XVIII ғасырдың соңына дейінгі кезең

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 10:53, реферат

Краткое описание

Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет жүйелерінің негіздері қалған.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Зерттеген саяхатшылар
2.Ежелгі Рим мен Грекияның мәдениеттері:
2.1 Сатурн храмы.
2.2 Фортуна Вирилис храмы.
2.3 Аппий жолы.
2.4Емделу орындары.
2.5 Моншалар.
3 Ұлы Жібек жолы.
4. Таяу Шығыс халықтарының маңызды жорықтары мен саяхаттар.
ІІІ.Қорытынды:

Прикрепленные файлы: 1 файл

султан.docx

— 559.98 Кб (Скачать документ)

  

                Фортуна Вирилис храмы.    

     Фортуна Вирилис храмы. Травертин мен туф. Б. э. бұрынғы I ғ. Рим

Суретшінің қоғамдық жағдайы күрт өзгерді. Егер Грекияда құл иеленушілік демократияның гүлденген кезеңінде ол өзін мемлекет-қаланың полис мүддесін көздейтін және өз өнерінде қоғамдық биік мұраттарды бейнелейтін саналы кісісі, еркін азаматы есептесе, енді Римде ол саяси оқиғалардан шалғай, римдік азаматтық правосы жоқ, көбінесе еркіндік алған бұрынғы құл немесе ата тегі грек құл санатындағы адам еді. Рим әдебиеті римдік суретшілер мен мүсіншілердің есімдерін сақтамауы кездейсоқ жай емес.

 

      Көркем творчествоға тұтынушылық тұрғыдан қарау мүсіншіні істі бұлжытпай орындайтын кәсіпшіге немесе тапсырма берушілер талғамына жарамсақтана бас шұлғитын ынталы көшірмешіге айналдырды. Ол өнерпаздық ісмерлік пен кәсіби шеберлікті мінсіз игергенімен, шынайы талант пен шабыттан жұрдай еді. Антик құл иеленушілік қоғамының дәстүрінше өнер шеберлерін еркін азаматқа лайықсыз дене еңбегімен шұғылданушылар деп жек көретін қатынас әсіресе Рим дәуірінде ерекше орныға түсті. Бұл құбылысты грек сықақшысы Лукиан дәл бейнелейді, ол шығармаларының бірінде: «Тіпті, сен Фидий мен Поликлет болып, көптеген таңғажайып туындылар жасасаң, сенің творчествоңды жұрт жабыла мақтай бастайды, бірақ осы шығармаларды көргендердің бірде-бірі, басында ақылы бар жанның ешқайсысы да сен сияқты болғысы келмейді. Өйткені сені жұрттьщ бәрі қалай ойласа, шынында да, солай болып шығатын, тек жұмыс істей білетін және қол еңбегімен күн көретін кәсіпқои деп есептеиді ғои» ,— деп жазған.

 

                                                Аппий жолы

  

Римдіктердің творчестволық даналығы сәулет өнері ескерткіштерінде мейлінше айқын көрінді. Рим сәулетшілерінің ғимараттары, ең алды мен, практикалық мақсатқа қызмет етті. Таңғажайып жолдар салынды. Оның ең ежелгісі және ең атақтысы — Аппий жолы — Римді оңтүстік Италия қалаларымен жалғастырды. Мұның құрылысын б. э. бұрынғы 312 жылы Аппий Клавдий бастаған. Римге таяу жерде жолға алып шаршы төлкелер, ал қалған жағына жанар тау тасқынынан шыққан қалқа тас төселген, жолдың ені 4,3 метрден 6 метрге дейін. Рим ақындарының бірі оны «қиянға тартқан жол патшасы» деп атаған. Осы жолмен Жерорта теңізі өңірінің халықтары мен мемлекеттерін жаулап алуға аттанған Рим легиондары өткен, осы жолдың бойында б. э. бұрынғы 71 жылы Спартак көтерілісіне қатысқан құлдар ашамайға таңылып, асып өлтірілген. Римдіктер ғасырлар бойы осындай тас төселген жолдар торабымен тек Италияны ғана емес, көптеген провинцияларды да жалғастырды.

Аппий жолының екі қапталына Рим ақсүйектерінің семьялық мазарлары орналасқан. Солардың арасында б. э. бұрынғы I ғасырда салынған Цецилия Метелланың монументтік мазары ерекше тұлғаланып тұр. Сәулеті жағынан ол ар жағы 23 м шамасында шаршы іргетастың үстінде тұрған алып цилиндр. Бейіт пішіні этрустар қорғанын еске түсіреді: ертеде ол конус түрінде біткен, бірақ орта ғасыр дәуірінде оны қорған мұнарасына айналдырып қайта салған. Бейіт конструкциясы Рим сәулет өнеріне өте-мөте тән, бұл — шебер қаланып, серек таспен жалтыратылған бетон шомбал.

 

Галеннің шығармалары Еуропа медицинасының біліміне негіз болды.

Галеннің мағынасын бағалау қиын. Жалықпайтын зерттеуші, зерттеу анатомиясының негізін салушы, хирург. Гален әлемнің ең атақты дәрігері. Ежелгі рим медицинасы туралы грек және латын эпиграммалары айтады, олар қысқа, бірақ мағынасы жағынан бай өлеңдер, дәрігердің қызметін көрсетіп сипаттайды.

Ежелгі рим қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының бізге тарихи маңызы зор, олар ежелгі халықтың өмірін, тұрмысын көрсетеді, бізді қолөнер кәсібімен және білім саласымен таныстырады. 1771 жылы Помпей қаласында, 1893 жылы Бадан қаласында (150), ал 1925 жылы Бингене қаласында медициналық саймандар табылды. Медициналық саймандар бұрынғы КСРО аймағында да табылды. Ерте кезеңдерде-ақ дәрігерлік жұмыс дербес мамандыққа айналды. Храмдық медицина жаппай даму алды, ал дәрігерлік міндетті абыздар орындады. Жоғары сатыға жеткен Ежелгі Грецияның медицинасы дінге табынатын дәрігер Асклепий мен оның қыздарының бейнесін тапты: Гигия – денсаулықты сақтаушы және Панания – дәрігерлік істің қамқоршысы, әйгілі Ежелгі Грецияның дәрігерлік өнері Рим медицинасының дамуына үлкен әсерін тигізді.

  

 

                                   Батпақ пен емделу.

 Курорттың енді бір түрі – батпақты курорттар ерте заманнан емдік мақсатта әр түрлі батпақтардың түрлері қолданылған.Ертеректе Мысырда науқастар Нілдің арасынан асқан кезіңдегі лайды өздеріне жаға отырып ем қабылдай білген оңтүстіктен түскен ыстық күн сәулесіне қыздырынып өздеріне осы рахаттың ләззатін қолдана  білген. Ғасырда батпақ пен емделу Италия жағалауына келіп жеткен болатын мұнда негізінен жанартаудың батпақтарынан нәр алған.Ал ғасырда осы шипаны Франция одан кейін Германияда құлақ қағыс еткен.

   Ал батпақ  пен емделетін курорттарда ең  негізгі емдік фактор ол лимон  рапасы болып табылады, өзендер  мен әр түрлі емдік батпақтар  тұзды су қоймаларында лимандар  мен шығанақтарда теңіздердегі  шипалы сулары аздап минералданған  шым тезекті саз батпаұтарда  кездеседі.

                                                           Моншалар

        Рим империясында термалар кең таралды. Оның ескі орындарын Азия, Африка, Франция, Англия мен Римде табылды.

Ең бірінші термалар Рим империясының астанасында б.з.д. III ғасырда Марк Агриппамен салынды, кейбіреулері қаланың халқына пайдалануға берілді. Көптеген бай адамдар көпшілікке танымал болу үшін адамдарға өздерінің салынған моншаларын сыйға тартқан. Сондықтан Римде моншалар тек қана жеке меншікте емес, қоғамдық меншікте болды. Б.з.д. I ғасырдың соңында олардың саны 170 болса, ал б.з. IV ғасырында олардың саны 1000-ға жуық болды.

Римде жуыну салты әдет-ғұрыптың бір түрі саналды: ол белгілі бір уақытта өтетін және оған бір сағат берілетін. Шешінетін жер аподитерий деп аталған, адам демалуына және моншаға үйренуіне тағы бір бөлме берілінетін (тепидарий), кальдариға өтіп алдымен ыстық сумен жуынып, фригадериде суық сумен сергітіледі, осыған спорттық бөлмелер палестра және солярий қосылған. Осындай моншалар тек бай адамдарда болды, олар үлкен көлемде салынды. Қоғамдық суға шомылатын орындар Римде кейін пайда болды және оның саны өсті. Б.з.д. I ғасырда олардың саны 170-ке, б.з. IV ғасырында – 1000-ға жетті. Марциалдың айтуы бойынша, олар тар, қараңғы және лас болған, сол себепті бұндай кемшілектен арылу үшін термаларды салуды императорлар өз қолдарына алады, осы моншаларды әдемілеу үшін қаржы аямайды. Бірінші термаларды қалаға Випсон Агрипп сыйға тартты, 64 жылы өзінің термаларын Нерон салды, 68 жылы Веспасионның, 75 жылы Титтың, 110 жылы Траянның, 120 жылы Адрионның, 188 жылы Каммодтың термалары пайдалануға берілді, 217 жылы Караколлы, 230 жылы Александр Север, 272 жылы Аврелиан, 295 жылы Диоклетион, 324 жылы Константин термалар салдырған.

Рим империясында термалардың көлемдері таң қалдырды. Караколланың термасының ауласы 400х400м көлемге ие болса, орталық комплексі – 150х200м болған. Германияның моншаларының үлкендігі және молшылығы таң қалдырды. Термалар Рим империясының қалаларында да қалашықтарында да кездеседі. Термалардың молшылығы мұражайлардың санына сәйкес келетін болды. Термаларда шешіну, спорт залы, майлармен жағыну, ыстық монша және бассейн бөлмелері болды. Ішкі залдары жазулармен, бағаналармен және сурет өнерімен, мүсіндермен әшекейленді, Асклепия мен Гигиеннің бейнелері жиі кездесетін. Термаларда көптеген антикалық өнердің шығармалары табылды, олар: Геркулес мүсіндері, Фарнес өгізі, Апполон Бельведерстің кеудесі және басқа өнерлер, бүгінгі күні олар әр әлемнің мұражайларында орналасқан.

Рим термалары тек гигиеналық құрылыстар ғана емес, олар қоғамдық және мәдениет орталықтары болып есептелген. Олардың ішінде кітапхана, той, жиналыс залдары болды.

                                          Aguae Calidae

     Қорғаны «Аква Калида» (латын тілінен аударғанда «ыстық су» дегенді білдіреді) - археологиялық сайт, қазір Banevo деп аталатын ауданда Бургас заманауи порт қала аумағында ежелгі бұрынғы бекіністі фракийские кенті болып табылады. Ортағасырлық заманда ол «Terma» және «Thermopolis» ретінде шежіресі айтылған болатын. Македонский Филипп II және Юстиниан I Византия болгар хан Тервела және Кануни Сұлтан Сүлейманның үшін - Бұл минералдық ванналар түрлі тарихи кезеңдерде көптеген билеушілер жиі белгілі.

        Археологиялық олжалар негізделген зерттеу мәліметі бойынша, ыстық су емдік қасиеттері неолит кезеңінде облыстың белгілі тұрғындары айналды. Содан кейін (VI - V ғ б.э.д.) үш елді мекенді құрылды. Фракийцы және рим дәуірінде ғасырлар бойы қажылыққа тартылған Үш нимф храмы, тұрғызылған.

     Бургас қаласының маңында үш Нимф қасиетті бірінші монша Римдіктерге фракийские жерін басып уақытта салынды - Мен ғасырдың б.з.д. ортасында Осман империясының билігі кезінде, осы аймақ өртеп, бірақ 1562 жылы Сұлтан Сүлеймен I рим жаңа монша сайтында қалпына келтіру тапсырылды.

    Айтос қаласында болды ретінде Болгария азат еткеннен кейін, монша бөлме, Aitos Моншалар аталды. Көбінесе жерде Шығыс Фракияның босқындар өмір сүрген. 1950 жылдан бастап, ауданы Banevo деп аталады, ал 2009 жылғы ақпанда Banevo Бургас бөлігі болды.

      «Aguae Calidae» Богдан бөленген бірінші археологиялық ғылыми-зерттеу 1910 жылы өткізілді. Бұрынғы Форт кең археологиялық сайты 2008 жылдан бастап мұнда өткізді. 2010 жылға қарай, 3,800 шаршы метр алаңы ежелгі ванналар, солтүстік қақпа қалдықтары мен бес метр қабырға қалыңдығы анықталған. 2011 жылдың шілдесінен бастап, «Аква Калида» археологиялық резервін жариялады. 2012 жылдан бастап, жаңа кезеңі қазба, сақтау және ежелгі қаланың қалпына жүргізіледі. Шамамен, мұнда табылған барлық артефакттар жаңа  этнографиялық музейі берілетін болады.

 
 

                                                         Ұлы Жібек жолы

 

1-ші ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін.

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Java-Индонезия, және Вьетнам елдері арқылы, ақыры Қытай келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халықта Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.

     Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған.

Информация о работе XVIII ғасырдың соңына дейінгі кезең