Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 12:50, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты:
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына жалпы сипаттама
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына заңға сәйкес сипаттама беру

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі.........................4
2.Түрлері...................................................................................................................5
2.1.Қажетті қорғану.................................................................................................5
2.2Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру...............14
2.3 Аса қажеттiлiк..........................................................................................16
2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру...........................................18
2.5. Орынды тəуекел ету...............................................................................20
2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу...............................................22
2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.........................................................24
Қорытынды............................................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 7.docx

— 70.56 Кб (Скачать документ)

Егер корғанушы іс-әрекеттің  қауіпті емес екеңдігін байкауға мүмкіндігі болып тұрып, корғануды  касакана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол абайсыздык түрінде  істелген әрекет үшін кылмыстык жауаптылыққа тартылады.

Қажетгі корғанудың үшінші бір шарты — коғамға қауіпті қол сұғу айкын, шын мәніңде, яғни коғамдык катынастарға анык зиян келтіретін болуы керек. Адамнын санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешкандай байланысы жок. Елестетілетін киянаттан корғануды жалған корғану дейміз.

ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ:

Бірінші шарт. Қорғану занда тура атап көрсетілгендей, тек әрекет күйінде жүзеге асырылады. Әрекетсіздік өмірге, денсаулыкка, меншікке зиян келтірмейді, сондықтан да ондай киянатка тойтарыс берілмейді. Мазмүны жөнінен әрекет дене немесе мүліктік зиян келтіруден кұралады. Денеге келтірілген зиян адам өмірін жоюға, денеге жаракат келтіруге да байланысты болуы мүмкін. Мысалы, С. деген адам маскүнемдіктің әсерінен үйде пышақпен пияз турап отырған К. деген өз әйелін сабап кана қой-май, оның мойнын бұрап, тұншыктырып далаға қарай сүйреген. К. өзін-өзі қорғау максатымен қолындағы пышақты күйеуіне карсы жұмсауға мәжбүр болған, нәтижесінде күйеуі ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. К-нің жағдайын сот қажетті корғану жағдайында істелген әрекет деп тапқан.

Жолда келе жаткан Ж. деген азаматты М. деген адам шалып қүлатып, колындағы темір балғамен жаңды жерінен ұрғылай бер-ген. Ж. М-ден қорғану мақсатымен озі күлаған жерден қолына түскен таспен киянат келтірушінің басынан ұрып, оған ауыр дене жарақатын келтірген. Ж-нің әрекеті кажетті қорғану халінде істелген әрекет деп танылған. Қажетті корғану халінде киянат келтірушіге оның мүлкін жою, бүлдіру, кирату аркылы да зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы: Автобус ішінде отырған бір топ жас жігіттер магнитофонды барынша айкайлатып музыка тындаған. Автобуста отырған Жапсарбай деген азамат жастарға келіп, магнитофонды ошіріп, тыныштык сактауды өтінген. Бүл өтінішке магнитофон иесі жауап ретінде оны одан әрі қаттырақсөйлетіп, өзі де қарқ-қарк күлген. Бүл әрекетке ыза болған Жапсарбай әлгі жас жігіттің колындағы магнитофонды жұлып алып, жүріп келе жатқан автобустың ашық терезесінен тысқа лактырып жіберген. Магнитофон кирап, іске жарамсыз болып калган, ал Жапсарбай-дың әрекеті кылмыс емес деп танылған.

Екінші  шарт. Қорғанушы зиянды киянат келтірушінің тікелей озіне (баскаға емес) келтіреді. Өйткені кажетті корғанудың негізі кажетті қорғануды тудыратын қиянат келтірушінің озі ғана болады. Ондай болса кажетті корғану сол қиянат келтірушінің озіне тікелей карсы колданылады. Мұндай киянат келтірушіге келген зиян мөлшері, түрі әр түрлі болуы мүмкін: қиянат келтірушіні өлтіру, денесіне әр түрлі жаракат салу, оның мүлкін жою т. б. Осыған байланысты заң күні бүрын қиянат келтірушіге келетін зиянға ешқандаи шек қоймайды.

Үшінші  шарт. Қиянат келтірушіліктен дер кезінде корғану қажет. Қогамға кауіпті әрекеттін басталған уақыты мен оның аякталғанга дейінгі аралығындағы қиянат келтірушіліктен қор-ғануды жүзеге асыру дер кезінде колданылған қажетті корғану болып табылады. Қолсүғушылықаякталғаннан кейіндекорғану әрекетін одан әрі жалғастыру кешіккен қорғану деп танылады, мүндай іс-әрекет қылмыс катарына жатқызылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының 1994 жылғы 23 желтоксандағы № 7 нормативтік каулысының 24-тармағында «егер де зиян кол сүғушылыкты тоқтатканнан кейін немесе ол біткеннен кейін жасалып, қорғану қүралының қажеттігі жоқтығы айқын болса және бұған корғанушының көзі жетіп тұрса, ол қажетті қорғану жағдайында бодцы деп табылмайды. Мүндай жағ-дайда жасаған әрекеті үшін жауаптылык жалпы негізде карала-ды»,—делінген.

Төртінші  шарт. Карсы әрекеттің максатынан күралады. Ол қоғамдық катынастарды оған зиян келтіруден корғау болып табылады. Бұл туралы занда корғанушының немесе баска адамнын жеке басының күкығын, түрғын үйді, меншікті, жер учаскесін, коғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қоғамға қауіпті кас-гандықтан қорғаудеп жалпылама аталған (32-бап, 1-бөлігі).

Қауіп тондірушіге колданылатын карсы әрекеттің мақсатының өзі осы қоғамдық қатынастарға зиян келтірмеу, зиян келтіруден сақтау, корғау болып табылады.

Егер киянат жасаушылык кек кайтару, өзара есеп айрысудың колайлы сәті ретінде пайдаланылса, мұндай жағдайда ондай зиян келтірушілік кылмыс болып табылады. Мысалы, Балбак деген азамат озімен араздасып жүрген Карабай деген кершісінің бала-сын бакшасынан кауын үзіп жатқан жерінен үстап алып, оны бел-беумен үрып тастайды. Баласының таяк жеп жатканын корген Карабай үйінде тыгулы жаткан дыбыссыз атылатын мылтыгын алып, оны октап, дәлме-дәл коздеп тұрып Балбактың басынан атып, оны олтіреді. Алдын ала және соттергеуінде Қарабай Бал-бактың баласын үрып жатканын сылтау етіп колайлы сәтті пай-даланып, кек кайтару максатымен оны атып олтіргенін мойында-ган. Сот оның әрекетін кажетті қорғануға жатпайтын кек алу максатымен қасакана кісі өлтіру әрекеті деп тапқан.

Жоғарғы Сот өзінің 1994 жылғы 23 желтоксандағы қаулысын-да басқа адам заңсыз әрекеттер жасады деген сылтауды желеу

етіп, оны өзінін қүкықка  кайшы әрекеттерін істеуге пайдалану  үшін әдейілеп шабуыл жасауға килігуі (төбелес шығару, кокан-лоқы корсету, кек алу әрекеттерін жасау және т.б.) ол қажетті қорғану кезінде болды деп санауға болмайды. Мүндай жағдайда жасаған әрекет үшін жауаптылык жалпы негізде каралады. Қор-ғану занды болу үшін қорғанушы корғаныс шегінен шықпауы керек. Яғни, киянаттың қаупі мен сипатына корғанудың созсіз сәйкес келмеуі орын алмауы қажет деп көрсеткен.

Кылмыстык кодекстің 32-бабынын соңғы болігіне сәйкес киянаттын каупі мен сипатына қорғанудың корінеу сай келуі қорғанудың заңға сыйымдылык корінісі болып табылады.

     Кылмыстык кодекстің 32-бабының 3-болігіне сәйкес кол сүғу-шыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сүғушылықтың сипаты мен коғамдык қауіптілігі дәрежесіне корғанудың корінеу сай келмеуі кажетті корганыс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек касақана зиян келтірілген жағдайларда ғана кылмыстык жауаптылыкка әкеп соқтырады. Кажетті корғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды. Сондыктан да мүндай әрекеттердің қылмыстык жауаптылығы және жазасы заңға сәйкес накты келтірілген зиянга байланысты шешіледі. Киянат келтірушіге кажетті корғану шегінде, қол сұғылган киянатты зиян келтірместен тойтаруға мүмкіндік болмаса коғамдык немесе жеке мүддені корғау максатымен келтірілген зиян эр уакытта да заңға сыйымды болып табылады. Егер киянат келтірушіге зиян шектен тыс және сол киянаттын сипаты мен кауіптілігіне созсіз сәйкес келмесе, онда қорғанушы жонінде кажетті қорғанудын шегінен шығып кеткені үшін жауаптылык мәселесі туындайды. Мүндай жағдайда келтірілген зиян шабуылдан корғану мүддесіне сәйкес жүзеге асы-рылды деп санауға болмайды. Сонымен бірге ескере кететін бір жайт, кажетті қорғану шегінен асып істелген кылмыс жауапты-лықты жеңілдететін мән-жайлар катарына жатады (53-бап, 1-болігі, «з» тармағы).

Заң киянаттың каупі мен сипатына корғанудың сөзсіз сәйкес келмеуін қажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп санайды.

Егер қорғанушы киянаттың  каупі мен сипатына накты жағ-дайда созсіз сәйкес келмейтін корғану күралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы, киянат жасаушыға орынсыз, кажетсіз негізде ауыр зиян келтірсе, оның әрекеті кажетті қорғану шегінен шы-f ып кеткендік болып саналады.

Мысалы: К. деген азамат кажетті  корғану шегінен асып кет-кен  жағдайда денені ауыр жаракаттаганы  үшін (109-бап, 2-бөлігі) мына темендегі  жағдайда кінәлі деп табылып, сотталган. Сыраха-нада К-ға кызу күйдегі бір  аяғы жок Ж. деген мугедек адам тиісіп, езіне екі кұмыра сыра алып беруді талап еткен. Ж-ны итеріп жіберіп  К. далаға шықпақшы болған, итеруден кұлап  түскен Ж. жалма-жан тура сала К-ны балдагымен урып, тагы да екінші рет ұрмақшы  болган, осы кезде К. колындагы  кумырасымен Ж-ны бастан урып, оган ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Сот үкімінде «кажетті корғану шегінен  асып киянаттың қаупі мен сипатына сай келмейтін жағдайда Ж-ға зиян келтірген» деп корсетілген. Ж. бір  аяғы жоқ мүгедек әрі ауыр күйде  мае болған. Осы жағдайға байланысты К. оны басынан қүмырамен үрмай-ак, оның колындагы балдағын жұлып алып, басынан ұрып, ауыр дәрежедегі жаракат  салмай-ак, киянатты тоқтатуға толык  мүмкіндігібареді.

Қорғанушы қорғану шегінде  немесе одан асып, әрекет істеді ме деген  мәселені шешу үшін істің барлык мән-жайын  мүкият, жан-жақты есепке алуды, окиға  болған жағдайда қорғанушының, сондай-ак киянат келтірушінің жеке басын, олардың  күштерінің арасалмағын аныктау  қажет.

Қазакстан Республикасы Жоғарғы  Сотының 1994 жылғы 23 желтоксандағы № 7 нормативтік қаулысында соттар кажетті  қорғану шегінен асып кеткендіктің бар немесе жоқ екендігі мәселесін  шешкен кезде тек қорғану мен  қауіп тондіру қүралда-рынын сәйкестігін  немесе сәйкессіздігін ғана емес, қорғанушыға  кауіп төндірушінің қауіптілік сипатын, шабуылға қарсы тұру-дағы оның күші мен мүмкіндігін, сондай-ақ шабуылшы мен кор-ғанушының күштерінің арасалмағына ықпал ететін баска барлык жағдайларды да (кауіп төндіруші мен қорғанушының саны, олардың күш-куаты, жасы, каруланғандығы, қауіп тондіру уақыты мен орны т. с. с.) ескеруі керек деп атап корсеткен. Қор-ғану әрекетінің заңға сыйымдылығын бағалағанда ең бірінші қиянаттын үрдістігін, яғни кауіп төндірудің сипаты мен дәрежесін, шабуылдың қарқыны мен күшін есепке алу қажет. Қиянаттын сипаты мен қаупі коп жағдайларда қауіп төнетін объектінің маңыздылығына да байланысты. Адамның омірі, ден-саулығы, меншігі сияқты маңызды объектілерге шабуыл жасап, накты кауіп тондіру корғанушыға да қорғанудың оте ыңғайлы тәсіліне жүгінуге құкык береді. Яғни, қорғалатын игіліктің баға-сы қунды болған сайын осыған орай оған тондірілетін киянат та кауіптірек, сондай-ак қажетті қорғануды кодцанудың шегі де және қиянат келтірушіге зиян молшері де елеулі, ауқымды болады. Киянаттың үрдістігініңдәрежесі коп жағдайларда қылмыскердің колданатын кұралы мен қару-жарағына да байланысты. Біракта

бұл жерде корғанушы шабуылды қандай құрал немесе каруды қолданса соған сайма-сай кұралмен немесе қарумен тойтаруға ғана кұкылы деп  айту кате болар еді. Мүндай пікірді қуаттаған жағ-дайда корғанушының кару жұмсау арқылы өзінің немесе баска адамнын оміріне накты қауіп тондіріп түрған қаруланбаған кылмыскердің әрекетін тойтаруы негізсіз қылмыс болып сана-лар еді. Мысалы: К. деген азаматтың әрекеті заңға сыйымды істеген қажетті корғану деп танылған. Кешкілік, караңғы түскен сәтте Ж. мен С. деген екі мае К-ны коше бойында тоқтатып, оган негізсіз тиіскен. К. олардың созіне қүлақ аспай, оз жонімен жүре берген. Бірақәлгі екі мае, оны қуып жетіп, ай-шайға карамастан ұрып, жерге құлатып, тепкілей бастаған. Жан сауғалап қорғанған К. қалтасынан бәкісін алып Ж-ның қарнына оны терендете са-лып жіберген. Ж. табан астында қаза болган. Алдын ала тергеу К-ны қажетті корғану шегінен асып, пышақ колданып кісі өлтіргені үшін жауапка тартқан. К. каруы жок адамға (кауіп тондірушіге) пышақ қолданды деп айыпталған. Бірақ та сот бұл корытындымен келіспей, өз үкімінде К-ға тонген қиянаттың оның өміріне қауіпті болғанын және екі бірдей қауіп тондірушінің күші бүл жерде басым екендігін есепке алып, оның әрекетінде қажетті қорғану шегінен шығушылықжоқдеген шешімге келген. Мұндай кауіп тондірушілікке қорғанушы коп жагдайларда кенеттен тап болған киянатка байланысты соның салдарынан катты абыржу, корку жағдайында болады, сондыктан да барлық уакытта қауіп тондірудің сипатына дәл баға бере алмайды және соған сәйкес келетін коргану күралын колдануға мүмкіндігі болмайды.

Сонымен кажетті қорғану  шегінен асып кеткендік деп таны-луы  үшін қиянаттың каупі мен сипатына корғаудың созсіз сәйкес келмеуі  кажет. Бүл жерде созсіз сәйкес келмеушілікке  қорғану-шының айдан айкын, анық түрде корғану шегінен асып кеткен киянат келтірушіге негізсіз, орасан зор зиян келтіруін айтамыз. Сот  тәжірибесінде едәуір емес молшердегі ботен біреудің мүлкіне кол сұқкан киянат келтірушіні өлтіру, адамның  оміріне, денсау-лығына қауіпті емес күйде істелген бұзакылықты, ұсақ үрлықты  тойтарудағы басқа адамның денесіне ау ыр дене жаракатын келтіру фактілері  жиі орын алады.

Занда кажетті корғаныс шегінен  шығу кезінде жасалған кісі өлтіргендігі (99-бап) және кажетті корғаныс шегінен  шығу кезінде денсаулыкка ауыр зиян келтіргені үшін (109-бап) әдейі жауаптылык козделген. Бул, яғни кажетті корғану шегінен асып кеткендігі үшін жауаптылык, тек касакана қылмыстар істегені үшін ғана қарастырылғанын корсетеді. Абайсыздыкпен істеген кажетті кор-ғану шегінен шығушылық үшін занда жауаптылык белгіленбеген.

Қажетті корғанудан жалған қорғануды ажырата білудің манызы да ерекше. Жалған қорғану деп киянат келтірушіліктен жорамалды түрде киянат келтіреді екен деп ойлап, оның байы-бына бармай корғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, кауіп жоқ.

Жалған корғану корғанушынын әр түрлі объективтік жағдай-ларға  байланысты істелген катесі болып табылады. Мысалы, кор-ғанушы жәбірленушінін коғамға кауіпті емес әрекетін коғамға кауіпті екен деп кателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік караңғы тұскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң калың бак-тын арасындағы жалғыз аяк жолмен үйіне кайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жаткан бір адамның сүлбесін байқайды. Сол адамнан кауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен сыртқа шыкпакшы болады. Оның артынан келе жаткан адам да жүрісін жеделдетіп, оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жүман кілттоқтай калады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таякпен үрып құлатады. Нәтижесінде бейта-ныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде аныктағанда Жүманның артынан калмай келе жатқан адам соның турған жерініңтүрғыны болып шығады. Караңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып алдында келе жаткан адамнан калмауға тыры-сып, желе-жортып Жүманды қуып жетіп артынан ілесіп отыра-ды. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану деп та-ньшған.

Жалған корғану — коғамға кауіпті әрекет.

Жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, кылмыстык жауапка тартылады. Егер адам қажетті корғануды қолдануда озінің катесін болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап бермейді. С. деген азамат жоддасынын үйіне кірудің орнына шатасып бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. С-нын үйге кірген тарсылынан ұйыктап жаткан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне уры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойланбастан, тосектін касында тұрған орындыкпен «ша-кырылмаған қонактың» басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жаракатын келтірген. К-нын корғануы бұл ретте занды корғану болып табылады. Біракол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің кате екенін сезбеген, сезуге міндетгі болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол озінін катесін сезуге міндетті болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздыкпен істеген кылмысы үшін жауаптылыкка тартылар еді.

Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі