статикалық – көптеген сипаттамаларды бекітуге көмектеседі. Бейнемагнитофон арқылы магнитті тасмалдаушы оптикалық және дыбысты сигналдарды бір мезгілде бекіту процессін бейнежазба деп атайды. Бейнежазба бекітудің әдісі ретінде іс үшін маңызы бар әртүрлі мән-жайларды анықтау үшін бастапқы ақпаратты қоюға көмектеседі.

Қазіргі бейнежазба құралы өз алдына күрделі жүйе. Ол бейнетаспа – құралынан тұрады, ол арқылы магнитті тасмалдаушыға (пленка) бейнесигналдарды және дыбыстарды бекітуді және магнитофон арқылы дыбыстарды тыңдау және жазылған бейнесуреттерді қарау, жаңғырту үшін арналған құрал. Көрсетілген жүйе бір мезгілде екі қызмет жүзеге асырады: 1) кинотаспа және фотоаппарат сияқты оптикалық бейнелерді бекітеді; 2) магнитті тасымалдаушы дауыс сигналдарын бекітеді, яғни дыбыс жазатын аппараттың қызметін жүзеге асырады.

Көрнекті дәлелдемелі материалдар сотқа және алдын ала тергеуге жедел ұсыну, бейнежазбаның артықшылығы және сипаты ең басты болып табылады. Қазіргі уақытта бейнежүйені қолданудың белгіленген тәжірибесі жинақталған. Бейнежазба қоданылады, егер тергеу әрекеті қатысушыларының сөздерін және олардың жүріс-тұрыстарын, сыртқы келбеттерін, қойылған сұраққа реакциясын, жол жүрісін, жергілікті, ғимаратта өзаратұрған объектіні синхронды бекіту үшін керек.

Бейнежазбалар арқылы тұлғалардың, аса қауіпті қылмысты жасаған айыпталушылардың жауаптары бекітіледі, бейнежазба кәмелетке толмаған және жәбірленушілерден жауап алу кезінде, қарау жүргізу, тергеу эксперименті, жауап алу және беттестіру кезінде қатысатын аудармашылар, есту – көруден айырылған тұлғалар, аса ауыр аурумен ауыратындар, жарақаттанғандар және т.б тұлғалардың қатысуы кезінде қолданылады.

Бейнежазбаларды қодану арқылы объективті бекіту және бейнесуреттерді жедел алуға дәлелдемелік ақпаратты жинау және сотқа және алдын ала тергеуге ұсыну процессін жақын уақытта жеңілдетуге мүмкіндік беріледі.

Дәлелдеме ақпараттарын көрнекті-бейнелі нысанда бекітудің дамуы фото-, кино-, бейнетехниканың қоданылу үшін бағыттар жетілдіріледі:

  1. Фото-, кино-, бейнетехниканың құралдарын жетілдіру, мысалы, үлкен қашықтықта, айналы, контактілі әдістермен бейнені алу.
  2. Фотобейнені алудың жаңа жүйесін құрастыру (мысалы цифрлік фотография).
  3. Интегралды түрде криминалистикалық технологияларды жетілдіру.

Дәлелдемелерді алу – бұл дәлелдеу үшін оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз теу, оларды іске тіркеу, сондай-ақ тергеу мен сот үшін оларды сақтаудың тәсілі.

Дәлелдемелерді сақтау дегеніміз бұл дәлелдемелердің өздерін не олардың дәлелдемелік қасиеттерін сақтау жөніндегі заңда көзделген шараларды қабылдау, сондай-ақ оларды кез келген қажетті сәтте сот пен тергеудің пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.

Дәлелдемелерді сақтаудың шарттары мынадан көрінеді:

  • төмендегідей заң талаптарын сақтау; а) дәлелдемелерді алудың заңда көзделген тәсілдерін ғана пайдалану; ә) дәлелдемелерді жинаудың заңда көзделген тәсілдерін ҚІЖК-і белгілеген тәртіппен қолдану; б) дәлелдемерді жинауға заң құқық берген тұлғаларға ғана рұқсат беру; в) объективті және алаламай жұмыс істеу;
  • іс бойынша жиналған дәлелдемелік материалдың толықтығы;
  • оларды жинау бойынша іс-қимылдың толықтығы;
  • алынған іс жүзіндегі деректер туралы мәліметтердің сенімділігіне қажетті кепілдіктерді сақтау.

Дәлелдемелерді жинау дәлелдеу процесі ретінде алғашқы кезеңіне көптеген ғалымдар өз ойларымен ғылыми дауларға  түскен беті бар. Оларға қысқаша тоқтап кететін болсақ мынаны айтуға болады. Сөйтіп, әйгілі процесуалист Ф.Н. Фаткулиннің пікірі бойынша дәлелдеу процесінің элементтері мен кезеңдерін ажырата білу керек. Дәлелдеу кезеңдеріне ол дәлелдеудің сыртқы жолдары мен нәтижелерін жатқызады, мұның өзі оның пікірінше әр түрлі істер бойынша және сот ісін жүргізудің жекелеген кезеңдерінде объективтік шындықты іздеудің анағұрлым маңызды кезеңдерін (сәттерін) бөліп көрсету үшін қажет. Ал дәлелдеу элементтері осы процессуалдық қызметтің ішкі құрылымын білдіреді және олар белгілі бір процессуалдық іс-қимылдар мен қатынастардан қалыптасады. Осы баяндалғандарға сүйене отырып, Ф.Н. Фаткуллин дәлелдеу процесінің мынадай элементтерін ажыратуға білуді ұсынады: а) іс бойынша тергеу жормалдарын құру және серпінді дамыта білу; ә) дәлелдемелер мен олардың көздерін жинау; б) жиналған дәлелдемелер мен олардың көздерін тексеру; в) іс бойынша қолда бар дәлелдеу тәсілдерін бағалау; г) процеске қатысушылардың немесе басқа да адамдардың дәлелдемелік материалдарды ұсынуы[15].

С.А. Шейфер тұжырымдаған дәлелдемелерді жинаудың анықтамасы ғылыми қызығушылық туғызады. Осы дәлелдеу процесінің бастапқы сәті ретінде дәлелдемелерді жинаудың маңызы мынадан тұрады деп есептейді; танымдық әдістердің әртүрлі жиынтығын қамтитын және зерттелетін оқиға туралы іс жүзіндегң деректерді жеткілікті түрде үлкен көлемде табуды, іріктеп қабылдауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ шындықты анықтау үшін оларды кейін пайдалану мақсатында алынған деректерді белгілейтін, жазатын, түсіретін заң белгілеген тәсілдермен тергеу және сот органдарының қолдануы[16].

С.А. Шейфер ұсынған ғылыми көзқарастың артықшылығы  - қылмыстық іс жүргізу ұйғарымдарына негізделген дәлелдемелерді жинаудың тәсілдеріне айрықша назар аударудан көрінеді, мұның өзі қылмыстық сот ісін жүргізуді заң талаптарының мәнімен алдын ала анықталады.

 

 

2.2 Дәлелдемелерді зерттеу

Дәлелдеу процесінің келесі кезеңі дәлелдемелерді зерттеу болып табылады. Дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі қызметін процессуалддық құқықтық негізі болады: ҚІЖК-нің 24-бабы (істің мән-жайын жан жақты, толық және объективті зерттеу туралы); ҚІЖК-нің 345-363 баптары соттық тергеуде дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы, сондай-ақ өзге де нормалар. Дәлелдемелерді зерттеудің субъектілері анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот болып табылады. Сонымен бірге теория мен практикадағы дәлелдемелерді зерттеудің мәнді емес тұрғыдан түсіндіріледі.

ҚІЖК-нің 125-бабының мағынасынан көрініп отырғандайц құрамдас элемент ретінде дәлелдемелерді жинау оларды тексеруді де өзіне қосуға тиіс.

Сонымен бірге біз бұрын айқындағанымыздай, жинау мен тексеру – дәлелдеу процесінің әртүрлі деңгейлері болып табылады: жинау дегеніміз – бірінші кезең, ал тексеру  - дәлелдеудің екінші кезеңінің элементі.

Дәлелдемелерді зерттеу мәнісінің ғылыми түсінігі мынадай көзқарастардан тұрады:

  1. дәлелдемелерді зерттеуді оларды тексеру деп түсінуге болады, ал мұндай тексерудің нәтижесі дәлелдемелерді бағалау (М.С. Строгович, А.И. Трусов);
  2. дәлелдемелерді зерттеуді  - дәлелдемелерді зерделеу және оларды тексеру жөніндегі тергеуші мен соттың қызметі деп түсінуге болады (П.Ф. Пашкевич);
  3. дәлелдемелерді зерттеу – оларды бағалаудың элементі (Н.А. Якубович, А.Н. Васильев);
  4. дәлелдемелерді зерттеу дегеніміз – олардың мазмұнын тергеушінің немесе соттың тануы дәлелдемелердің мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі деректердің сенімділігін тексеру, осы дәлелдеменің іс бойынша барлық қалған деректермен сәйкес келетіндігін анықтау (Р.С. Белкин).

Соңғы айқындаманың біздің көзқарасымызша, дәлелдемелерді зерттеудің мәнін егжей-тегжейлі бейнелеуіне байланысты артықшылығы бар.

Сонымен, дәлелдемелерді зерттеу өзіне мынадай элементтерді қосады:

а) дәлелдемелердің мазмұнын тану, ашу;

ә) дәлелдемелердің болуының сенімділігін тексеру;

б) дәлелдемелердің сәйкес келуін анықтау бірқатар дәйекті логикалық операциялардан тұрады, олар:

- дәлелдемелерді бақылау, фактінің  өзін қабылдау, факті туралы ақпаратты  қабылдау;

- тақырыптың мәні туралы гипотекикалық  болжамның негізінде дәлелдемелерді  логикалық байдланысқа үзу;

- осы дәлелдеменің табиғатын  түсіндіретін гипотетикалық болжам негізінде тергеу нұсқаларын құру.

Дәлелдемелер фактілерінің болуының сенімділігін тексеру және дәлелдемелердің сәйкес келетіндігін анықтау өзара тығыз байланысты және оларды саралаудың шартты сипаты бар және әдістемелік мақсаты болады, сондықтан оларды жеке алып қарау орынсыз. Аталған элементтердің мәні мыналардан көрінеді:

а) мазмұны және онда бар мәліметтердің сенімділігі көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелер көздерін талдаудан, зерттеуден;

ә) дәлелдемелердің сәйкес келетіндігін, жиынтығын анықтау мақсатында басқа да дәлелдеме көздерімен және дәлелдемелермен салыстырудан;

б) белгілі көздердің сенімділігін растайтын жаңа дәлелдемелерді табудан.

Дәлелдемелерді зерттеу ұтымды және эмоционалдық бастамаларды бөлудің негізінде құрылуға тиіс. Субъективтік, эмоционалдық бастама логика мен заңға бағынатын ұтымдылықтан үстем тұрмауға тиіс. Осыған сүйенсек, дәлелдемелерді тексерудің нысаны ретінде ойша құру, эмпризмдік және тәжірибелік тәсілдер танылады (бұл орайда эмпирикалық тәсілдер құбылыстың сандық сипатын, ал тәжірибелік сапалық сипатын бейнелейді). Келтіріліген нысандар танымды философиялық саралаудың эмпиризмдік және теориялық теңгейлерін түсіндірудің мәнісі. Осыған байланысты А.А. Давлетовтың пікірмен келіскен орынды, ол былай деп атап өткен болатын: «Танымның эмпиризмдік деңгейі  - білім алудың тәжірибелік тәсілдермен сипатталады. Бұл деңгейде объект сезіммен қабылдауға болатын сипаттар мен қатынастарда бейнеленеді. Танымның теориялқ деңгейінің ерекшелігі мынада: бұл деңгейде білім абстрактілі ойлау жолымен қабылданады. Бұл жерде объект тікелей сезіммен зерттеуге болмайтын тұстарымен және байланыстарымен көрінеді. Алайда, эмпиризмдік деңгейге сезім ғана тән, ал теориялық деңгейге танымның ұтымды нысаны тән ойлауға болмайды. Сезім барлық уақытта ой жүзіндегі операциялармен қатар жүреді, ал ұтымдылық болса тәжірибеге негізделеді. Эмпиризмдік және теориялық таным туралы айта отырып, біз білім алудың негізгі, жетекші тәсілдері тәжірибе немесе абстактілі ойлау болып табылатынын есте ұстаймыз»[17].

Информация о работе Дәлелдеу процессі