Экологиялық туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:58, реферат

Краткое описание

Олбыста әлемдік маңыздылығы бар табиғат ескерткіштері көп. Оларға: Белуха тауы, Алтайдың өте үлкен және керемет – Көккөл сарқырамасы, Марқакөл көлі, Зайсан көлі және Ертіс өзені жатқызуға болады. Олар ерекше қорғалатын табиғат аумағында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысында 14 ерекше қорғалатын табиғат орындары бар. Мұндағы Марқакөл флорасы мен фаунасы, Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Облыстың туроператорлары белсенді түрде әртүрлі экологиялық турлар өткізеді: автокөліктік, альпинизм, рафтинг, ат спорты, велосипед, тау-шаңғы спорты, ғылыми, мәдени-танымдық, балық және аң аулау түрінде жүргізеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 16.97 Кб (Скачать документ)

Экологиялық туризм

Шығыс Қазақстан  облысының экологиялық туризміне  – бірінші кезекте қорық зоналары жатады. Мұндағы ерекшелік салыстырмалы түрде табиғатының бұзылмай сақталуында. Самырсын және балқарағай, жабайы биік таулы шалғындар және тундралар, өзендер мен көлдер, соның ішінде таулы аймақтардағы ландшафттық  зоналардың тартымдылығын жатқызуға  болады.

Олбыста әлемдік  маңыздылығы бар табиғат ескерткіштері  көп. Оларға: Белуха тауы, Алтайдың өте  үлкен және керемет – Көккөл сарқырамасы, Марқакөл көлі, Зайсан көлі және Ертіс  өзені жатқызуға болады. Олар ерекше қорғалатын табиғат аумағында орналасқан. Шығыс  Қазақстан облысында 14 ерекше қорғалатын табиғат орындары бар. Мұндағы Марқакөл флорасы мен фаунасы, Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Облыстың туроператорлары белсенді түрде әртүрлі экологиялық турлар өткізеді: автокөліктік, альпинизм, рафтинг, ат спорты, велосипед, тау-шаңғы спорты, ғылыми, мәдени-танымдық, балық және аң аулау түрінде жүргізеді.

Белгілі турлардың  бірі «Алтай соқпақтары». Алтай тауларынының оңтүстік бөлігін қоршаған ұмытылмас  табиғи ландшафттарда атпен серуендеуге  болады. Альпілік шалғындарда және самырсын ормандарында аю, маралдарды кездестіруге болады. Саяхат бағытымен  оңтүстік Алтай тауының баурайындағы - Бүркіт ауылынан өтеді. Бұл рафтинг  Үлбі өзенінен-Бұқтырмаға, Уба өзендері арқылы өтеді. Жаяу туризм немесе треккингті Белуха тауының етегінде өткізуге болады.

Мәдени-танымдық туризм

Шығыс Қазақстан - тарихи мәдениетке бай аймақ. Мұнда  дін және мәдениет, тіл ғұрыптарын берік ұстанған халықтар мекендеген. Еуразия орталығы болып саналатын  Жидебайда Абай мен Шәкәрімнің ескерткіштері  орналасқан. Қазақ  ойшылдары, атақты ақындардың тарихи –мәдени мұражайы орналасқан. Бүкіл әлемге белгілі Семей қаласы - Қазақстанның мәдени астанасы болып саналады. Әйгілі орыс классигі Федор Достоевскийдің музейі осы Семей қаласында орналасқан. Невзоровтар отбасы атындағы керемет өнер мұражайында Левитан, Кастеевтің тамаша бірегей туындылары орналасқан. ШҚО орталығы - Өскемен қаласы , кенді Алтайдың ең ірі индустриялды және транспорттық орталығы болып табылады. Өскемен қаласының көрнекі орындарының қатарында, әдемі шіркеулер мешіттер, бүгінгі күнге дейін сақталған архитектуралық ескерткіштер жатады. Шығыс Қазақстан аумағында Берел және Шілікті қорғандары табылған. Берел қорғанында сақ дәуіріндегі жүздеген артефактілер сақталған. Бүгінгі күнде француз және итальян археологтармен бірлесіп зерттеу жасалынған. 1998 жылы №11 «патша қорғаны» қазылды.

Емдік-сауықтыру туризмі

Шығыс Қазақстан  облысы аумағында емдік-сауықтыру  туризмі жақсы дамыған. Туристер өз елдерінен денсаулықтарын түзету мақсаттарында біздің елімізге жан-жақтан көптеп келеді.Шығыс Қазақстан облысындағы  саноторийлер пантомен, балшықпен, радонды  емдеу қызметтерін көрсетеді. Алакөл көлінің бойында емдік-сауықтыру  кешендері орналасқан, сондай-ақ Катонқарағай ауданындағы пантоемдеу орталығы сапалы қызметтерін көрсетеді. Қазақстандағы  бірегей тамаша көл –Алакөл көлі болып табылады. Жоңғар алатауының солтүстік-шығысында орналасқан. Тұзды  көл емдік балшыққа ,минералды  тұздарға өте бай. Көлдердің жағалары ерекше малталармен көмкерілген. Көлдің аты «Әлеміш» деп аударылады. Өйткені бір күнде өз түсін ақшыл, көгілдірден жасылға, үзүмрүд түстес түрлерге ауыстырады. Алакөл суының құрамы тұзды, ащы болып келеді.

Жағажайлық туризм

Жаз маусымындағы белгілі бұқтырма суқоймасының жағалауында  әртүрлі    60-қа жуық демалыс орындары орналасқан. База айналасы қарағайлы орман, көркем жартастармен көмкерілген. Керемет табиғат, таза ауа және жайлы орын тамаша демалыс көзі болып табылады. Керемет жағажайлық демалыстың бірі - Алакөл көлі. Қазақстанның ішкі аудандарының ішіндегі аумағы жағынан 2-ші орында. Сонымен қатар, ағынсыз көлдердің арасындағы тереңдігі жағынан алдыңғы қатардағы көл болып саналады. Сондай-ақ, ең әдемі жағажайлық орындардың бірі жоғары Таинты немесе Шыбындыкөл көлі болып табылады. Мұндағы демалыс орындары мәңгі жасыл қылқанды өсімдіктермен жабылған, биік таулармен көмкерілген табиғат зонасында орналасқан.

Құрамы бойынша  көлдің суы тұщы болуына байланысты, емдік қасиетке зор. Отбасылық демалысты  ұйымдастыру мақсатында келушілер  саны артуда. Көлде балық түрлерінің молшылығы балықшылар үшін қызығарлықтай  орын. Сыбын көл тобы бұл Қаракөл  көлі, Шалқар, Төртқаракөл және Садыркөлдің  бес көл суаттарымен бірігеді. Көл деңгейінің биіктігі 714-868 км орналасқан. Табиғатының бірегейлігі жағынан  Марқакөл көлі әлемде Байкал көлімен  тең келеді. Биік таулы көл өзінің үлкен аумағымен қатар, керемет  пейзаж және де сирек кездесетін хариус және ускуч балықтарымен ерекшеленеді.

Көл жиегінде бірнеше  орындар бар.

Таушаңғы туризмі

Шығыс Қазақстандағы  таушаңғы туристік курорттары - «Нур Тау», «Алтай Альпісі» Глубокий ауданында  орналасқан, «Эдельвейс» базасы, «Star dust» Риддер қала маңында, «Орел» Зырян  ауданында, «9 километр» Өскемен  қала маңында         орналасқан. Таушаңғы базалары экологиялық таза жерде, аралас сатының ортасында, қарағай, самырсын балқарағай, қайың, көктерек жамылғыларымен көмкерілген аймақта орналасқан. Әуесқой шаңғышылар, тәжиірбелі шаңғышылар және сноубардисттар үшін белсенді қысқы демалыстың бірегей, тамаша орындардың бірі болып саналады.

Шығыс Қазақстан  аймағы туризм саласының әртүрін  қамтиды. Туристік маршруттардың кең  спектрі, әртүрлі қиындықтағы тау  өзендері бойынша жаяу, атты турлар жүргізіп, альпинизм, таушаңғы, аң және балық аулауға мүмкіндік береді.


Информация о работе Экологиялық туризм