Заң бойынша ақпарат кызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 19:18, курсовая работа

Краткое описание

Түсіндірудің түсінігі. Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесін-де нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеумет-тік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны жəне т.б. анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………
I-БӨЛІМ. Нармативтік-құқықтық актілерінің жүйелерінің түрлері және ұғымы
1.1 Құқықтық нормаларының түсінігі әдістері…………………………………..
1.2 Нормативтік құқықтық актілердің түрлері……………………………….......
1.3 Құқық нормаларын талқылау………………………………………………….

II-БӨЛІМ. Заң бойынша ақпарат кызметі
2.1 Заңи мінез құлық……………………………………………………………….
2.2 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық…………………………………….




ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТГП.docx

— 41.33 Кб (Скачать документ)

1. Тарихи-саяси талқылау  нормативтік құқықтық кесімдердің  қабылдануының тарихи жағдайларын  түсіну арқылы олар-дың негізгі  мақсаттарын айқындап, танып білу  және зерттеу.                                                                 2. Логикалық талқылау логиканың зандарын пайдалана оты-рып, заң мәтінінде қолданылған ұғымдар мен категориялардың, құбылыстардың, бір бірімен байланыстарына, арақатынастарына талдау жасау арқылы түсінік беру.                                                                                                                                  3.  Арнайы-заңдық (терминологиялық) заңнама шығарушы органның заң техникасын қолдану барысында пайдаланылған арнайы терминдерді түсіндіру, мазмұнын ашып көрсету. Мысалы, «әлсірету мақсатында жасалған», «ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер», «қылмыстық қоғамдастық», «ірі мөлшерде», «құнды заттар», «мүдделеріне елеулі зиян келтіру», «лизинг», «ипотска», «акцепт», «элемент», «регресс» жәнет.б.            4. Жүйелілік — кұқық нормаларының институт, құқық салаларымен байланыстарын, алатын орындарын ұғыну арқылы талқылау. Соның нәтижесінде талқыланған құқық норма басқа нормалармен салыстырылып, салалармен шектес екені айқындалады.                                                                            5.  Граматикалық талқылауда құқық нормаларының мәтініне, сөз құрылыстарына талдау жасау арқылы оның мазмұнын үғыну.                                     IV. Көлемі бойынша құқық нормаларын талқылау сөзбе-сөз, кеңейтілген және шектелген болып бөлінеді.                                                                                      1.  Сөзбе-сөз талқылауда қүкық норманың мәтіні оның мазмұнын дәлме-дәл көрсстеді. Осыган байланысты онын мазмұнын түсінуде ешқандай қиындықтар болмайды.                                                                                            Кеңейтілген талқылауда құқық норманың толық мазмүны онын создік мағынасынан кеңірек болып ұғынуды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының бірінші тармагы: «Судья сот торелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады», деген норманы бекіткен. Бұл жерде судьялар іс қарағанда тек ғана Конституция мен зандарға ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге бағынады. Бұл норма кеңейтілген талқылауды талап етеді. Сонымен қатар кұқық нормаларының мәтінінде «және басқалар», «өзгеше көзделмесе», «басқа құжаттар», «басқа да мүлік» және т.б. сөздер құқық нормалар мәтінде пайдаланғаңда кеңейтілген талқылау пайдаланылады.                                                                              Шектелген талқылауда кұқық нормасының толық мазмұны оның сөздік мәтінінен кеңірек болып қабылданады. Мысалы, Казақстан Республикасынын Конституциясының 36-бабы:

«Қазақстан Республикасын корғау — оның әрбір азаматының қажетті борышы және парызы» деген норманы бекіткен. Бірақ, бұл борышты барлык азаматтар орындай алмайды. Атап айтқанда әрекет қабілеттілігі жок азаматтарға отанды корғау борыш және парыз бола алмайды. Немесе Конституцияның 27-ба-бының 3-тармағы «Кәмелетке толған еңбекке кабілетгі балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамкорлык жасауға міндетті» деп атап көрсетеді. Бұл жерде шектелген талкылаудың корытын-дысы мен балаларына қамқорлык жасамаған және тастап кеткен ата-анаға көмек көрсету міндетті емес екенін аңғарамыз.                                                                              Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше əлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тəн болуы заңды да. Алайд, бұл «құқық» жəне «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.                                                                                          Құқық нормасының белгілері:                                                                                   1) жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін жəне міндетті əрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;                                                   2) формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құ-жаттарда көрініс табады;                                                                                                                            3) мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнық-тырады жəне мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз еті-леді;                                                   4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құ-қықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, се-бебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүм-кін емес.                                                                     2. Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері:                                  1) реттеуші жəне құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым салушы жəне міндеттеуші; 3) императивтік жəне диспозитивтік.                                                   Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.                   Құқыққорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              2.2 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық

1. Əлеуметтік жəне техникалық  нормалар. Қоғам реттеуші-ліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің əртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық жəне əлеуметтік болып бөлінеді.                                                                                                               Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын жəне табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта емес; ə) «субъектілік» құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы əлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.                                                                               Əлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси, эстетикалық, əдет, корпоративтік нормалары жатады. Əлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта болады, ол – қоғамдық қатынастар; ə) «субъектілік» құрамы əлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.                            Техникалық жəне əлеуметтік нормалар өзара тығыз байла-ныстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техни-калық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нəтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіп-сіздік ережелерін бұзу əрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.                                                                                                                            2. Құқық пен моральдың арақатынасы. Мораль – бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылған жəне қамтамысыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.                                                                                                                      Құқық пен моральдың ортақ белгілері:                                                                               1) əлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады;                                                                                     2)олардың реттеу объектісі біреу – қоғамдық қатынастар;                                    3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.                                                     Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар                                               1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болады;                                                                                      2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;              3) əрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттей алады, ал құқық аса маңызды жəне өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді;                                                                                              4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анықталған мерзімде күшіне енеді;                                                                                                                   5) қамтамасыз ету тəсілі бойынша: моральдық нормалар қоғам-дық əсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;                                                                                   6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қа-тынастарды жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқыққа сəйкестік пен құқыққа қайшылық тұрғысынан реттейді.                                                                   3. Құқық жəне діни нормалар. Діни нормалар деп əртүрлі діндермен орнықтырлған жəне осы дінге сенуші тұлғаларға мін-детті болып табылатын ережелерді атайды. Олар əртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тəуратта, буддистердің діни кітаптарында жəне т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының жəне қызмет етунің тəртібін анықтайды, діни рəсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тəртіптерін реттейді. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дəуірлерде діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-некелік жəне т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық жəне моральдық нормалардың негізі болып табылады. Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция əрбір адамға арождан бостандығын, кезкелген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мəртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы.                                      4. Құқық жəне корпоративтік нормалар. Корпоративтік нормаларға мүшелікке негізделген еркін қауымдастықтардың, кəсіптік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да құжаттарында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік жəне коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.                                                                                     Қорпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсастығы олардың екеуінің де белгілі бір ресми тəртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы–олар өздеріне сəйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді жəне солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпо-ративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көзделген əсер ету шаралары қолданылады.                  5. Құқық жəне əдет-ғұрып. Əдет ретінде күнделікті қалып-тасқан əрекеттердің нəтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нəтижесінде оларды сақтау əдетке айналған нормалар əдет нормалары деп аталады.                                                                                   Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпші-ліктің əдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау əдеті). Кейбір жағдайларда санкцияланған əдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.

 

   Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық


 

Әлеуметтік нормалар- бұл адамдадың қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрыс ережелері

Моральдық нормалар-қоғамдық өмірде адамдардың қайырымдылық пен зұлымдық,әдулеттік, адамдық, қоғам мен адамдар алдыңдағы парыз туралы                    пайымдауына сәйкес қалыптасады

Діни нормалар- адамдардың құдай туралы оның өмір мен адамзат қоғамның негізгі бастауларының негізін салуы туралы пайымдауынан туындайды

Құқық нормалары- мемлекетпен белгіленеді және корғалады

Әдет- ғұрып нормалары- көп рет қайталана отырып әдетке айналу нәтежесунде. соған орай қоғамдық пікірмен сақталатын және қолдау табатын тарихи даму процессінде қалыптасатын нормалар

Корпаративтәк нормалар- қоғамдық ұйымдарымен өз жарғыларында белгіленді және сол жарғыларда қөзделген қоғамдық әсер ету шараларымен қорғалды


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Заң бойынша ақпарат кызметі