Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 13:18, реферат

Краткое описание

Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады. Қазақстанда қонақ үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпқұрылымды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру жоспарда бар.

Содержание

I. Кіріспе.
II. 1) Туризм индустриясының дамуы және экономикаға әсері.
2) Туризм индустриясын дамыту негіздері.
3) Мемлекеттік секторлардың туризм экономика саласындағы
үлесі.
III.Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 65.11 Кб (Скачать документ)

Туризм индустриясы  ұлттық экономиканың саласы ретінде.

Жоспар:

I. Кіріспе.

II.  1) Туризм индустриясының дамуы және экономикаға әсері.

     2) Туризм индустриясын дамыту негіздері.  

    3) Мемлекеттік секторлардың туризм экономика саласындағы  

          үлесі.                                                                                                                                                                          

III.Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

      "Қазақстан -2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектегі дамуына айқын бағдар берілген. Қазақстан Республикасының "Туризм туралы" Заңына сәйкес (тамыз, 2001жылы) туризмдік қызмет атқаруға туристік сапарлар мен саяхаттар ұйымдастыру, әртүрлі туристік қызмет атқару, туристік тауарлар шығару және өткізу жатады. Осыған байланысты ұлттық туризмді мемлекеттік басқаруға мынадай мақсаттар қойылған:

      - туризмді  дамытуда бірыңғай саясатты іске  асыру;

      - туризмнің  материалдық және ғылыми-техникалық  базасын құру;

      -сыртқы  экономикалық және коммерциялық  байланыстарды жүзеге     

        асыру;

      - туризмнің  мемлекеттік немесе жекеменшіктік  түріне қарай, барлық 

        туристік ұйымдардың жұмытарын қолдап, ретке келтіру;

      - туризм  саласына мамандар дайындау, мамандардың біліктілігін арттыру.

      1993 жылы  Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік  туристік ұйымның мүшесі болды. 1993 жылы Қазақстан Республикасы  туризмін дамытудың ұлттық бағдарламасы  қабылданып, мұнда 12 басымдық туристік  аймақтардың даму жоспары жасалды.

      Туризді  дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы аясында  бес жылдың ішінде халықты  жұмыспен қамту үшін, сыртқы және  ішкі туризм көлемінің артуы  есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жыл Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарстырылған.

      Туристік  инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция  жұмылдыру мүмкіндігі маңызды  болып саналады. Қазақстанда қонақ  үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы  үлгісінде керуен-сарайлар мен  өзге де маңызды туристік жағдай  жасалатын болады. Сонымен қатар  Алматы, Ақмола және Маңғыстау  облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпқұрылымды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру жоспарда бар. Республикада Қазақстаннның Ортаазиялық аймақ туризм орталығы болуына жағдай мен мүмкіндік жасалатын болады. Туризмнің даму және орналасу базасы - табиғи-рекреациялық әлеует. Бұл тұрғыдан Қазақстанды туризмді экономиканың дамыған саласына айналдыруға мүмкіндік береді.

            Туризм жалпы алғанда,  мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже  береді:

      1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем  теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге  оң  ықпал  жасайды.

      2. Халықтың жұмыс пен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің  бағалауы  бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір  жұмыс орнына  жұмыс орны  келеді екен.  Туризм  тура немесе жанама түрде  экономиканың 32 саласының дамуына  ықпал  жасайды.

      3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.[1]

      Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілер құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналды тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімдікке ие.

      Бұл жұмыстың құрылымы негізінен кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде туризм индустриясының тарихы, дамуы, оның экономикаға әсері және Қазақстанда туризм индустриясының дамуының алғышарттары туралы мәлімденеді. Қазақстанға  туризмнің хаостық дамуы,  мемлекеттің, қоғамдық-құқықтық  және  жеке құрылымдардың  арасында өзара  байланыстың  жоқтығы, экономикалық механизмнің жетілмегендігі тән. Туризм  сферасындағы  макротенденциялар туризмнің  тек бір  сегментінің  — шығу туризмнің басым екенін анықтады. Сонымен бірге,  Қазақстанда  келу  туризмін  дамытудың да  алғышарттары іс жүзінде  бар, себебі  республикада  табиғи  және  рекреационды  ресурстар, мәдени,  тарихи,  сәулет  және  археологиялық ескерткіштер мол. Ал екінші бөлімінде туризм индустриясын дамыту негіздері, яғни туризм индустриясының дамуына қандай факторлар әсер етеді және оның тиімділігі айтылады.

1) Туризм индустриясының дамуы және экономикаға әсері.

      Ерте кезден-ақ келген туристерден шаруашылық табысқа түсетін пайдаға көңіл бөлген. Бірақ тек XIX ғасырдан бастап туризм көптеген аймақтардың экономикасына әсер ете бастады. Мысалы: Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалаулары, Альпі, Карпат таулары. Осы туристерден түскен пайда экономикаға әсер етуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында "туризм индустариясы " деген ұғымның пайда болуына алып келді. Атауы айтып тұрғандай ол туризмнің шаруашылық сферасын анықтайды.[1] Яғни, туризм индустарисына анықтама беретін болсақ:                                                                                                               

      Туризм индустриясы - туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру нысандарының, ойын-сауық нысандары мен құралдарының, танымдық-сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы нысандардың, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы.[3] Туризм индустриясын экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты. Туризм индустриясын 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

      1) Мекемелер: турбазалар, қонақ үйлер, санаторийлер, кемпингтер, арнаулы магазиндер, т.б. [2]

      2) Кәсіпорындар - демалу орындарында туристерге немесе жергілікті тұрғындарға көрсетілетін әр түрлі қызметтер. [2]

      3) Ұйымдар - туризм сферасында материальды-техникалық базаның эксплуатациялануын және еңбек күшін, шикі және инвентарь тауарларды қолдануын қамтамасыз ететін ұйымдар. [2]

      Туризм  индустриясының ерекше қасиеттері:

      Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек.

      Туризм индустриясының оң жақтарына:

       - ЖІӨ құрылымында  туризмнен түскен табыстың өсуі;

      - аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;

      - туризм сферасында жұмыс істейтіндердің өсуі;

      - экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;

      - аудандардың білім және ғылым потенциялының өсуі;

      - агломерацияға антропогенді әсердің азаюы;

      - инвестициялық бағдарламалардың тез өтелуі.

      Теріс жақтарына:

      - ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;

      - өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагнациясы;

      - туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы;

      - туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;

      - игерілмеген табиғи территорияларға антропогенді әсердің өсуі.[2]

      Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвестициялардың тез өзін-өзі ақтауының ең жоғарғы тиімділігін көреміз. Бұл дегеніңіз, туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді деген сөз.

      Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады.  Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның  деректері бойынша  ол әлемдегі  жалпы  ұлттық  өнімнің  оннан бір бөлігін,  халықаралық инвестицияның 11%-дан  астамын,  әлемдік  өндірістің  әрбір  тоғызыншы  жұмыс  орнын  қамтамасыз  етеді.

      Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда  сегменттерінің  бірі болып  табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және  автомобиль  экспортының  табысынан кейінгі  тұрақты  үшінші  орында   келеді.  Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық  сыйымдылығының  шегіне іс жүзінде  жеткендіктен, туризмнің  өсуі  туристер  баратын  жаңа  аумақтар есебінен  басым  дамитын болады.  Осыған байланысты,  Қазақстанның  әлемдік  туристік  нарықта  өзінің  лайықты  орнын  табуға  бірегей   мүмкіндігі  бар.

      Қазіргі  туризм  еңбекшілердің  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысына  шығуымен  байланысты,  мұның  өзі  адамның  демалуға  және  бос  уақытын   өткізуге  деген   негізгі   құқығын   тану   болып табылады.  Ол жеке  адамды,  адамдар мен  халықтар  арасындағы  өзара  түсіністікті  дамытудың   факторына  айналды.

      Қазіргі туризм – бұл әлемдік  экономиканың  құлдырауды  білмейтін  саласы.  Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас  көмір немесе 15 тонна мұнай  немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік  нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикізат сату  елдің  энергия  көздерін азайтады,  ал туристік  өндіріс  таусылмайтын  ресурстармен  жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі  бойынша, 100 000 турист  қалада  орташа  есеппен  екі сағат  болған  кезде  кемінде 350 000 доллар  немесе адам басына бір сағатта 17,5  доллар  жұмсайды. Сөйтіп,  шикізат  сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу  болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді,  экономикалық  тиімді  болашақ. [1]

      Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи-шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Дәл осы уақытта шетелдерде туризмнің экстремалды және экзотикалық бір түрі болып есептелетін ғарыштық туризм қарқындап дамып келеді.Сонымен қатар туризмнің басқа түрлері де Қазақстан Республикасында жылдан-жылға дамып, қызмет аясын кеңейтіп келеді. Соның арқасында әлемнің көптеген елдері қатысатын Қазақстанның өзіндік туристік нарығы қалыптасуда. Оның ары қарай дамуына әсер етуші негізгі факторлар экономикалық және әлеументтік болып табылады, бұл ең алдымен негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру шектерінен азаматтардың (әлеуетті туристер) жеке табысының асуы.

      Субъективті себептерге елден шығу мен оған кірудің, оның территориясында шетелдік азаматтардың болуы тәртіптерін реттейтін мемлекеттік органдардың қызметтері жатады. Солардың қызметін нақты арнаға бұру мақсатында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туристік индустрия қызметінің мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы өзінің стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп, қалыптасып, келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында еліміздің әлеументтік-экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Әрине, халықтың әл-ауқатының артуы мен рухани және гармониялық жағынан дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы түрде жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктердің маңызды бөлігін құрайтын демалыс және ойын-сауықтық бағдарламалармен қамтамасыз ету мен байланысты қызметтердің маңызы сөзсіз. [4]

      Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған «ХХІ ғасыр көрнісі» атанып кеткен туристік қызмет индустриясы өзінің мемлекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік саласымен теңесті. Ол әлемдік жалпы өнімнің 12% үлесін ала отырып, өзіне жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда. [5]

      Еліміздің туристік-рекреационды әлеуетіне негізделген шаруашылық, өндірістік және әлеументтік қызметтердің сан қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға және демалу мен көңіл көтеруге деген сұранымын жан-жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарына жұмылдыруға қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді. Мысалы: негізінен туристерді қабылдауға маманданған елдерде туризмнің дамуына аса көңіл бөлу шет елдік валютаның ағымын көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ұмтылумен түсіндіріледі.

      Туризм арқылы көптеген елдер өздерінің төлем тепе-теңдігі мәселелерін шешуге тырысады. Туризмнен түсетін табыстарға шетелдік туристердің болған елдерінде өздеріне көрсетілген қызметтер мен тауарларға төлеген ақылары жатады, оған тек сол елде қосымша жұмыс істегеніне алған ақысы және халықаралық көлік ақылары жатпайды.

      Туризмдергі шығындарға бір елдің тұрғындарының шетелде көрсетілген қызметтер мен тауарларға, өнімдерге төлеген ақылары жатады.

      Әдетте, шетелдік турист бір елге келіп, одан қайта кетуіне шығаратын шығындарынан басқа, тамақтануға өз шығындарының 40%-ын, тұрғын жайына — 30%, ел ішіндегі сапарларға — 8%, басқа шығындарға 22% жұмсайды деп саналады. [6]

Информация о работе Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде