Еңбек құқығы
Курсовая работа, 04 Мая 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында.
Жеке еңбек шарты тақырыбының ішінде барлық құрама тақырыптары қарастырылған. Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.) ресми басылымнан алынған.
Содержание
Кіріспе..............................................................................................................................4
1. Еңбек құқығы
1.1 Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік................................................5
1.2 Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары..............................6
1.3 Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар .........................................8
2. Жеке еңбек шарты
2.1 Жеке еңбек шартының ұғымы...................................................................9
2.2 Жеке еңбек шарттың мазмұны..................................................................10
3. Еңбек келісім шарттың жазылуына нақтылай тоқталайық
3.1. Еңбек келісім................................................................................................11
3.2 Еңбек келісімнің жазылуына нақтылай тоқталайық…………...............13
4. Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне мəні.
3.3 Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне мəні..........................16
5. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
3.4. Еңбек құқығының қайнар көздері.......................................................................17
3.5. Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші..........................................26
Қорытынды..........................................................................................................................30
Пайданылған әдебиеттер...................................................................................................32
Прикрепленные файлы: 1 файл
еңбек құқығы курстық жұмыс.DOC
— 202.00 Кб (Скачать документ)1) экономика саласына жəне еңбек жағдайына қарамастан,
жалданбалы еңбек қызметкерлерінің барлығына таралатын жалпы
нормалар. Мысалы, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының күші тек
Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сонымен
қатар, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асырушы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да
таралады;
2) қызметкерлердің жекелеген
Осы заңда қызметкерлердің белгілі бір санаттары – еңбек құқық қабілеттігі шектеулі тұлғалар, кəмелетке толмағандар, жасы кіші балалары бар əйелдер үшін жеңілдіктер көзделген. ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 4-тарауы «Қызметкерлердің
жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу» деп аталады. Бұл заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін еңбек жағдайы саласында бірқатар жеңілдіктер көзделген, түнгі уақытта жұмыс істеуге қатысты, қосымша жұмысқа жəне т.б. қатысты тыйым-
нормалар бар. Мұндай қызметкерлер санатының еңбек қатынастарын реттеу «ҚР еңбек туралы» заңмен де, сонымен қатар, қызметкерлердің тиісті санаттарының еңбек жағдайын анықтайтын өзге де заң шығарушы актілермен де жүзеге асырылады. Еңбек қабілеттігі шектеулі тұлғалар үшін жекелеген жеңілдіктер көзделген. ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қаз КСР-да мүгедектердің əлеуметтік қорғалуы туралы» заңында мүгедектердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтары анықталған. Олар үшін жеке сауықтыру бағдарламасына негізделген еңбек жағдайы жасалады. Ұжымдық шартта мүгедектер үшін еңбек жағдайы, соның ішінде, жалақы төлеу мəселесі, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне өзге де жағдайлар көзделіп өтуі тиіс. Бұл жағдайлар өзге қызметкерлермен салыстырғанда мүгедектердің құқықтарын шектемеуі немесе олардың жағдайын нашарлатпауы керек. Жекелеген қызметкерлер санатының еңбек жағдайы тек ҚР «ҚР еңбек туралы» заңмен ғана емес, сонымен қатар, өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелуі мүмкін. Мысалы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы барлық мемлекеттік қызметшілерге таралады. Мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлғаларға төмендегідей талаптар қойылады: 1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек; 2) жекелген лауазымдарға қатысты Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында өзгеше көзделмесе, жасы 18-ден төмен болмауытиіс;
3) қажетті білімі, кəсіби дайындық деңгейі болуы жəне
белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тиіс (ҚР
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 13-бабы). Қызметкерлерді санаттарға бөлудің негізгі мəні мынада: жалпы ережелермен қатар олар үшін жұмысқа кіру мен жұмыстан босатуда; жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеуде; жалақы төлеудегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға; тəртіптік жəне материалдық жауапкершілік жəне өзге де мəселелерге қатысарнайы нормалар белгіленеді
«Адамды адам
еткен - еңбек» демекші, адамзат тіршілігінің
барысында еңбек оның
Қоғамымызда
мемлекет тарапынан ерекше
Қоғамның
әлеуметтік қорғалмаған
Жекелеген санаттағы
1. Еңбекті қорғау қоғамдық
Қазақстан Республикасының
- Қазақстан Республикасының заңнамасы әрбір адамға қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік берген. Қызметкердің тазалық пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқығын еліміздің ата заңы – Конституция, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы жариялап, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен заңға тәуелді актілерден көрініс тапқан. Заң актілерінен көрініс тауып отырған еңбекті қорғау саласындағы ережелер мен нормалар, өкінішке орай, көбінесе декларативті сипатқа ие. Сондықтан, қазіргі таңда оларды қозғалысқа келтіретін «қозғаушы күш» керек.
ХЕҰ деңгейінде қызметкерлердің еңбегін қорғауға қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілер жасалды. Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталғандықтан халықаралық құндылықтарды өз заңнамасына енгізуді жолға қоюы керек.
- Әйелдер еңбегін қорғау әйелдердің өндірістегі қалыпты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, медициналық, техникалық және өзге де шаралардың кешенді жиынтығы болып табылады. Бұның ішінде басымдылық әйелдер еңбегін қорғау жөніндегі тиісті нормалары мен жағдайларында бекітілген құқықтық қорғауға берілген.
30
- Әйелдер еңбегін қорғау жүйесінің маңызды әлеуметтік-құқықтық мәні бар, себебі оларға еңбектік құқықтар мен жеңілдіктер ұсына отырып, еңбек қызметін ана болу функциясымен үйлестіруге мүмкіндік береді.
- Әйелдер еңбегін құқықтық қорғау екі негізгі, өзара байланысты бөліктерден тұрады: қызметкерлердің еңбегін қорғайтын еңбек заңнамасының жалпы нормаларынан тұратын әйелдер еңбегін жалпы қорғау, және аналардың еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсартатын еңбекті қорғаудың арнайы ережелерінен тұратын «әйелдер еңбегін ерекше қорғау».
- КСРО-ның жан-жақты жүйесі кәмелетке толмағандардың тәрбиеленуі, құқықтық қорғалуы, рухани және физикалық дамуы үшін ықпалды құқықтық негіз құрған. Кеңес Одағының кезінде заң шығарушы кәмелетке толмағандарды олардың денсаулығы үшін ауыр және зиянды жұмыстардың нақты анықталған шеңберін көрсете отырып, жалпы нормалармен қатар, жас ерекшеліктеріне ғана емес, сонда-ақ еңбек қызметінің енді ғана басталуымен шартталған арнайы нормаларды белгілеп, жұмысқа қабылдау мен одан босатудың жеңілдетілген тәртібін, өмірі мен денсаулығын қорғау, жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбекке ақыны белгілей отырып еңбек құқығының ерекше субъектісі ретінде анықтаған.
КСРО кезіндегі жиналған
- Қазақстан Республикасында қабылданған
кәмелетке толмағандармен
еңбек қатынастарын реттеу тәртібін нормативтік құқықтық актілер негізінен декларативті сипатқа ие. Олардың тиісті түрде орындалмағаны үшін жауапкершілікті күшейту жолымен аталған нормаларды «қозғалысқа» келтіру қажет. - ХЕҰ-ның деңгейінде кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілер жасалды. ХЕҰ-ның мүшесі ретінде Қазақстан жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасын белгілейтін конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы халықтың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың жұмыс бастылығын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді қолдану мақсатымен өзінің ұлттық еңбек заңнамасын ХЕҰ конвенцияларының жағдайын ескере отырып, соларға сәйкестендіру қажет.
- Өзінің маңыздылығына, көлемділігіне қарамастан әлеуметтік-еңбектік реабилитация мәселесі не теоретикалық, ғылыми зерттеулерден, не құқық нормаларынан тиісті түрде көрініс тапқан жоқ. Бұл мәселеге қатысты ғылыми зерттеулер әлеуметтік-еңбектік реабилитацияны шектелген нақты бір ғылымның шегінде ғана көрсетеді. Бұның ішінде теориялық та, тәжірибелік те жағынан толығырақ зерттеулер медицина саласында ғана болып отыр.
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген анықтамасы бойынша, мүгедектік – адам үшін қалыпты болып табылатын қандай да бір қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінің дефект салдарынан кез келген шектеулі немесе мүлде болмауы.
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, дене немесе ақыл-ой кемістігінің болуы салдарынан тіршілік етуінің шектеулігіне байланысты әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін адам мүгедек болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003
2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
3. А. Жакупова
«Конституция – основа
4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж
5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж
6. Г. Адрасулова
«Юридическое значение, функции
и эффективность применения
7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж
8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.
9. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.
10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.
11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Административное право. Оқулык, жауапты редак¬торы
А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы
бөлім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы.
Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының
еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж.
.
5. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы.
ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы,
1997 ж.
7. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша,
орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы,
2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы.
Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев F., Ибраева А. Мемлекет және
құқық теориясы. Оку кұралы. Алматы, 1997
ж.
10. Сапарғалиев F. Зан терминдерінін түсіндірме
сөздігі. Алматы, 1995 ж.
11. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының
Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы,
1997 ж.
12. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының
азаматтық күкығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.
13. Худяков А. И. Финансовое право Республики
Казахстан. Алматы, 2001 ж.
14. Хаджиев А. X. Земельное право Республики
Казахстан. Алматы, 2001 ж.
15. Шайбеков К. Трудовое право Республики
Казахстан. Алматы, 1996 ж.