Кіріспе, автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 18:54, реферат

Краткое описание

1. Автомобильдің халық шаруашылығындағы орны
2. Автомобильдің жіктелуі
3. Автомобильдің негізгі құрылысы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекция 1. Автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы..doc

— 452.50 Кб (Скачать документ)

1 тақырып. Кіріспе, автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы.

 

Жоспар:

1.  Автомобильдің  халық шаруашылығындағы орны

2. Автомобильдің жіктелуі

3. Автомобильдің негізгі құрылысы

 

Бүгінгі танда адам баласының өміріне кажетті шаруашылықтардың барлық салаларында автокөлік түрлерінің алатын орны ерекше. Ал, біздің тәуелсіз Отанымыз Қазақстан Республикасының өндірісті, аграрлы әрі әлемдегі аумағы үлкен елдердің бірі екенін айтсақ автокөліктің қарым-катынас, жүк тасымалдау құралы ретіндегі маңызы арта түспек. Еліміздің шалғай түпкірлеріне темір, су жолдарының жете қоймағанының да өзінің шапшаңдығы, икемділігі, тиіптілігімен ерекшеленетін автокөліктердің кажеттілігіне көзімізді жеткізе түседі.

Сөйте тұра елімізде отардық автокөлік өндірісін жолға қою мәселесі әзірге шешімін тапқан жоқ. Осыған байланысты республикамыздың экономикасын дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген қолданыстағы автокөліктер шет елдерден, негізінен Ресейден сатьш әкелінуде.

Халық шаруашылығының барлық салаларында пайдаланылып жүрген автокөліктер Мәскеудің Лихачев атындағы, Ульяновск, Кременчук, Минск, Урал, Кутаиси, Волжск, Ирбитск автокөлік зауыттары мен Мәскеудің шағын литражды және Запорожьенің микролитражды автокөліктер шығаратын зауыттары: Ликинск, Львов, Павловск автобус зауытгарының өнімдері. Олай болса еліміздің экономикалық қуаттылығын арттыруға, яғни төуелсіздігін тұғырлы етуге кызмет етіп жүрген автокөліктерді еркін игерудің, оның қолдану мерзімін мейілінше ұзарту үшін оның құрылысын барынша жақсы білу арқылы күтіп ұстай білудің маңызы аса зор. Мұның өзі еліміздің ертеңіне, жарқын болашағына қосқан үлес болып табылмақ.

 

АВТОМОБИЛЬДЕРДІ   КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ

Автомобильдер өздерінің пайдаланылу мақсаттарына сәйкес транспорттық және арнаулы болып екіге белінеді. Транспорттық автомобильдер жүк және жолаушылар тасуға арналған. Қолданылуына қарай автомобильдің бұл тобына жүк таситын және жолаушы таситындары жатады.

Жүк автомобильдері жүк көтергіштігі мен кузовының түріне қарай бір-бірінен өзгеше болады.

Жолаушы автомобильдері конструкциясы мен кузовының сыйымдылығына қарай автобус және жеңіл автомобиль болып екі топқа бөлінеді.

Автобустар  жақын қашықтыққа жолаушылар таситын қалалық; жолаушыларды алыс қашыктыққа тасу үшін жабдықталған қала аралық және туристік деп аталатын үш үлгімен шығарылады.

Автобустар кузовының сыйымдылығына қарай сыйымдылығы кіші, орташа және үлкен деп үш түрге бөлінеді.

Арнаулы автомобильдер  белгілі .бір жұмысты орындай алатын тетіктермен және механизмдермен жабдықталады. Бұған санитарлык, өрт сөндіретін, суаратын, қоқыс жинайтын автомобильдер, автомұнаралар мен автошеберханалар және т. б. жатады.

 

АВТОМОБИЛЬДІҢ    ЖАЛПЫ    ҚҰРЫЛЫСЫ

Автомобиль  негізгі үш бөліктен — кузовтан, мотордан және шассиден тұрады (1-сурет).

Кузов. Автомобильдің қолданылуына карай оның кузовының құрылысы да әр түрлі болады. Жүк автомобилінің кузовына оның платформасы мен жүргізушінің кабинасы кіреді. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кузовы жолаушылардың жайлы отыруына ыңғайластырылып жасалады. Сондай-ақ  кузовқа оның  қанаттары, қаптауы, капот және тосқауыл (брызговик) жатады.

Мотор цилиндрде отынның жануынан пайда болатын жылу энергиясын айналысқа, яғни механикалық жұмысқа айналдырады.

1 -су рет.  ЗИЛ-130 автомобилінін жалпы құрылысы

 

Автомобильдің шассиі трансмиссиядан, жүріс бөлігінен және басқарушы механизмдерден тұрады. Шасси мотордан жетекші дөңгелектерге және автомобильдің қозғалуы мен оны басқаруға айналдыру моментін беруге арналған.

Трансмиссия. Автомобильді қозғалысқа келтіру үшін оның жетекші дөңгелектеріне айналмалы қозғалыс беру қажет. Бұл жәй айналмалы қозғалысты мсотордан жетекші дөңгелектерге жеткізетін трансмиссия арқылы іске асырылады.

Ол іліністен, берілістер қорабынан, кардан және бас берілістен, дифференциалдан, жарты осьтерден тұрады

Ілініс мотор  мен берілістер қорабын жайлап қосып, уақытша ажыратып отыруға арналған.

Беріліс қорабы мотордан жетекші дөңгелектерге берілетін айналдырушы моментінің шамасын өзгертіп автомобильдің кейін қарай жүруін байланыстыруға, сондай-ақ ұзақ уақыт трансмиссия мен моторды ажыратуға арналған.

Карданды беріліс бас беріліс пен беріліс қорабының аралық буыны ретінде қолданылады. Оның негізгі міндеті — автомобильдің қозғалысы кезінде беріліс қорабынан бас беріліске айналдыру моментін беріп тұру.

Бас беріліс  автомобильдің жетекші дөңгелектерінің айналдырушы моментін ұлғайтып, оны тік бұрышпен жарты осьтерге беру үшін керек.

Дифференциал  жетекші дөңгелектердің автомобиль кедір-бұдыр жолмен жүріп келе жатқанда және бұрылыс кезінде әр түрлі жылдамдықпен айналуларын қамтамасыз етеді.

Жартылай осьтер автомобильдің жетекші дөңгелектеріне айналдырушы моментін беріп отыру үшін керек (айналдырушы момент деп — дененің сыртқы күштер әсерінен айналу моментін айтады. Ол иінге түскен күштердің қосындыларымен анықталады).

Жүріс бөлігі — рамадан тұрады да бұған автомобильдің барлық агрегаттары мен механизмдері, алдыңғы және артқы осьтері, рессорлары, амортизаторлары мен пневматикалық шиналы дөңгелектері бекітіледі. Рамасыз автомобильдерде раманы кузовы алмастырады.

Басқару механизмдеріне басқару рулі мен тежеуіш жүйесі кіреді. Басқару рулі автомобильдің жүру бағытын өзгерту үшін керек болса, тежеуіш жүйесі оның жүрісін баяулату, не мүлдем тоқтату үшін керек.

Отанымыздың өнеркәсібінде шығарылатын негізгі (базалық) автомобильдер мен автобустардың үлгілері мыналар: ЗИЛ-130, ГАЗ-53А, ГАЗ-24 «Волга», КрАЗ-257, МАЗ-500, БелАЗ-540, Урал-377, КАЗ-608, «Москвич-412», ЗАЗ-966, ЛиАЗ-677, ЛАЗ-695Н және ПАЗ-672. Базалық үлгілерге негізделіп автомобильдердің жетілдірілген түрлері шығарылады.

Москваның Лихачев атындағы заводы — жүк көтергіштігі 12,4 тонналық ЗИЛ-ІЗ0ВІ жүк тартқыш-автомобилін; базасы үлкейтілген ЗИЛ-ІЗ0Г автомобилін; құрылыста қолданылатын ЗИЛ-ММЗ-555 автомобиль-самосвалын; өткіштігі жоғары ЗИЛ-131 автомобильдерін шығарады.

Горький автомобиль заводы — жүк көтергіштігі 2 тонналық өткіштігі жоғары ГАЗ-66 автомобилін; экранды электр жабдықтары бар ГАЗ-66-04 автомобилін; лебедкалы ГАЗ-66-02 автомобилін шығарады. Бұл автомобильдердің барлығы да шиналарына ауа толтырудың орталықтандырылған жүйесімен жабдықталған.

Кременчуг заводы — жүк кетергіштігі 11 тонналық КрАЗ-256Б автомобиль-самосвалын шығарады.

Минск заводы — жүк көтергіштігі 7 тонналық темір кузовты МАЗ-503Б — автомобиль-самосвалын; жүк көтергіштігі 17,45 тонналық МАЗ-504 жүк тартқыш ерлі автомобилін; базасы ұзын үлгілі МАЗ-500Г; солтүстіктегі жағдайда жұмыс істеуге арналған МАЗ-512 оңтүстіктегі жағдайда жұмыс істеуге арналған МАЗ-513 автомобильдері мен өткіштігі жоғары ағаш таситын МАЗ-509 автомобильдерін шығарады.

Белорус заводы бір осьті  БелАЗ-531 тартқыш автомобилін; жүк көтергіштігі 40 БелАЗ-548А автомобилін шығарады.

Урал зазоды өткіштігі жоғары және жоғарылатылған Урал-377 автомобилінің екі түрін шығарады.

Кутаиси заводы жүк көтергіштігі 11,5 т платформасын оң жағына аударып төңкеруші КАЗ-717 автомобиль-самосвалдарын шығарады. Мұндай автосамосвалдар тайланбаған мақта тасуға арналған.

Москваның Ленин комсомолы атындағы автомобиль заводы «Москвич-426», «Москвич-427», «Москвич-433» және «Москвич-434» автомобильдерін шығарады.

Львов заводы ЛАЗ-695Н және ЛАЗ-697Н «Турист» және ЛАЗ-698 автобустарын шығарады.

Танысқалы отырған автомобильдердің қысқаша техникалық сипаттамалары 1-таблицада келтірілген.

 

МОТОР. МОТОРДЫҢ ЖАЛПЫ    ҚҰРЫЛЫСЫ   ЖӘНЕ   ЖҰМЫС   ЦИКЛІ

Автомобильдердің іштен жанатын жылу моторлары ең көп тараған моторлардың бірі болып есептеледі. Жанар май олардын цилиндрлерінің ішінде жанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.

Қолданылатын отын түрлеріне қарай моторлар тез буланғыш сұйық отын— бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін — дизельдік; автомобильдің өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газ-баллонды түрлерге ажыратылады.

Бір цилиндрлі  мотордың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Цилиндрдің ішінде еркін қозғалып тұратын поршені болады. Поршень біліктің кривошипі мен шатун арқылы топсалы жалғасқан (2-сурет). Жанар қоспасының зарядтары цилиндр ішінде тез жануынан пайда болған газдар қызып, әрі көлемін кеңейтуінен туған қысым поршеньді қозғалысқа келтіреді. Өйткені поршень шатунмен топсалы жалғасқан әрі екінші басы иінді біліктің кривошипінің мойнымен топсалы жалғанғандығынан шатунмен бірге козғалған поршень иінді білік пен оның екінші басына бекітілген маховикті қозғалысқа келтіреді. Шатун және кривошип әсерімен түзу сызықты қозғалған поршень мотордың иінді білігі мен маховигін айналмалы қозғалысқа келтіреді.

Мотор өзінің жұмысын одан әрі жалғастыра беруі үшін цилиндрді пайдаланылған газдан алдын ала тазартып, жанар қоспасының зарядын жаңартып отыруы керек. Ол үшін цилиндрдің қалпақшасында клапанмен жабылған енгізу тесігі қарастырылған (2-сурет). Қоспаның жануы кезінде керегінше екпін алған маховик өзімен бірге кривошипті, содан соң цилиндрдегі поршеньді қоспаның келесі от алуына дейін қозғалысқа келтіруі үшін барынша салмақты (массалы) етіп жасалынады.

Бүгінгі таңда адам баласының өміріне кажетті шаруашылықтардың барлық салаларында автокөлік түрлерінің алатын орны ерекше. Ал, біздің тәуелсіз Отанымыз Қазақстан Республикасының өндірісті, аграрлы әрі әлемдегі аумағы үлкен елдердің бірі екенін айтсақ автокөліктің қарым-катынас, жүк тасымалдау құралы ретіндегі маңызы арта түспек. Еліміздің шалғай түпкірлеріне темір, су жолдарының жете қоймағанының да өзінің шапшаңдығы, икемділігі, тиіптілігімен ерекшеленетін автокөліктердің кажеттілігіне көзімізді жеткізе түседі.

Сөйте тұра елімізде отандық автокөлік өндірісін жолға қою мәселесі әзірге шешімін тапқан жоқ. Осыған байланысты республикамыздың экономикасын дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген қолданыстағы автокөліктер шет елдерден, негізінен Ресейден сатьш әкелінуде.

Халық шаруашылығының барлық салаларында пайдаланылып жүрген автокөліктер Мәскеудің Лихачев атындағы, Ульяновск, Кременчук, Минск, Урал, Кутаиси, Волжск, Ирбитск автокөлік зауыттары мен Мәскеудің шағын литражды және Запорожьенің микролитражды автокөліктер шығаратын зауыттары: Ликинск, Львов, Павловск автобус зауытгарының өнімдері. Олай болса еліміздің экономикалық қуаттылығын арттыруға, яғни төуелсіздігін тұғырлы етуге кызмет етіп жүрген автокөліктерді еркін игерудің, оның қолдану мерзімін мейілінше ұзарту үшін оның құрылысын барынша жақсы білу арқылы күтіп ұстай білудің маңызы аса зор. Мұның өзі еліміздің ертеңіне, жарқын болашағына қосқан үлес болып табылмақ.

Автомобильдерді классификациялау. Автомобильдер өздерінің пайдаланылу мақсаттарына сәйкес транспорттық және арнаулы болып екіге белінеді. Транспорттық автомобильдер жүк және жолаушылар тасуға арналған. Қолданылуына қарай автомобильдің бұл тобына жүк таситын және жолаушы таситындары жатады.

Жүк автомобильдері жүк көтергіштігі мен кузовының түріне қарай бір-бірінен өзгеше болады.

Жолаушы автомобильдері конструкциясы мен кузовының сыйымдылығына қарай автобус және жеңіл автомобиль болып екі топқа бөлінеді.

Автобустар  жақын қашықтыққа жолаушылар таситын қалалық; жолаушыларды алыс қашыктыққа тасу үшін жабдықталған қала аралық және туристік деп аталатын үш үлгімен шығарылады.

Автобустар  кузовының сыйымдылығына қарай сыйымдылығы кіші, орташа және үлкен деп үш түрге бөлінеді.

Арнаулы автомобильдер  белгілі .бір жұмысты орындай алатын тетіктермен және механизмдермен жабдықталады. Бұған санитарлык, өрт сөндіретін, суаратын, қоқыс жинайтын автомобильдер, автомұнаралар мен автошеберханалар және т. б. жатады.

Автомобильдің жалпы құрылысы. Автомобиль негізгі үш бөліктен — кузовтан, мотордан және шассиден тұрады.

Кузов. Автомобильдің қолданылуына карай оның кузовының құрылысы да әр түрлі болады. Жүк автомобилінің кузовына оның платформасы мен жүргізушінің кабинасы кіреді. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кузовы жолаушылардың жайлы отыруына ыңғайластырылып жасалады. Сондай-ақ  кузовқа оның  қанаттары, қаптауы, капот және тосқауыл (брызговик) жатады.

Мотор цилиндрде  отынның жануынан пайда болатын жылу энергиясын айналысқа, яғни механикалық жұмысқа айналдырады.

Автомобильдің шассиі трансмиссиядан, жүріс бөлігінен және басқарушы механизмдерден тұрады. Шасси мотордан жетекші дөңгелектерге және автомобильдің қозғалуы мен оны басқаруға айналдыру моментін беруге арналған.

Трансмиссия. Автомобильді қозғалысқа келтіру үшін оның жетекші дөңгелектеріне айналмалы қозғалыс беру қажет. Бұл жәй айналмалы қозғалысты мсотордан жетекші дөңгелектерге жеткізетін трансмиссия арқылы іске асырылады.

Ол тіркістен, берілістер қорабынан, кардан және бас берілістен, дифференциалдан, жарты осьтерден тұрады.

Тіркіс мотор  мен берілістер қорабын жайлап қосып, уақытша ажыратып отыруға арналған.

Беріліс қорабы мотордан жетекші дөңгелектерге берілетін айналдырушы моментінің шамасын өзгертіп автомобильдің кейін қарай жүруін байланыстыруға, сондай-ақ ұзақ уақыт трансмиссия мен моторды ажыратуға арналған.

Информация о работе Кіріспе, автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы