Адам өлтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 21:47, курсовая работа

Краткое описание

Ата заңымызға сәйкес әркімнің өмір сүру құқығы бар. Ешкімнің де адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ. Адамға қарсы жасаланатын қылмыстардың ең қауіптісі адам өлтіру. Кез-келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды. Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады. Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін ашып бастайды,осы бөлімнің бірінші тарауы болып танылады, және де алғашқы баптар адам өлтіруден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
I тарау. Адам өлтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы. 4
1. Адам өлтірудің ұғымы. 4
2. Адам өлтірудің объективті белгілері. 5
3. Адам өлтірудің объективтік жағы. 6
4. Адам өлтіру субъектісі. 7
5. Адам өлтірудің субъективтік жағы. 8
6. Ауырлататын жағдайда адам өлтіру (ҚК 96-бабы 2- бөлігі) 11
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_kurs_8.doc

— 421.00 Кб (Скачать документ)

Төбелес және ұрыс кезінде  адам өлтіруді саралау үшін айтылғандарды  қорытындылай келе, адам өлтіру ісі бойынша ең алдымен өзіне назар аударатын төбелес немесе ұрыстың болуын ептеу маңызы, жасалған қылмыстың және нақты жағдайларын анықтау қажет. Адам өлтіру барысында төбелес немесе ұрыс нақты істің мән-жайлардың ескермейінше, қылмыстарды саралау үшін негізгі белгілер болып танылмайды. Сондықтан заң төбелесті және ұрысты адам өлтіруді саралау үшін ықпал ететін жағдайларға жатқызбайды.

Қарастырылып жатқан адам өлтірудің түріне билік өкімінің немесе мемлекеттік, қоғамдық және басқа  да мүлікті қорғайтын адамның қарудың құқыққа сай емес қолданылуының  нәтижесінде жәбірленушінің олардың заңды талаптарын орындамауы жатады.

Сот тәжірибесінде ниеттен  тыс адам өлтірулер деп аталатын жағдайлар кездеседі. Мұндай адам өлтірулерді  кейде бұзақылық ниетпен жасалған деп адам өлтірудің ниеті анықталмаған негізсіз таниды. Барлық жағдайларда адам өлтірудің ниеті анықталмай қалса және осы ақтаңдақты толтыруға мүмкіндік болмаса, Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігін қолдану, кінәлінің әрекетінде ауырлататын мән-жайлар болмаса Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі диспозициясына сәйкес осы бап бойынша жатқызылады.

6. Ауырлататын жағдайда адам өлтіру  (ҚК 96-бабы 2- бөлігі)

 

Жұмыс істеп тұрған Қылмыстық  кодекстегі адам өлтіруді ауырлататын  жағдайларды анықтау қылмыстарды дұрыс саралау, кейін кінәліге әділетті жаза тағайындау үшін маңызды. Қазіргі кезде қылмыстық заңда жазаны ауырлататын екі мән-түрі белгілі.

Біріншісі - қылмысты жасайтын адамға жазаны анықтау үшін (ҚК –тің 54 бабы), екіншісі - нақты қылмыс құрамын саралауға әсер ететін белгі ретінде ерекше маңызға ие. Қылмыстық кодекстің 54 бабында аталған жазаны ауырлататын мән-жайлар, жекелеген қылмыстарды саралауға әсер мән-жайларды салыстыру көрсеткеніндей, біріншілері екіншілерінің бағытын анықтайтын құқықтық база болып танылады. Басқаша айқанда Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі айтылған ауырлататын мән-жайлар жекелеген қылмыстардың құрамын нақтылайды. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде көзделген ауырлатын мән-жайлар барысында адам өлтіру басқа адам өлтірулермен салыстырғанда аса қоғамға қауіптілікті көрсетеді. Адам өлтіруді ауырлататын мән-жай барысында жасалған деп тану кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде көзделген бір немесе бірнеше белгілерге сәйкес келеді.

Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайларын адам өлтірудегі жәберленушіні сипаттайтын келесідей белгілері бойынша және осы қылмыс құрамының элементі бойынша топтастыруға болады:

  1. жәбірленуші адамның ерекшелігіне байланысты екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру («А» тармағы); осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышының орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын («Б» тармағы); дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан («В» тармағы); жүкті екендігі айыпкерге белгілі («Г» тармағы).
  2. Қылмыстық объективтік жағына байланысты аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру («Д» тармағы); көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған («Е» тармағы).
  3. Қылмыстық субъективтік жағына байланысты пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру («З» тармағы); бұзықылық ниетпен («И» тармағы); басқа қылмысты жасыру немесе оны жеңілдету мақсатымен жасалған, сол зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш әрекеттерімен ұштасқан («К» тармағы); әлеуметтік, ұлттық, өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша («Л» тармағы); жәбірленушінің мүшелерін немесе тәнін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру («М» тармағы)
  4. Қылмыстық субъектісі бойынша адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу арқылы  немесе ұйымдасқан топ болып адам өлтіру («Ж» тармағы).

Егер Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің екі немесе одан да көп тармақтарында көделген ауырлататын мән-жайлар барысында адам өлімі жасалынса, онда істелінген іс-әрекеттер барлық тармақтар бойынша  саралануы тиіс, бірақ осы жерде жаза бойынша жекелеп тағайындалмайды. Екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру (ҚК 96-бабы 2-бөлігі «а» тармағы).

Азаматтардың өміріне және денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты жауаптылықты реттейтін заңдарды сот жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Пленумының Қаулысында  88 бабында 1 бөлігінде «з» тармағында былай деп көрсетілген: «екі немесе одан да көп адамдардың өмірін қасақана қию осы баппен саралануы тиіс, іс-әрекет қысқа аралығында бір-бірнеше әрекеттермен орындалады және кінәлінің бірнеше адамға өлім келтіруі тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалынады».

Екі немесе одан да көп адамның өмірінен айыру – кінәлінің қылмыстық ниетінің бірлігін білдіретін міндетті белгі. Қылмыстық бірлігімен біріктірілген екі немесе одан да көп адамды бір мезетте адам өлтіру деп танимыз, бұл жерде тек тікелей қасақаналық анықталуы тиіс, ол бір мезетте адам өлтіруді тек тікелей қасақаналық емес, жанама қасақаналықта болуы мүмкін. Бір мезетте екі немесе одан да көп адамды өлтіруге, жәбірленушілер өмірінен уақыттық үзілмеуінен тыс адам өлтірулер жатады. Бұл, мысалы екі адамды бір оқпен атып өлтіру немесе жәбірленушіге бірінен кейін біріне өлім келтіру.

Кінәлінің қасақаналық бағыты барысындағы  екі немесе одан да көп адам өлтіру және басқасына оқталу аяқталған  қылмыс ретінде қарастырылмайды- екі  немесе одан да көп адам өлтіру бұл  қылмыстық пиғылдық нәтижесі ретіндегі, нәтижесі қылмыстық субъектісінің  еркіне байланысты емес мән-жайлардан туындайды.

Аса қатыгездікпен  адам өлтіру (ҚК 96 бабы 2б. «д») жәбірленуші аса қатігездікпен, садизммен немесе қорлаумен, сондай-ақ азаптау кез-келген қылмысты ауырлататын мән-жай болып танылады. Осы бап бойынша адам өлтіруді жасау барысында жалпы ереженің нақты көрінісі болып танылады, адам өлтірудің осы түрі қоғам үшін аса қауіпті, ол әрекеттінің тәсілінде, жәбірленушінің және басқа да адамдардың бей-жайсыз қараудан көрініс беруі мүмкін. Адам өлтірудің осы түрінің субъектісі де неғұрлым жағымсыз болып сипатталады.

Адам өлтіру көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілімен (ҚК 96 бабы 2 бөлігі «е» тармағы). Адам өлтіруінің түрінің қауіптілігі мынадан көрінеді, кінәлі қауіптілікке немқұрайлы қарайды, ол өзінің әрекеттерімен айналасына қауіп келтіреді. Тиісінше, адам өлтірудің маңызды тәсілі қоғамға қауіпті, көп жағдайларда адам өлтіруге мұндай тәсілді қолдану (өрт, жарылыс жасау, бірнеше адам бар автомобиль апатын жасау) көптеген азаматтардың өмірі үшін қауіпті болып танылады. Адам өлтірудің түріне әртүрлі автоматтық (маман құралу) көмегімен өмірінен айыруды жатқызуға болады, ол осындай тәсілдермен келуі мүмкін. Ең алдымен бұл өмірге қол сұғу процесінде тек нақты адамға ғана емес, бір адамға қолданатын қарулар және құралдар қолданылады. Осы адам өлтіру барысындағы тәсілдің қауіптілігі абстрактілі нақты жағдайда бағаланады. Қарастырылып жатқан адам өлтірудің осы түрінде белгілі бір өлтіру тікелей қасақаналықпен жасалынады. Кінәлінің өлім келтіруге немесе басқа адамдарға зиян келтіру қатынасы жанама қасақаналық нысанында көрініс береді. Адам өлтірудің және кінәлінің тұлғасының субъективтік қасиеттерін сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар.

Осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына  не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК 96 бабы 2 бөлігі «б»).  Адам өлтірудің осы түрі жәбірленушінің қызметтік іс-әрекеті, кәсіби немесе қоғамдық парызын жүзеге асыруға кедергі келтіруге бағытталған. «Б» тармағымен саралау үшін адам келітудің уақыты жәбірленушінің міндеттерін орындау кезі немесе осыдан кейін бірнеше уақыттан кейін уақыты маңызға ие емес. Осындай адам өлтірудің жәбірленушісі

болып тек осындай  міндеттерді жүзеге асырушы адам ғана емес, оның жақындары да мүмкін. Соңғыларына жәбірленушімен қан туыстығы бойынша тұрған адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қатынастарға байланысты (күйеуі, қалыңдығы, қамқоршысы) танылады.

Барлық жағдайларда жәбірленушінің қызметтік, кәсіби қоғамдық қызметі  құқыққа сай сипаттаболуы тиіс. Сондықтан адам өлтіру «б» тармағы бойынша сараланбауы тиіс, жәбірленуші  құқыққа сай емес әрекеттер жасаса, мысалы, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану.

Соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, эксперттің, сот приставының, соған тең қылмыстық, азаматтық істерді қараумен байланысты жақындарын, сондай-ақ соттылы адам алдын-ала тергеу өндірістегі материалдарды қарау немесе соттың үкімін немесе сот актісін орындау қылмыстық кодекстің 340-арнайы нормасы бойынша жауаптылыққа тартылған, қорғау органы қызметкері болып танылмайтын, бірақ өзін алдында осылай таныстырған және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттерді орындалуы Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «б» тармағы бойынша саралаймыз. Субъективтік жағынан бұл қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жасалынуы мүмкін.

Топ болып, алдын-ала  сөз байласып немесе ұйымдасқан топпен жасалынған адам өлтіру (ҚК 96 бабы 2 бөлігі «ж» тармағы.)

Алдын-ала сөз байласу  деп кез келген уақыт аралығындағы, адам өлтіруді жасаудың басталуына дейін, нақтырақ оны жасауға дейін оқталған  қатысушылардың арасындағы қол жеткен қылмыстардың келісуін айтамыз. Алдын-ала сөз байласу адамның қылмыс жасауға басқа да адаммен бірге дайындалу уақытын айтамыз. Басқа адамның адам өлтіру процесінде қосылуы Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «ж» тармағы бойынша саралауды жоққа шығармайды. Алдын ала сөз байласу барысында орындаушылармен бірге де басқа адамдар да қатысуы мүмкін: адам өлтірудің  ұйымдастырушылары, азғырушылары  немесе көмектесушілері де қатыса алады, қылмысты

жасау барысында олардың  әрекетін Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «ж» тармағымен және 28 баптың тиісті бөлігімен саралануы тиіс.

Бұзақылық ниетпен  адам өлтіру (ҚК 96 бабы 2 бөлігі «и» тармағы). Бұзақылық ниеті-бұл қоғамда және жалпы қабылданған жүріс-тұрыс құлықтылық нормаларын сыйламау. Бұзақылық ниетпен адам өлтіру үшін маңызы шамалы түрткі ретінде қолданады. Бұзақылық ниеттер адамдық қасиетіне құрметпен қарамауына байланысты эгоизммен, қоғамдық делерге бей-жай қарамайтын қатынасртардан, мораль нормаларын қадірлемеуден туындайды.

Бұзақылық ниеттер адам өлтіру жасауға барысындағы басқа  да ниеттермен сиыса алады, олар қызғанышпен, кек алумен, көре алмаушылықпен және басқалармен толықтай сиысады. Бірқатар адам өлтірулерді саралау барысында ниеттерді бұзақылық ниеттерден ажырату  туындайды. Көбінесе бұл мәселе кекті ажырату барысында туындайды.

Бұзақылық ниетпен адам өлтіру барысында туындайтын кек  танылады. Бұл мәселе көбінесе жәбірленуші  өзінің қасақаналық немесе абайсыздық әрекетімен кінәлі қандай болмасын маңызы шамалы жағымсыздық келтіреді. Жеке қатынастары пайда болған кекті адам өлтіру барысындағы бұзақылық ниеттерден ажырату кезінде жәбірленушінің әрекеті мұқият анықталуы тиіс, кінәлі осы қылмысты жасау үшін негіз  деп санады. Жалпы ереже бойынша, адам өлтіру бұзақылық ниетпен жасалған  деп тиіс мынадай жағдайларда, егер жәбірленушінің әрекет маңызы шамалы деп таныса, ол кінәлі оны өлтіруді жасау үшін түрткі ретінде пайдаланылса. Қылмыстық ниетпен адам өлтіруді ұрыс немесе төбелес кезінде алу арқылы, жеке бас қатынастары барысында адам өлтіруден ажыратуға тиісті із. Қылмыстық нұсқауын ажырата отыра кінәлі және жәбірленушінің өзара қатынасын, ұрыс немесе төбелестің белгісін және себепті, даудың бастамашысы кім болғандығын, екі жақтың жетінің белсенділігі және сипаты, «и» тармағы бойынша сараланбауы мүмкін, егер адам өлтіруде даудың немесе төбелестің бастамашысы және белсенді тарапы болып жәбірленуші танылса. Ереже бойынша, мұндай адам өлтіру өзара төбелеске ұласатын сол немесе басқа да мән жайдағы кінәлі және жәбірленунің арасындағы белгілі бір дауды тудырады. Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «и» тармағында көзделген адам өлтіру, тек тікелей қасақаналықпен емес, жанама қасақаналықпен де жасалынады, жанама қасақаналықпен бұзақылық адам өлтіруді жасай отырып, кінәлі өзінің алдына адам өлтіру мақсатын қалайды, олар тікелей қасақаналықта болмайды, бірақ жоққа шығармайды, жәбірленушінің өлуі туындауы мүмкін. Бұл кінәлінің бұзақылық ниетпен адам өлтірудегі әрекеті жанама қасақаналықпен жүзеге асырылуы мақсатсыз болып табылады. Мақсаты әрекеттің өзін жәбірленушінің өзіне қарсы әрекеті туындауы мүмкін өлімге бей-жай қатынасқан көрінеді.

Басқа қылмысты жасыру немесе жеңілдету мақсатымен жасалған адам өлтіру, ол жыныстық сипаттан немесе зорлық әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру. ( ҚК 96 бабы 2 бөлігі «к» тармағы) .

Адам өлтірудің бұл  түрінің  қауіптілігі  мынадан  көрінеді, кінәлі екі адам қылмыс жасайды, осыған байланысты басқа қылмысты жеңілдету  немесе жасыру үшін адамның өмірін айыру арқылы төменгі мақсаты көздейді. Бірінші жағдайда, кінәлі қандай болмасын қылмысты жасап отыра, өзінің қылмысы ашылады деп қорқа отыра, куәгерді өлтіреді. Егер адам өлтіру жәбірленушінің қылмысының ізін қосу немесе кінәлі әрекеті оған дайындағаны немесе жасағаны хабарласа, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің  96 бабы 2 бөлігі «б» тармағымен сараланады. Екінші жағдайда адам өлтіру басқа да қылмыстық ойда жүзеге асыруды жеңілдету үшін жасалады. Ол қылмыс басталғанша әлде осы процесте орын алуы мүмкін.

Қарастырылып жатқан іс-әрекеттің аяқталған құрамы үшін, кінәлі адам өлтірудің нәтижесінде  мақсатына жету талап етілмейді. Егер кінәлінің басқа да қылмысқа дайындық жетері немесе оқталу жасалса, ондай мұндай әрекеттерді қылмыстардың жиынтығы бойынша саралаймыз. Егер кінәлі өзінің қоғамдық немесе қызметтік парызын атқаруға байлансыты жәбірленушіні қасақана өлтіруді жасаса немесе жасаған басқа да қылмысты жеңілдету немесе оны жасыру  мақсатында істесе Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «в» және «к» тармақтарымен саралануы тиіс.

Зорлық әрекеттерімен  жыныстық сипаттағы әрекеттерімен  адам өлтіру жағдайы да Қылмыстық  кодекстің 96 бабы «к» тармағы және

121 баппен осындай ұқсас  жолмен шешілуі тиіс. Осындай  адам өлтірудің жәбірленушісі  болып оған қатысты зорлау немесе жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері жасалған адамдар және басқа да адамдар ғана емес, сондай-ақ зорлауды жасауын қиындататын немесе осындай қылмыстарды ашуға ететін, сондай-ақ осы қылмыстардың куәгерлері де жатады.

Зорлаумен ұштасқан адам өлтіру тікелей де жанама қасақаналықпен де жасалануы мүмкін. Зорлауға ұштасқан өлтіру қасақаналықпен жасалынады, кінәлі зорлаудан кейін жәбірленушінің өмірін айыруға алдын-ала дайындайды. Зорлаумен ұштасқан адам өлтіруде тікелей қасақаналықпен жасалынады, кінәлі жәбірленушіні немесе туыстарын белгілі бір зорлау уақытынан кейін өлтіруді, осыған байланысты арыз беруге ниеті немесе зорлау арызы жөнінде билік органына берумен байланысты, сондай-ақ әр жыныстық маньяктар  үшін мұндай адам өлтіру осындай осындай жағдайларда ләззат әкеледі, мұндағы адам өлтіру құрбанды және зорлау «біріңғай» процесті құрайды.

Жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру (ҚК 98 бабы).

Информация о работе Адам өлтіру