Қазақстан Республикасының «адвокаттық қызмет туралы» Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 09:06, практическая работа

Краткое описание

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандықтың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» - деп жазылған.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімдер
А) Қазақстан Республикасының «адвокаттық қызмет туралы» Заңы
Ә) Адвокаттар қызметінің ұйымдық нысандары
Б) Күнделікті жазбалар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет у.docx

— 32.84 Кб (Скачать документ)

♦ заңдылық;

♦ алқаға кірудің жəне одан шығудың еріктілігі;

♦ ізгіліктік, адам мен азаматтың  құқықтарын жəне еркіндіктерін қорғау;

♦ жеке, алқалық, қоғамдық жəне мемлекеттік мүдделердің орайлы үйлесімі;

♦ материалдық мүдделілік пен əлеуметтік теңдік;

♦ ұжымдық басшылық;

- адвокаттар алқасы қызметіндегі  жариялылық пен ашықтық;

- алқаның өз бастамасы бойынша заңға қайшы емес кез-келген шешімді

қабылдауы;

♦ адвокаттардың алқа өміріне белсенді қатысуы, оның жұмысын еркін жəне

іскерлікпен талқылау;

♦ алқада басшылық қызметін атқаратын органдар мен тұлғаларды сайланбалы,

балама негізде ашық жəне құпия дауыс беру жолымен сайлау, оларды жүйелі жаңарту жəне адвокаттар алдында тұрақты есеп беру;

♦ алқа мүшелерінің кəсіби құқықтары мен мүдделерін қорғау жəне олардың

мұқтаждықтары мен сұранымына мұқият зейін қою;

♦ адвокаттық құпия мен  адвокаттың мінез-құлқының кəсіби нормаларын сақтау міндеттемесі;

♦ адвокаттар алқасы мен  оның мүшелерінің соттан, прокуратурадан, анықтау

органдарынан, яғни, адвокаттар кəсіби міндетін - айыпталушыны қорғау немесе азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету кезінде жүздесетін органдардан тəуелсіз болуы.

     Адвокатураның тəуелсіздігі соттың, прокуратураның, анықтау органдарының адвокаттар алқасының ішкі ісіне араласуына жол бермейтін өзін-өзі басқарумен; адвокаттар алқасының соттың жанынан емес аумақтық принцип бойынша ұйымдастырылуымен; сот пен прокуратураның адвокатураға мемлекеттік басшылық жасау міндетінің жүктелуіне жол бермеуішлікпен қамтамасыз етіледі.

     Тəуелсіздік алқаның мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастығы мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Қазіргі уақытта адвокаттар алқасымен мемлекеттің атқарушы органдары, оның ішінде əділет органдары ынтымастық жасайды. Əділет министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кажетті заң көмегі жүйесін ұйымдастыру мен дамыту болғандықтан, ол (министрлік) осы міндеттің шегінде адвокаттар алқасының қызметше жəрдемдесуге тиіс.     Оның тəуелсіздігі сонымен қатар жеке каражатының болуымен қамтамасыз етіледі, ол заң көмегін көрсетуден түскен жəне басқа да көздерден құралады. Осы қаражаттың бір бөлігі адвокат жалақысын төлеуге, ал бір бөлігі алқаның жалпы мүқтажына, яғни, əлеуметтік сактандыру бойынша жарналарды, азаматтарға көрсетілетін тегін заң көмегін төлеуге, сондай-ақ алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) анықтаған өзге

мұқтаждарға жұмсалады.

     Сөйтіп, адвокаттар алқасының заңи табиғатын мынадай анықтамамен көрсетуге болады: адвокаттар алқасы азаматтар мен ұйымдарға білікті заң көмегін көрсету мақсатында құрылған мемлекеттік емес, өзін-өзі басқаратын жəне өзін-өзі қаржыландыратын кəсіби заңгерлердің ұйымы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б) Күнделікті жазбалар

    2013- жылдың 4 наурызынан 6 сәуір аралығында өндірістік іс тәжірибемді Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында өттім. Бірінші күні адвокаттар алқасына келіп, адвокаттар алқалы мүшелерімен және тәжірибе жетекшімен таныстым. Өндірістік тәжірибе жетекшім - Орынбекова Бахыткүл Орынбекқызы. Ішкі техникалық қауіпсіздік Ережесімен толықтай танысып, Қазақстан Республикасының 1997 ж 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» заңын оқып шықтым. Тәжірибе барысында орындаған қызметтерім мен жұмыстарыма тоқталып кететін болсам:

  • Адвокат Орынбекова Бахыткүл Орынбекқызымен бірге кеңсеге азаматтар қабылдауды, олармен қалай сөйлесу қажет екендігін және қандай заңға сілтеме керек екендігін үйрендім;
  • ҚР ҚК -ң 177-бабы 2- бөлігі «б» тармақшасымен айыпталған сотталушы Бексеитова Аманкүл Ануарбекқызы 1-127/2013 қылмыстық ісі бойынша Қызылорда қалалық сотында өтетін процеске қатыстым;
  • Адвокат Орынбекова Бахыткүл Орынбекқызымен бірге кеіседе Азаматтық іс бойынша азаматтар қабылдап, оларға құқықтық кеңестер беруді үйрендім;
  • Бұл күні Қызылорда қалалық сотында қаралатын жауапкер Абдалиевке қатысты іске адвокат Бахыткүл Орынбековамен бірге қатыстым;
  • Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңын оқып, танысып шықтым;
  • Адвокат Орынбекова Бахыткүл Орынбекқызы тапсырмасы бойынша азаматтық істі қалалық сотқа апарып өткізуді үйрендім;
  • Адвокаттар кеңсесінде жол көлік оқиғасына қатысты адвокат жанында кеңес бердім;
  • Құқық бұзушы Алиев Мұрат Оразбекұлына қатысты әкімшілік іске адвокатпен бірге Қызылорда қалалық сотына қатыстым;
  • Адвокаттар кеңсесінде азаматтар қабылдап, адвокат жанында құқықтық кеңестер бердім;
  • Кеңсеге келген азаматтарды қабылдап, яғни зейнетке шығу жөнінде кеңестер бердім, солардың бірі еңбек кітапшасында қате кеткен жазбаларды сот арқылы анықтау мақсатын заңды маңызды фактінің анықталған жөнінде адвокат Б.Орынбековамен бірге түсіндірдім;
  • Қызылорда қалалық сотында өтетін сотталушы Ибраева Жайна Айнабекқызына қатысты қылмыстық іске адвокат Б.Орынбековамен бірге қатыстым;
  • Адвокаттар кеңсесінде азаматтық істерге қатысты құқықтық кеңестер беруді үйрендім;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

    

     Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

    Қорытындылай келгенде, осы өндірістік тәжірибе өту уақытында болашақта өз мамандығыма қажетті дағдыларды үйрендім. Келешекте осы қасиеттерді жұмыс барысында қолданамын деп ойлаймын.


Информация о работе Қазақстан Республикасының «адвокаттық қызмет туралы» Заңы