Туризм тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 06:07, реферат

Краткое описание

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Мұражайлар түрлері, жұмыс бағыттары жағынан мемлекеттік немесе ұлттық мұражайлар, өкетану мұражайлары және белгілі бір

Прикрепленные файлы: 1 файл

бокей орда.docx

— 76.25 Кб (Скачать документ)

 Хан қыраты. «Хан қыраты»  деп Жәңгір ханның құрметіне  қойылған.

 Саралжын. Саралжын –  елді мекен. Саралжын атауының  шығу тарихы төңірегінде бірнеше  пікір бар:

1). «Саралжын» өсімдігінің  атына байланысты қалыптасқан.  Саралжын – суы тартылған өзен  арналарында өсетін жусан тектес  шөп.

2). Саралжын – топонимі  моңғол тіліндегі «сиралджин»  (қурай) сөзінің негізінде қалыптасуы  мүмкін.

3). Сар (сары) сөзі моңғол  тілінде «сұр» мағынасын беріп,  қазақ тіліндегі құла, сұр түстерімен  мағыналас келеді. Ал «алжын»  – сын есімнің шырай категориясының  көне жұрнағы. Сары сөзінің  жер-су атауларының құрамында  келіп үлкен қызмет атқаратыны  белгілі. Сондықтан шөптің түсіне  байланысты берілген бұл пікірді  де жоққа шығаруға болмайды. Бірақ  Саралжын атауының шығу төңірегінде  пікірлердің арасында бірінші  пікірді жақтайтындар көп кездеседі.

 Нарын. Бұл – аудандағы  үлкен құм мен өзен атауы.  Нарын – қазақ даласына кең  тараған атау, моңғол тілінен  енген топоним. Алайда атаудың  моңғол тілінен енгендігін толық  мойындай отырып, ғалымдар оның  этимологиясы төңірегінде ортақ  пікірге келе бермейді. «Моңғолша  –қазақша» сөздікте «наран» –  «күн», «күнгей» ұғымын береді»  деп түсіндіріледі. Э.Мурзаев  оны моңғолдың «нарийн» – «жіңішке»,  «нәзік» сөзінен шыққан» деп  топшылайды. Расында да, Нарын сөзінің  беретін мағынасы көп: 1). Жіңішке,  нәзік; 2). Жинақты, ұқыпты; 3). Шебер,  қу, айлакер; 4). Сараң, қатты. Бұлардың  арасында Нарын топониміне жақын  келетіні – біріншісі. Өйткені  Нарын құмының көлемі Қарақұм,  Қызылқұмдарға қарағанда кішкене,  шағын және сусыған нәзік құм.  «Нарын сөзі «күн», «күнгей»  мағынасын береді» деген пікірден  гөрі, аумақ, көлем өлшемін білдіретін  моңғолдың «нарийн» сөзінен шыққан  деген жорамал дұрыс.

 Сейітқали. Сейітқали  – елді мекен. Батыс Қазақстанда  Кеңес өкіметін орнатуға белсене  қатысқан, белгілі қоғам қайраткері  Сейітқали Меңдешовтің атына  байланысты қойылған антропотопоним.

 Шымқұдық. Шымқұдық –  аудандағы жер аты. Түбі шыммен  өрілген құдық ұғымын білдіреді.

1801 ж. Бөкей хандығының  құрылуы

XIX ғас. басында Орал  мен Волга аралығында Россия  империясының вассалы — Бөкей  хандығы құрылды (1801-76). Хандық  сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Егер құрылған шағында хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың семья болса, XIX ғ. 50-жылдарында Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың семья).Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның — Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосқанда, 45 жылға созылды. Соңғысы өлгеннен кейін хан билігі қысқартылып, басқару патша үкіметінің қолшоқпары— уақытша Кеңеске өтті. Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Россия империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды.Бөкей хандығы Россия үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы, олардың қазақ ауылдарына сіңісуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне және рулық-қауымдық шаруашылықтың калдықтарын жоюға ықпал етті. Тауарды жергілікті халыққа малға ауыстыру және сатудың баламалы емес формасы Ордада халықты қанаудың күшеюіне және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне әкеліп соқты.

 Бөкей хандығының "Россияның  ішкі жағына" орналасуына байланысты  дамуы Россияның экономикасы  және мәдениетінің ықпал етуінің  артуымен қатысты болды. Бұл  процесс, Казақстанның басқа жерлерінен  гөрі, осы аймақта белсенді жүрді.  Россияның ықпалы хандықтың саяси  ұйымдастырылуынан да көрінді:  Ордада басқару формасы "ағартушылық"  монархия тұрғысында бекітілді.  Арнайы билік аппараты құрылды  (уақытша Кеңес), орталықта және  жергілікті жерлерде жазбаша  іс жүргізу енгізілді. Сонымен  бірге, хан қазынасының пайдасына  халыққа салық салудың қатал  жүйесі іске асырылды.

 Бөкей хандығының тарихында  Жәңгір ханның билік еткен  уақыт кезеңі анағұрлым елеулі  із қалдырды (1824-45). 1841 ж. Казақстан  тарихында алғаш рет Нарынқұмда  балаларды екі тілде — қазақ  және орыс тілінде оқытатын  ұлттық азаматтық мектеп құрылды. 1844 ж. қазақ жастарының Россияның  жоғары оқу орындарында оқуы  үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана жөне емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды.Бекей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Қүрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды. 1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне қоныстануға рұқсат сұраған өтінішін жолдайды. Ресей императоры Павел I оның өтінішін қабыл алып, 1801 жылы 11 наурызда  Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралыханұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын деген жарлығын шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтінмен  Жайықтың ішкі бетіне келіп қоныстанады. Тарихта Ішкі қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.Бөкей - ел басқару ісіне машықтанған әкеден мол тәжірибе жинақтаған танымал тұлға. Оның қол астындағы халқы Нарын құмының сонау Торғын өзеніне дейінгі алқапты ежелгі ата жұрт санап алаңсыз қоныстанады. Қыс айларында Қараөзен мен Сарыөзен аралығында, Қамыс Самар көлімен Каспий теңізінің солтүстік жағалауында қыстайды. («Нарын-шежіре» кітабы, 25 бет, «Арыс» баспасы, 2006 жыл.) Сөйтіп, Бөкей 1812 жылға дейін сұлтан дәрежесінде жүреді.1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады.

 

Ресейдің Павел бірінші, Александр бірінші сияқты патшаларымен елшілік қызметтегідей дипломатиялық  келіссөз бағытында іс-қимыл жүргізіп, өтінішін жеткізіп, жағдайды бастан-аяқ  таныстырып, болашақ орданың қоныстанатын жер жағдайын шешуі және мемлекеттік құрылымдағы басқару жүйелерін орнатуы Бөкейдің қоғам және мемлекет қайраткері дәрежесінде жұмыстанғанын танытады. 1815 жылдың 21 мамырында Бөкей хан қайтыс болады.Бөкейдің хан ордасы өзінің таңдап алған қонысы Қиғаш өзенінің бойындағы Кіші арал ауылында болады. Бақилық сапарға аттанарда қалдырған аманаты бойынша Бөкей хан сол маңдағы Бағдат пен Мысырда болып, діни оқыған-тоқығаны мол, жанына жебеу, ауруына демеу іздеп келген сырқат адамдарға қамқоршы болған қасиетті Сейіт баба әулие қорымына жерленеді. Киіз үй үлгісіндегі темір шілтерлі шаңырақты күмбез орнатылған. Бөкейдің бастапқы мазары баласы Жәңгірдің Санкт-Петербургтен таттанбайтын таза темірден ұсталық шеберлікпен арнайы тапсырыс бойынша жасалынған. Биыл Бөкей хандығының 210 жылдығына орай Бөкей ханның басына кесене орнатылмақшы. Жыл бойы осындай игілікті істер жалғасын таба берсе дейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Орда тарихи музейі

Орда тарихи музейі, 1962 ж. 15 желтоқсанда қоғамдық негізде  ашылды. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Азамат соғысының ардагері Ахметфайыз Жүсіпұлы Тажетдинов өзі  жинаған 55 экспонат негізінде ұйымдастырған. 1967 ж. арнаулы шешіммен ол мемлекеттік  музейлер санатына жатқызылды. Бастапқы кезде ол «Орда тарихи-революция  музейі» деп аталды.

1969 ж. Ордадағы «Қазына  (банк) үйі» музейге беріліп, 3 бөлмесіне  экспозиция жасақталды. Қоры жылдан  жылға толығып, деректік негіздері  жетіле түсті.

1981 ж. музей ғимаратын  қалпына келтіру, күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Экспозиция  ауданы 500 м2 жетіп, 7 зал жасақталды.

1997 ж. «Қыздар мектебі»  бөлімінде (4- зал) «Бөкей ордасында  халыққа білім беру» экспозициясы құрылып, жаңа бөлім ашылды.1997 жылдан ол «Бөкей ордасының тарихи музейі» деп аталады.

Бөкей хандығының тарихымен  терең танысып, белгілі тұлғалардың  басына тәу ету мақсатында Бөкей  ордасы ауданы Хан ордасы ауылына  алыс-жақыннан арнайы ат арытып келушілердің қатары еш толастаған емес. Әсіресе, көненің  көзін қастерлеу жұмыстары басталған 2002 жылдан бастап, құнды жәдігерлерге бай мұражай тек оқымысты-ғалымдардың  ғана емес, туристердің де зор қызығушылығын  тудыра бастады. Дәл осы жылы 1962 жылы құрылған Орда тарихи-революциялық музейі балансына алынған тарихи ғимараттар қайта жаңғыртылып, мұнда музейлендіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін  тарихи мұражай кешені деңгейіне  көтеріліп, қазына үйінде Бөкей ордасы тарихи музейі, Хан сарайының сақталған  шығыс бөлігінде қару-жарақ палатасы және бұрынғы орнында қайта тұрғызылған  Хан мешітінде тәуелсіздік мұражайы ашылды. Араға екі жыл салып, яғни 2007 жылы мұражай кешенінде бұрынғы қыздар гимназиясы ғимаратында білім беру музейі ашылды. Алғаш ашылғанда мұнда 55 экспонат болса, қазір жалпы саны 11 мыңға жуықтаған жәдігерлер музейдің тарих шырақшысы, ұрпақтан-ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін маңызы зор тарихи орын екенін дәлелдей түскендей. Енді бөкейліктер туған өлкенің өткен-кеткен тарихынан хабар берер шағын мұражайлармен шектелмей, тұтас бір кешенге бергісіз қорық ашуды жоспарлап отыр. Бұл ретте тарихи мұражай кешені, мектеп қалашығы ғимараттары, кесенелер мен Хан ордасы ауылындағы тұрғын үйлерді арнайы қорғалатын тұтас бір аумаққа енгізу ойда бар. Айта кетелік, саналы ғұмырын Бөкей ордасы тарихи мұражай кешенін көркейтуге арнаған, ауданның құрметті азаматы Темірболат Махимовтың ісін бүгінде ұлы Ғайса жалғастырып отыр. Оның айтуынша, өткен жылы облыстық бюджеттен 13 млн. теңге бөлініп, ауылдағы көне дәуірдің көркем ескерткіштері - ағаштан құрастырылған бес тұрғын үй жекенің қолынан сатып алыныпты. 1838-1842 жылдары мектеп қалашығында бой көтерген бұл ескі тарихи ғимараттарда түрлі жылдары Сейітқали Меңдешев, Алма Оразбаева, Ғұмар Зарипов сынды ұлт зиялылары тұрақтап, туған өлкенің өркендеуіне үлес қосқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Хан сарайы

Хан сарайының орта бөлігі мен батыс флигелін қайта қалпына  келтіру жұмыстары өткен жылы аяқталды. Қазір кешеннің ауласын  абаттандырып, қосымша демалыс орындарын  ұйымдастырудамыз. Ауыл тұрғындарынан  сатып алынған бес үйдің үшеуі  мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ  АКСР орталық атқару комитетінің  тұңғыш төрағасы Сейітқали Меңдешевтің, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімдері, әдебиетші-ұстаз, өлкетанушы Ғұмар  Зарипов пен Орда музейін алғаш  ұйымдастырушы Ахметфайыз Тажетдиновтің  мемориал музейіне айналдырмақпыз.  Енді бірі мұражай кешені тарихына арналған музей атанса, соңғысы табиғат  музейі болмақ. Міне, сол кезде Хан  ордасы ашық аспан астындағы музейлер мекеніне айналады. Әр музейдің тақырыптық жоспарын, концепциясын құрастырып қойдық. Қайта жаңарту бағытында республикалық  «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізіп, қазір қаржының бөлінуін күтіп отырмыз. Ауыл шетіндегі Қопаны бәз баяғы  қалпына келтіріп, бақасы қойдай шулаған, балығы тайдай тулаған көлге айналдырсақ  деген арманымыз да бар. Бұдан  өзге биыл  алдымызда қайта жаңғыртудан  өткен Хан сарайын музейлендіру міндеті тұр. Мемлекеттік «Мәдени  мұра» бағдарламасы бойынша республикалық  бюджеттен қаржы бөлініп, Ордада 1918 жылы ашылған тұңғыш қазақ кеңес  баспаханасы жобасы бойынша жаңа баспахана ғимаратының құрылысы басталады, - дейді Ғайса Темірболатұлы. 

 

Тарих бетіндегі ақтаңдақтарды  анықтау мақсатында кешен қызметкерлері 2009-2010 жылдары Ресейдің Астрахан, Орынбор  және Санкт-Петербор қалаларында болып, музей қорын бөкейліктер, Хан  ордасындағы жер қатынастары, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар, білім беру, мал  шаруашылығы мен сот қызметі  туралы деректермен толықтырыпты.

 

-Орынбор мұрағатынан  алынған ең құнды құжаттың  бірі - Жәңгір ханның үйін тұрғызған  сәулетші Тафаевтың жазбалары.  Жәңгірдің осы Ордаға тұрақтап, өзіне хандық көтеру туралы  ойы 1823 жылдан бастап туындаған  сияқты. Өзіне арнап, еуропалық  үлгідегі баспана салдыру үшін 1924 жылы патшадан сәулетші де  сұрап алған. Тафаевтың үйдің  шығын сметалары туралы жазбаларына  қоса, Жәңгір хан үйінің алғашқы  сызбасы да қолымызға түсті, - дейді Ғайса Махимов. Әрбір  ордалықтың тарихқа, туған өлкеге  деген көзқарасы бөлек, сана-сезімі  терең. Бес бірдей жаңа музейдің  ашылатынын естіген ауыл тұрғындары сауабы мол істен шет қалмай, ата-бабасының көзі деп сақтап жүрген құнды жәдігерлерді мұражайға тегін өткізіп, өлке тарихын жаңғыртуға белсенді үлес қосуда. Кешен ұжымы болса, ұлтымыздың бай мәдениеті мен өнерін, терең тарихын уақыт безбеніне салып қайта жаңғыртуға, жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін оятып, дүниетанымын кеңейтіп,  болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруға басымдық береді. Қызметкерлер жолдың жайсыздығынан қыс мезгілінде мұражайға келушілер біраз саябырсығанымен, ерте көктемнен қара күзге дейін қонақ үзілмейтінін айтады. Былтырдан бастап, туристерге қызмет көрсету орындарын ашуға көңіл бөліне бастады. Жергілікті әкімдік ауыл ортасынан үлкен қонақүй салса, ордалық кәсіпкерлер биыл тағы бір қонақүй мен асхана құрылысын қолға алды. Қысқасы, Бөкей ордасы тарихи мұражай кешенін табиғи-мәдени қорыққа айналдыру жолында игі істер атқарылып жатыр . Бізге қазір тарихтың әрбір тасы қымбат десек, ортық айтқандық болмас еді. Өйткені, өткен күндерімізді жүс саралап алмй бүгінгімізді,  сондай-ақ бүгінгі-міздібағалап алмй ертеңімізді елестету мүмкін емес. өткен ғасырда, 1832-жылдың маусым айында ресейдегі «заволжекй муровей» отты журналда жарық көрген Сабөнщиков деген кісінің (бұл оның әдеби лақап аты болуы да мүмкін) «рын пески» (нарын құмы) атты мақаласын тәржімалап,  назарларыңызға ұсынып отыруымыз да сондықтан. Суы тұзды елтан өзенін көрін тамамалаған  саң,  біз  1830 жылдың мамыр айының 14 күні нарын құмына, ярни,  кіші  жүз  қазақ тарының және  олардың ханы  жәңгір бекесвтің  ордасына  қарай сапар шектік  елтан екеуінің  арасы  95шақырым  екен. 

Бұл өзі (хан сарайы-ауд,) үлкен, көрікті, ешқандай  жасандылығы  жоқ,  ғажайаып   сәулетті,  іргетасы  тастап қаланғаңағаш үй, үстінде  мезанлны  бар, ені 10 көлде неңі 15сажын келеді, ал дынан  қарағанда 30үлкен  терезесі  тізіліп  көрінеді. Осы  үйдін  құрылысына  аса  жоғары  мәртебелінің  айрықшаықыласамен 35 мың самға дейін  қаржы  бөлінеп.  Шаруаға қолайсыз болған 1839, 1840, 1847, және 1845жылдардың  қысында, Евреинавтің  есебінше, 3870000 сом  құраитын 500 мыңнан астам мал  шығынға  ұшыраған Я.В.Ханыковтің  айтуынша, 1827 жылдың  қысында  жайылымнан, мал азығынан  қиыншылыққа кезіккен  қазақтар саратов  губерниясына  еніп  кетіпті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Бөкей Ордасының географиялық орны

Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.

Орда өңірініңдегі дала көпшілігі  құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ  кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum)өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге  жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне  бастайды. Орданың солтүстігінде  бірде жалғыз, бірде топтасқан  обалар бар, соңғысында әдетте ортасында  біреуі ірілеу болады. Енң ірілердің  шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар.Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған.1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды.

Климаты.

 Ауданның климаты құрғақ  және континентальды климатты, жартылай  шөл зонасында орналасқан. Бұнда  орташа жылдық жауын-шашын мөлшері-229мм шамасында, әсіресе маусым айында 28мм болса ал қазан айында 23мм, ақпан айында айтарлықтай төмен яғни-11мм. Ал булану жауын-шашын мөлшерінен үш есе көп 900мм.

Информация о работе Туризм тарихы