Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 13:44, дипломная работа

Краткое описание

Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу занда көрсетілген екі тәсіл арқылы: алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де занды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады. Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз - шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкері етіп көрсету, әртүрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін және басқа мүлкін сатып, айырбастап жіберу, т.б. болып табылады

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................

1 АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Алаяқтық жалпы түсінігі және анықтамасы..........................................
1. 2 Алаяқтық қылмысының объектісі, заты және объективтік жағы...........
1. 3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы.................

2 АЛАЯҚТЫҚТЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМДАРЫНА СИПАТТАМА

2. 1 Адамдар тобының алдын-ала сөз байласып жасаған алаяқтығы ..........
2. 2 Бірнеше рет жасалынған алаяқтық ..........................................................
2. 3 Қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық ......................................

3 АЛАЯҚТЫҚТЫ ҰҚСАС ҚЫЛМЫСТАРДАН АЖЫРАТУ ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ

3. 1 Ұрлықтың алаяқтықтан айырмашылығы..................................................
3. 2 Алаяқтықты жалған кәсіпкерліктен, тұтынушыларды алдау құрамдарынан ажырату .....................................................................................
3. 3 Алаяқтық үшін жаза тағайындау ...............................................................

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЛАЯҚТЫҚ диплом.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

Зерттеліп отырған қылмыстың  заты ретінде – еркін айналыстағы  мүлік болуы керек. Мысалы, егер алдау жолымен қызметтік жағдайын пайдалана отырып, тұлға қаруды талан-тараждаса, бұл бойынша ҚР ҚК-нің 255-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды.

 Кез келген қылмыстың  объективтік жағы қылмыстық әрекеттің  сыртқы белгілерімен сипатталады.

Алаяқтықтың объективтік жағына алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен, өз пайдасына немесе өзге тұлғалар пайдасына айналдыру мақсатымен, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты ақысыз, құқыққа қарсы иеленіп кетуді жатқызамыз.

Кінәлінің жоғарыда аталған  іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі алаяқтық ретінде саралануы үшін екі тәсіл: алдау немесе сенімге қиянат жасау болу керек.

Алаяқтықтағы алдаудың өзге алдаудардан айырмашылығы –  оның нәтижесі мүлікті талан-тараждау немесе мүлікке құқықты алу. Сәйкесінше, бұл алдаудың сипаты, тәсілі, мақсаты өзгеше болады.

Жәбірленуші алдаған  кезде кінәлі одан жауапты әрекетті күтеді. Яғни, жәбірленушіні тек  “басын айналдыру” үшін алдамайды, одан жауапты әрекет, мысалға, мүлікті  беруді тілейді.

Алаяқтықтағы алдау  жәбірленушінің жүріс-тұрысына әсер етудің тәсілі болып табылады, сондықтан ол адамдар арасындағы сөз-қатынасын көздейді. Алайда, тәжірибеде, жәбірленушінің психикасына әсер етуге байланысты емес әрекеттерді саралаумен қиындықтар туады. Мысалы, автомат-кассаларына ақшаның орнына өзге металл заттарды түсіру.

Сонымен бірге, алдау  немесе сенімге қиянат жасау әрекет қабілеттігі бар тұлғаларға қатысты  жасалу керек деген ойлар айтылады. Себебі бұл тұлға мүлікті немесе мүлікке құқықты өз еркімен береді. Толық әрекет қабілеттігі жоқ  тұлғаны алдау (жас баланы, есі дұрыс емес адамды) және одан мүлікті алу алаяқтық ретінде емес, ұрлық ретінде саралану керек. Бұл жағдайда, әрекет қабілеттігі жоқ тұлға құқықтық маңызы бар мәмілелер жасай алмайды, оның еркінің құқықтық маңызы жоқ.

Алдау – фактілік немесе заңды деректерді бұрмалау болып табылады. Ол екі нысанда болады: белсенді және бәсең.

Белсенді алдау –  бұл тұлғаларға белгілі бір фактілерді, жайдайларды бұрмалайтын жалған мәліметтерді айту. Бәсең алдау –  ақиқатты жасыру, жәбірленушіге, оның мүлікке билік етуден тоқтататын фактілер мен жағдайларды айтпау.Алдаудың мазмұнын, кінәлі жәбірленушіні белгілі бір нәрселерге байланысты алдауға қатыстыжағдайлар құрайды.Бұл жағдайлар әртүрлі болуы мүмкін. Алдау заттар, тұлғалар, әрекеттер, оқиғалар, олардың фактілі және құқықтық қасиеттері бойынша бола алады.Алдауға түсетін оқиғалар - өткен шақ, қазіргі шақ және болашақ уақытқа байланысты болуы мүмкін.

Әдебиетте, алаяқтық алдауды  мазмұнына қарай топтарға топтастыру әрекеттері жасалынған. Г.Н.Борзенков  алдауды 4 топқа бөлген: тұлғаға байланысты; заттарға байланысты; оқиға және әрекетке байланысты; болашақта істеуі мүмкін әрекеттерге байланысты.

Тұлғаға байланысты алдаулар арасында: құқықтық сапаға байланысты алдауларды, яғни құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік бойынша, лауазымдық немесе қоғамдық жағдайға байланысты алдауларды, және де өзін басқа тұлға ретінде алдауларды атаған жөн. Олардың ішінде жиі кездесетіні - кінәлінің өзін билік өкілі және лауазымды тұлғасы ретінде көрсетіп, заңды немесе билік органдарының нұсқауларын орандау сылтауымен, мүлікті немесе мүлікке құқықты талан-тараждауы.

Тұлғаға байланысты алдау  бойынша қателік кетпес үшін Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сот Пленумы  арнайы нормативтік қаулы шығарды. Ол бойынша, лауазымды тұлға немесе коммерциялық тұлға, өкілеттіктері (әрекетсіздігі) үшін ақша, құнды қағаз немесе өзге материалдық құндылықтар алса, онда, егер аталған құндылықтарды иеленуге қасақаналық болса, бұл алуды алаяқтық ретінде саралау керек.

Және де, егер тұлға  лауазымды немесе өзге де басқарушы функциялар атқаратын тұлға пара беру үшін ақша немесе өзге құндылықтар алса, және оларды беруге алдын ала жоспары болмай иеленіп кетсе, бұл жасалған әрекетті алаяқтық деп саралау керек.Аталған нормативтік қаулыға қарсы, әдебиетте бір көзқарас бар. Ол бойынша, егер кінәлі өзін лауазымды тұлға ретінде көрсетіп, пара алса, бұл алаяқтық емес, пара беруге азғырып-көндіру болады.

Бұл көзқарас доктриналды  екенін атап өткен жөн. Ал Жоғарғы  Сот қаулылары, ҚР Конституциясының 4-бабына сәйкес, қолданылатын құқық қатарына жатқызылған.

          Алаяқтықтағы алдаулар арасында  кеңінен тарағандардың бірі –  затқа қатысты алдаулар болып  табылады. Алдау: затты басқа затпен  алмастыру бойынша болуы мүмкін. Заттың құқықтық сипаттамасына,  әдетте, мүліктің тиістілігін және тұлға құқықтарының көлемін жатқызады.Мөлшер немесе көлем бойынша алдау кезінде, кінәлі жәбірленушіге белгілі бір шартты эквивалентті береді, бірақ одан аз көлемде. Ал орнына мүлікті толық көлем үшін алады.Сапаға байланысты алдау кезінде, әдетте, мүліктің құнын, қызметін едәуір төмендететін жағдайлар жасырылады.

Затқа байланысты алдауға  мысалдар көп. Оларға жатқызатынымыз: жалған тауар сату, асыл тастың орнына шыныдан жасалған бұйымдар сату, “қуыршақ” (“кукла”-ор. – ақшаның орнына кесілген қағаздар пачкасын беру), зейнетақы алу үшін жалған құжат көрсету және т.б. Аталғандардың ішінде жалған құжат көрсетуге байланысты саралау қиындығы тууы мүмкін. Бұл жерде алаяқтық пен жалған құжат жасау, өткізу және пайдаланумен бәсекелестік шығуы ықтимал. Жалған құжаттар бөлек мүлікті немесе мүлікке құқықты алу үшін пайдаланылса, онда бұл алаяқтықтың объективтік жағына кіреді де, жеке қылмыстық бағалауға жатпайды. Бұл жердегі алаяқтық пен ҚР ҚК-нің 325-бабы 3-бөлігімен көзделген қылмыс арақатынасы – бүтін мен бөлшек арақатынасы болады. Бұл жерде бүтін басым болып саналады. Демек, аталған әрекет алаяқтық болып табылады. Өзге әңгіме жалған құжат жасау болады. Бұл әрекет жеке қылмыс болып табылады. Яғни, егер алаяқ басқа біреулер жасаған жалған құжатты пайдаланса, ҚР ҚК 325-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша саралау қажет емес. Ал егер алаяқ құжаттарды өзі жасап, өзі талан-тараж үшін оларды пайдаланса, қылмыстар жиынтығы бойынша саралау тиістілігі туады. Сонымен бірге, әртүрлі әрекеттер мен оқиғалар алаяқтық алдаудың мазмұнын қарауы мүмкін. Мұндай жағдай, егер аталғандар мүлікті (мүлікке құқықты) беруге негіз болғанда іске асады. Әрекеттер мен оқиғаларға байланысты алдаулардың толық тізімін іс жүзінде беру мүмкін емес. Себебі, нәтижесінде жәбірленуші алданып мүлікті немесе мүлікке құқықты беретін кез келген әрекеттер мен оқиғалар алаяқтықтағы алдаудың мазмұнын құрай алады.

Алаяқтық қол сұғушылықта  болашақта істеуі мүмкін әрекеттерге  байланысты алдаулар кездеседі. Бұл  алдаудың ең көп тараған түрі десек  те қателеспейтін шығармыз. Оған мысал ретінде, жәбірленушіден ақшаны машина сатып алу сылтауымен, немесе қарапайым қарызға алу жатады. Алдаумен қоса, ҚР ҚК-нің 177-бап диспозициясында өзге де алаяқтық тәсілі көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, ол сенімге қиянат жасау.

Сенімге қиянат жасау  кезінде, кінәлі оның мүлік меншік иесі немесе өзге заңды иеленушісімен пайда болған сенімгерлік қатынастарды пайдаланып, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты иеленеді. Әдетте, бұл қатынастардың бастауында белгілі бір негіздер жатуы керек. Олар: азаматтық-құқықтық (сату-сатып алу, айырбас, тапсырма шарттары), еңбектік, туыстық, достық және т.б. негіздер.

Сенміге қиянат жасаудың көп тараған нысандарына төмендегілер жатады:

- өз міндеттемелерін  орандау ниетінсіз, белгілі бір  тауарларды сатып алу бойынша  делдалдық қызмет көрсету;

- қарызды қайтару ниетінсіз,  қарыз алу шартын жасасу;

- мердігерлік немесе  еңбектік шарттар бойынша, міндеттемелерін  орындау ниетінсіз ақшалай аванс  алу;

- қайтару ниетінсіз  банкілер мен өзге қаржы ұйымдарынан  несие алу;

- сақтандыру, қаржы, құнды қағаздар бойынша алаяқтық және т.б.

Зерттеліп отырған алаяқтықтың  екі тәсілі арасындағы байланысты атап өткен жөн. Заң шығарушы оларды дербес екі тәсіл етіп бөлгенімен, екеуінің арасында ұштасулар бар. Әдетте, алаяқ  алдауды жүзеге асыру оңай болу үшін, жәбірленушінің сенімін орнатуға ұмыталады. Көп жағдайда алдау іске аспай қалуы мүмкін еді, егер де жәбірленуші кінәліге белгілі бір сенім артпаса. Жоғарыда айтқанымыздай, алдауды жүзеге асыру оңай болу үшін, алаяқ, жәбірленушінің сенімін орнатуға ұмтылады. Ал осы сенім орнату да алдау арқылы болуы мүмкін. Демек, алдау және сенімге қиянат жасау жиі ұштасып тұрады.

Барлық жағдайларда, сенімге  қиянат жасауда да, алдауда да алаяқтық ретінде саралау үшін, кінәлінің  бөтен мүлікті немесе мүлікке  құқықты алуға қасақана ойлар белгілі бір мәміле жасағанға дейін пайда болғанын дәлелдеу керек. Егер де тұлға шарт жасасқанда міндеттемелерін орындамақшы болса, бірақ қалыптасқан жағдай оған төтеп болса, немесе шарт бойынша алғанды талан-тараждау ниеті шарт орындау барысында пайда болса, немесе мүлікті алуға деген қасақана ойлар шарт жасасқанға дейін пайда болағндығы дәлелденбесе, алаяқтық құрамы болмайды. Бұл жерде талан-тараждың өзге нысандары немесе азаматтық-құқықтық деликтілер орын алады.

Алаяқтық объективтік  жағының ерекшелігі – жәбірленушінің мүлікті немесе мүлікке құқықты, алаяққа өз еркімен беруі. Алайда, бұған дейін айтылғандай, еріктілік алаяқтықтың заңды әрекет жасағандығына дәлел болмайды. Мұндай мәміле құқықтық жағынан жарамсыз себебі субъектінің еркінде ақау бар.

Бұл жерде жасырын, ашық, қауіпті күш көрсету арқылы талан-тараж  болмайды. Жәбірленуші алданудың  нәтижесінде кінәлі айқындаған әрекеттерге  итермеленеді және де бұл әрекетті ол заңды деп санайды. Сондықтан  өз еркімен мүлікті немесе мүлікке  құқықты беру орын алады.Объективтік жағының тағы бір белгісі – нақты материалдық шығынның болуы. Егер алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне алынбай қалған пайда ретінде зардап тисе, онда бұл алаяқтық емес, бұл ҚР ҚК 182 бабымен көзделген қылмыс құрамы болады Алаяқтық объективтік жағынан материалдық құрам болып табылады және қылмыстың аяқталу сәті – кінәлі мүлікке билік ету немесе мүлікке құқықты жүзеге асыруға мүмкіншілік алған кезде болады. Аталған қылмыстың аяқталу сәтін анықтау аса қажет. Себебі, қылмыстың жасалу сатысына қарай оның қауіптілігі, оған сәйкес жазалануы анықталады. Мысалы, егер тұлға алдау жолымен пәтерге құқықты алса, бұл қылмыс аяқталған болуы үшін кнәлі ол құқықты мемлекеттік тіркеуден өткізу керек. Сонда ғана ол тұлғада меншік құқығы толығымен басталады.

Қылмыс құрамының келесі бір маңызды элементі болып қылмыстың  қылмыстың объективтік жағы табылады. Қылмыста осы объективтік жақтың белгілері жоқ болса, онда қылмыс құрамы да жоқ деп саналады.

Қылмыс құрамының объективтік  жағы қылмыстың құқық диспозициясында көрсетілген құқықтық әрекеттің сыртқы белгілерінің жиынтығы, яғни қылмыстық объективтік жағы адамның ішкі жан дүниесі, сезімі көңіл-күйінен емес, оның сыртқы салалы түрдегі іс-қимылымен сипатталады.

Сонымен бірге қылмыстың  объективтік жағы қоғамға қауіпті салдарды және әрекет немесе әрекетсіздіктің себепті байланысында қамтиды.

Қылмыстың объективті жағын  сипаттағанда, қоғамдық қауіптілігін, өзіндік ерекшеліктерін, мәнін ашатын белгілерді бекіткен. Нақты қылмыс құрамының объективтік жағы тек қана қылмыстық қарсы және қоғамдық қауіпті белгілерге ие. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы-бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, зорлық-физикалық күш қолдану арқылы немесе дәрменсіз жағдайын қолданып, жәбірленушіні жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу (120 б), бұзақылық-дөрекі түрде қоғамдық тәртіпті бұзу (257 б) және т.б.

Қылмыстық объективтік  жағына жататын белгілер: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті салдар, әрекет не әрекетсіздік арасындағы себепті  байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қылмыс жасау құралы.

Адамның әрекет немесе әрекетсіздігі  кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылады. Ал қоғамға  қауіпті салдар, себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қару және қылмыс жасау құралы қылмыс құрамының  факультативті белгілері деп аталады.

Егер осы аталған  белгілер қылмыстық құқық нормасының диспозициясында атап көрсетілмеген  жағдайда, міндетті белгілер қатарына жатпайды.

Қылмыстық объективтік  жағын жете түсінуіміз үшін осы жоғарыда аталған белгілерге тоқталып өтейік.

1. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет – бұл активті  мінез-құлық. Қылмыстық кодексте қарастырылған  қылмыстардың басын көпшілігі тек  қана әрекет арқылы жасалады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты үлгісі әр түрлі болып келеді. Қылмыс құралының барлығы дерлік бір-бірімен қоғамдық қауіпті мінез-құлық үлгісі арқылы ажыратылады. Мысалы, ұрлық біреудің мүлкін жасырын ұрлау; тонау-біреудің мүлкін ашық түрде ұрлау, қарақшылық-тұлғаның өміріне және денсаулығына зиян келетін физикалық күш көрсету арқылы меншігіне қол сұғу; алаяқтық-сенімге кіріп, біреудің мүлкін пайдалану.

Адам әрекеті оның сыртқы еркінің көрінісі. Сондықтан  ол саналы және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған. Әрекетті ерікті мінез-құлық  сипатында көру тұлғалы кінәсіз  деп тануға себеп емес.

Әрекетке адамның рефлекстік дене қозғалысы, сондай-ақ ауру адамның сандырақтау жағдайындағы әрекеті немесе өз санасын бақылай алмайтын жағдайлары жатпайды. Сонымен бірге адамның саналы мінез-құлқы, егер ол табиғаттың дүлей күшінің әсерінен болатын болса, бұндай әрекеттер қылмыстық құқықтық мәнсіз келеді.

Әрекет немесе әрекетсіздік осы жоғарыда аталған жағдайда жасалса, бұл қылмыстар қылмыс болып табылмайды. Сондықтан тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі  оның еркінен тыс жасалған деп  есептеледі

Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның міндетті және мүмкін болатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивті мінез-құлық. Әрекетсіздікті қарастырушы қылмыстық құрамы көп емес. Мысалы, қауіптілікке қалдыру, ауруға көмек көрсетпеу және т.б.

Әрекетсіздіктің енді бір  тобын аралас әрекетсіздіктер құрайды. Мысалы, қоймашы өзіне сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпсыз қарау салдарынан заттардың бұзылуы. Бұл жерде қылмыс құрамы үшін тұлғаның әрекетсіздігінен зиянды салдарлар пайда болады, яғни әрекетсіздік қылмыстық-құқықтық маңызға ие болады.

Әрекетсіздікке жауапқа  тарту үшін тұлғаның әрекет ету мүкіндігінің болған, болмағандығын анықтау қажет. Көп жағдайда міндетті орындау белгілі  бір сыртқы жағдайларға тәуелді  болады. Жекелеген жағдайларда заңды  әрекет етуді шектейтін жағдайлар  бекітіледі. Сондай-ақ өмірге қауіпті жағдайда тұрған тұлғаға көмек көрсету міндеті, осы міндетті орындау мүмкіндігімен тығыз байланысты.

Информация о работе Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық