Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комсомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» марш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:05, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеті: жаяу және тау саяхаттары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру және оларды ұйымдастыру; бірінші және екінші дәрежелі күрделіліктегі (жаяу және тау) саяхаттарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде ас мәзірі мен азық-түліктер тізімін дұрыс жасату; туризмнің негізгі белсенді түрлерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде қажетті құралдар мен қауіпсіздік шаралармен таныстыру; белсенді туризм түрлерін өткізуге болатын Алматы қаласының негізгі тау-шатқал объектілерін бөліп қарастыру.

Содержание

Кіріспе
3

1
Туристік жорықтарды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1
Белсенді туризм түрлері, жіктелуі, ерекшеліктері
6
1.2
Белсенді туризмде қауіпсіздікті және тамақтануды дұрыс
ұйымдастыру
9
1.3
Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негізі
12

2
Туристік-экскурсиялық маршрутты дайындау

2.1
Маршрут жібі
14
2.2
Маршрут картасы
19
2.3
Медикоменттер тізімі
20
2.4
Құрал-жабдықтардың тізімі
21
2.5
Ас мәзірі және азық-түліктің тізімі
23


Қорытынды
25


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.doc

— 4.16 Мб (Скачать документ)

 

1 - Кесте – Жаяу туризм

 

Жорық түрі

Жүк, километраж

Жас

11-12

13-14

15-16

17

Біркүндік

кг

км

3

12

4-5

15

5-6

20

6-8

24

Екікүндік

кг

км

3

20

6

24

6-10

30-35

8-12

40

Үшкүндік

кг

км

-

6

30

8-12

45-50

14-16

50-60

Көпкүндік

кг

км

-

6

12-15

8-14

17-18

14-16

16-20-дейін

Жорықтың ұзақтылығы (күнмен)

 

-

4-7

10-12

12-14

Е с к е р т  у – [1] әдебиет көздеріне сүйеніп автор құрастырған


 

Тау маршрутын  жоспарлай отырып, жорық кезінде  жергілікті жерде маршруттың асу  нүктелерін айтарлықтай биіктіктерде табу үшін алдын ала азимуттарды  есептеп алған пайдалы.

Арнайы қауіпсіздік  шараларын әзірлеу қажет: егер топ  өз ішінде бөлінетін болса, байланыс және сигнал беру тәсілдерін, барлаушы топтарын бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек.

Су туризмі  жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті.

Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен  өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі  қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға  мәжбүр етеді.

Су туризмінде жеке жабдықтарға рюкзак, гидроқап, спальник, төсеніш, гигиеналық жабдықтар, жеке тасу заттары, құтқару жилеттері, каска т.б. жатады.

Егер туристік немесе спорттық жорықтар каякта өтетін болса, каяк жеке жабдық болып табылады. Өз кезегінде мынадай қайықтар, рафттар, катамарандар, плоттар немесе бубельдер қоғамдық жабдықтарға жатады.

Ат туризмі  – атқа мініп, немесе ат туризмі  экипажында (әсіресе атқа міну) саяхаттау  атқа мінушінің барлық бұлшықетін қозғалысқа түсіріп денсаулыққа жақсы әсер береді.

Атпен саяхаттау  тек қана атқа мініп қана қоймай, жаяу жүруге де мүмкіндік береді, ал ол нагрузканы кең көлемде ұлғайтуға жағдай жасайды. Ат туризмінің ерекшелігі сол, серуендеу кезінде барлық құралдар және жүктер аттың ер-тоқымына бекітілген аспалы дорбаларда, немесе арбаларда, шаналарда, я болмаса жегілген аттармен тасылады.

Велосипед туризмі. Еліміздің көптеген аудандарының адыр-бұдырлы даласын кесіп өтетін жақсы жол тораптары велосипед туризм түрін кең дамытуға мүмкіндік береді. Саяхаттың басқа түрлеріне қарағанда вилосипедпен жорық әлдеқайда қашықтыққа сапар шегуге жағдай жасайды және оған қатысушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге және жай демалуға көп уақыты болады.

Саяхаттың негізгі  мақсатына нұқсан келтірерлік қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс пайдалануға  болмайды. Велосипедпен саяхат жасаушылар күндіз орта есеппен 50-60 км жүрулері керек.

Велосипедшілердің негізгі кедергілері жолсыздық, құмды жолдар, тік қырлар мен өрістер, өткелдер болып табылады.

Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы  мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км-ге дейін жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді, ол барлық жүкті велосипедке тиейді. Экологиялық жағынан велосипед ең таза көлік түрі.

Шаңғы туризмі. Беленді туризмнің ең күрделі  түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.

Шаңғы жорықтары  кезінде қатысушылардың физикалық  дайындығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет.

Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30 км құрайды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүнді жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.

Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде  дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.

Автомототуризм. Автомобильмен және мотоциклмен  саяхатта  кең қанат жайып отыр. Ол демалыс күндері жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу қызықты.

Автомототуризм  жолдан тыс шығу мүмкін болмағандықтан, оған туристердің дүниетанымын біршама  шектеп, тұйықтайды, бірақ қысқа  мерзім ішінде еліміздің көптеген аудандарының кең аумағымен таныстырады және жолдан шығып, жан-жаққа қысқа мерзімге жорық жасауға мүмкіндік береді.

Спелеотуризм. Спелеотуризм – үңгірлерде, әр түрлі  жер бедерінің күрделі лабиринттер  жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру.

Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен  жер асты өзендері болады. Үңгірлер вертикальды және горизонтальды  болуы мүмкін. Өз бойында тау және су туризмі  техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан, арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүретін құралдар да ерекше (фонарь, примус, рация, барометр т.б.). спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан тұрады. Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерлер құрылады.

 

1.2 Белсенді туризмде қауіпсіздікті және  тамақтануды ұйымдастыру

 

Белсенді туристік саяхатта қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастыру. Ал белсенді туризмде қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастрыруға келетін болсақ, бұл негізгі мәселелнің бірі. Қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастыру,    яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз – ол жорық алдындағы топтың физикалық дайындығын тиімді өткізіп, алдын ала шаралар ұйымдастыру.  Ондай шараларға жарыстарды ұймдастыру, туристерді жорықтарға даярлау және іртүрлі жорықтарды өткізу жатады.

Белсенді туризмнен  айналысатын ұйымдар, бақылау құтқару  топ болуы  қажет. Бақылау құтқару топтың міндеттері: осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды зерттеу; іздеу құтқару жұмыстарын өткізуге арналған құрал – жабдықтар әрқашан дайын болу керек; негізгі және көмекші топтарды дайындау; алдын –ала шаралар; іздеу – құтқару жұмыстарын өткізу; қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттан құтқару қызметіне беру.

Жорықтың кез  келген жағдайындағы қауіптер:

  • Жорықта суқоймалары айтарлықтай қауіп келтіреді, себебі олар туристерге таныс емес. Шомылуға арналған орындарды алдын ала зерттеу қажет, қауіпті жерлерге белгілер қою, шомылу уақытын қатаң түрде сақтау, қауіпсіздік бойынша кезекшілер тағайындалу қажетті. Егер туристер көп болса, топтарға бөлініп жеке-жеке шомылу қажет, шомылғаннан кейін топ мүшелерін санап қою керек.
  • Жүрістен кейін бірден, өте күйген қалыпты шомылуға болмайды. Суық өзенде шомылмаған жөн болады.
  • Өткірленген балта және оқталған қаруды дұрыс қолдана алмаған кезде ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Балтаны қолдана білмейтін туристерге жорық алдында қолдануды үйрену қажет. Балтамен шабу кезінде балтаның басы немесе сабы ұшып кетіп, аяққа немесе басқа жерге соғылмайтындай етіп шабу керек. аяқты кең қып ашып, соғу бағытында қоймау керек.

Балтамен шабу адамдардан едәуір қашықтықта болу керек. балтаны рюкзакқа қапсыз сала салуға болмайды, себебі қозғалыс кезінде  ол шығып кетіп аяқты жаралауы мүмкін. Балтаны рюкзакқа қатты орап, кесіп өтпейтіндей етіп салу қажет.

  • Қаруды адамдарға ешқашан бағыттамайды, қажеті болмаса, ататын жерінен ұстамау керек. Аң аулаудан кейін бірден оқтаудан алып тастаған дұрыс. Қаруды қайыққа отырғанда, шыққанда сақ болу керек.
  • От жалыны, шелектегі ыстық су (көже, шай) қатты күйдіруі мүмкін. Отта дайындағанда денені қорғайтын киімсіз дайындауға болмайды. Отты үрлегенде отқа бетті жақындатпау керек. Отқа басқа бір затпен желдеткен дұрыс. От үстінде тұрған шелек, ыдыстарды қолға қолғап киіп немесе бірдеме орап алу қажет.
  • Ыстық тамақпен ыдысты ешқашан адамдар арсында (әсіресе, қараңғыда) қоймайды.
  • Құрғақ ағаштарды кесу және бөренелерді тасу кезінде бөрене астына түсіп жарақат алу қаупі бар. Ағаштарды құлату кезінде адамдарды ағаштың биіктігінен артық радиусқа келтіру керек, құлаған ағашты қарап тұру керек. Тасыған бөренелерді тастай салуға болмайды, ақырын жерге қою керек. Қозғалтқан бөрененің астына әсіресе сақ болу керек, бөрененің астына қолды салмау керек. Бөренені арқанмен тасу қажет.

Белсенді туристік саяхатта тамақтануды дұрыс ұйымдастыру. Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады. Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы. Азық-түлікке қажеттілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады. Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800 грамм қажет етіледі.

Тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы  болып келеді. Адамға күніне 70-100 грамм әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.

Ақуыздар(балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) негізінен ағза жасушаларын орнына келтіру, гармондар мен ферменттердің жасалуы үшін қажет. Адамға күніне 70-100 грамм ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуы тиіс.Тамақ ағзаны әртүрлі витаминдермен қамтамасыз ету керек. барлық витаминдер ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады. Минералды тұздарды ағза көкөністерімен және ішетін сумен бірге алады.Ас тұзы ағза үшін жеткілікті нан құрамында болады. Тағамдарды тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ адам күніне 20-30 грамм тұз қолданады. Ыстық күндері бұл мөлшер 40г-ға дейін өседі.

Су туристік саяхат кезінде өте маңызды орын алады. Тамақтан қарағанда судың  жетіспеушілігі ағзаны тез әрі қатты  әлсіретеді. Туристке күніне 3 литр су қажет болады. Асқазанды ауруға шалдықтырмас үшін суды қайнатып ішу керек. Судың құрамы нашар болса, оны қайнатар алдында марганцовкамен тазалау процедурасын жүргізу керек. Суды жағалауда кішірек шұңқыр қазып, сонда тұңдырып алуға болады.Ыстық күндері суды жиі ішпеген жөн.Себебі, денеден термен қоса ағзаға қажетті тұзды алып кетеді. Ағза тұздық тепе-теңдігін орнына келтіру үшін суға қажеттілік білдіреді. Сол үшін туристік жорықтар кезінде суды таңертең ішіп алып, ал түскі аста 0,5 литр сұйықтыққа есептеген дұрыс болады. Жол үстінде су ішпеген жөн, ыстық болған жағдайда 1-2 рет қана аздап ішу керек.

Күн тәртібі  үш уақытты ыстық асты қарастыруы тиіс. Құрғақ тамақтануға болмайды. Бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, асқазан ауруына әкеліп, адамның  жұмысқа қабілетін төмендетеді. Жорықтар кезінде азық-түліктер тез ластанады, яғни ағзаға инфекция түсіруі мүмкін.Ыстық кездерде саяхаттарда тамақтану үлесі бойынша түскі ас – 40%, таңғы ас – 35%, кешкі ас – 25% құрайды. Ал қысқы мезгілдерде таңғы және кешкі ас құндылы болып, ал түсте жеңіл тамақ ішкен жөн.Жорықтар кезінде ішімдік қабылдамау керек. ішімдік адамды әлсіретіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ол уақытша қоздырып, артынша күшін азайтады. Қысты күні тонған кезде бір стақан шайға бір шай қасық арақ қосып берсе, ол адамды жылытады.Жорық үшін азық-түліктерді алған кезде баратын алуға болатын өнімдер алмай-ақ қойса да болады. Ол үшін алдымен жорық жерден нелерді алуға болатынын біліп алу қажет. Әдетте маршрутта болатын өнімдер болмай қалуы да мүмкін. Азық-түліктер мөлшерін сол жердегі аң, балық, саңырауқұлақ, жеміс-жидек сияқтыларға есептеп азайтуға болмайды. Әр жылы өнімділік әр қалай болады.Саяхаттар үшін тағамдар концентраттарына да көп есептемеген жөн. Оларды тек жоғары таулы жерлердегі, ормансыз аймақтарда, яғни тамақ дайындауға қиынға соғатын жерлерде болатын саяхаттарда ғана алған дұрыс. Концентраттарды саяхатқа алар алдында оларды үйге пайдаланып көру керек.

Информация о работе Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комсомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» марш