Жолдағы басқару жабдықтарына микропроцессорларды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 09:46, дипломная работа

Краткое описание

Зерттелу мақсаты – Қазақстан Республикасының көлік саясатының құрамдас бөлігі автокөлік аясына талдау жасау және мемлекеттікбасқарудың оңтайлы бағыттарын анықтау.
Магистерлік диссертацияда қойылған талаптарды орындау үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:
- Қазақстанның көлік саласының дамуын тарихи-саяси негізде зерттеу;
- Бұрынғы КСРО мен әлемдегі бірқатар елдердің көлік жүйесіндегі негізгі бағыттарының саяси анализі;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының көлік жүйесін мемлекеттік басқарудың бір бөлігі зерттеу;

Прикрепленные файлы: 1 файл

казахстан 2030 .docx

— 32.08 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауында «Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы Шығыстан Батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік және коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр.

Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын  барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысынан кемітуге жәрдемдесетін болады» деп көрсетілген[2].

Ежелден бастап Ұлы Жібек жолы, Еуропа мен Азияны керуен жолымен байланыстырып, батыс пен шығыс өркениетінің өзара ықпалдасып дамуына мүмкіндік берді. Барлық дәуірлерде бұл бағыт ерікті қайырымдылық жолы болды [12. 1 б].

Егер қазіргі кезде  теміржол магистралдары анық белгіленген  болса, авиациялық жүйе мен автокөлік  инфрақұрылымы үнемі өзгерістерге ұшырап отыр, осылайша, Ұлы Жібек жолындағы автокөліктер керуендері мемлекеттің әлеуметтік–экономикалық және саяси дамуының жоғарғы деңгейін үнемі қанағаттандырып отыруға, әзірге жарамсыз деп қарастырылуда  [3. 3 б].

Жолдар мемлекеттің инфрақұрылымының ең маңызды элементтерінің бірі. Еліміздің  экономикалық өркендеуі мен қорғануға  қабілеті жол желілері дамуының деңгейіне  тікелей тәуелді. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті жолдарды салу мен жөндеуді мемлекеттің басым  тапсырмаларының бірі ретінде алға қойды.

Сонымен бірге Қазақстан  автокөлік саласының негізгі  мәселелерінің бірі - жол төсемдерінің жүріп өту қабілетінің тез тозуы. КазЖол ҒЗИ           АҚ– ның жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, шамамен жалпы пайдалануға берілген автокөлік жолдарының төсемдерінің 75% белгіленген төзімділік пен тегістік көрсеткіштеріне сәйкес еместігі анықталған. Бұл тізімдегі жолдардың ішінде 20% толығымен бүлінген, 35% толығымен бүлінудің аз ақ алдында. Мәліметтерге сүйенсек, 90-жылдарда Қазақстанда Әлемдік банктің жүргізген зерттеулерінде жалпы пайдаланылатын автокөлік жолдарының 37% жақсы, 26%- қанағаттанарлық тек қана 37%-нашар деңгейде болған.

Автокөлік жолдарының техникалық жағдайының төмендеуі, жол құрылысын  жеткіліксіз деңгейде қаржыландырумен  тығыз байланысты [4. 43 б].

Қазақстанның тарихи жаңаруындағы түбегейлі өзгерістер - ұлттық қайта  даму, ғылыми таным, қазіргі заманға  сай ұлттық-мемлекеттік құрылыс тәжірибесі процестерін табандылықпен ұғынуды қажет етеді. Қоғамның  әлеуметтік-экономикалық дамуына айырықша әсер ететін мемлекеттің саяси және экономикалық қызметі. Нақты дәлелденген, дұрыс бағдарланған саясат қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени күш-қуатының өсуіне ықпал жасайды, сонымен бірге тәуелсіздікті нығайту, жетілдіру мен қоғамды түбегейлі өзгертудің алғышарттарының бірі.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында көрсетілгендей «Қазақстанның  транспорттық – коммуникациялық  кешенінің негізгі міндеті еуразиялық транспорттық жүйеге шоғырлану болып  қала береді. Көлік және коммуникациялық  кешенді дамыту - елдің геостратегиялық, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір болып саналатын орналасу басымдылығын толығымен пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.

Жүк легінің жылдам өтімділігін ұйымдастырудың тиімді жағдайларын енгізу үшін, көршілермен нақты келісімді дамыту қажет.

Осы және басқа да міндеттер  Қазақстан Республикасының Көлік  стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруда көрініс табуы керек.

Бұл мәселелерді шешуде біз  мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін қамтамасыз етуге назар аударуымыз керек» [5].

Әлемдік және аймақтық елдердің саяси және экономикалық құрылымдарымен кең көлемде өзара байланыс жасай отырып ішкі процестерді дамыту, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саяси қызметінің ұлттық көлік саясатының объективті құрамдас бөлігі болып табылады. Осы негізде егемен Қазақстан әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастыққа келуге шынайы мүмкіндік алады.

Қазақстан теңізге тікелей  шыға алады, өзге елдер теңіз жолдарын пайдалану үшін көршілес елдердің территориясын  кесіп өтеді, бұл олардың геоэкономикалық әлсіз тұсы.

Мемлекеттік-территориалдық құрылымды, ішкі және сыртқы нарықты  қалыптастырудың қуатты факторы  ретінде кез келген қоғамда маңызды  болып саналатын,  бұл жерде  Орталық Азия мемлекеттерінің көлік саласындағы өзара ықпалдасу проблемасының ерекше өзектілігін айту керек.

Көлік еліміздің барлық шаруашылық салаларын біріктіреді, аймақтардың қажетті байланысын қамтамасыз етеді. Көлік факторы тек қана халықаралық деңгейде ғана емес, сондай-ақ мемлекетішілік еңбек бөлінісінде де үлкен маңызға ие.

Қазақстан территориясы кең  аумақты алып жатыр. Әрбір аймақтың табиғи  өзгешелігі, қалыптасқан – құрылымдық ерекшелігі бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қалыптасқан. Соңғы жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуының нәтижесін талдау кезінде, аймақтардың экономикалық трансформациялануы процесінде, олардың жалпы мемлекеттік, құрылымдық, бюджеттік-салықтық және ақша-несиелік саясатқа әртүрлі қатынасында спецификалық ерекшеліктері орын алғандығы анықталған.

Қазақстанның болашаққа қадам басуын, нақты, көлік коммуникациясы қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде, тасымалдау бағыттарының кең таңдауын, сонымен бірге жаңадан ашылған немесе жақын арада ашылатын  бағыттарды, басқа да мүмкін болатын бағыттарды дайындауға қатысты ұсыныстарды ескере отырып, аймақта облыстың көлік тасымалының қазіргі жағдайын бағалаудың, қолданыстағы маршруттардың жұмысын тиімді қамтамасыз етудің, болашақта қандай дұрыс және басым альтернативті нұсқаны пайдаланудың, кідіріссіз қандай шараларды қолға алу керектігін айқындаудың қажеттілігінің уақыты жетті. Қазіргі кезде жүк легі үш жолмен Ресей арқылы өтеді, онда келешегі бар, Үнді және Тынық мұхиттарының теңіз порттарына шығудың альтернативті жолдарын  қарастыру керек. Қазақстан мен Орталық Азияның көлік коммуникациясын дамыту тек қана экономикалық емес, саяси проблемалардың бірі. Оның дұрыс шешілуіне Қазақстан, сондай-ақ аймақтық және әлемнің алдыңғы қатарлы елдері де мүдделі.

Көлік коммуникациясын дамыту, 21 ғасырдағы өндірістің территориалдық орналасу жүйесіндегі өзгерістерге байланысты  орын алған проблемалардың өз шешімін  табуына септігін тигізеді. Көлік тасымалының жеткілікті дамымауының салдарынан, тұрғындарды ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерімен толық жабдықтау мүмкін болмай отыр. Экспортты-импортты операцияларды жүргізу көлеміне кері әсерін тигізуде. Көлік және көлік коммуникациясын дамыту Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа тартудың, республикаға шетелдік инвесторлардың назарын аударудың кепілі. Көлік коммуникациясын дамыту тікелей шаруашылық қажеттілік, сонымен бірге экономика мен мәдениеттің басқа да салаларын, жетілдірілген көлік коммуникациясына  тәуелді, әсіресе туризмді дамыту үшін қажет.

Белсенді көлік саясатын жүргізгеннен кейін, Қазақстан үшін көлік саласы өз заңдылықтары мен ерекшеліктері бар мемлекеттік және қоғамдық қызметтің дербес саласы болып қалыптасты. Республика бар болғаны он шақты жыл ішінде мақсатты және жүйелі түрде ұлттық мүддеге сай келетін, әлемдік қауымдастықта еліміздің жағдайы мен беделін арттыратын, дербес әрекет етуді ұйымдастыру мен қолдану жүйесін жасады.

Қазақстанның көлік саласындағы  саяси бағдар – алдымен мемлекет пен қоғамның алдында тұрған маңызды, өмірлік мәні бар тапсырмалардың оң шешім табуына бағытталған: сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты түсім беретін экономиканы дамытуға ең жоғары деңгейде қолайлы жағдай жасау, тұрғындардың тұрмыстық деңгейін көтеру.

Қазақстан әлемге айқара ашық, өзінің барлық саладағы сыртқы байланыстарын  белсенді және дәйекті (жүйелі) дамытуға, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі байланыстарын күшейтуге ұмтылуда. Еліміздің осылайша сыртқы саясатты нығайтуға ұмтылысы, ұлттық мүддені  қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, республика  айналасында қауіпсіздік  аймағын құруға, жақсы көршілес және ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға, қабілетті, өзара пайдалы мемлекетаралық қатынастарды орнатуға бағытталғандығымен түсіндіріледі. Біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы бастысы – ұтымдылық, еліміздің ішкі дамуына қажетті мәселелер мен қажеттіліктерге дер кезінде көңіл  бөлу.

Сыртқы саясат контекстінде  көлік коммуникациясын таңдау мәселесі, көлік стратегиясының мазмұны мен мәнін зерттеу көрсеткендей, аймақтық мемлекеттердің мүдделеріне нұқсан келтірместен, табиғи және экономикалық күшпен, ресурстармен халықты толық қамтамасыз ету айналымын жүзеге асырудың, өзекті мәселелерін шешудің бірден-бір құрамдас бөлігі болып табылады. Әлемнің дамыған елдері мен аймақтық мемлекеттер үшін көлік күре жолы, үздіксіз ағыммен энергетикалық шикізат пен басқа да жүктердің көп бөлігін тасымалдауға болатын, олардың өндірістік күш-қуаты қызметін қамтамасыз етуші ретінде үлкен мәнге ие.

Қазақстан үшін басым мәнге  ие мәселелердің бірі – көлік жүйесін, ішкі және әлемдік нарыққа еркін кірігуін қамтамасыз ететін бағытта дамыту.

Қазақстанның аймақтағы  көлік саясатын жүзеге асыруда атқарған қызметі  аз емес: саластырмалы қысқа  уақыттың ішінде көлік саласындағы  жаһандық проблемаларға әлемдік  жұртшылықтың назарын аударуға септігін тигізді. Республикамыздың саясаттағы осы жетістіктері қазіргі таңдағы орын алған ауыртпалықтарды жеңумен толықтырылуы қажет, нәтижесінде ұтымды көлік саясатын пайдалану мен қалыптастыруға, бүкіл әлем мен аймақтар мүддесіне сай келетін көлік коммуникациясын дамытуды жоспарлауға қол жеткізуге мүмкіндік туындайды.

Көлік саясатының интегралдық жүйесі – Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық ресурсы.

Халықаралық көлік коммуникациясы желілерін кеңейту Қазақстанның экономикалық және саяси басымдылығын арттыруы тиіс, атап айтсақ: сыртқы сауда-саттықта тауар айналымы үрдісін айтарлықтай жеделдету және осыған кететін тікелей және жанама шығындарды азайту; республикалық бюджетке түсетін валюталық түсімнің үлесін ұлғайту.

Проблеманың зерттелу деңгейі. Қазақстанның көлік саясаты үрдістері  мен  көлік  стратегиясын, өзге елдермен жаңа көлік байланысы жүйесін  қалыптастырумен қатар, әлемдік  қауымдастыққа ықпалдасудың бір жолы ретінде зерттеу, отандық саяси ғылымға салыстырмалы жаңа бағыт береді.

Отандық және шетелдік саясаттану және саяси әдебиеттерін талдай келіп, қарастырылып отырған тақырыпты екі топқа бөлуге болады.

Біріншісі, әлемдік көлік саясатының жалпы теориясы туралы еңбектерді жатқызуға болады. Бұл мына зерттеушілердің еңбектері: D.Morgenson., F.Burtoner.

Келесі топты, Қазақстан  көлік саласының тарихи қалыптасуы мен  түбегейлі өзгеруі, үрдістерін түсіндіруге арналған еңбектер құрайды. Онда, көлік саясатындағы аймақтық және ықпалдастық үрдістерінде Қазақстанның бастаушы ролді иемденуін, оның халықаралық аренада беделінің өсуін көрсететін ғылыми және практикалық тұрғыдан негізделген, Н.К.Исингарина, С.К.Алигужинова, Г.Бекмагамбетова және т.б. авторларының көзқарастары берілген.

Қазақстан Республикасының  тәжірибесін зерттей келе, қолда  бар әдебиеттерді талдау мен шолу нәтижесінде, оның үлкен жетістіктерін көруге болады. Бірақ толығымен отандық саяси ғылымның бұл бағыты әлі де қалыптасу үстінде.

Көлік тақырыбына қатысты  зерттеулер негізінен құқықтық және экономикалық аспектіге сүйенеді, ал көлік саясатының негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс, автокөлік сферасының саяси аспектілері жеткіліксіз зерттелген. Бірақ, диссертацияда пайдаланылған еңбектердің ғылымилығы мен тереңдігіне мән бере отырып, осы мәселелер қарастырылған айтарлықтай басылымдар бар екенін айта кету керек.

Осылайша, қазіргі таңда  Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси  қызметіндегі автокөлік коммуникациясы проблемаларының мазмұны мен  мәнін ашатын еңбектер әлі де жеткіліксіз, бұл өз кезегінде осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Зерттелу мақсаты –  Қазақстан Республикасының көлік саясатының құрамдас бөлігі автокөлік аясына талдау жасау және мемлекеттікбасқарудың  оңтайлы бағыттарын анықтау.

Магистерлік диссертацияда  қойылған талаптарды орындау үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:

- Қазақстанның көлік саласының дамуын тарихи-саяси  негізде зерттеу;

- Бұрынғы КСРО мен әлемдегі  бірқатар елдердің көлік жүйесіндегі негізгі бағыттарының саяси анализі;

- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының  көлік жүйесін мемлекеттік басқарудың  бір бөлігі зерттеу;

Зерттеу объектісі Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігінің  негізі болып саналатын көлік  саясатының барлық жиынтығы.

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының көлік саясатының бір бөлігі болып саналатын автокөлік инфрақұрылымы.

Зерттеу қорытындысының тәжірибелік  құндылығы автокөлік саясатының өзекті мәселелерін қою мен шешімін табумен анықталады.

Диссертациядағы жинақталып, қорытылған мәлімет жаңа бағдарламаларды жасауда және жетілдіруде, автокөлік коммуникациясы саласы саясатын  жүзеге асыру процесінің болжамы мен анализінің болашағын анықтауда, автокөлік стратегиясын жүзеге асыру аясында Қазақстанның ұлттық мұддесін қамтамасыз етуге күш салуды жетілдіру туралы ұсыныстарды  қалыптастыруда қолдануға болады.

Зерттеудің құрамындағы  ұсыныстар мен тұжырымдарды, ұсынылып отырған мәселені ары қарай теоретикалық жетілдіру мен ұғынуда, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының және тағы басқа жоғарғы оқу орындарының арнайы курстарының дәріс-семинарлық сабақтарында пайдаланудға болады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Автокөлік инфрақұрылымының келелі мәселелері мен қазіргі жағдайын ҚР барлық көлік жүйесінің тиімділігін арттыру тұрғысынан зерттеу мен талдауға кешенді көңіл аударуды жүзеге асыру.

Зерттеу қорытындыларын ресми  мақұлдануы. Диссертациядағы негізгі  қағидалар мен тұжырымдар жас  ғылымдар, аспиранттар мен магистранттардың «Қазақстанның дағдарыстан кейінгі  даму» атты ғылыми-практикалық конференцияда  көрініс тапты.

Қорытындылардың жариялылығы. Диссертациялық зерттеудегі тұжырымдар мен теоретикалық қағидалар жоғарыда келтірілген конференцияның баяндамалар қысқаша жинағында 2 тезисте жарияланды.

Диссертациялық зерттеудің методологиялық (әдістемелік) негізін  автокөлік саясатының тарихи және халықаралық  тәжірибесін игеруге мүмкіндік беретін, нақты тарихи және саяси талдау әдістері құрайды.

Информация о работе Жолдағы басқару жабдықтарына микропроцессорларды қолдану