Автомобильдің багытын баскару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 09:17, дипломная работа

Краткое описание

Машиналар сапасын, олардың сенімділігін, бұзылмайтындығын және тиімділігін арттыру техникалық прогрестің негізгі бағытына жатады және олардың өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Автокөлік агрегаттарының құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін жақсы білгенде ғана халық шаруашылық өндіріс еңбеккерлері алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге болады.

Содержание

І КІРІСПЕ 2
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Автомобильдің бағытын басқару. 3-4
2. Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер. 5
3. Джойстикпен және тышқан тетікпен басқару. 6
4. Автомобильді дауыспен басқару. 7
5. Рульдік басқарудың ақаулары. 7
6. Автомобильді рульмен басқару ерекшеліктері. 8
7. Автомобильдердің маневр жасауы. 9
8. Басқару доңғалағының әсерінен автомобильдің аударылуы. 9
9. Автомобиль неге бір бүйірге қарай (көлденең) сырғанайды? 10
10. Қатерлі жағдайда автомобильді рульмен басқару. 10
11. Автомобильдер кузовы мен қаңқасы. 11-12
12. Автомобильдер рессорлары. 13
13. Амортизатор. 14
14. Доңғалақ. 15
15. Автомобильдің пневматикалық шиналары және олардың жұмысы. 16-17
16. Автомобильдің техникалық қауіпсіздігі. 18-22
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 23
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 24

Прикрепленные файлы: 1 файл

Автомобилдин багытын баскару.doc

— 2.29 Мб (Скачать документ)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тәуелсіз аспалы бақарушы доңғалақтарының "рулъдік механизмі. 1 - рулъ, 2 - рулъ білігі,

3- рулъ берілісі, 4, 12 - бұрылыс цапфасы, 5,9,11 - рычагтар, 6,8, 10-тартқыштар (тяга),

7 - руль сошкасы

 

Өлшемнен кейінгі Р  әрпі шинаның радиальды екендігін білдіреді, покрышканың талшық жібі радиальды орналасқан. Талшық жібі диагональды орналасқан (бір-біріне бұрыш жасай) радиальды шинаның кәдімгі шинадан айырмашылығы — олардың тозу төзімділігі жоғарырақ.

Шинадары қысым нормасын да қадаралау керек. Күрт тежеуге немесе орнынан бірден қозғауға болмайды, шұғыл бұрылыстардан сақ болған жөн, өйткені бұл шинаның біркелкі тозбауына соқтырады. Шинаға отын және майдың тамуын болдырмау керек.

Шинаның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы оның жүріс қашықтығына байланысты. Жүк автомобильдерінің диагональды (кәдімгі) шиналарының басым көпшілігінің кепілді жүріс қашықтығы 50 000 км болып табылады.

Егер доңғалақ шеңберінің массасы біркелкі болмаса, соғылу салдарынан покрышка тез істен шығады. Оларды теңгеру үшін жүктер пайдаланылады, оны шеңбердің құрсауына орналастырады.

Шинаның тозуы біркелкі болмайды, жетекші шиналар жетектегілерге қарағанда тез тозады. Шина біркелкі тозуы үшін оларды 5000-6000 км жүрген сайын алмастырып отыру керек.

16. Автомобильдің техникалық қауіпсіздігі.

 

Жүргізушінің қандай қасиеттері болуы қажет? Әрбір адам автомобильді және басқа машиналарды  жүргізуді үйрене алады, бірақ техниканы  жақсы, сауатты және жол транспорттың оқиғасыз басқару үшін жүргізуші  белгілі бір қасиеттерге ие болуы қажет. Ол қасиеттердің иегізгілері мыналар: көзбен мөлшерлеу ерекше, уақыттың қысқа мерзімін бағалай алу қабілеті, назарды жақсы бөле білу және аудара алу, қысылтаяқ жағдайда дәл әрі мейлінше жедел реакция жасай білу, сезімдік баяндылығы жоғары болу.

Жол элементтерін көру жөне түйсіну. Жүргізуші жолдың және оның маңайындағы барлық элементтерді озінің назарына ұстай білуі қажет.

Жылдамдықты және жүру бағытын  көре отырып түйсіну өте маңызды  рөл атқарады. Жолмен жүріп келе жатқан кезде жүргізуші қозғалмай тұрған әр түрлі заттарға қарап, өзі жүргізіп келе жатқан машинаның жылдамдығын сезіну, жол айрығына дейінгі қашықтықты және оған дейін жетуге қажетті анықтай білу, айналып өту және қуып озар кезде ара қашықтықты және бүйір аралықты дұрыс таңдай білу, жүргізушіге тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жарыцтандырудыц өзгерісін  сезіну. Адам көздерін жарықтандыру шарттарының  өзгерісі тым сезгіш келеді. Бейімделу  процесі бірден емес, біраз уақытты  қажет етеді. Әрбір жүргізуші  көздің осы айтылған көпшілік жағдайда күшті жарыңтан әлсіз жарыққа (мысалы күшті жарьщталған көшеден күңгірт жарықталған көшеге өткенде, қала сыртындағы жолдарда қашықты жарықтанудан жақынды жарықтауға ауыстырып қосу кезінде т.б.) тез ауысу кезіндегі қауіпсіздігіне қатер келтірілгендігін ұмытпау керек.

Қарсы келе жатқан машинаның  жарығы, күн сәулесі көздің жасқауына (қарығуына) себепші болады. Сондықтан  әрбір жүргізуші жарықтану приборларын  жолда қарама-қарсы бағытта келе жатқан машиналардың жүргізушілерінің және жаяу жүргіншілердің көздеріне әсер етпеуін қадағалауы қажет.

Көз шалымы. Адам көзінің  қалыпты жағдайда көз шалымының  өлшемдері мынадай болады: оң жақтан және сол жақтан 80°, жоғары қарай 60°  және төмен қарай 90° аймақты көреді. Барынша анық көру аймағы көз шалымының орта маңында болады. Оның өлшемі шама-мен 2°-қа тең.

Адам екі кезімен  қараған кезде, оң және сол көздері  бірін-бірі ішінара қамтып жатады, екі  көздің ортақтасқан шалымының орта маңындағы заттар ерекше жақсы көрінеді. Қандайда бір затты жақсылап байқау үшін оны екі көзбен көру қажет. Көзді бір заттан екінші бір затқа алмастырып қарау үшін 0,8 сек уақыт кетеді. Осы жағдайды жүргізуші жол айрығынан өткенде немесе екі бірдей қауіп төнген кезде ескергені жөн.

Адамның (бинокуляры) қос  жанарының шамамен 120°. Қауіпсіз жүру үшін жүргізушінің қос жанары бұдан кеңірек шалуы қажет, бұл жайт назар аудару арқылы іске асырылады. Осылай істегенде сау адамның көз шалымы 150°-қа дейін жетеді. Қазіргі машиналардың конструкциялары мұндай көз шалымды қамтамасыз ете алады (автомобильдің әйнегі таза болған жағдайда).

Назар аудару лездік болып  керінгенмен, оган белгілі бір уақыт  кетеді, мысалы жол айрығында бағдарлауға  мынандай уақыт (секунд) кетеді:

Көздісолжаққа бұруға 0,15-0,23

Көздің назарын сол  жақта ұстауға. 0,1-0,3

Көзді оң жаққа бұруға 0,15-0,33

Көздің назарын оң жақта ұстауға 0,1-0,3

Түгелдей шолып шығуға 0,5-0,56

Байқауы нашар жол  айрығын шолып

шығуға 2,5-ке дейін

Айна арқылы артқы  жақтарындағы жағдайлардың көрінісін шолуға және қабылдауға кететін уақыт 2 секундқа жетеді.

Реакция. Қауіпсіздігіне әсер ететін психологиялық сапарлардың  баршасының ішіндегі ең маңыздысы жүргізушіні  жол жағдайының өзгерісіне реакциясының тездігі болып табылады.

Жүру қауіпсіздігі екі  машина аралығындағы қашықтың жүргізуші  реакциясының тездігіне тәуелді өзгереді. Автомобиль 40 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатса және жүргізушінің реакциясы 0,6 сек болғанда тежеуіштің іске қосылуына дейін автомобиль 7 м жол жүреді; 80 км/сағ жылдамдықты реакцияның орташа уақыты 1,3 секундқа дейін артады да автомобиль тежелуге дейін 29 м жол жүреді. Егер 80 км/сағ жылдамдықта қүрғақ жолдағы тежелу жолы шамамен 50 м болатыны ескерілсе, онда айтылған жайтта қауіпсіз ара қашықтың 29+50=79 м болады.

Әр адамның реакциялық уақыты әр түрлі. Мысалы, тежеу реакциясы орташа есеппен 0,5-тен 1,5 секундқа дейін ауытқиды және жүргізушінің жұмыс стажына, денсаулығына әрі көңіл-күйіне байланысты. Қатты шаршау, сырқаттану реакция уақытын ұзартады.

Тіпті сәл-пәл алкогольдің  өзі реакцияның баяулауына әсер етеді  және оның уақытын 2-4 есе ұзартады.

Арақ ішпеген жүргізушінің 40 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан кездегі реакциясы шамамен 0,6 секундқа тең, ал мас күйдегі жүргізушінің реакциясы -1,8 с, бүл жайт автомобильдің  жолын сәйкес түрде 7 м-ден 21 м-ге дейін, ал қауіпсіз ара қашықтықты 27 м-ден 41 м-ге дейін, яғни 3 есе арттырады.

Мас жүргізушінің айналаны шолуы 1500-ден 400-ге дейін кемиді, бұған  қоса қашықтықта көз мөлшерлеу қабілеті жойылады. Мас күйінде автомобильді жүргізу -көптеген жол транспорттың оқиғалардың себепшісі.

Назар. Жүргізуші өзінің барша назарын жол жағдайына  бөліп, аяғы мен қолының қозғалыстарына тіптен бақылау жасамайтын болғанда ғана машинаның жүрісі көп ретте  қауіпсіз болады.

Назардың нашарлауына  шаршау, автомобильді ұзақ уақыт, аялдаусыз  жүргізу әсерін тигізеді. Жол-транспорттың оқиғалар көбінесе жүргізуші үздіксіз 10-11 сағат жұмыс істеген соң болып қалып отырады. Назарға зорығу, ауру, алкоголь күшті әсер етеді.

Назардың сапасы тұрақсыз емес, оны арттыруға немесе кемелдендіруге болады. Бұл үшін жас жүргізушінің өз мамандығына ьқыласы болуы, еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, табандылың керек, өз жұмысын адал атқаруы қажет.

Жүргізушінің рульде отырыш қалғыш кетуі көпшілік жол  транспорттың оқиғаларына себеп  болады.

Жүргізуші жалғыз өзі  бірде-бір реакцияны қажет етпейтін бір сарынды жолмен жүріп келе жатқанда ұйқысы келеді. Қалғып кетпеуі үшін үйқының алғашқы белгісі біліне бастаған кезде машинадан шығып жүру қажет, гимнастикалық жаттығу жасау керек, ең жақсысы 20-30 минут ұйықтап алу керек.

Ұйқының келуіне түнгі жұмыстан көздің талуы, бір сарынды қозғалыс, бір сарынды діріл, кабинадағы жылулық режимі әсер етеді. Осы факторлар жүргізушінің қырағылығын төмендетеді, ал кейбір жағдайда жүру процесі кезінде ұйқтап кетуге әкеп соқтырады.

Психологиялың күй. Жүргізушінің көңіл-күйі жақсы болса, оның айналадағы жағдайды сезуі өте дәл, реакциясы тым тез, қозғалысы үйлесімді болады. Қайғы, ауыр күйзеліс қарама-қарсы нәтижеге әкеп соқтырады. Бастықтың немесе бірге істеушілердің дөрекілігі немесе әділетсіздігі жүргізушіні алаңдатады. Сондыңтан шаруашылық қызметкерлерінің өзара мәдениетті қарым-қатынасының апатқа қарсы күресуде елеулі мәні бар.

Күрделі және қауіпті  жағдайларда асып-саспау және жүректі  болу қабілеті сезімдік баяндылық деп  аталады, әрі бұл жүргізуші сапаларының бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электр  қауіпсіздігі. Қауіпсіздік техникасы

 

Электр қуаты еңбек  пен тұрмыста біздің сенімді көмекшіміз, алайда оны дұрыс пайдалана білмесе  ол адам қатерлі жағдайды алдын ала  болдырмас үшін, электр тоғы әсерінің қаншалықты қатерлі екендігін жете сезініп, электр энергиясын қауіпсіз пайдаланудың шараларын тек кәсіпорындарда ғана электр аспаптарын, құралдарды, аппараттарды жұмыста қолданғанда біліп қоймай, үйде де, үйден тыс жерлерде де сақтана білу қажет.

Үйден тыс жерлерде де электр энергиясын пайдаланады. Статистикалық мәліметтерге қарағанда электр жарақатының үштен біріне жуығы адамдардың салбырап тұрған немесе үзілген өткізгішке жанасуынан болады. Үзілген немесе салбырап тұрған өткізгішке жаңа-су, сондай-ақ желіден үзіліп жерге түскен өткізгішке 5-8 метрдей жақындаудың да қауіпті екендігін есте сақтаған жөн.

Егер электр сымы үйдің  шатырына тиетін болса өзің жөндеуге әрекет етуге болмайды. Мұндайда дереу  электрмонтерді шақырып, ол келгенше қауіпті  учаскеге күзет қойған жөн.

Электр берілісінің аспалы желісінің үстіне ешқандай құрылыс салуға, материалдар қоюға радио мен телевизиялық антенналар орнатуға болмайды.

Кейбір жас жүргізушілер немесе слесарь-жөндеуші мамандығын алған  кезде электр қауіпсіздігі жөнінде  оқыған азын-аулақ білімін жеткілікті деп есептеп, электр өткізгіштің немесе электр аппаратураларының ақауын өздері түзетуге әрекет етеді. Мұндай ойлау өте қате. Электр қауіпсіздігі жөніндегі ережеде, электр қондырғыларына қызмет көрсету өте қауіпті жұмыс деп саналады, сондықтан кез келген электр қондырғыларының ақауын түзету, жөндеу оны жеке білетін электрмонтерлерге ғана жүктеледі.

Қауіпсіздік техникасы  мамандығы бойынша:

1) Жұмыс істеп түрған  электр қондырғыларына қызмет  көрсететін адамдар бас мамандың  тобына бөлінеді. Бұл ең кемі 18 жаста болуы керек, тек I және II топтағыларға ғана 17 жастан жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

2) Кернеуі 1000 В асатын  электр қондырғыларында жұмыс  істейтін адамның кернеуі 1000 В-қа  дейін жететін электр қондырғыларында  қызмет еткен кезде қауіпсіздік 
жөніндегі кәсіби тобы. Қауіпсіздік жөніндегі кәсіптік IV және III тобынан төмен болмауы керек.

3) Қауіпсіздік техникасы  бойынша мамандық тобы электр  қондырғыларын тұтынушыға пайдаланған  кездегі қауіпсіздік техникасы  жөніндегі ереже 3 қосымшаға сәйкес  белгіленеді.

Адам денесіне электр тогы өткенде ол күйдіруі, естен  тандыруы, тыныс алуын тоқтатуы, тіпті мерт қылып жіберуі де мүмкін.

Күші 50 Гц айнымалы ток  адамның бүкіл денесін аралап қолынан қолына немесе қолынан аяғына өткенде, 100 мА шамада 3 секундтан әсер еткенде жүрек соғуын тоқтатуы мүмкін. Ток мөлшері 30-50 мА болуы, едәуір ұзақ әсер етсе тыныс алуды тоқтатады.

20-25 мА шамадағы ток  қол аралықтарынан немесе қол  мен аяқ аралықтарынан өткенде  саусақтар қарысып, қолы жансызданып,  токтан өз бетінше босана алмайды. Токқа арандағандардың көпшілігінің үні шықпай, мақайындағыларды көмекке шақыра да алмайды.

Адам денесінен өтетін ток шамасының немесе кернеуінің шектеулі аралығы мен осы токтың немесе кернеудің әсер ету ұзақтығының  арасындағы байланыстылық, сондай-ақ қол мен қол немесе қол мен аяқ аралықтарындағы тиісті кедергісі төмендегі кестеде келтірілген:

1-кесте

Ток, (мА)

1

6

65

250

Әсер ету ұзақтығы. с 

Дене кедергісі, (Ом)

Жанасқандағы кернеу, (В)

 

6000

6

30

3000

18

1

1150

75

0,2

600-700

150-171




 

Қауіпсіздік ережесі  бойынша әр түрлі жиіліктегі электр қондырғылары мен түрліше токтың аралығына айырмашылық қоймайды, өйткені олардың барлығы да қауіпті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Менің дипломдық жұмысым бойынша таңдап  алған тақырыбым:

    «Автомобиль бағытын басқару жүйесі».

Автомобильдің бағытын  қозғалыс барысында өзгерту басқару  доңғалақтарын бойлық бағыт осінен бұру арқылы жүзеге асырылады.

Басқарушы доңғалақтар автомобиль қаңқасына тәуелді немесе тәуелсіз түрде ілінеді. Тәуелсіз аспалы басқарушы доңғалақтардың рульдік механизмі көрсетілген. Рульдік басқару рульдік механизмнен (3) және рульдік жетектерден тұрады.

Әдетте рульдік механизмде гидравликалық күшейткішті қолданады. Жеңіл автомобильдерде механикалық рульдік басқару да қолданылады.

Рульдік механизмнің бірнеше типтері бар: бұрамдық-роликті, бұрамалы-рейкалы және рейкалы.

Информация о работе Автомобильдің багытын баскару