Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:17, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:
- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық стратегиясын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................5
1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................8
1.2 Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................13
1.3 Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................19
2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы........................................26
2.2 “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты...................................................................................................................28
2.3 “Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және нарықтық талдау......................................................................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы........................... 56
3.2 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............62
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы.doc

— 661.50 Кб (Скачать документ)

Барлығы:                                              382$

 

 

          Есептік бөлім.

          Маркетингтік зерттулерге сәйкес (бәсекелестер және тұтынушылар) жылдық өткізу көлемі 350 ден 400 ге  жуық саяхатты құрайды. Бірақ  қиын жағдайға түспес үшін  ең аз санды алайық.

          Бір саяхаттың орташа құны 600 – 700$.

    1. 350 турды 600$ бағасымен өткізгенде, түсетін пайда: 210000$.

Орташа % комиссия 15% тең

210.000$: 100% × 15% жылына = 31.500$

    1. 08.05.2007жыл 1 АҚШ доллар құны 119.28 теңге

210.000$ × 119, 28 теңге = 25.048.800 теңге

3)  Салықты қоспағандағы айналым = 25.048.800 теңге

4)  Сатылым айналымы салықты қоспағанда:

25.048.800 : 105% × 100% = 23.856.000 теңге

5)  Салық қосылмаған құн айналымы:

 23.856.000: 120% × 100% = 19.880.000 теңге

 

Шығын сметасы:

    1. Жалақы көлемі = 2.100.000теңге
    2. 20% сақтандыру қорына:

2.100.000 : 100% × 20% = 420.000 теңге

2)  Арендалық төлем: 20.000 теңге × 12 ай = 240.000 теңге

3)  Негізгі қор амортизациясы 10% құрал – жабдық құнынан:

20.000 – 2.000 + 3.000 + 4.000 = 25.000 теңге

4)  Ғимарат шығындары:

- жылуға қуатына төлем  – меншік иесі өзі төлейді

- электр қуатына 500 теңге (айына) × 12 ай = 6.000 теңге

5)  Телефон және факс байланыстарына төлем:

- қалалық, қала аралық  байланыстар және факс 5.000 теңге (айына) × 12 ай = 60.000 теңге

6)  Банк қызметі – 20.000 теңге

7)  Жарнама – 500.000 теңге  жылына

8)  Таныстыру шығындары – 40.000 теңге жылына

9)  Жолға шығу (командировка) – 50.000 теңге жылына

10) Кеңсе тауарлары, бухгалтерия  бланктер және т.б – 20.000 теңге  жылына

         Қорытынды: барлық шығын көлемі жылына 3.481.000 теңгені құрайды.

 

Енді табысымызды табамыз

210.000$ - 31.500$ (комиссия) = 178.500$ × 119,28 теңге (1$ құны) = 21.291.480 - 3.385.000 (жылдық шығын көлемі) = 17.810.480 теңге

Салық төлемі (НДС)

17.810.480 – 14% (2.493.467) = 15.317.013 теңге

          Басқа да салықтар ( әлеуметтік салық, зейнетақы қоры, меншік салығы, жер салығы және т.б салықтар) – 30%

         15.317.013 - 30% (4.595.103 теңге) = 10.721.910 теңге + 19.880.000 теңге (қалдық көлемі) = 30.601.910 теңге (таза пайда)

         Қорытындылай келе, өткізілген талдау, «Kami Travel» туристік фирмасы әрі қарай пайдамен жұмыс істейтінің көрсетті. Біз біздің тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысын дәлелдедік.

          Туризм нарығы әлі де толығымен  зерттелмеген және әрі қарай дамытуға ұмтылыс бар.

          Бізлің мемлекеттеріміз бойынша «Kami Travel» туристік фирмасы – тек қана 350-400 ғана адам саяхатқа бара алатын ғана емес, сонымен қатар болашақта бірнеше адам жұмыспен қамтылатын нақты жоба.

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БӨЛІМ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

 

3.1  Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы

 

          Соңғы кездері азақстанда туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны жиі – жиі әнгіме болып отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, мемлекет қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы осы туризмнен түседі екен.

          Қазақстан туристік ел болуға толық мүмкіндігі бар бірден – бір ел қатарына жатады. Алайда, Қазақстанда туризм бәсең дамып келеді. Оның дәлелі, елімізге шеттен келетін туристердің басым көпшілігі – келуге тиісті іс – сапарлармен, кәсіби жұмыс бабымен келгендерден құралып отыр (89,7 пайыз). Соған қарамастан, әрбір турист шамамен 700 АҚШ долларын қалдырады екен. Әйткенмен, бұл көрсеткіш әлемдік орташа бағадан (1000 доллар) әлдеқайда төмен.

          Қазақстанда туризмнің қанат  жаюы үшін, шекаралық тексерулер  мен туристердің қауіпсіздігін  қамтамасыз етуді, туристерді тасымалдау, яғни, көлік қатынасына жағдай жасау санды факторларды іске асыруды дұрыс жолға қою керек.

       Қазақстанда  қазіргі жаңа экономиканың қызмет  етуі жағдайында, салаларды дамыту  стратегиялық мінезге ие болады, болжау мәні бірден өседі, әлеуметтік, экономикалық және сыртқы экономикалық приоритеттерінің қалыптасуы негізінде қоғамдық ұдайы өндірістің барлық процестерін реттеуге алғышарттар жасалады. Республикада соңғы жылдары туристік саланы дамытуға бағытталған және мемлекет жағынан оны жан-жақты қолдау шараларының кешені жүргізілді. Сондықтанда жүргізілетін шаралардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау және жүргізілген талдау негізінде туристік қызметтің жақсаруын қамтамасыз ететін шаралар ұсыну қажеттілігі туды (кесте 11).Туризм сферасында мемлекеттік басқару органдарының жүргізген ұйымды-экономикалық шаралары, толығымен, конструктивті мінезге ие, бірақта талдау туристік нарықта сәтті қызмет үшін белгілі бір резервтер бар екендігін көрсетті.11-шы кестеде көрсетілген деректерден келесідей шешімдер жасауға, белгіленіп отырған бірқатар шаралар саланың қыземтін жақсартуға мүмкіндік береді, экономикалық тиімділік көрсеткіштерін көтереді, туристік белсенділік дәрежелері көрсеткіштерін жоғарлатыды, ішке кіру туризмін дамытады, шетелдік туристерді тартады.

 

 

11-Кесте. Қазақстан Республикасында туризмді ұйымды-экономикалық қолдау бағасы

 

Сала деңгейінде туризмді ұйымдық және экономикалық қолдау шаралары

Мемлекетпен құрылған шаралар

Ұсынылатын шаралар

 

Мазмұны

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Интегра-циялық процестер

ДСҰ-мен қолдау және ынтымақтасу

Дүниежүзілік туристік агенттіктер ассоциациясының федерациясымен, Халықаралық туристік альянспен мүлдем ынтымақтаспайды

Дүниежүзілік туристік агенттіктер ассоциациясының федерациясымен, Халықаралық туристік альянспен ынтымақтастық құру

Ұлы Жібек Жолының қайта жаңғыруы

Жібек Жолында визалық рәсімдеулерді жеңілдеті, ескерткіштерді қалпына келтіру және қазіргі жағдайға сай келетін инфрақұрылым құру, шетелдік инвестицияны тарту

Шетелдік туристер үшін ойын-сауықтық құралдардың шектелуі

Қазіргі ойын-сауықтық индустрияны құру мақсатталынған

Саланы инвести-циялау

Инвестицияның негізгі бөлігі қонақүйлік секторды дамытуға,коммуника-цияны салуға, туристік  ескерткіштерді қалпына келтіру мен жаңартуға қолданылады

Демалысты ұйымдастырудың нысандарын дамыту үшін инвестициялар қолданылмайды.

Қаржылық құралдардың бір бөлігін шетелдік туристердің қажеттіліктерді оқып-үйренуге, белсенді демалуға бағыттау

Маркетингті қолдану

Туристік биржар мен көрмелерге қатысу, каталогтар мен жарнамалық проспектілер шығару, топтық сапарлар үшін жеңілдіктер беру, сапарлар географиясын кеңейту

Белсенді кең масш-табты жарнамалық компаниялар қолдан-байды, тұтынушылар сгементін есепке ала отырып бағаларды дифференциациялау және тұтынушыларды сегменттеу, туризм сферасында маркетингтік зерттеу жүргізбейді

Туристік маркетинг институтын құру, арзан пэкидж–турларды қалыптастыру

Статисти-калық есепті ұйымдас-тыру

Статистикалық есептілікті жетілдіру, ТЭ-1 есебін қалыптастыру

Туристердің барлық категорияларын есепке алу қамтамасыз етілмеген

Туристік, кедендік органдардың бірігіп жұмыс істеуі мақсатталынған

Визалық режим

Визалық рәсімдеудің жеңілдетілуі, ішке кіру визасын алуды жеңілдету

Еуропалық елдер мен Америкаға виза алудың қиындылығы,ішке кіру визалары құнының жоғарлығы

Ішке кіру визаларының құнын төмендету


 

Туристік фирмалар қызметінің экономикалық жағдайларының шамалас жүйесін және оның әкімшілікпен және басқа органдармен өзара әрекеттері кезіндегі мүдделерін, сонымен қатар дамытудың негізгі приоритеттерін анықтау қажет (кесте 12).

Туристік фирмалардың қызметтерін жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі шаралар – бұл шағын бизнес кәсіпорындарын капиталдандыру, фирмалардың қызметін маркетинг принциптеріне қайта бағыттау, лицензиялық жүйені жетілдіру. Қазақстанда туристік қызметтің әлеуметті-экономикалық механизмдерін оқып-үйренумен қатар, туристік ағымдар болжамын есептеуді жүргіземіз және мемлекеттік бағдарламамен ұсынылған болжаммен талдау.

Қазақстанда «Қазақстан Республикасында туризм индустиясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» құрылды, онда 2010 жылға дейінгі туризм бойынша көрсеткіштер мен туристік ағымдардың болжамы есептелінді. Осы кезде болжамдарды есептеу кезінде қонақ үйлер мен басқа орналастыру құралдарының максималды сыйымдылығы есепке алынды. Орналастыру орындарында қажеттілік пен туристердің жалпы болжамды ағымының құрылымы математикалық әдістер көмегімен өткен көрсеткіштер негізінде бағаланатын болжамның сандық әдісі негізінде анықталынған.

          Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік  тәжірибені, ғаламдар болжамын ескере ортырып, төл туристік бизнесін жедел дамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой - өрісін көрсетеді. тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес те болашаққа қызмет етеді, стартегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.

          Дүниежүзілік туристік ұйымның  болжамы бойынша, 2020 жылға қарай  саяхатшыларды ең көп қабылдайтын  ел Қытай болмақ. Ал, осы елге  жетудің тиімді де қысқа жолының  екеуі де Қазақстан арқылы  өтпейді ме?

          Өркениетті елдерде туризмді дамыту басты мақсаттардың біріне жатады және туризм елдің мәртебесін (имидж) қалаптастыратын құрал болып есептеледі. Елінің сұлу табиғатымен әлемді тандандыру арқылы мемлекет бюджетіне ақша түсірі, кіріс келтіру ең пайдалы іс екені де белгілі.

          Осы туризм арқылы қалтасын  қампайтып отырған елдерде жетерлік. Кіп – кішкентай Израильдің  бюджетіне тек қана туризмнен  – 2 млрд. доллар, Тайландқа – 7 млрд. доллар, ал АҚШ – тың қоржынына 50 – млрд. доллар пайда түседі екен.

          Ал, бізде сыртқа шығатын туристік  сапарлардың  мөлшері – 50 пайызға  жуық ьолса, елімізге келетіе  туристік сапарлар – 16 пайызды  ғана құрайды. Туристер ағының  қайткенде көбейтуге болады? Осы  орайда Туркия мен Тайландтың  туризмнен түсетін кірісті көбейту үшін визаны арзандатып, кейбір елдер үшін визасыз жүе кіргізгені нәтижелі болған. Туркия мен Тайландты туристер тасқыны басып қалды. Тайланд визасы небәрі 8 доллар тұрады.

 

 

12-Кесте. Қазақстан Республикасында туристік фирмаларды ұйымды-экономикалық қолдаудың бағасы

 

Кәсіпорын деңгейінде туризмді дамытуды қолдаудың ұйымдық және экономикалық шаралары

Мемлекетпен құрылған шаралар

Ұсынылатын шаралар

 

Мазмұны

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Лицензиялаудың эволюциялық жүйесі

Қызмет көрсету сапасының жоғарылауы

Туроператорлық және турагенттік қызметтер үшін лицензияны алу кезіндегі монополияландыру

Туризм бойынша жергілікті басқару органдарында лицензия алу құқығын делегирлеу

Алматы қаласын-да KIFT туризм бойынша жыл сайын халықаралық көрмелерді ұйымдастыру

Фирмалардың туристік белсенділіктерін жоғарлату

Шағын туристік фирмалар үшін қатысудың жоғары құны

Алматы қаласындағы туризм бойынша халықаралық көрмеге бірқатар туристік фирмалардың қатысуы үшін мемлекеттік қолдау

Туристік фирмаларды инвестиция-лау

Негізінен ірі ұлттық компаниялар инвестициялайды

Шағын бизнес кәсіпорындары қаржылық қолдаусыз қалады

Шағын бизнес кәсіпорындарын қаржылық қолдау бағдарламасын жасау

Маркетингті қолдану

Каталогтар мен жарнамалық проспектілерді шығару, жарнамалық құралдардың кең арсеналын қолдану, туризм бойынша көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, шетелдік туристік фирмалардың өкілдері үшін ақысыз танысулық турлар ұйымдастыру

Маркетингті қолдану үшін ресурстардың шектелінуі, көрмелерге қатысу үшін шығындар деңгейінің жоғарлығы, ірі туристік фирмаларда ғана маркетингтік бөлімдердің болуы

Маркетингтік концепцияны қалыптастыруға және маркетолог мамандарды ұстау үшін кәсіпорын қаражаттарын қайта бөлу


 

        Туризм бойынша көрсеткіштерді болжау кезінде орналастыру орындарының өткізілімдік мүмкіндігін ғана есепке алып қана қоймай, сондай-ақ көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкіндіктерін, сонымен қатар республика ландшафтарының максималды мүмкін болатын туристік жүктелімді есепке алу қажет.

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері