Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік маршруттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 22:24, научная работа

Краткое описание

Есімі өзгеге де, өзімізге де кеңінен танылған ерекше талант иесі – Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы еді. Қапыда үзілген қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған небір жауһар туындылар қалдырып кеткен Оралхан Бөкей есімі бүгінде исі қазаққа қастер тұтар киелі есімдердің біріне айналды. Әбіш Кекілбаевтің сөзімен айтсақ ол: «... ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды.

Содержание

I. Кіріспе
1. Оралхан Бөкейдің өзіндік өрнегі
II. Негізгі бөлім:
1.1. О. Бөкейдің шығармаларындағы романтизм
1.2. «Жасын» әңгімесінің романтикалық дүниетанымы
1.3. «Қар қызы» повесіндегі реалистік-романтикалық сипаты
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

проект.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және      ғылым      министрлігі 

    Н.  Нұрмақов атындағы мамандандырылған  облыстық дарынды 

                         балаларға арналған мектеп-интернаты 

 

 

 

 

 

Бағыты:                 «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және  перспективті туристік маршруттары».

 

Секциясы:             Әдебиет

 

Тақырыбы:          Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Авторы:                Құрманғалиева Әмина

Жетекшісі:           Секербекова Р.С.

                               қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

 

Ғылыми               ҚарМУ қазақ тіл білімінің аға оқытушысы, филология кеңесшісі:             ғылымдарының  кандидаты  Қазанбаева А.

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

   Қарағанды –  2013ж

 

Аннотация

 

Тақырыбы: Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

 

Мақсаты: Кейіпкерлердің романтикалық сипатын танытатын іс-әрекетін таба отырып, қаламгердің ұстанымын танытудағы рөлін айқындау

Міндеті:  

  • Көркем шығармалар мазмұнымен танысу;

       - Кейіпкердің  іс-әрекеті мен болмыс-бітіміне байланысты талдау жасау;

  • Кейіпкерлердің романтикалық сипатын танытатын іс-әрекетін табу,     
  • Қаламгердің ұстанымын танытудағы кейіпкер іс-әрекетінің рөлін айқындау.                                                                                                                                                                                                                                         

 

Өзектілігі:  Оралхан Бөкей шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесі адам болмысының мәңгілік мәселелерін романтикалық, философиялық жоғары тұрғыдан көрсете білген. Рухани адамгершілік идеялды шығармаларына арқау етіп, қос желілікпен оқырманды өмір шындығына, шынайылыққа иландыра алуында және жазушы шығармаларының өміршеңдігінде.

 

Зерттеу кезеңдері:

   1. Шығармаларымен толық танысып шығу;

    2. Оралхан Бөкей шығармаларын зерттеу, еңбектерін қарастыру;

    3. Романтикалық кейіпкерлердің бейнелерін зерделеу;

    4. Шығармалардың қос желілік сипатына назар аудару.

Зерттеу әдістері:

Ғылыми жұмыста қорыту, пайымдау, зерделеу, жинақтау әдістері пайдаланылды.

 

 

Жоспар: 

 

 

    1. Кіріспе
  1. Оралхан Бөкейдің өзіндік өрнегі

 

    1. Негізгі  бөлім:
    1. О. Бөкейдің шығармаларындағы романтизм
    1. «Жасын» әңгімесінің романтикалық дүниетанымы
    2. «Қар қызы» повесіндегі реалистік-романтикалық сипаты

 

    1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Оралхан Бөкейдің өзіндік өрнегі

Есімі өзгеге де, өзімізге де кеңінен танылған ерекше талант иесі – Оралхан Бөкей әдебиетімізге  өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін  сала келген жазушы еді. Қапыда үзілген  қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған небір жауһар туындылар қалдырып кеткен Оралхан Бөкей есімі бүгінде исі қазаққа қастер тұтар киелі есімдердің біріне айналды. Әбіш  Кекілбаевтің сөзімен айтсақ ол: «... ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдері аты «қазақ» деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай ғұмырындағы тұлғалардың біріне айналды... Оралхан азғантай ғұмырында сондай биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді. Оның шығармалары дүниежүзі әдебиетінің тұнығынан жүзіп ішілген, орыс, ағылшын, неміс, жапон, француз, араб, қытай және басқа да халықтар тілдеріне аударылып, басылып, биік өркениетті бүкіл дүние оқырмандарының талғам-таразысынан өтті, шынайы рухани сұранысына айналды».

О.Бөкеевтің  шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. Ол алғашқы әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде өршілдікке тарта беретін.

Жазушының қазақ сахнасына  мүлдем жаңа тұрпатты жас кейіпкерлер  галереясын жетектеп әкелген, адам жанының  бұрын-соңды ашылмаған сан құпия қалтарысын хас шеберлікпен жарқыратып ашқан драмалық шығармалары өзінше бір әлем деуге лайық күрделі құбылыс. Ал оның «Мен қазақ очеркіне жан бітірдім, бойына қан жүгірттім» - деп өзі айтқанындай, көркем публицистика майданындағы заман мен замандас тағдыры хақындағы қазақтың тауы мен даласын жаңғырта естілген жан айқайы, өжет ой, өткір сөздері де күні бүгінгідей ел есінде. Кез-келген дарын иесі сияқты, Оралхан да халқының тағдыры қыл тұзаққа ілініп тұрғанын ертерек сезінген суреткер. Оның дарын тегеуіріні замананың темір құрсауында бұлқына жүріп, айтуға болмайтын ойларды айта алатын көркемдік қисындар тапты. Бұл жолда Оралхан қазақ көркем сөзінде тұңғыш рет романтикалық-эпикалық қырымен көріне білді. Романтикалық эпика Оралханның суреткерлік болмысы еді. Асқақ ойларын астарлап айту, асыл арманын асқақ кейіпкерлерге айналдырудың ол хас шебері ретінде көріне білді. Оралханның «Қамшыгер» көшпелілер әлемінің артта қалған ардақтысы ғана емес, сол көшпелілер ұрпағының болашақтағы идеалы сияқты да әсер беретін. Ал «Қар қызы» болса, ұлттың ар-иманының рухы сияқты елестейтін. Тіптен оның «Кербұғысы» мен «Бурасының» өзі ұлтының еркіндікке үйренген арда рухы сияқты.

 

 

 

Негізгі бөлім

Оралхан Бөкейдің шығармасындағы романтизм

Жазушы өзінің туып-өскен  ауылы Шыңғыстайды ерекше жақсы  көрді, оны ерекше бағалады, ерекше қастерледі. Сондықтан да ол өзінің көптеген шығармаларында туған елінің, туған жерінің, ең алдымен, тамаша табиғатын және қарапайым халқының,  өмір-тіршілігін, тынысын  шығармаларына   арқау етіп, оны бүкіл әлемге таныта білді. Себебі жазушының көптеген шығармалары ТМД және шетел тілдері халықтарының тілдеріне аударылған.

Кез-келген жазушыға қойылатын  негізгі талаптардың бірден-бірі  болып – шығарманы, туындыны белгілі бір идеяға бағындыра білу болып табылады. Ал Оралхан Бөкей өзінің шығармаларында реалистік, романтикалық, мифтік желіні қолдану арқылы оқырманға қандайда бір әсер, ой қалдыра алған дарынды жазушыларымыздың бірі деп санаймын.

О.Бөкеев әу бастан - әдебиеттің киелі босағасын аттаған  күннен бері өз заманын, сол заманда  ғұмыр кешіп жатқан қарапайым  еңбек адамдарын шығармаларына  арқау еткен жазушы. Оралханның кейіпкерлері - өзіміз күнделікті көріп, араласып жүрген замандастарымыз. "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние" повестерін, ондағы Тасжан, Нұрлан, Луйза бейнелері поэзия тілімен өрнектелген деуге болады. "Бәрі де майдан" повесіндегі Ақан мен Құмырай - адалдық пен арамдықтың, қарапайымдылық пен қатыгездіктің бітіспес күресін көрсететін типтік бейнелер.

 

 Жазушы Алтайды, еңбектің  сан түрлі саласында ерліктің  үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын  тек өзіне ғана сыйымды, ғажап  пейілмен сүйе білді. Олардың  сан-салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді-кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.

Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын Оралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол - табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант.

 

Оралхан кейіпкерлерінің  тағы бір ерекшелігі - олар арманшыл, қиялшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа  толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.

Оралхан Бөкеев шығармашылығының бастауы ретінде "Сарыарқаның  жаңбыры" атты ұзақ әңгімесі аталып жүр. "Сарыарқаның жаңбыры" болашақта дауылдатып, селдетіп өтер автордың оқырмандарына, цензураға жіберген "барлаушы" шығармасы ғана деп. Ол онда аспайды, таспайды. Сұлтанмахмұтпен кеудесіне сырыл араласа бастаған бейкүнә ақынмен бірге байсал күй кешеді. Мұңдасады, сырласады. Алғашқы шер шеменінің шетін шығарады. Оны Махмұттың ауызымен айтқызады. Күркіременің бойындағы ай сәулесінен жасыруға қауқары жоқ сирек талдың жанында, бой түзеп қалған балаң бойжеткенге айтқан өзінің асық жырын Махмұттың аузына салады. Бұл - автор мен оның кейіпкерінің тағдырларындағы ұқсастықтан да шығар.

Жазушы өзінің шығармаларындағы кейіпкерлерін сомдаған кезде оларды идеалдандырып жіберуін байқау қиын емес. Мысалы: Бура – «Қазақбай ауылының ең соңғы түйесі», Кербұғы – «он  сегіз салалы оқыстан жаралар хайуанның ең ақыры», Асан шал мен Ақтан – «ертек адамның соңы», «Гүлия – қазақ үшін ең ақырғы Ақжүніс, ең ақырғы Баян, ең ақырғы Жібек», Қоңқай – «дүние жүзіндегі қатыгез әрі мықты шал», Ақбота – «адам күші мен табиғат тылсымын қанды шайқасқа жібермей, қоршап, қорғап жүрген жалғыз жанашыр, жалғыз сақшы жұмбақты қыз». Мұндай мінездемені қаламгердің әр қаһарманынан көруге болады. Сондай-ақ жазушының әрбір кейіпкері өзінше жұмбақ және өзінің күрделі мінезімен, романтикалық қасиетімен көзге түседі. Мысалы О. Бөкейдің «Қамшыгер» атты шығармасының басты кейіпкері Садақбай – қарама-қайшылығы көп, күрделі мінезі бар адам. Ол оқырманды еріксіз әр түрлі ойларға әкеледі. Жазушы осындай қысылтаяң уақыттағы адамның күрделі тағдыры мен талайына өз тұрғысынан, суреткер көзімен философиялық және психологиялық талдау жасай келіп, әлеуметтік түп-тамыры терең халықтық характер дәрежесіне көтерген.

Адам мен табиғаттың терең байланысын, бұзылмас бірлігін пантеистік сенім  дәрежесіне дейін көтерген Оралхан  Бөкей адам болмысының мәңгілік мәселелерін романтикалық, философиялық тұрғыдан бейнелей білген. Жазушы шығармаларында кейіпкердің жан күйзелісі, сезімі табиғат құбылыстарымен егіз бейнеленіп, адам мен табиғат арасы ажырамас бірлікте болады. Табиғат – жазушы үшін рухани тазарудың, рухани жаңарудың түрі, тазалық таразысы. Ол табиғат пен шығарма кейіпкерінің тіршілігін байланыстыра суреттейді, себебі табиғатты тереңнен сезінбесең нағыз жазушы бола аласың ба? О.Бөкейдің романтикалық пейзаждарындағы табиғат адамға тән сезімдер мен мінезге ие болады. Жазушы табиғатқа адам іс-әрекетін береді, сондықтан да табиғат суреті антропоморфозды қасиетімен ерекшелінеді. Мұндай тәсіл – романтизмге тән белгілердің бірі болып саналады. Жазушының «Мезгіл әуендері»(1973), «Табиғат-Өмір-Адам» (1974) атты шығармаларында табиғат бейнесін романтикалық тәсілмен бейнеп жазған. Бұл туындыларда автор мен лирикалық кейіпкер бірігіп кеткен және бірегей образға айналып кеткен.

Жазушының алғашқы шығармаларында қоғамдық мәселелерден гөрі жеке сипат, субьективтілік басым болып келеді. Мұны әлеуметтік мәселелерден алшақ кету деп түсінбеу керек. Өйткені қаламгердің нәзік сезімге, мұңға, сырға бейім шығармаларының өз үнін айқындай бастауы, өзінің жазушылық қолтаңбасын табуы болып келеді. Жазушы туындыларындағы субьективтілік, авторлық «меннің» көрінуі, қаламгердің өзінің дербес ойының, қиялының, мақсатының бар екенін дәлелдей түседі. Оның басқада көптеген жазушылардан ерекшелейтін де, төлтумалығын танытатын да, тұсы осы жерден байқалады.

Оның «Жасын» әңгімесі автордың романтикалық дүниетанымынан хабарлар ететін шығармаларының бірі болып келеді. Бұл әңгімеде жазушы рухани байлықты материалдық дүниеден жоғары қоятын гуманистік ойымен ерекшеленеді. Әңгіменің бас кейіпкері Қиялхан образын сомдауда романтикалық желі байқалады. Ол пайдакүнемдіктен ада, рухани асқақтық, адамгершілік мұрат үшін күреседі. Қиялхан баласының тыныштығын тілеген арманының өзі романтикалық сипатқа тән қасиет болып келеді. Романтикалық пафос бас кейіпкердің мінез ерекшелігінен ғана емес, сондай-ақ әңгіменің баяндау тәсілінің стильдік ерекшелігінен де көрінеді.

Қиялханның бейбіт өмірді аңсаған  адамгершілік мұраты қаламгердің жеке басының дүниетанымынан бастау алады. Жазушы 1970 жылы жарық көрген «Мен сені көп іздедім» атты мақаласында былай  деп жазған екен: «Мен аспанда, жайлы, жұмсақ орында ұшып келе жатып, сонау қияндағы вьетнамдық достардың халі не күйде екенін ойлаймын. Үндіқытай проблемасын осы жерде отырып, шешіп тастайтындай, анау Таяу Шығыстағы Израиль армиясын тұншықтыруға аттанып бара жатқандай жұлқынып, тісімді қайраймын. Өз дәуірімнің дүмпусіз, оқ-дәрінің қоңырсық иісінсіз өтуін тілеймін. Әкелер көрген күйді, әкелер тартқан азапты басқа да бермеуін тілеймін» . Қиялханды мазалап жүрген осы мазмұндағы ойлар. Оның құлағынан «Ангола-Хиросимадағы мәңгі мүгедекке айналған адамдардың Америка Құрама Штаттары мен атом бомбасын қарғай зарлаған дауыстары кетпейді» . Жазушы сол соғысты болдырмау үшін өз кейіпкерін іс-әрекетке түсіреді. Мұның өзі шығарманың романтикалық екенін одан әрі дәлелдей түседі.

Жазушының «Мұзтау» повесі әдеби сыншы  қауым арасында көп талас тудырған шығармалардың бірі. «Мұзтау» повесіндегі  романтикалық контраст, автор мен  кейіпкер образының бірігуі, бейнелеудегі шарттылық, автор баяндауындағы  эмоционалдық реңк – романтикалық шығармаға тән сипаттар болып келеді. Ақтанның «ертек адамның ең соңғысы болуы», Асан шалдан кейін «ауылдың бар әңгімесінің, қарттығының мәңгі келмеске кетуі», «ширек ғасырдан бері жақ ашпаған», туғалы сөйлегенін көрмеген шешесінің кенеттен сөйлеп кетуі – шығарманы шарттылық кемеріне әкеліп, кейіпкер сомдаудағы әсірелеу тәсілін аңғартады

Кейбір зерттеушілер О. Бөкейдің шығармашылық өсу жолында «роман-тизмнен реализмге  қарай бет бұру» байқалады  дейді. Бірақ осыған қарап жазушының  шығармашылық өсу жолында романтизмнен реализмге қарай толық көшу деп түсінбеу керек. О.Бөкейдің даусыз реализмін мойындай отырып, біраз зерттеушілер оның алғашқы шығарма-ларындағы романтикалық сарын кейіннен реалистік прозаға ұласты деп пайымдап жүр. Жазушының алғашқы шығармаларында романтикалық сипаттың басым болғаны дау тудырмайды. Бірақ нағыз реалистік шығармалар деп бағаланған, 1984 жылы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енген повестерінен-ақ романтикалық сипат анық байқалады.

Информация о работе Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік маршруттары