Туризм саласындағы іс-құжаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 14:19, курсовая работа

Краткое описание

Туристтік іс-құжаттар- туристтар бойынша нақты туристтiк қызметтер жеткiзiлiп берiлетiн (қоректену және экскурсиядағы мейманханалық талондар, талондары) қызмет көрсетудi бiрiншi тармақтағы ваучер ауыс-түйiстеге қызмет етушi олардың туристтiк фирмасымен турист көрсетушi құжаттар. Бұл құжаттар кез келген туристтік қызмет көрсету кезінде міндетті түрде керек болады. Олар мысалы туристті керекті елге жіберу үшін, оның басқа елге кіруіне, сонда жүруіне де қажет болады. Бұл жұмыстың мақсаты олармен жақынырақ танысу, оларды әзірлеу жұмыстары, барысымен танысу. Қазіргі кезде техниканың дамыған заманында туризм түрлері де көбейіп келеді десек те қате айтқан болмас едік. Олай деуге де себебіміз бары анық.

Содержание

Кіріспе
І. Туризм саласындағы іс-құжаттар
1.1 Виза түсінігі
1.2 Виза Ресей Федерациясында
1.3 Қазақстан Республикасындағы виза
Негізгі бөлім
ІІ. Шенген визалық аймағы
2.1 Шенген визасының рәсімделуі
2.2 Шекарасы кеңіген Шенген
2.3 Жібек жолы бойындағы елдерге Шенген аймағындағыдай визалық тәртіп орнатылуының тиімділігі
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Zhospar1.docx

— 325.01 Кб (Скачать документ)

Екінші Сайын Борбасов, саяси ғылымдар докторы, профессор: Жібек жолы бойындағы елдерге Шенген аймағындағыдай визалық тәртіп орнатудың қажеті жоқ. Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран елдерінен белгілі бір дәрежеде демографиялық қауіп туындауы мүмкін. Тағы бір көршіміз Қырғызстан, Тәжікстанды тұрақсыздық жайлаған. Түрікменстанның саясаты да екіұшты. Сондықтан Жібек жолы бойындағы елдер арасында тұрақты, саяси-экономикалық қарым-қатынас қалыптаспаған  деп айта аламын. Шенген аймағындағы елдердей тұрақты ахуал қалыптасып, біркелкі қарым-қатынас орнамағандықтан, Жібек жолы бойындағы елдерге визалық жеңілдетілген тәртіп те қажет емес. Сондықтан біздің еліміз үшін шекарада визалық жеңілдік жасап, есігімізді айқара ашық ұстау елімізге үлкен қауіп төндіреді. Біріншіден, терроризм қаупі ұлғайса, екіншіден, наркотрафик тасымалы күшейеді. Жасырын қару саудасы мен адам саудасы да белең алуы әбден мүмкін. Сондай-ақ құс тұмауы, СПИД секілді әлемдік аурулардың таралу қаупі артады. Ал олардың бәрін бірдей бақылауда ұстап отыру – еліміз үшін үлкен күш. Онсызда қазір шекарада біршама жеңілдік қарастырылған. Ал визалық тәртіпті бұдан әрі жеңілдету өте қауіпті.

Үшінші, Рустам Алпысбаев, шығыстанушы: Менің ойымша, Жібек жолы бойындағы елдерге Шенген аймағы елдеріндегідей визалық тәртіп орнату тиімді. Қазір мамандар тарапынан Ұлы Жібек жолын қайта өркендету қажет деген пікірлер де жиі айтылып жүр. Егер Шенген аймағындағыдай визалық тәртіп орната алсақ, ең алдымен осынау Ұлы Жібек жолын қайта өркендетуге, транзиттік елге айналуға мүмкіндік туар еді. Экономикалық тұрғыдан кейбір салаларымыздың дамымауы – халқымыздың санының аздығынан. Сондықтан миграциялық күшті қолдана отырып, экономикамыздың өсіп-өркендеуі үшін көршілерімізді пайдалануға болар еді.

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жұмысымды қорытындылай келе, сөз соңында мынаны айта кеткім келеді: жоғарғыда көрсетілген құжаттар туристтік жорықтарда  ең міндетті боп табылады. Оларды бірінші саяхат барысында келеңсіз жағдайлар туындамау үшін қолданса, сонымен қатар, олар мысалы, туристтің қауіпсіздігі үшін де қызмет атқарады. Құжаттар турист пен оператор арасындағы бірінші байланыс құралы, алда жоспарланып тұрған саяхаттаттың негізі деуге де болады. Заман талабына сай, құжаттардың жаңа түрлерімен қатар, бұрыңғы құжаттар жаңару үстінде. Бұрыңғы кезде олар жай ғана қағаз ретінде болған болса, қазіргі күні мысалы, техниканың жетіліп, халық оны жете меңгерген уақытта олардың электронды үлгілірі де шығып жатыр. Олар мысалы тек қолдануға ыңғайлы ғана емес, кішкене ғана карточкада барлық мәліметтердің толықтай көрсетілуі де саяхатшыға көп көмек тигізері сөзсіз. Сондай құжаттар қатарына жоғарыда көрсетіліп, таныстырылып өтілген виза сияқты құжаттар кіреді.

Шенген визасына қол жеткізу  аспандағы айға сапар шегу үшін алатын рұқсат қағазбен бірдей болып тұрғаны  рас. Жалпы, шенген дегеніміздің мағынасы «еркін жүріп- тұру» дегенді білдірсе керек. Ал енді осы шенгендік аймақ  болып есептелетін Еуропа елдері посткеңестік елдер үшін сол еркін  жүріп-тұруға шлагбаум қойып тастап отыр. Шлагбауммен тек банкте қомақты  қаржы жинағы, басында кепілдікке қояр үйі барлар ғана өте алады. Оны  кәрі құрлыққа іскерлік сапармен емес, өз бетінше саяхаттап барып қайтқысы келген банкте қомақты салымы жоқтардың  бәрі де бастарынан өткеріп, маңдайы  тасқа тіреліп жүр. 

Яғни еуропалық ел өкілі  еместер шенгендік кеңістікке арнайы рұқсатсыз кіре алмайды. Рұқсат дегенде толып жатқан анықтамалар мен өзіңнің қылмыс әлеміне мүше еместігіңді дәлелдейтін қағаздардан тұратын, машақаты көп әбігерлік емес, азамат ретінде еуропалық елдің өкілі еместігіңнен ғана. Олай деуіміздің де себебі бар. «Өйткені Еуропа бір кездері «темір пердемен» тұмшаланып, әлемнің өзге елдерінен бөлек өмір сүрген Кеңестер Одағына, оның тарап кеткеніне 20 жылдан асса да, қауіппен, сақтана қарайтынында жатыр» дейді сарапшы-саясаткерлердің бір тобы. Олай дейін десек, онда неге Ресей мен Қазақстаннан мемлекет байлығын талан-таражға салып, тапқан табысын еуропалық банктерге салып, өздері солай қарай қашып кеткендер үшін ешқандай тосқауыл жоқ? Әлемнің түкпір-түкпіріндегі сыбайлас жемқорлықпен табылған пайданың бәрі еуропалық банктерге барып тығылатынын ешкім де жоққа шығара алмаса керек. Яғни Кеңестік елдерге деген ежелден бері қарай қалыптасып қалған үрке қараудан туындап отырған сақтық деп қана түюдің еш реті жоқ. Ресейден немесе Өзбекстан мен Қазақстаннан мафия өкілі аяқ астынан еніп кетіп, шенген кеңістігінің тыныштығын бұзады деген ой болса, жемқорлар мен парақорлардың жинаған қаржысын өз бауырларына басып жатпас еді. Гондурас, Коста-Рика, Венесуэла елдерінің азаматтары емін-еркін шенген аймағында сайрандап-ақ жүреді де, ТМД елдеріне алапес ауруына шалдыққандардан қашқандай үрке қарау, ақылға сыймайтын түсінік. 

Еуропаның ТМД азаматтарына қатысты өзінің визалық саясатын түбегейлі өзгертуі жайында көптен бері талқылануда. Әрине, дипломатиялық төлқұжаттары барларға айтарлықтай жеңілдіктер жасалып-ақ жатыр. Оны жоққа шығаруға болмайды. Ал жай төлқұжатты қарапайым азаматтар үшін визалық проблема бір қадам да алға жылжыған емес. Осыдан біраз жыл бұрын енді бес жылдан кейін визалық тәртіпті алып тастау жөнінде шешім болады деген әңгіме есімізде. Одан бері бес емес, он жыл өтті, ал визаға байланысты мәселе сол қалпында. Қаралғанның өзінде тағы да дипломатиялық төлқұжаты барлар тағы да өздеріне біраз жеңілдіктерді шешіп алды. Кейде осы біздің шенеуніктеріміз мәселеге тек өз тұрғыларында ғана қарап, қарапайым халықтың мүддесін естен шығарып ала ма деген де ой келетінін жасыра алмаймыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.http://www.businesspravo.ru

2.http://ru.wikipedia.org

 


Информация о работе Туризм саласындағы іс-құжаттар