Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің ұғымы. Оның даму тенденциясының негізгі кезеңдері. Қылмыстық құқықтар Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірлігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс по выбору 5 (Уголовное право (особ.ч)).doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекет құпия болып табылатын  мәліметтердін жария болмауын, оның заңда белгіленген тәртіппен сақталуын талап етеді. Мемлекеттік құпияны заңсыз алу, жария ету Қазақстан Республикасының қорғаныс және басқа да мүдделеріне ерекше қауіп туғызады.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Егер бұл әрекетті істеген адам мемлекетке опасыздық істеу ниетін басшылыққа алса, онда бұл адамның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 165-бабындакөрсе-тілген қылмыс құрамы орын алады.

Қылмыстың субъектісі болып мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе мұндай мәліметтер өзіне қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған 16-ға толған адамдар танылады.

Ауыр зардаптың тізбегі заңда  көрсетілмеген. Зардаптың ауырлық  дәрежесін нақты жағдайларға  байланысты тергеу, сот органдары  анықтайды. ҚК-тің 172-бабының 3 және 4 тармақ-тарындағы қылмыстар материалдық құрамға жатады.

 

6. Меншікке қарсы қылмыстардың  түсінігі және олардың түрлері 

ҚР Конституциясының 6 бабының 1 тармағында Қзақастан Республикасында - меншік екі түрге бөлінеді. Олар - 1-ші мемлекеттік меншік және 2-ші жекеменшік болып табылады және бірдей қорғалады

ҚР Азаматтық кодексінің 188 бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектің  заң құжаттары арқылы танылатын  және қорғалатын өзіне тиесілі өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығым айтамыз

Сонымен меншік иелерінің заңды  құқықтары азаматтық құқықтық нормалармен  ал меншік құқығына қоғамға қауіпті  іс - әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық  құқық нормаларымен қорғалады

Сонымен, меншікке қарсы қылмыс - деп  мүліктің меншік иесіне өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен Қылмыстық құқықта көзделген нысандар арқылы айыптының өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыруды айтамыз.

Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі - меншік иесінің иелену, пайдалану, немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар. Осы топқа кіретін қылмыстардыц тікелей объектісі - мемлекеттің немесе, қоғамдық ұйымдардың немесе бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың меншігі.

Заты - меншік объектісі болған кез-келген бұйымдар мен мүліктер, адам еңбегі арқылы жасалған кез - келген материалдық  дүниелер, заттар, ақша, бағалы қағаздар және т.б.

Зат емес - ақыл-ой, идея, жер қойнау байлығы, су, өсімдіктер - жануарлар дүниесі, мемлекет бюджеті, мемлекеттік қазына, алтын, валюта қоры, табиғат ескерткіштері - заттық белгісі жоқ болғаннан.

Объективтік жағы - белсенді әрекеттер  арқылы жүзеге асады. Ал абайсызда жою, бүлдірудің кейбір тәсілдері ғана әрекетсіздік арқылы жүзеге асады. Бұл қылмыстар - материалдық қылмыс құрамы болады.

Объективтік жақ 3 элементтен тұрады:

1. құқыққа  қайшы іс-әрекеттерден,

2.     баптағы диспозициясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан,

3.     әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады.

Ал, қарақшылық 179 бап, қорқытып алушылық 181 бап, автомобильді немесе өзгеде көлік құралдарын ұрлау  мақсатынсыз заңсыз иелену 185 бап - формальды  қылмыс құрамы, себебі олардың аяқталу  сәті - құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, зардаптық болуына қарамастан аяқталған қылмыс болады.

Субъективтік  жағы - кінәнің тікелей қасақаналығы, ал 188 банта бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру  де абайсыздық болады. Міндетті белгілері - пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады.

Субъектісі 14 жас, 16 жас - бірнеше қылмыста оны  жеке баптарда айтамыз.

Осы топтағы  қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің  орын алғанына немесе жоқ болуына  байланысты 2 түрге бөлінеді:

1.       Пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстар, ал ол 2 топқа бөлінеді: 1) талан -  тараждар, 2) меншікке қарсы   басқада   пайдакүнемдік қылмыстар.

2.       Пайдакүнемдік мақсатынсыз қылмыстар - 2 бап бар: 187, 188 баптар.

Пайдакүнемдіктің талан - тараж түріне кіретін баптар:

1) ұрлық - 175 бап.

2)  сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену, ысырап ету - 176 бап.

3)   алаяқтық - 177 бап

4) тонау - 178 бап.

5) қарақшылық - 179 бап.

6) ерекше құнды заттарды ұрлау  - 180 бап.

Талан - тараж белгілері жоқ басқадан пайдакүнемдік түріне кіретін баптар:

1)    қорқытып алушылық - 181 бап.

2)  алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру -182 бап

3)  көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату - 183 бап.

4)  авторлық және сабақтас құқықтарын бұзу - 184 бап.

5)  өнерпаздарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге не интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (184-1)

6)  автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену - 185 бап.

7) жерге заттай құқықтарды бұзу -186 бап.

Пайдакүнемдік емес қылмыстарға жататыны:

1)  бөтен адамның қасақана жою немесе бұлдіру - 187 бап.

2)  бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру -188 бап.

 

 

 

 

 

 7. Талан-тараждың ұғымы мен белгілері  

Заңға сәйкес талан - тараж деп - пайдакүнемдік мақсатта айыптының бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа өзге адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қоюын және айналдыруын айтамыз.

Талан - тараждың топтық объектісі - меншік нысандары қатынастарының жиынтығы.

Тікелей объектісі - мемлекеттік, жеке, қоғамдық ұйым меншігі.

Заты - адам еңбегі арқылы істелген материалдық  бұиымдар, заттар, рухани игіліктер, ақша, бағалы заттар.

Объективтік жағы - белгілері. 1. Мүлікті алу. 2. Мүлікті заңсыз алу. 3. Мүлікті тегін алу. Себепті байланыс - іс-әрекет пен залалдың арасында болады.

Аяқталған қылмыс - деп залал келтірілген  уақыттан бастап қылмыс құрамы толықымен құралған соң танылады.

Залалдың мөлшері - талан-таражға  ұшыраған мүліктің, заттың құнымен  есептелінеді.

Субъективті   жағы   -   кінәнің  тікелей   қасақаналық.   Осы   жақтың  міндетті белгілері. 1. Пайдакүнемдік ниет. 2. Пайдакүнемдік мақсат. Бұл белгілердің орын алмауы - іс-әрекетті талан - таражды қылмыс құрамына жатқызбайды.

Субъектісі - 14 жасқа толған адам. Арнаулы адам - 16 жасқа толған - иеленіп алу, немесе асырап ету - қылмысы бойынша. қылмыстық заңда талан - таражды 6 нысанды формасын көрсеткен: ұрлық - 175 б., тонау - 178 б., қарақшылық - 179 б., алаяқтық - 177 б., сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе - 177 б., асырап ету - 176 б.

Бұл нысандардың - баптардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері мен оқшаулану  белгілері арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сол себепті, талан - тараждың әрбір нысанына - бабына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болады.

 

8. Бөтен мүлікті ұрлау  формалары мен түрлері 

Ұрлық (175 бап) 

Ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын  ұрлау - диспозицияда жазылған.

Бөтен мүлікті ұрлау  дегеніміз - меншік иесінің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына айналдыру (ҚР Жоғарғы Соты  Пленумы 25.07.1996 ж. Бөтен    мүлікті    ұрлауды    саралаудың    кейбір    мәселелері    туралы қаулысы).

Объектісі - меншік - мемлекетгік, жеке адамның, қоғамдық ұйымның яғни материалдық заттар - қылмыстық әрекеттер бағытталған заттар.

Объективтік   жағы   -   қылмыстық  әрекеттердің   сырттай   сипаттамасы.   Оның   белгілері нысандары - бірінші бөлімде: 1. Мүлікті алу, 2. Заңға қайшылығы, 3. Алудың қайтарымсыз болу, 4. Пайдакүнемдік мақсат. 5. Жасырын тәсіл. 6. Меншік иесі, және меншік құқығы бола алмайды, тек пайда көреді.

Субъективтік жағы - ниеттің тікелей қасақаналығы. Себебі - әрекеттің қоғамға қауыптілігін ұғынады, қауыпті зардапты алдын - ала біледі, соны тілейді - жасырын алады, залал келтіретінін түсінеді, себебі пайда табу, пайда болмаса - ұрлықта болмайды, ал субъективтік себебі болады.

Субъектісі - 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс. өз іс-әрекетіне жауап бере  алатын адам - тұлға. 

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті  иеленіп алу немесе ысырап ету (176-бап) 

Иеленіп алу немесе ысырап ету - кінәлі адамға тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салудың бір нысаны болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы сеніп тапсырылған бетен мүлікті иелену немесе ысырап ету белгілерімен сипатталады. Осыған байланысты бұл жерде талан-тараждың екі нысаны: иеленіп алу немесе ысырап ету құрамдары туралы сөз болып отыр.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық нысаны арқылы сипатталады. Кінәлі адам өзіне сеніп тапсырылған бетеннің мүлкін иеленетінін немесе ысырап ететінін сезеді және ез әрекеті арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтіргенін күні бұрын біледі және сондай залалдың болуын тілейді. Бұл жерде кінәлі адам пайдакүнемдік ниетті басшылыққа ала отырып, заңсыз бөтеннің мүлкі есебінен пайда табу мақсатында көздейді.

Қылмыстың субъектісі болып арнаулы субъект – талан -таражға түскен мүлік өзіне заң, шарт, контракт негізінде немесе қызметтік жағдайына байланысты сеніп тапсырылған мүлікке құзыретті адам танылады.

Алаяқтық (177-бап) 

Алаяқтың заты бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқық алу болып табылады.

Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу заңда көрсетілген екі тәсіл арқылы: алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де занды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады.

Субъективтік жағынан алаяқтық тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі және қылмыс пайдакүнемдік ниет және мақсатпен орындалады.

Алаяқтықтың аса ауырлататын түрлері  де (ҚК-тің 177-ба-бының 3-тармағы) ұрлықтың аса ауырлататын түрлерімен (175-баптың 3-тармағы) бірдей, мазмұны да ұқсас.  

Тонау (178-бап) 

Ұрлыққа, алаяқтыққа, сеніп тапсырылған  бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуге қарағанда тонау талан-таражға жататын қылмыс нысандарының қауіпті түрі болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 178-бабында тонау, «яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау» деп көрсетілген.

Тонаудың тікелей объектісі болып бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Сонымен бірге тонау көп объектілі қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тікелей объектісі болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.

Тонау объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтік жағының ерекшелігі - қылмыстың істелу тәсіліне, кінәлінің бөтеннің мүлкін ашықтан ашық талан-таражға салуымен ерекшеленеді.

Тонаудың субъектісі болып 14-ке толған есі дұрыс адам танылады.

Субъективтік жағынан тонау тікелей қасақалықпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.

Қарақшылық (179-бап) 

Қарақшылық - талан-таражға салудың  ең қауіпті түрі болып табылады. Қылмыстық заңда «қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау салу мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деп (179-бап) анықталған.

Қарақшылыктың объективтік жағы адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш Қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді. Осыған орай қарақшылықтың объективтік жағы негізінен екі әрекет арқылы: шабуыл жасау және күш көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Қарақшылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.

Қарақшылықтың субъектісі болып 14-ке толған есі дұрыс кез келген адам танылады.

Қарақшылыктың субъектісі 14-ке толған, ал бандитизмнін субъектісі 16-ға толған адам болады.

 

9. Талан-тараждың белгілері жоқ меншікке карсы пайдакүнемдік қылмыстар 

Қорқытып  алушылық (181-бап) 

Заңда «Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қоқыту арқылы мүлікті сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау» деп белгіленген.

Қорқытып алушылықтын тікелей  объектісіне меншік қатынастары  ғана емес, жәбірленушінің немесе оның жақындарының ар-намысы және олардың жеке басының бостандығы, денсаулығы жатады.

Қорқытып алушылықтың жәбірленушісі  болып талап етіліп отырылған  мүлік иелігінде, күзетінде немесе меншігінде тұрған адам және оның жақындары  танылады.

Информация о работе Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институты