Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Августа 2014 в 18:47, реферат

Краткое описание

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма үш жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.

Содержание

Кіріспе
I тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы.
II тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың ерекшеліктері.
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары.
III тарау. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері, және олардың ерекшсліктері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 56.41 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9-бабында берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға кауіптілік - қылмыстың заңмен қорғалган қоғамдық қарым-қатынасқа нақты   қауіптілік   тудыратын   немесе   зиянның   тигізетін   қылмыстың объективті белгісі. Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Адамның, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты кызмет атқаруын қамтамасыз    ете    алатын,    тиісті    әлеуметтік    жағдайлар    құрылуына байланысты.   Әрине,   қылмыс   жасау   үшін   арнайы   ұйымдастыру даярлық    әрекет терін    орындап,     тұрақты    қылмыстық    топ    құрып мемлекеттің   мүлкін   талан-таражга   салу   әрекеттерінің   сонау   70-80 жылдары   да   бой   көрсеткендігін   сол   тұста   еңбек   еткен   аға-буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі.

Заң   террорлық   әрекетке  адамдардың   қаза   болуы,   елеулі мүліктік   зиян   келтіру   не  қоғамга   қауіпті   басқа   зардаптардың   болу қауіпін төндіретін жарылыс жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру - деген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы осындай анықтама береді.1

Соңғы уақыттарда әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан жан түршігерлік сан-қилы оқиғалар көп мемлекеттер үшін терроршылдық аса күрделі проблемаға айналып отырғандығын көрсетсе керек. Замана дерті саналатын осынау қоғамдық, қауіпті көріністің кең етек алуы, өрттей қаулап бара жатқаны мемлекетаралық және ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, ұлттық, діни т.б. факторлардың үлкен қайшылықтарға ұрынуымен түсіндірілмек. Мамандардың пікірлеріне жүгінсек, бұл қайшылықтар алғы онжылдықта әрмен қарай өрши түспек екен. Демек, терроршылдықта арта түседі деген сөз. Әрі мұндай әрекеттерден бірде-бір мемлекет тысқары қалуы мүмкін емес.

Сараптау қорытындысынан байқағанымыздай қазіргі терроршылдық, негізінен саяси-діни бағытта өрбіп отыр. Әсіресе, діни экстремистік  акциялар үлкен қауіп төндіруде.Осынау жағдайды ескере отырып, соңғы кездері әлемдік қауым-дастықтар халықаралық терроршылдыққа қарсы күрес шараларын белсенді түрде ұйымдастырып, жүзеге асыруда. Бұл жұмыстардың негізгі бағыттары "үлкен жетілік" сыртқы істер Министрлерінің 1995 жылдың 12 желтоқсанда Оттава қаласында (Канада) өткізген мәжілісінде қаралды. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері саяси немесе халық-аралық терроршылдыққа тікелей душар болмағанын атап өткеніміз жөн. Алайда, егеменді Қазақстанның әлемдік қауымдастық елдер қатарына енуімен қатар терроршылдық топтардың оған деген қызығушылығының пайда бола бастағаны да жасырын емес. 

Әсте, діни экстремизм мәселелеріне жеңіл-желпі қарауга болмас. Өйткені, Қазақстанды мекендейтін көп ұлтты халықтардың басым көпшілігінің ислам және христиан діндерін ұстайтындығын пайдаланған шетелдік миссионерлер республика зандарына қайшы әрекеттерге ашық бармағанмен, олардың кейбір теріс пиғылдарын аңғару тіпті де қиын емес. Қайсыбір діндер бетке өтірік көлгірсіп жүріп, экстремистік діни идеяларды таратуга шебер-ақ.

Республикамызда әлеуметтік-саяси ахуалдың тұрақсыздануына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі - криминогендік жағдайдың асқынуы. Соңғы кездері қылмыстың ұйымдасқан түрлері көбейе түсу-де. Тапсырыс бойынша кісі өлтіру, жарылғыш заттарды қолдану әрекеттері жиілеп кетті. Кепілдікке кісілерді алып, ақша талап ету немесе басқадай шарттар қою фактілері де бар.Осы бағытта жасалған басты қадам ретінде Қазақстан Республикасының "Терроршылдыққа қарсы күрес туралы" Заңын айтуға болады. Аталмыш заң терроршылдыққа қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және мен-шік нысандарына қарамастан ұйымдастардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроршылдыққа қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.

Қорыта айтқанда, Қазақстан аумағында терроршылдық іс қимылдардың туындау белгілерінің бары рас, ендеше бұл проблемага көз жұма қарауга болмас.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

      Нормативтік актілер: 

1.   Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының «Атыс қаруларын оқ - дәріні, қару — жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау,  жасау  немесе  өткізу,   атыс  қаруларын  ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі»  1995 жылғы 25 шілдедегі №    4    Қаулысы    (Қазақстан    Республикасы   Жоғарғы Сотының Жаршысы, 1995, № 3).

2.   Қазақстан    Республикасының    Қылмыстық    кодексіне түсінік. Алматы. Құқық батама: 2030. 2001.

3. Қазақстан   Республикасы   Жоғарғы   Сот   Пленумының «Бұзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1995жылғы     25     шілдедегі     №     5     қаулысы     (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жаршысы 1995, № 3).

Арнайы әдебиеттер:

1.  А.Н.    Ағыбаев    «Қылмыстық    құқық»    Ерекше    бөлім. Алматы, Жеті жарғы, 2000. 244-284 б.

2.  Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім 2 т. Алматы, Дәнекер, 2000. 16-75 б.

3.  Заң және заман № 4 2000.  74-    77 б. М.  Қайназаров, Е.Жаппаров мақалалары.

4.  Данынин И.Н. Уголовно-правовая охрана общественного порядка. М.Ю. 1973ж

5.  Тихий В.П. Ответственность за хищение огнестрельного оружия,   боевых   припасов   и   взрывчатых   веществ   по советскому уголовному праву. Харьков. 1976.

6.  М.А.     Ефимов     Борьба     с     преступлениями     против общественного   порядка,   общественной   безопасности  и здоровья населения.

7.  «Заң» газеті. 2001. № 5.

8. Яценко   С.С.   Ответственность  за  преступления   против общественного порядка. Киев. 1976.

9  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік.     

 Алматы,2001.

10 А.Н.Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Алматы, 2000.

11 Бородин С. Ответственность  за убийство: квалификация и наказания  по российскому праву. Москва, 1994.

11 Загородин Н.И. Преступления  против жизни по советскому  уголовному праву. Москва, 1961.

12 Читлов Д.С. Охрана здоровья  граждан от тяжких насильственных  посягательств: уголовно-правовые криминалогическис  исследования. Саратов, 1974.

13. Саркисов Г.С., Красиков Ю.А. Ответственность за преступления против жизни здоровья, свобода и достоинство личности. Ереван, 1990.

14. Ткаченко  В.И.  Квалификация преступлений против личности. Москва, 1981.

15. Чечель Г.И. Жестокий способ совершенствования преступлсния против личности. Начальник. 1992.

16. Совершенствование мер борьбы с преступностью и ее профилактика Сборник научных трудов. Ташкент, 1989.

17. Вопросы повышения эффективности борьбы с преступностыо.

18.  Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. /Отв.

ред. Рогов И.И., Баймурзин Г.И.. – Алматы: Жеты Жаргы, 1998. – 288 с. 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы