Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық-экономикалық контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшелі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 18:01, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс экономикалық контрабандамен күрестің криминологиялық және құқықтық аспектілеріне, оның әлеуметтік-экономикалық мәні мен осы қылмыс түрінің көрініс табуының объективтік формаларын зерделеуге арналған. Зерттеу жұмысында экономикалық контрабанданың қылмыс құрамына (субъективтік және объективтік белгілері бойынша), және оны жасаушы тұлғалардың жеке басы ерекшеліктеріне баға берілген.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................2

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық-экономикалық контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшеліктері мен зардаптары.
1.1 Экономикалық контрабанданың криминологиялық ерекшелік-
тері және әлеуметтік-экономикалық мәні.................................................................5
1.2 Экономикалық контрабандалық қылмыстардың алдын алу...…....................14

2 Әлеуметтік-экономикалық сала – экономикалық контрабанда дан қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі объективтік және субъективтік белгілері.
2.1 Экономикалық контрабанданың объективтік белгілері.................................28
2.2 Экономикалық контрабанданың субъективтік белгілері ...............................50

Қорытынды...........................................................................................................62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная.doc

— 483.50 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

Кіріспе........................................................................................................................2

 

1 Экономикалық қызмет  саласындағы қылмыстық-экономикалық  контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық  және криминологиялық ерекшеліктері мен зардаптары.

1.1 Экономикалық контрабанданың  криминологиялық ерекшелік-

тері және әлеуметтік-экономикалық мәні.................................................................5

1.2 Экономикалық контрабандалық  қылмыстардың алдын алу...…....................14

 

2 Әлеуметтік-экономикалық  сала – экономикалық контрабанда  дан қылмыстық-құқықтық қорғаудың  объектісі объективтік және субъективтік белгілері.

2.1 Экономикалық контрабанданың объективтік белгілері.................................28

2.2 Экономикалық контрабанданың субъективтік белгілері ...............................50

 

Қорытынды...........................................................................................................62

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................65

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жұмыстың  жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс экономикалық контрабандамен күрестің криминологиялық және құқықтық аспектілеріне, оның әлеуметтік-экономикалық мәні мен осы қылмыс түрінің көрініс табуының объективтік формаларын зерделеуге арналған. Зерттеу жұмысында экономикалық контрабанданың қылмыс құрамына (субъективтік және объективтік белгілері бойынша), және оны жасаушы тұлғалардың жеке басы ерекшеліктеріне баға берілген.

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан республикасының Конституциясының 2 бабының 2 бөлігінде  Республика қызметінің түбегейлі  принциптерінің бірі бүкіл халықтың игілігін  көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1, 6 б]. Қазақстанда 90-жылдары болған экономикалық дағдарыс, өнеркәсіптің төмен құлдырауы, дәстүрлі шаруашылық байланыстардың үзілуі өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің жыл сайын азаюына, сұраным мен ұсыным арасындағы теңдіктің бұзылуына, отандық халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік өнімдерінің жұтауына, инфляцияның, нарық бағасының өсуіне алып келді, содан барып қоғамда әлеуметтік жағдай шиеленісті, елде жалпы криминалдық ахуал нашарлады.

Тап осы кезеңде  заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыскерліктен сақтандыру және оның алдын алу, оның аса қауіпті түрлерімен – ұйымдасқан, рецидивті, экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күресті күшейту мәселесі аса маңызды орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті 
Н. Назарбаев: «біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық қайта құру және демократиялық мемлекет орнату процесі реформа саясатына, қоғамдағы тұрақтылыққа, азаматтардың өмірі мен әл-ахуалына қауіп төндіретін жойқын криминогендік процестермен қақтығысатын межеге жетті» деген еді [2, 1 б.].

Дегенмен, өндірісті құлдыратқан, халықтың тұрмысын нашарлатқан 90-жылдардағы ауыр әрі созылмалы экономикалық дағдарыстан кейін 2003–2010 жылдары мемлекет дамуының экономикалық көрсеткіштерінде тұрақтылықтың біршама көтерілгендігі байқалды.

Бұдан біз елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның ақыры өз жемісін бере бастағандығын көреміз. Міне, реформаның аз да болса осындай жетістіктерін қорғау барлық мемлекеттік органдардың, әсіресе құқық қорғау органдарының басты міндеті. Ал сол міндетті орындау жолындағы ең үлкен кедергі – экономикалық қылмыстылық, ол мемлекеттің экономикасын әлсіретеді, өндірістік, қоғамдық қатынастардың ырғағын бұзады.

Экономикалық  қылмыстылықтың құрамына қылмыстық  заңнамада 

экономикалық  контрабанда да енгізілген, бұл жалпы  ауырлығы орташа қылмыс, бірақ оның ауырлататын түрлері – мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне, заңды және жеке тұлғалардың мүдделеріне қол сұғатын, кеден ісіндегі қоғамдық қатынастарды өрескел бұзатын түрлері ауыр қылмыстарға жатады.

Контрабандалық  қызмет мемлекеттің маңызды экономикалық мүдделеріне нақты қауіп төндіретін қоғамға жат құбылыс қана емес, ол тығыз топтасқан қылмыстық топтар жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыс түріне айналды.

Бірақ қылмыстық  заңнама экономикалық контрабанданы  ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар санатына жатқызғанмен (ҚК-тің 10-бабы), ол қоғам үшін аса қауіпті болып табылады, ал мемлекеттік шекараны жылына ондаған мың адам кесіп өтіп жатқанда оның таралу аясы толассыз кеңеюде, ондай қылмыс үшін жауаптылық мәселесі қылмыстық заң теориясында әзірге шешімін таппай тұр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты:

  • қылмыстың осы түрі үшін қылмыстық жауаптылық көзделген қылмыстық заң талаптарын мүлтіксіз сақтау негізінде экономикалық контрабандамен қылмыстық-құқықтық күресудің теориясы мен тәжірибесін  зерделеу;
  • ҚК-тің 209-бабының нормаларын жетілдіруге бағытталған тұжырымдар және құқық қолдану органдарында экономикалық контрабандамен күресудегі  саралау мәселелері бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау;
  • зерттеліп отырған мәселеге қатысты қылмыстық заңды теориялық және тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіру болып табылады.

Осы мақсаттарды  орындау үшін олармен байланысты мынадай міндеттерді шешу жолдары қарастырылады:

  • зерттеу тақырыбына қатысы бар барлық ғылыми дерек көздерді, ҚК-тің 209-бабында бекітілген қылмыстық-құқықтық норманың бланкеттік негізін зерделеп, сыни баға беру;
  • «көлеңкелі» экономика мен ұйымдасқан қылмыстылықтың феномені ретінде экономикалық контрабанданың әлеуметтік-экономикалық және заңдық мәнін ашу;
  • экономикалық контрабанданың экономикаға тигізетін барлық зардаптарын айқындап, сол негізде құқықпен қорғалатын игіліктер үшін оның қазіргі қырларын жеке-жеке бөліп алу;
  • экономикалық контрабанданың негізгі және ауырлататын құрамдарының элементтері мен белгілерін жан-жақты талдау;
  • экономикалық контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық көздеген  қылмыстық-құқықтық норманы ары қарай жетілдіру мүмкіндігін іздестіру.

Дипломдық зерттеудің объектісі - әлеуметтік теріс құбылыс деп саналатын экономикалық контрабанда, оның жасалуы себептері мен жағдайлары, көрініс табуының ерекшеліктері мен сипаты, осы қылмыспен байланысты болған криминалдық іс-әрекеттердің қылмыстық заңдағы  бекімін табуының заңдылық нысандары жатады.

Дипломдық зерттеудің заты – заң шығарушы ҚК-тің 209-бабында көзделген экономикалық қылмыстың құрамы ретінде нормаға енгізілген  экономикалық контрабанда және де оның құрылымдық элементтері мен белгілері (негізгі және ауырлататын), оларды қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының заңдары.

Дипломдық зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың методологиялық негізін, қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығы, тәуелділік және өзара шарттылық арқылы зерделеудің жалпылай әдісі, сондай-ақ ғылыми талдау әдістерінің жүйесі: формальды-логикалық, нақты-әлеуметтік, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, жүйелік және тарихи-заңдық әдістер жатады.

Зерттеудің  нормативтік базасын ҚР Конституциясының негізгі ережелері, Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы, Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары, халықаралық-құқықтық актілер және т.б. құрайды.

Дипломның ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасы 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексінде «Экономикалық контрабанда» үшін қылмыстық жауаптылық көзделген норма кешенді түрде зерттеуге алынған жұмыстардың бірі болып табылады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы дипломда келтірілген қорытындылар мен тұжырымдар заң нормаларын жетілдіру мүмкіндігімен ұштасады.

Дипломда қылмыстық заң нормаларына жан-жақты түсініктеме беріледі және олар терең талданады және контрабанданың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашуға, оның зиянды жақтарын талдап көрсетуге талпыныс жасалады.

Зерттеу нәтижелері қылмыстың алдын алу шараларын  жетілдіруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік  маңыздылығы. Зерттеудің теориялық маңыздылығы экономикалық қылмыстарды, атап айтқанда, экономикалық контрабанданы жасаудың себептері мен жағдайларының теориясын, оның ауырлататын құрамдарын зерделеу барысында ашылады.

Диплом кіріспеден, төрт бөлімшені біріктіретін екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Экономикалық қызмет  саласындағы қылмыстың – экономикалық контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшеліктері мен зардаптары

 

    1. Экономикалық контрабанданың криминологиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық мәні

Қазақстанның  тәуелсіздік алуы оның әлемнің көптеген мемлекеттерімен экономикалық байланыс орнатуына, халықаралық рынокқа  шығуына мүмкіндік тудырды. Сыртқы экономикалық қызметтегі бостандық мемлекеттің бұл саладағы монополиясын жойды, кәсіпорындар, фирмалар, жеке адамдар шетелдік серіктестермен тікелей экономикалық байланысқа шықты.

Соңғы жылдары, атап айтқанда, 2010 жылдың дейін   республикада бірлескен кәсіпорындар саны қарқынды өсті, әлемнің аса ірі компанияларының («Chevron», «BP», «DHL», «CNPC» және басқалар) өкілдіктері ашылды, табиғи ресурстарды бірлесіп игерудің, ішкі заттар мен материалдарды өңдеудің, аграрлық секторға озық технологияларды енгізудің және т.б. жобалары жасалып, іске асырылды.

Қылмыстылықтың  және оның формаларының өзгеруі қоғам  өмірінің экономикалық жағдайларына, қылмыстық іс-әрекеттерді жою  үшін биліктің қандай әдістерге және құралдарға жүгінетіндігіне байланысты қоғамдық қатынастар сипатының өзгеруі қылмыс ұғымын өзгертеді, оның күйіне, құрылымына және динамикасына ықпал етеді.

Ел  экономикасының дамуында шешуші рөл  атқаратын маңызды салалардың бірі – сыртқы экономикалық қызмет. Бұл  саладағы монополияны жою әртүрлі мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы рынокқа еркін шығуына, көптеген халықаралық бірлестіктердің, қорлардың және бірлескен кәсіпорындардың құрылуына мүмкіндік берді.

Жаңа  сыртқы экономикалық қатынастарға көшу тәжірибесі көптеген келеңсіз құбылыстардың бетін ашты, кеден заңдары, қылмыстық және әкімшілік заңдары бұзыла бастады, ол мемлекетке экономикалық зиян, саяси нұқсан келтірді.

«Экономикалық қылмыстылық» ұғымы «ұйымдасқан  қылмыстылық» немесе «қылмыстық жолмен тапқан табысты заңдастыру» сияқты ұғымдармен қоса ғалым-заңгерлер мен құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметкерлерінің ұдайы аузында жүретін болды. Бұл қылмыстар қылмыстық-құқықтық саралауда  пайдакүнемдік құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жатады. Бірақ ұрлық, тонау, қарақшылық сияқты қылмыстармен салыстырғанда бұл қылмыстарды, әдетте, мүлікке заңды негізде қолын жеткізе алатын адамдар жасайды. Олар тауарларды, материалдық басқадай құндылықтарға билік етуге заңды құқығы бар материалдық-жауапты, лауазымды адамдар немесе жеке тұлғалар (автордың ескертуі – жеке кәсіпкерлер) [3, 225 б.].

Экономикалық  қылмыстылыққа кезінде әртүрлі  анықтама берілді, бірақ солардың ішінде 1940 жылы Э. Садерленд берген анықтаманы айта кету керек: «Экономикалық қылмыстылық  дегеніміз – әлеуметтік мәртебесі жоғары құрметті адамдардың өз кәсіби міндеттері шегінде және өздеріне көрсетілген сенімді бұзып жасайтын құқық бұзушылығы» [4, 51 б.].

1939–1945 жылдары америкалық ғалым М. Кайнар зерттеулер жүргізіп, қойылған шектеулер мен белгіленген нормаларды бұзудың нәтижесінде тұтынушылар мен салық төлеушілердің жалпы қылмыстылықтан келетін шығыннан неше есе артық зиян көргендігін анықтаған. Швед криминологы 
Б. Свенсон экономикалық қылмыстылыққа мынадай анықтама береді: «Осы іс-әрекеттің өзінің негізгі құрайтын шаруашылық қызметтің шегінде жүзеге асырылатын созылмалы, жүйелі, жазаланатын, пайдакүнемдік сипаттағы іс-әрекет» [5, 10 б.].

Экономикалық  өзгеріске байланысты экономикалық қылмыскерлік те біршама өзгеріске  ұшырады. Меншіктің жаңа формаларының пайда болуы, экономиканың нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуі, әлемдік экономикаға бірігу криминалдық жағдайды ушықтырды.

Экономикалық  қылмыстар мәселесін қарастырғанда  олардың объективтік те, субъективтік те себептермен көбіне жасырын жасалатындығын ескеру керек. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың көбейіп отырғандығы соңғы жылдары олардың бетін ашу жұмыстарының қарқынды жүргізілуімен байланысты.

Экономикалық  қылмыстылықтың жиынтығын құрайтын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға  криминологтар баса назар аударып отыр. Экономикалық қылмыстылықтың әлеуметтік қауіптілігі сонда, ол қоғам институттарына теріс ықпалын тигізеді, мемлекеттің материалдық негізі – экономиканың ырғақты жұмысын бұзады.

Экономикалық  қылмыстар мемлекетке елеулі мүліктік зиян, ал қоғамға моральдық зиян келтіреді. Олар экономикалық реформаның жүзеге асырылуына кедергі болады. Экнономика саласында қылмыс жасайтын адамдар басқалардың моральдық-психологиялық көңіл-күйін бұзады, олардың реформаға деген сеніміне күдік тудырады.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты экономикалық қылмыстардың мынадай жаңа түрлері пайда болды:

  1. ақпараттандыру ережелерін бұзу;
  2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне қайшы мәмілелер жасасу;
  3. валютаның немесе асыл тастар мен металдардың заңсыз айналымымен байланысты әртүрлі қылмыстар;

4) Қазақстан Республикасының кеден, монополияға қарсы және салық

5) заңдарын бұзу;

  1. жалған банкроттық, жалған кәсіпкерлік, банкроттықты жасыру және басқалар.

Сонымен, экономикалық қылмыстылық дегеніміз  – қоғам институттарына теріс ықпал ететін, мемлекеттің материалдық негізі – экономиканың қалыпты жұмысын бұзатын әлеуметтік теріс құбылыс екен [6, 45 б.].

Информация о работе Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық-экономикалық контрабанданың негізгі әлеуметтік-экономикалық және криминологиялық ерекшелі