Марқакөл қорығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 11:35, дипломная работа

Краткое описание

Марқакөл қорығы
Бұл республикадағы 1976 жылы ұйымдастырылған ең жас қорық. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат- сирек кездесетін бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді, балықтарды қорғау; орман мен айдын көлдерін,тау өзендерін және әсем табиғатты табиғи қалыпта сақтау.
Марқакөл Алтайдың Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы терең ойпатты алып жатыр. Ол теңіз деңгейінен 1485 метр биіктікте орналасқан. Марқакөл көлі- көптеген елдерге әйгілі. Көлге айналасындағы тау жоталарынан ірілі-ұсақты 27 өзен құйса, одан жалғыз ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Көлдің оңтүстік жағалауы жарқабақты, солтүстігі-аласа, ұзындығы 38 метр, ені 19 километрге созылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 24.84 Кб (Скачать документ)

Шығыс Қазақстан облысы 1932 ж құрылған. ҚР Президентінің 1997 ж 3 мамырдағы Жарлығымен оған Семей облысының аймағы қосылды.

Облыс аймағы 283,3 мың ш.км созылып, жоғарғы Ертіс алабында орналасқан, онтүстікте Қытай және Алматы облысымен, солт-шығыста Ресеймен, батыста Қарағанды және Павлодар облыстарымен шекараласады.

Облыста 19 аумақтық-әкімшілік бірліктер бар, оның ішінде 15 аудандар және 4 қала; Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары.

Облыс орталығы Өскемен қаласы 1720 ж құрылып, Кенді Алтай таулында орналасқан.

Облыс табиғаты таңқалдырар алуан-түрлі. Осында дала, шөлді және таулы тайга  ландшафттар: батыста – Ертіс  маны және Сарыарқаның жазықтары, шығыста - Алтай деп аталатын таулы өлке. Шығыс Қазақстан жануарлар және өсімдіктер әлемінің түрліліктерімен бай. Облыста республикамыздың орман байлығының 90 % -ы жинақталған. Аймақтың табиғатын сақтап қалуға қорғалатын аумақтар мен қорықтық орындар торабы құрылған. Бұл Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 8 жануартану мен өсімдіктану қорықшалары, 6 табиғат ескерткіштері, Қатон-Қарағай ұлттық табиғи саябағы.

Аймақтың жер қойнаулары пайдалы  қазбаларға бай. Осында қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, тантал, магний, кадмий, теллур және т.б. металлдарды өндіру және өңдеу Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокий, Белоусовка және т.б. өнеркәсіп орталықтарымен тау-кен өндіру және қайта өңдеу түсті металлургиясының дамуына мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, облыста ірі машинажасау зауыттар, жеңіл, орман, қайта өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі иен құрылыс индустриясының  кәсіпорындары жинақталған.

Шығыс Қазақстан облысы – үлкен  демографиялық, ресурстық, техникалық әлеуметі және бірегей табиғат байлығы  бар аймақ. Еліміздің тәуелсіздігін бекітуге және оның экономикасының дамуына үлкен үлес қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Марқакөл қорығы

Бұл республикадағы 1976 жылы ұйымдастырылған  ең жас қорық. Бұл қорықты ұйымдастырудағы  негізгі мақсат- сирек кездесетін бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді, балықтарды қорғау; орман мен айдын көлдерін,тау өзендерін және әсем табиғатты табиғи қалыпта сақтау.

Марқакөл Алтайдың Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы терең ойпатты алып жатыр. Ол теңіз деңгейінен 1485 метр биіктікте орналасқан. Марқакөл көлі- көптеген елдерге әйгілі. Көлге айналасындағы тау жоталарынан ірілі-ұсақты 27 өзен құйса, одан жалғыз ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Көлдің оңтүстік жағалауы жарқабақты, солтүстігі-аласа, ұзындығы 38 метр, ені 19 километрге созылады.

Марқакөл көлінде балықтың негізгі  төрт түрі кездеседі. Солардың бірі-майқан немесе қаяз балық. Көлемі 46-70см келетін бытырап жүріп тіршілік ететін балық, хариус өте бағалы ,еті дәмді тұщы су балығы.

Көл жағасынан тауға қарай қайың, көктерек пен теректер өседі. Қыраттарында майқарағай мен шырша,самырсын,сібір қарағайы. Сібір қарағайының жаңғағы-ормандағы жан-жануарлардың тіршілік арқауы.

Марқакөл қорығындағы тағы бір  шипалы өсімдік-алтын тамыр, марал  тамыр деген шөптесін өсімдік. Бұл  өсімдіктің шипалық мәнін Қытай медицинасы ерте заманнан біліп,осы күнге дейін пайдаланып келеді.

Қорық аң-құс түрлеріне өте бай. Онда сүт қоректілердің 40, құстардың 200 ден аса түрі мекен етеді. Ормандарында аю, түлкі, қасқыр,борсық,қоян,марал, тиын,құндыз,бұлғын құр көптеп кездеседі. "Қызыл кітапқа " енген қар барысы, қызыл қасқыр,жабайы мысық,сілеусін. Қос мекенділердің үш, бауырымен жорғалаушылардың алты түрі таралған. Көлде аққу бар.

Қазіргі таңда мөлдір сулы Марқакөл көлі ластанудан зардап шегуде. Қорық маңайын қорғау, қорық алабын кеңейту, халықтың экологиялық мәлениетін көтеру мәселелері өзекті орын алып отыр.

Біз табиғат қорғаушылардың үн қатуын және жәрдемдік қолдауын күтеміз.

Марқакөл ғасырлар бойы жасай береді,өйткені  ол қорыққа айналған, яғни ол біздің келер ұрпақтарға аманат етіп қалдырар асыл мұрамыз.

Біз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Алтай мемлекеттік қорығы

Шығыс Қазақстанның жануарлар мен  өсімдіктер әлемі өте бай. Шөлді далалықтар - өзен, көл алқаптарымен кезектесіп отырады, альпі көгалдары биік қарлы шыңдарға жетелейді.

Батыс Алтай мемлекеттік қорығы 1992 жылы құрылған. Оның көлемі 56, 3 мың.га. Қорық Алтайдың Қазақстан бөлігіндегі таулы аймақтарының : Ақ және Қара Үбі өзендерінің қайнар көздеріндегі Иванов, Көксін, Холзун, Линейлікті және Тұрғұсұн өзенінің саласы Борсық өңірін алып жатыр.

Ақ Үбі өзені бастау алатын жерде 14 мұздық бар. Орман шектеуінің биігінде мұзды тау өзендері мен батпақты жер жатыр, өзен жылғалары осы жерден бастау алады. Батыс Алтай қорығының ауа-райы өткір континентальды. Бұл жер- Қазақстан және ТМД елдерінің азия бөлігіндегі ең дымқыл жер. Қорықта қар жамылғысы 170 күнге дейін сақталады - қарашадан сәуірге дейін.

Қорықтың өсімдік жамылғысы 4 белдіктен  тұрады: жапырақты орман, субальпі және альпі көгалы, биік шыңды тундра. Жапырақты орман шектеулі аумаққа орналасқан және өзен алқабын бойлайды. Таулы- жынысты орман құрамы жағынан өсімдіктерге бай: қарақошқыл тайга, самырсын, бал-қарағай орманы, қылқанды орман. Субальпі және альпі ормандары 1800- 2000м биіктікте орналасқан. Бұл белдеуліктердің арасында нақты шекара байқалмайды, бұл көрініс Алтайдың Қазақстан бөлігіне тән.

Таулы тундра белдеуі 2000 м. биіктікті және одан жоғары белдеуді алып жатыр; тундра түрлі өсімдік типтерінің фрагментінен, яғни, түрлі мөлшердегі теңбілді алқаптардан тұрады, кейбір жерлері сазбалшықты жерлермен алмасып отырады.

Қорықтың фаунасы Батыс Алтайдың орта және биік таулы аймағына тән. Бұл жерде құстардан шүрегей  үйрек, қара лашын, құр, азия тауқұдіреті, үлкен кептер, байғыз т.б. кездеседі. ( бпрлығы 200 ден аса құс түрі бар.) Қорықты сүтқоректі жануарлардың 50 түрі мекендейді: алтай көртышқаны, түлкі, аю, сусар, бұлғын, ақ тышқан, кәмшат, мүйізсіз бұғы, марал, елік, бұлан, тиін.

Балықтар, қосмекенділер мен бауырымен  жорғалаушылар фаунасы кедей. Бұл  жерде таймень, сібір хариусы, біз тұмсық бақа, күлгін құрбақа, улы сұр жылан, кесіртке түрлері кездеседі. Қорықты мекендейтін құстар мен жан-жануарлардың, өсімдіктердің кейбір түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген: бүркіт, лашын, ителгі, үкі, қара ләйлек, ал, өсімдіктерден - шолпанкебіс, алтай рауғашы, семіз от т.б. Батыс Алтай мемлекеттік қорығы зерттеушілердің ерекше қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. 

 

Құлынжүн мемлекеттік  табиғи қорығы

1967 жылы 29 қарашада бұрынғы Самар,  қазіргі Көкпекті ауданында ұйымдастырылған  және 46 000 га. жер көлемін алып  жатыр. Қорық аумағы Қызылқұм  құмының негізгі бөлігін және  Зайсан қазан шұңқырының солтүстік-батысындағы Құлынжүн өзенінің төменгі ағысына орналасқан.

Үстіңгі рельефі екі типті. Біріншісі - тұнба қабаттарының шоғырлары, қоңыр - құба жазық және үнемі желдің әсерінен пайда болған құм төбелер сілемдері. Екіншісі - мүжілген тұнбалы қабаттар, Ертіс және Құлынжүн жайылмаларының сағымды рельефін береді. Құлынжүн жазығында ірі үш көл орналасқан - Казнаковка, Қамбар-Қарасу, Чаечье.

Қорықта өсімдіктердің 200 ге таяу түрі өседі. Олардың көпшілігі құмда өсуге бейімделген өсімдіктер - қияқ, жусан, дәнді дақылдар. Бұталы өсімдіктерден - акация, арша. Өсімдіктердің сирек кездесетін қызыл кітапқа енген түрлері - ақ астрагал, Мейер түйдек гүлдері, өрмелі өсімдіктер. Қатон-Қарағай қылқанды орманында өсетін кәдімгі қарағайдың, ХІХ ғасырдың басында жоғалып кеткен далалық түрлері кездеседі. Құлынды жайылымында дәнді дақылдық өсімдіктердің көптеген түрлері таралған. Құм төбелердің ортасында қамысты көлдер мен қоғалы жағалар кездеседі.

Қосмекенділер фаунасы екі түрде  кездеседі - күлгін құрбақа және бізтұмсық  бақа. Бауырымен жорғалаушылардың алты түрі мекендейді: кәдімгі түрлі - түсті кесіртке, сергек кесіртке, қалқантұмсық. кәдімгі жылан және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген - зайсан кесірткесі.

Құстардың Құлынжүн жазығына ұя салған 80 ге таяу түрі кездеседі: оқпақ, дуадақ, ақ және сұр құтан, барылдауық, безгелдет.б..

Сүтқоректілердің 20 дан астам түрі бар және қорық оларды қорғауда көптеген жұмыстар атқарады. Қыста бұнда қыстауға жүздеген еліктер көшіп келеді. Дала мысықтары, қасқыр, түлкі, ондатр, тышқан, шақылдақ тышқан, Эверсман атжалманы кездеседі.

Қорық фаунасының сақталуына шаруашылық жұмыстары мен браконьерлік кері әсерін тигізеді. 

 

Алакөл табиғи қорығы

Қорық 1998 жылдың 21 сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы (Үржар ауданы) аумағында ұйымдастырылды және 20,0 мың.га. жер көлемін алып жатыр. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған.

Осы аумаққа ұя салған ескек аяқтылар, сұқсыр үйрек, шағала тәрізді көптеген құстардың сулы-батпақты кешені қорғауға алынған. Әсіресе, бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан , өгізбас шағала, жалбағай, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, ақбас тырна, аққұйрық субүркіт тәрізді Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстардың ұяларына ерекше назар аударылады.

Алакөл көлінің құндылығы сонда, оның аралдарына Халықаралық табиғат  қорғау одағының Қызыл кітабына енген  құстың сирек түрі қарамойнақ шағаланың ұялары орналастырылған.

Көлде құстар қайтатын және азықтанатын мерзімде 5 млн. дейін құс жиналады, оларды қорғауда қорықтың атқаратын қызметінің маңызы зор. 

 

Мемлекеттік табиғи "Төменгі-тұрғұсұн" қорығы (ботаникалық)

Қорық 1978 жылы 6 сәуірде Зырян ауданы аумағының Тұрғұсұн, Бобровка және Бұқтырма өзендері аралығында құрылды. Қорықтың жер көлемі 2200 га. Оның сипатына лавр жапырақты тобылғы, үшқат, таңқурай, шәңгіш, бүлдірген, мойыл тәрізді ағашты - талды өсімдіктер дүниесі тән. Қорықты құрудағы мақсат - алтай доланасы, қоңыр, селдір, тікенді итмұрын тәрізді құнды дәрілік өсімтіктерді қорғау.

Алтай доланасы тоғайлар мен өзен жағалауларында, талдар арасында кездеседі. 140 га жерге таралған. 40-70 кг/га дейін  өнім алынады. Сақталған өнім - 4-8 тонна, оның ішінде өндірісте - 2- 4 тонна.

Итмұрын түрлері тоғай жағалаулары  мен талдар арасында өседі. Сақталған  өнім - 30-45 тонна, өндірісте - 15-20 тонна, өнімділігі - 200-400 кг/га. Итмұрын өнімі аскорбин қышқылының көп болуымен ерекшеленеді, өзге жермен салыстырғанда 3-4 есе артық. Осыған байланысты қорық тың дәрілік шикізат көзі ретіндегі маңызы зор.

Қорықтың өмір сүруіне рұқсатсыз өнім жинау, мал жайылу, тоғайдағы өрт қауіп - қатер төндіреді. 

 

"Синегорье май қарағай орманы" мемлекеттік табиғи қорық

Ұлан ауданында 137 га. алаңда 1968 жылы және екінші рет 1982 жылы 17 сәуірде құрылған. "Синегорье май қарағай орманы" мемлекеттік табиғи қорық Ертістің сол жағалауындағы қарағайлы, қылқан жапырақты орман, бұрынғы кездері бүкіл Қалба жотасын алып жатқан сібір май қарағайының орналасқан жерлерін қорғау мақсатында құрылған.

Қылқан жапырақты орман 97 га. жерге  орналасқан, Көктау тау сілемдерінің Медведка тауының солтүстік тау жоталарына орналасқан. Қылқан жапырақты орман құздар мен шыңдар арасында, сай-салаларды бойлай, ақ қайың, көктеректермен араласа өседі. Шың - құздарға қылқан жапырақты орманның қиылыса өсуі тән, сонымен бірге, көп оқпанды түрлері де кезігеді. Жекелеген ағаштар 16 м. биікке дейін өседі, оқпан диаметрі 24 см. Орман маңайында - сібір аршасы, шетен ағашы, итмұрын өседі. Жасыл желектер арасында - пион (сәлдегүл), лала гүлдері бар.

Қалба тауының қыраттарынан аю, бұлан, қоян, түлкі, борсық, тиін, бұлдырық тәрізді жан-жануарларды, маңайынан суыр, бүркіт және т.б. жануарлар әлемінің өкілдерін кездестіруге болады.

Табиғи ескерткішке орман өрті және орман - тоғайларды заңсыз кесу - ерекше қауіп - қатер төндіреді. 

 

«Қаратал құмы» мемлекеттік  табаиғи қорығы (ботаникалық) 

 

Зайсан ауданындағы «Қаратал құмы»  қорығы (1300 га) 1978 жылы6 сәуірде құрылған. . Айғырқұм шөліндегі аймақ негізінен  күшті шымдалған шоқша құмнан тұрады.Өсімдіктерінің арасында бұталы ну өсімдіктер жүзген, теріскен, шеңгел бар.Шығыс Қазақстан облысы бойынша осы қорықта құнды өсімдіктердің ең ірі массиві топталған. Қазаншұңқырларда, құмтөбелердің арасында кіші қорықтың негізгі қорғалатын өсімдігі шырғанақ (облепиха) өседі.Шырғанақ әр түрлі формада - аласа бойлы, ірі жемісті, әлсіз немесе күшті тікенекті болып кезігеді. Шырғанақтың барлық формалары селекциялық еңбек жазуда негізгі нысана болып табылады. Шырғанақ өсетін алқап 1211 гектар жерді алып жатыр. Тұқымның қоры 26-46 т. бағаланып, оның ішінде кәсіптігі 6,8 – 14т., жемістегі майы 4-6% пайызды құрайды.Қорықта бұтадан басқа өрт кезінде айтарлықтай зардап шеккен қарағайлы көшеттер, сондай-ақ терек, көктерек, қайың ормандарының алқаптары да бар. Төменгі жағында әдетте қамысты ну өсімдік және батпақты шалғын бар.Сирек кездесетін қызыл кітапқа кіретін өсімдіктерден әртүрлі жапырақты терек, шымды жуа т.б. кездеседі.Қорықта Зайсан қазаншұңқырында сирек кезігетін шығыс айдайдаһаршықтары , сондай-ақ, Қазақстанның қызыл кітабына кірген Зайсан жерінің батпақ кесірткесі, шегіркөзді орта-азиялық аусылдар, жиекдуадақ, дуадақ, үбақ. және қарабауыр бұлдырық кездеседі.Аздаған балшықты аймағында бізтұмсық, жыланторғай кездестіруге болады.Сирек кездесетін қызыл кітапқа енген сүтқоректілерден- Роборовскілік атжалман, жоңғарлық сальпинготус, орта-азиялық сілеусін мекендеген. Јдетте қасқыр, қарсақ, борсық. қалқанқұлақ кірпі, толай құм қояны, қосаяқ. т.б. кездестіресіз.Қорыққа төнетін негізгі апат - өрт, бақылаусыз қалған малдың жайылуы. 

 

 

 

 

 

Информация о работе Марқакөл қорығы