Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 20:38, реферат

Краткое описание

Алғаш рет Қазақстандағы конституциялық құрылыс жайындағы сұрақты XX ғасырдың басында Алаш партиясының қайраткерлері көтерді. 1924 жылы азаматтық соғыстан кейін автономиялы Қазақ Кеңес Социалистік республикасы құрылды, ал 1924 жылы Қазақстанның тарихындағы алғашқы Конституция қабылданды, 1936 жылы автономды Қазақ Кеңес Социалистік республикасы Одақтық республикаға ауыстырылып, КСРО құрамына кірді. Осыған байланысты 1937 жылы Қазақ Кеңес Социалистік республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Конституцияның ұғымы
Конституцияның ерекше белгілері
1993 және 1995 жылы қабылдаған конститутциялардың айырмашылығы
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Конституциясы.docx

— 34.63 Кб (Скачать документ)

ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға  бүкіл қоғамдық құрылысты реттеудің  белгілі бір нысандарын (саяси, әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі  талап етілді. Осындай дәстүрді іс жүзінде енгізіп, нығайтуға «социалистік» деп аталатын елдердің (КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізді.

Алғашқы жылы кеңестік конституциялары  Қазан революциясынан кейін пайда  болды.

2. Конституциялық құқықты  демократизацияландыру. Бұл тенденция  барлық жерлерде сайлаудың жалпыға  бірдей, тең және төтелігінен  туындайды. Өйткені, біз, Республика  Президентінің, Парламент Мәжілісінің,  Сенатының және мәслихаттарының  депутаттарын, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының мүшелерін  жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан  Республикасының «Сайлау туралы»  Конституциялық заңы негізінде  ғана өткіземіз. Бұдан да басқа  қазіргі кездегі, өз егемендігімізді  алғаннан бері дүниеге жаңа  демократиялық институттар келіп,  дами бастады. Солардың бірі - әкімшілік пен конституциялық  әділеттілік, адам құқығы жөніндегі  мемлекеттік ұйымдар, т.б.

3. Конституциялық құқықты  интернационализациялау. Бұл тенденцияның  басты өзегі әрбір демократиялық  мемлекеттің Ұлттық конституциялық  құқығының халықаралық құқықпен  жақындасып, олардың арасындағы  алшақтықтың бірте-бірте жойылуы.  Жеке мемлекеттің конституциялық  құқық мәселесіндегі айтарлықтай  жетістіктері халықаралық деңгейде  қорытындылап, олар халықаралық  актілерге пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұнын  өзі әрбір мемлекеттің ұлттық  заңдарына тиісті демократиялық  конституциялық құқықтық институттарды  кіргізуге өз әсерін тигізеді  деген сөз. Қазақстан Республикасының  Конституциясындағы «Республика  бекіткен халықаралық шарттардың  Республика заңдарынан басымдығы  болады және халықаралық шарт  бойынша оны қолдану үшін заң  шығару, талап етілетін жағдайдан  басқа реттерде, тікелей қолданылады»  және «барлық заңдар, Республика  қатысушы болып табылатын халықаралық  шарттар жарияланады. Азаматтардың  құқықтарына, бостандықтары мен  міндеттеріне қатысты нормативтік  құқықтық актілерді ресми түрде  жариялау оларды қолданудың міндетті  шарты болып табылады», делінген  тұжырымдар осының куәсі. Демек,  біздің Ата заңымызда тікелей  көрсетілмесе де, тек республика  бекіткен халықаралық шарттар  ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге  күмән жоқ..

Мемлекеттік құқық ғылымында  «конституция» терминін материалдық  және формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция  – бұл жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе конституциялық әдет-ғұрыптар. Мұндай материалдық мәнінде термин «конституция» өмірде аз қолданылады. Көбінесе, біз конституцияны формальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардың топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның ең жоғары күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда заңдардың заңдары немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.

Конституция түсінігн заңды (юридикалық) конституция және нақтылы (фактически) конституция жүктеулерінен  ажыратуымыз қажет. Заңды конституция  – бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін  белгілі бір құқықтық нормалардың  жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар. Яғни, мұндай конституция өмірмен  тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы  тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы – басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда  ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік  және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің  негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру  мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

1993 және 1995 жылы қабылдаған конститутциялардың айырмашылығы

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның алдында мемлекеттің жаңадан  негізгі заңын қабылдау сұрағы тұрды. 1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның бірінші  Конституциясы қабылданды. Көптеген себептермен Қазақстанның алғашқы  Конституциясы қазіргі таңдағы  дамушы мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Осындай мән-жайларға байланысты жаңа Конституцияны қабылдаудың  қажеттілігі туындады.

Осы Конституцияны қабылдаудың  алдында үлкен шығармашылық жұмыстар тұрды. Қазақстан Конституциясының жобасы Франция Конституциясынан алынған. 1995 жылы 30 маусымнан 30 шілдеге дейін  Конституцияның жобасы бүкілхалықтық  талқылауға берілді. Талқылауға 33 мың  ұжым, үш миллионнан астам адам қатысып, Конституцияның жобасына отыз мыңнан астам ұсыныстар енгізді. Осы  талқылаудың нәтижесінде Конституцияның 55-бабына 1100 түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Республикалық референдумда жаңа Конституцияны 82 пайыз қазақстандық қолдады.  

 

Қорытынды

Еліміздің қазіргі таңдағы Конституциясына  дейінгі жол да оңайға түспеді. Біздің орта ғасырлық көшпенді ата-бабаларымызда  Конституция болмады, бірақ бізге  қазақтардың «Қасым ханның қасқа  жолы», «Есім ханның ескі жолы» және «Тәуке ханның жеті жарғысы» дейтін заңдар жинақтары белгілі.

1995 жылы 30 тамыздан бастап жаңа  Конституцияның қабылдануымен Қазақстан  дамуының жаңа кезеңі басталды. Қазіргі таңға дейін адам және  азаматтың өмір сүруіне ыңғайластыра  келе Ата заңымыз үш мәрте  өзгертулер мен толықтыруларға  қол жеткізді. Мұның бәрі дамып  келе жатқан құқықтық мемлекеттің  кереметтері десек қателеспейміз.

Конституциядағы адам құқықтарының басымдылығы, заң алдындағы бәрінің теңдігі  Қазақстанда құқықтық мемлекет пен  азаматтық қоғамды қалыптастыруға негіз болады. Мемлекетте аталмыш  қағидаттарды орындау Қазақстанды  шынымен де демократиялық қоғам  құруға жетеледі.

Демократия деген бәріне рұқсат деген сөз емес, өйткені бәріне рұқсат дегеніміз басиесіздікке  апарып, бассыздыққа ұшыратады. Негізгі  демократия құқықтық тәртіппен негізделеді. 1995 жылы Конституция біздің қоғам  өмірі мен мемлекетімізге осындай  демократияның негізін салды.

Осыған байланысты атап өтер жәйт, құқықтық тәртіпті сақтау барлық мемлекеттік  органдардың басты міндеті болып  табылады, ал құқық қорғау органдары  үшін бұл тікелей міндет болып  табылады.

Осымен бірге қоғамдық даму бір  орында тұрмайды, әрдайым мемлекеттік  басқару жүйесін жоғары сатыға көтеру жүргізіледі, жаңадан ұлттық демократиялық  үлгілерді қайта құрулар қарастырылады, осының бәрі өзгертулер мен толықтыруларға әкеледі, бұл мемлекеттің заңдарының негізіне ғана емес, сонымен қатар  мемлекеттің Негізгі Заңына да енгізіледі. Қазақстан Республикасының 16-жылдық тарихында оған 1998 жылы, 2007 жылы және 2011 жылдары өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ мемлекетіміздің  барлық өмірін реттеп отырған Конституциямыздың  беделі арта берсін.

 

 

 

 

                                                           Жоспары:

 

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Конституцияның ұғымы
  • Конституцияның ерекше белгілері
  • 1993 және 1995 жылы қабылдаған конститутциялардың айырмашылығы
  • Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

 

СТУДЕНТТІҢ  ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

 

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Құқық негіздері

Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық ізгілендіру пәні мен  психология психология және педагогика

Курс: 1

Тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы.

Орындау түрі: реферат

 

 

 

 

 

 


 

                                                                   Орындаған: Нургалиева Э.К.

                                                                     Тексерген: Байтақова А.М.

                                                                             Тобы:  109 А

                                                                          Бағасы:____________

                                                                                 Оқытушының қолы:

                                                                              Күні: 20.09.13

 

                               

 

                                               Ақтөбе – 2013


Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы