Мотор майлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:45, реферат

Краткое описание

OW-30 – кейінгі ұрпақтың ең жоғары тұтынымдық сипаттамаларымен ерекше үйлесімдегі, толық синтетикалық әмбебап мотор майы болып табылады. Жеңіл автомобильдердің, шағын автобустардың және әртүрлі ауыр жағдайларда жұмыс істейтін жол талғамайтын автомобильдердің бензинмен және дизель отынымен жүретін қазіргі заманғы қозғалтқыштары үшін сенімді қорғаныс қамтамасыз етеді. Әсіресе, турбонығыздағышпен (дизельмен де бензинмен де жүретін), өңделген газды катализдік бейтараптағышпен жабдықталған қозғалтқыштар, сондай-ақ тікелей бүркитін дизельді қозғалтқыштар (DI үлгісіндегі) үшін ұсынылады. Температура ауқымы -40-тан +30-ға дейін.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мотор майлары.docx

— 3.55 Мб (Скачать документ)

МОТОР МАЙЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


 

OW-30 – кейінгі ұрпақтың ең жоғары  тұтынымдық сипаттамаларымен ерекше  үйлесімдегі, толық синтетикалық  әмбебап мотор майы болып табылады. Жеңіл автомобильдердің, шағын автобустардың  және әртүрлі ауыр жағдайларда  жұмыс істейтін жол талғамайтын  автомобильдердің бензинмен және  дизель отынымен жүретін қазіргі  заманғы қозғалтқыштары үшін  сенімді қорғаныс қамтамасыз  етеді. Әсіресе, турбонығыздағышпен (дизельмен де бензинмен де  жүретін), өңделген газды катализдік  бейтараптағышпен жабдықталған  қозғалтқыштар, сондай-ақ тікелей  бүркитін дизельді қозғалтқыштар  (DI үлгісіндегі) үшін ұсынылады.  Температура ауқымы  -40-тан +30-ға дейін.


 


OW-40 - кейінгі ұрпақтың  ең жоғары тұтынымдық сипаттамаларымен  ерекше үйлесімдегі, толық синтетикалық  әмбебап мотор майы болып табылады. Жеңіл автомобильдердің, шағын автобустардың  және әртүрлі ауыр жағдайларда  жұмыс істейтін жол талғамайтын  автомобильдердің бензинмен және  дизель отынымен жүретін қазіргі  заманғы қозғалтқыштары үшін  сенімді қорғаныс қамтамасыз  етеді. Әсіресе, турбонығыздағышпен (дизельмен де бензинмен де  жүретін), өңделген газды катализдік  бейтараптағышпен жабдықталған  қозғалтқыштар, сондай-ақ тікелей  бүркитін дизельді қозғалтқыштар  (DI үлгісіндегі) үшін ұсынылады.  Температура ауқымы -40-тан +40-қа дейін.

 

 


5W-50 – толық синтетикалық  барлық маусымдық мотор майы, оның тұтынымдық сипаттамалары  минералды және жартылай синтетикалық  негіздегі майдан едәуір жақсы.  Жеңіл автомобильдердің, шағын автобустардың  және жол талғамайтын автомобильдердің  бензинмен және дизель отынымен  жүретін қазіргі заманғы қозғалтқыштары  үшін сенімді қорғаныс қамтамасыз  етеді. Әсіресе, өте ауыр жағдайларда  жұмыс істейтін қозғалтқыштар  үшін, сондай-ақ турбонығыздағышпен  жабдықталған қозғалтқыштар үшін  ұсынылады. Температура ауқымы  -35-тен +50-ге дейін.

 

 

 


5W-40 – тұтынымдық  сипаттамалары жоғары синтетикалық  барлық маусымдық мотор майы  болып табылады. Турбоүрлегішпен  жабдықталған қозғалтқыштарды қоса, жеңіл автомобильдердің, шағын автобустардың  және жол талғамайтын автомобильдердің  бензинмен және дизель отынымен  жүретін қазіргі заманғы қозғалтқыштарына  қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, осы  мотор майын жүккөтергіштігі  төмен жүк автомобильдері үшін  де қолдануға болады. Температура  ауқымы -35-тен +40-қа дейін.

 

 

 

 

5W-30 – Автомобиль жасаудағы көшбасшылармен  тығыз ынтымақтастықта өндірілген  қозғалтқыштың ең жоғары және  ұзақ қорғанысы үшін арналған  толық синтетикалық бірегей майлау  материалы. Ең соңғы еуропалық  және америкалық стандарттарға  жауап береді. Сирек қызмет көрсетілетін  Mercedes және BMW автомобильдері сияқты  жеңіл автомобильдерге арналған  ұзақ қолданылатын синтетикалық  мотор майы. Турбоүрлегішпен жабдықталған  қозғалтқыштарды қоса, жеңіл автомобильдердің, шағын автобустардың және жол  талғамайтын автомобильдердің бензинмен  және дизель отынымен жүретін  қазіргі заманғы қозғалтқыштарына  қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, осы  мотор майын жүккөтергіштігі  төмен жүк автомобильдері үшін  де қолдануға болады. Температура  ауқымы -35-тен +30-ға дейін.


10W-60 – белгілі қашықтық жүріп  өткен автомобильдер үшін әзірленген  барлық маусымдық синтетикалық  май. Бұл май мұндай автомобильдердің  пайдалану мерзімін ұзартып, қозғалтқыштарының  аса ұзақ қорғанысын қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді. Қоспалардың  арнайы іріктелген пакеті майдың  жылыстауына жол бермейді. Өте  аз буланады, бұл оның шығынын  азайтып, еселеп құю қажеттігін  азайтады. Оның құрамында тығыздалуды  реттегіштер концентрациясы көп,  бұл белгілі қашықтық жүріп  өткен автомобильдердің қозғалтқыштарындағы  майдың жылыстамауына көмектеседі.  Турбоүрлегішпен жабдықталған қозғалтқыштарды  қоса, жеңіл автомобильдердің, шағын  автобустардың және жол талғамайтын  автомобильдердің бензинмен және  дизель отынымен жүретін қазіргі  заманғы қозғалтқыштарына қолдану  ұсынылады. Температура ауқымы -25-дан  +60-қа дейін.


 


10W-40 – жеңіл автомобильдерге,  соның ішінде өңделген газды  катализдік бейтараптағышпен жабдықталған  автомобильдерге арналған барлық  маусымдық  жоғары сапалы жартылай  синтетикалық мотор майы. Ол жоғары  дәрежеде тазартылған минералды  базалық май негізінде өндіріледі, оның құрамында тұтқырлық-температуралық  және тұтынымдық сипаттамаларын  қамтамасыз етуге қажет теңгерімделген, тиімді  қоспалар пакеті бар. API SG, SF, SE және CC санаттарындағы май  ұсынылған барлық автомобильдерде  қолдануға болады. Турбоүрлегішпен  жабдықталған қозғалтқыштарды қоса, жеңіл автомобильдердің, шағын автобустардың  және жол талғамайтын автомобильдердің  бензинмен және дизель отынымен  жүретін қазіргі заманғы қозғалтқыштарына  қолдану ұсынылады. Температура  ауқымы -25-дан +40-қа дейін.

 

 

 

 

15W-50 - турбоүрлегішпен жабдықталған  және онсыз  бензинмен және  дизель отынымен жүретін қозғалтқыштарға  қолдануға арналған барлық маусымдық  жартылай синтетикалық мотор  майы; үйкеліс бетінде майлы қабықша  түзіп, қозғалтқышты (соның ішінде  іске қосу қозғалтқышын) тозудан  тиімді қорғанысты қамтамасыз  етеді. Жоғары энергия үнемдегіш  әлеуеті бар. Жеңіл автомобиль  қозғалтқыштарына арналған майға  қойылатын ең қатаң талаптарды  қанағаттандырады немесе асып  түседі. Турбоүрлегішпен жабдықталған  қозғалтқыштарды қоса, қазіргі заманғы  жеңіл автомобильдердің, шағын автобустардың  және жол талғамайтын автомобильдердің  бензинмен және дизель отынымен  жүретін қозғалтқыштарына қолдану  ұсынылады. Температура ауқымы -20-дан  +50-ге дейін.


 

10W-40 - тұтқырлық-температуралық қасиеттерін  жақсартатын қосымша қоюландырғыш  компонентті қолдану арқылы жақсы  тазартылған минералды базалық  май негізіндегі барлық маусымдық  жоғары сапалы мотор майы. Турбоүрлегішпен  жабдықталған қозғалтқыштарды қоса  немесе белгілі қашықтықты жүріп  өткен жеңіл автомобильдердің, шағын  автобустардың бензинмен және  дизель отынымен жүретін қазіргі  заманғы қозғалтқыштарына қолдану  ұсынылады. Температура ауқымы -25-дан  +40-қа дейін.



15W-40 – жеңіл автомобильдер мен  пикаптарға арналған минералды  мотор майы. Бұл май бензинмен  және дизельмен жүретін, соның  ішінде катализатормен жабдықталған  моторларға қолданылады. Жоғары  сапалы майдың жоғары және  төмен температурада аққыштық  және жеткілікті жылуға төзгіштік  қасиеттері бар. Қоспалардың арқасында  майдың негізгі қасиеттері ауыр  жағдайда да сақталады. Жеңіл  автомобильдер мен пикаптардың,  сондай-ақ турбоүрлегішпен жабдықталған  автомобильдердің катализаторлы  немесе онсыз бензинмен және  дизельмен жүретін төрт тактілі  моторларына арналған барлық  маусымдық май болып табылады. Температура ауқымы -20-дан +40-қа  дейін.

20W-50 – ыстық климаттық жағдайлардағы  аудандарда ұсынылатын тиімділігі  жоғары әмбебап мотор майы. Тұтқырлықты,  жақсы детергендік, диспергирлеуіштік,  тотығуға қарсы, коррозияға қарсы,  көпіршуге қарсы және тозуға  қарсы қасиеттерді түрлендіргіштер  мен қоспалардың ерекше іріктелген  композициясы қосылған жақсы  тазартылған базалық минералды  майлардан жасалған. Тотығуға өте  берік. Қозғалтқыштың үйкелетін  бөліктерін тозудан өте жақсы  қорғайды. Жақсы майлы қабат түзеді. Ескі тозығы жеткен қозғалтқыштарға  қолдану ұсынылады. Жылы уақытта  қолданылады. Температура ауқымы -10-дан +50-ге дейін.



Дайындағандар: ТТТк-302 топ           студенттері  Әкімкереева Қ., Райымбаев Н.,            Жиеналин Е.

Қабылдаған : химия  ғылымдарының   кандидаты Апендина Айнагүл Кеңесқызы


Информация о работе Мотор майлары