Шаңғы туризмінің техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 11:39, реферат

Краткое описание

Егер бастапқыда шаңғымен жүру, тауда шаңғымен жүру дайындық кезеңіне жаңадан үйреніп келе жатқан туристерді оқыту кезінде рационалды жүру техникасын(аяқты дұрыс қою ережелері, альпеншток арқылы өзін-өзі қауіпсіздендіру немесе мұз шапқыш таяқ арқылы өзін-өзі қорғау), мықты соқпақ жолдарды, таулы немесе еңіс бөктерді, кішкене қиындықтарды бағындыруды меңгеруге назар аударылса, ал шаңғышы туристерді негізгі бастапқы дайындықтан өткізу кезеңінде шаңғымен жүру, көтерілу, төмен сырғанау, бұрылыстар, тоқтату оқытылады. Жеткілікті дайындықтан өткен туристер жоғарыда айтылған элементтермен қоса осы элементтерді арнайы жолдорба тағып жүру техникасын меңгеріп, тәжірибесін шыңдайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

аударма.docx

— 35.33 Кб (Скачать документ)

Қауіпсіздікті, әсіресе ауа райының кенеттен бұзылуы жағдайында, қамтамасыз ету үшін күрделіліктің бастапқы санатындағы жорықтар маршруттары кем дегенде бір-екі елдімекен арқылы өтілу керек.

Жергілікті ауданды толық зерттеу мақсатындағы экспедициялық маршруттарды бір жерден – базалық лагерьден бірнеше радиал не айналма шығатын жерлер түрінде құрған дұрыс. Мұндай саяхат санатын маршруттық-біліктілік комиссиясы дербес түрде орнатады.

Маршрут түрлеріне тікелей тәуелділікте салмақтық жүктер динамикасы бар. Жолдорбаның өзгермелі құрамы болып – азық-түлік, ал ормансыздықта саяхаттау кезінде бәрі бірге жолдорбаның жалпы салмағының үштен екісінен көбін құрайтын қыздырғыш аспаптарға арналған жағармай табылады. Ең ауыр салмақтық жүктер бүкіл жорықта барлығын өзіңмен бірге алу керек болған кездегі, елдімекендерден тыс салынған маршруттарға тән. Ұзақтығы 25 күн және одан көп болатын мұндай маршруттарда жолдорбаның шыққандағы салмағы көбіне 45-50 кг-ға дейін жетеді. Ең аз салмақтық жүктер маршруттардың үшінші түріне сәйкес келеді. Ортадағы орынды жолда бір елдімекені бар маршрут алады, ол жерде азық-түлік пен жанармай қорларын толтыруға болады. Мұндай маршруттар, ең қатал спорт талаптарына жауап бере отырып, бір уақытта жолдорба салмағының қолайлы таралуымен сипатталады, бұл күш пен уақытты жорықтың эстетикалық жағына көбірек аударуға мүмкіндік береді.

Маршрут ұзақтығы (оның мүмкін болатын ең кіші есептелген ұзындығы). Оны ерекше жағдайларда азайтуға болады, бірақ қосымша кедергілерді қосу немесе олардың техникалық күрделілігін арттыру есебінен жол ұзындығынан көп емес болу керек. Ұзақтықты арттыру (белгіленген ұзақтықтың 25%-нан аспауы қажет), әдетте, маршруттың кіреберіс не соңғы бөлігі есебінен мүмкін болады, бірақ күрделенген жерлер есебінен емес. Мұндай арттыру, алайда, жорықтың есептелген күрделілігін көбейтудің негізі ретінде бола алмайды. Соңғы жылдары, топтардың өздерінің бастамалары, маршруттардың ұзақтықтары және олардың күрделіліктері бойынша, арттырудың қалыпты үрдісі байқалуда. Жеке жағдайларда бұл дәлелденуі де мүмкін. Алайда қауіпсіздік және организмді, әсіресе бастаушы туристерді, шамадан тыс жүктемес үшін сыныпталған маршруттар ұзақтықтарының жоғарғы шамасын заңды түрде шектеу керек.

Жорық ұзақтығы да ең аз мәнінде разрядты талаптармен анықталған. Ол маршрутты әр түрлі топтармен бірнеше рет өтуден алынған, орташаландырылған нұсқа болып табылады. Жорыққа деген күндер санын арттыру маршрутты ұзарту мен алғаш өту кезіндегі және маршруттың дербес жерлерін барлау кезіндегі кедергілер санын немесе олардың күрделіліктерін көбейту есебінен мүмкін болады. Демалысқа деген күндер санын көбірек бөлгеннен жорық ұзақтығын арттыру оның спорттылығын төмендетеді. Бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі және өтілген маршрутты бағалау кезінде айрықша қайшылықтарды туындатпайды.

Басқасы – әдетте топтар мен маршруттық-біліктілік комиссиясы жағынан әрекеттердің қарама-қайшы бағалануларына әкелетіндей аз күн ішінде маршрутты өту. Көзқарастардың қарама-қайшылығы техникалық әзірліктері әр түрлі топтардың мүмкіндіктеріне баға беруге деген бірдей емес әдістерден шығады. Шынында да, барлық қатысушылары қиын жерлерден өтудің техникалық тәсілдерін жақсы білетін топ, мысалы, 15-күндік маршрутта 2 күнді (бұдан артық мүмкін емес секілді, себебі аталған нормалар техникалық жақсы дайындалған топтар үшін есептелген) үнемдей отырып, едәуір тез жүріп шыға мүмкін. Күндерден көбірек үнемдеу тек техникалық шеберліктің ғана нәтижесі бола алмайды. Оған, әдетте, артық күш жұмсау, қауіпсіздік шараларын бұзу немесе қиын жерлерді техникалық сауатсыз өту есебінен жетуге болады. Статистика көрсетіп отырғандай, шаңғы туризміндегі қайғылы оқиғалардың көп бөлігі дәл осы себептер кесірінен болады. Маршруттарды қысқартылған кестелер бойынша өтудің кез келген әрекеттерін және оларды спорттағы үлкен көрсеткіштер ретінде қарауды міндетті түрде тоқтатқан жөн, әйтпесе олар ең ауыр салдары бар даңғойланушылыққа дейін өсуі мүмкін. Тіпті топ арасында төтенше жағдай болмаса да, маршрутты тездетіп өту фактінің өзі қатысушылардың өз әрекеттерін бейуаздық ретінде («Ештеңе болмаған екен, бұдан барлығы дұрыс істелді деген сөз») санайтындығын дәлелдейді және басқалары үшін қауіпті үлгі болады.

Күндік демалыстар мен резервтік күндер саны маршрут ұзақтығы мен күрделілігіне, жорық ұзақтығына, сондай-ақ саяхаттау өңірінің климаттық жағдайларының сипатына сәйкес келуі тиіс. Физикалық күштің тым көп жұмсалуын болдырмас үшін, демалыс күндері (күндік демалыстар) әдетте 5-6 жүріс күнінен кейін қойылады. Күрделілігі 4-5 санатты маршруттарда кем дегенде екі күндік демалысты жоспарлау қажет. Резервтік күндер санын дұрыс белгілеу қиын: ауа райы – өте қиын болжанатын фактор. Тәжірибе жүзінде әдетте маршрут күрделілігіне байланысты 2-5 күнді резервтеген жөн.

Маршрут бойынша техникалық күрделі жерлерді тарату жетекшінің жорықты оңтайлы жоспарлау қабілетін көрсетеді. Ең дұрыс құрылған  маршрут болып өте күрделі жерлер жолдың орта бөлігіне келіп, ал оларды өту радиалды шығыстан басталатын маршрут саналады. Бұл уақытқа дейін организм жаңа жағдайларға бейімделіп, қозғалыс пен жүк ырғағына тартылып үлгереді, яғни «тәртіп шыңына» жетеді. Айтарлықтай маңызды фактор – қатысушылар әрекеттерінде өзара түсіністік пен үйлесімділікті орнату, яғни топ арасында қалыпты психологиялық климатты орнату. Жорық ортасына қарай әдетте маршруттың бір бөлігінің өзгеруінің немесе саяхатты жалғастырудан толық бас тартудың басты себебі болуы мүмкін, бұрын жасырылған жағымсыз қарым-қатынастар байқала бастайды. Сондай-ақ, жол ортасына қарай тамақтар салмағы бірақ азаяды, бұны да жорықты жоспарлау кезінде ескерген жөн.

Осындай ойларға сүйене отырып, түгел маршрутты бастапқы, негізгі және соңғы бөліктерге бөлуге болады. Маршрутты дұрыс жоспарланған деп айтуға болмайды, егер «қиындық шыңы» жолдың бастапқы немесе соңғы кезеңдеріне түссе. Әсіресе соңғысы өте қауіпті: жинақталған шаршағандық пен жорықтың аяқталғандығы болып көрінгендік, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ауыр жарақаттар мен қайғылы оқиғаларға жиі әкеледі.

Жорық кестесі маршрутты күндерге бөлумен, бір күндік жүрістер шамасын анықтаумен және күндік демалыстарды таратумен түсіндіріледі. Кестені құру кезінде саяхаттаудың бұрын қабылданған жоспарына нақтылықтарды заңды түрде және былайша енгізуге болады. Мысалы, маршрутты күндер бойынша бөлу оны белгіленген күндер санында жүріп шықса да, таңертеңгі уақыттарда асулардан өту кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша тағы бір күн керек екендігін көрсетеді.

92-суретте күрделілігі 4-санатты маршрут кестесінің нұсқасы келтірілген. Тәуліктік орташа 20 км жылдамдықпен 280 км-ді өту үшін 14 қажет. Маршрут басы алқаптарында күпсек қар жатқан адырлы тундралық жерге сәйкес келеді, бұл, тіпті жолдың алғашқы күндерінің аз ғана километражы кезінде, физикалық энергияның едәуір жұмсалуын қажет етеді. Осындай жерлерді бірнеше рет өту алдыңғы күндерде жүріс ұзақтықтарын 2-5 км-ге арттыру арқылы бірінші жүрісті 15 км шамасында жоспарлаудың дұрыстығын дәлелдейді.

Жолдың 5 күнін жүрген соң шыңдар арасында қыр траверсі бар екікүндік айналма шығыстың алдында алғашқы күндік демалыс қарастырылады. Өрлеу және түсу кезінде жарық уақыттың бір бөлігінің қарлы жағдай мен жол таңдауды бағалауға, имек темірді кию мен шешуге, сатыларды жаруға және сақтандыру таяныштарын дәлдеуге кететіндігін, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларды ескере отырып, күн сайын 15-16 км-ден аспайтындай жүріп өту жоспарланады.

Содан кейінгі 4 күн маршруттың ең қызықты және техникалық күрделі бөлігіне келеді, сондықтан бір күндік жүрістер көтерілу және түсу кезінде – 15-16 км шамасында, ал қозғалыс кезінде үстірт бойынша 20-21 км шамасында болады.

Орманды аймаққа шыққан кезде екінші күндік демалыс басталады. Жолдың соңғы үш күніне 90 км қалады. Егер топ күрделі жерді артық физикалық күш жұмсаусыз өтсе, ол демалыс ұзақтығын қысқарта алады немесе маршруттың соңғы бөлігін 4 күн ішінде, бірақ аз жылдамдықпен өтуді есептей отырып, одан мүлдем бас тарта алады.

Жорыққа деген өтініш материалдарын қарастыру кезінде маршруттық-біліктілік комиссия мүшелері кездестіретін, кең таралған қате болып маршрутты бір күндік жүрістердің орташаландырылған нормалары бойынша механикалық бөлу табылады. Жетекшінің өз нұсқасын «бәрібір жолда түзетулерсіз болмайды» деген сөздермен ақталу әрекеті күмәндандырады, өйткені шындығында мұндай жоспарлау – саяхаттау өңірін аз зерттеудің, жолдың бейнетті жерлерін, қиын кедергілерді және олардан өтуге деген дұрыс жұмсалатын уақытты, демалатын ыңғайлы орындарды білмеудің салдары. Әрдайым мынаны есте сақтаған жөн: жорық кезінде жүріс кестесін неғұрлым азырақ айқындау керек болса, соғұрлым оның жоспарлауы сапалы болар еді!

Қосалқы маршруттың бірнеше нұсқасын құрған жөн: мысалы, соңғы бөлікті жақын орналасқан елдімекенге шығу арқылы қысқарту, күрделі жерді жеңілдетіп өту немесе саяхатты тоқтату. Маршрут өзгерісінің әр жағдайында жақсы көрінетін белгіні орнатып, маршрут өзгерісінің себептері, бұдан әрі жүру жолы және белгіленген пунктке келу мерзімі туралы хабарлама қалдыру қажет.

Эмоциялық салмақтар әзірге жорықты арнайы жоспарлаудың пәні болмады. Ал бұл проблема шынында да бар және, біздің ойымызша, туризмнің өз ішінде – оның спорттық және эстетикалық жақтарымен туындайды, яғни аталған жақтар өзара әрекеттесе отырып, қарама-қайшылық туғызады: спорт техникалық бағдарламаны қарастырылған мерзімде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету отырып, еш қателіксіз орындау үшін барынша көп уақыт пен физикалық энергияны жұмсауды талап етеді, ал эстетикалық түсінік көргеннен уақыт бойынша ұзақ және психологиялық тереңдетілген әсерлерсіз бола алмайды.

Кейбіреулер туризмнің тек спорт жағын мойындап, маршруттың техникалық қиындықтарымен тайталасудың нәтижесі ретінде шығатын өзін-өзі таныту сезімімен қанағаттанады. Бірақ туристерді ақ қарға, босаға тасты өзендерге және бұлттан асқан биіктіктерге тек осы ғана тартады ма? Ең күшті түрткі, біздің ойымызша, табиғатпен араласудың ежелден бері келе жатқан адамзаттық қажеттілігі, ал спорт жағы өзінің бүкіл жағымды жақтарымен эстетикалық сүйсінушілік алудың құралы ғана.

Көңілдің қалуы спорттық мақсатты орындамағаннан да, оның эстетикалық жаққа өте көп бөлінуінен де болады. Физикалық салмақтармен қатар турист эмоционалды қуат алатын кездегі екі бастаманың дұрыс үйлесімі ғана саяхаттаудан жан-жақты рахаттанушылық береді. Ал бұл топ жетекшісін маршрутта эмоциялық салмақтардың таралуына түсініп қарауға міндеттейді.

Эмоционалды салмақ дәрежесі, егер оны қисық түрінде бейнелесе, жалпы қиын жерлер маршруты бойынша таралуды көрсетеді. Күшті әсерлерге толы болып жолдың орта, техникалық күрделенген бөлігі табылады. Бұл жерде қосымша эмоциялық әсерлерді жоспарлау қажеттігі жоқ.

Жолдың басы да үлкен қатерлерді туындатпайды: әр қатысушыны жорықтың көптеген кедергілерге қарамастан шындыққа айналғандығы таңғалдырады, жолдастар бір-біріне кенеттен қызықтыратын жақтарымен көріне бастайды, ал көкжиектегі күміс шыңдардың өркештері күтумен дүрліктіреді. Жетекші осы қарапайым көтеріңкілік күйге қосымша ретінде кем дегенде бір кішкентай таңырқайтын тамаша нәрсені қарастыра алады.

Маршруттың соңғы күндерінде, артта жорықтың шарықтау шегі артта қалып, шаршағандық сезіле бастаған кезде, жетекшіге топ ішінде жақсы көңіл күйді мен жылы шырайлы психологиялық климатты ұстап тұрудың қамын жасаған жөн. Дәл осы күндері әдетте «олқылықтар» болып, сыртқа бұрын жеңіл жасырылған нәрсе шығады. Мұндай жағдайларда алдын ала жоспарланған «эмоциялық инъекциялар» (мысалы, көптүсті бояулармен таңғалдыратын құлама мұз) жарайды.

Оның үстіне, күнделікті кестеде әр қатысушы өзінің қалауы бойынша ұйымдастыра алатындай, біреудің беймаза назарынсыз табиғатпен оңаша бола алатындай еркін уақытты қарастыру қажет. Мұндай жағдай топ ішіндегі өзара қарым-қатынастың міндетті шарты, жақсы туристік мінез кейпінің ережесі болуы тиіс.

Бір күндік жүрісті жоспарлау

Егер саяхат жоспары оның басталғанына дейін құрылса, онда бір күндік жүрістерді жоспарлау маршрут кезінде жасалады және кедергілерден өтудің ең жақсы уақытын ескере отырып, жүріс кестесі мен күн тәртібін күнделікті құрумен және демалыс орындарын таңдаумен түсіндіріледі.

Қозғалыс кестесі алдағы бір күндік жүрістің жоспарланған ұзақтығына, жер бедерінің сипаты мен ауа райы күйіне, сонымен қатар топ қозғалысының орташа жылдамдығына байланысты ойластырылады. Оның негізі жүрістер саны мен ұзақтықтарын, қозғалысқа, демалысқа және түскі үзіліске қажет уақытты анықтауда жатыр. Бұл кезде мыналар ескеріледі: бірінші жүріс – ең қысқа, ал келесілері белгіленген нормаға (мысалы, 3 км 50 минут ішінде) дейін біртіндеп артуы керек. Түскі ас және демалысқа тоқтау алдында жүрістер шамасы азаяды. Түскі үзіліс әдетте күндізгі жолдың жартысынан кейін беріледі, ал оның ұзақтығы топ ішіндегі салқын «жеңіл тамақпен» я ыстық түскі тамақпен қанағаттану әдетіне тәуелді.

Төменде мүмкін болатын кесте нұсқасы келтірілген (1-кесте). Қорыта келе келесілер алынды: жүріс уақыты – 5 сағат 40 минут, шағын аялдамалар - 60 минут, түскі үзіліс - 1 сағат 20 минут. Шыққаннан бір күндік жүріс аяқталғанға дейінгі жалпы уақыт – 8 сағат.

Күн тәртібі топтың ұйқыдан оянғаннан ұйықтағанға дейінгі барлық қызметін жүйелейді. Ол төмендегілерді ескеру арқылы жазылады:

  1. топқа ұйқыдан оянғаннан ұйықтағанға дейін қажет уақытты: біздің мысалда – 12 сағат (ұйқыдан тұрғаннан маршрутқа шыққанға дейін – 2 сағат, бір күндік жүріс басталғаннан аяқталғанға дейін – 8 сағат, демалыс орнына келуден жеке уақытты, келесі күнге деген ойластырылған жоспарды қорытындылауға кететін уақытты ескере отырып, ұйықтағанға дейін – 2 сағат);
  2. тәуліктегі күндізгі уақыт бюджетін;
  3. қиын кедергіден өтудің ыңғайлы уақытын.

Барлық осындай деректерді біле отырып, кезекшілер мен топтың ояну уақытын, таңертеңгі ас, шығу, түнейтін жерге тоқтау, кешкі ас, ұйықтау, қажет болған кезде басқа да шаралар уақыттарын дұрыс орнатып, қатысушыларға айтып жеткізу.

Қозғалыс кестесіне түзетулер енгізудің қажеттігі әдетте ауа райы мен қар күйінің кенеттен өзгеруі кезінде, табиғи кедергілердің қарастырылмаған және күрделенген сипатында, топ шаршаған уақытта туындайды. Белгіленген кестені орындауға ұмтыла отырып, жетекші қатысушылардың жағдайлары мен көңіл-күйлерін сезіп, беделді болуы үшін наразылық пен кикілжің жағдаяттарға дейін апармайтындай, дұрыс өзгерістермен жауап беруі тиіс.

Информация о работе Шаңғы туризмінің техникасы