Өнім курстық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:31, курсовая работа

Краткое описание

Сынау обьектісінің негізгі белгісі болып, сол обьект бойынша сынақ нәтижелерінің шешімі – яғни, оның ақаулығы мен жарамдылығы, ары қарай сынау мүмкішілігін ұсыну, сериялық шығару мүмкіншілігі және т.б. Өнімнің түріне және сынау бағдарламасына байланысты сынау обьектілері бірлік өнім немесе партиялы өнім түрінде болуы мумкін.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Парфюмерлік косметика өнімдерін сынау..........................................6
1.1 Өнімдердің нарықта айналу жағдайы.....................................................8
1.2 Тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптар......................11
II. Парфюмерлік косметика өнімдерін сынауда кездесетін терминдер мен анықтамалар……………..................................................................16
Қорытынды..................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ӨНІМ курстық.docx

— 47.14 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

  1. Парфюмерлік косметика  өнімдерін сынау..........................................6
    1. Өнімдердің нарықта айналу жағдайы.....................................................8
    2. Тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптар......................11

 

  1. Парфюмерлік косметика  өнімдерін сынауда кездесетін терминдер мен анықтамалар……………..................................................................16

 

Қорытынды..................................................................................................20

 

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        Сынау обьектісінің негізгі белгісі болып, сол обьект бойынша сынақ нәтижелерінің шешімі – яғни, оның ақаулығы мен жарамдылығы, ары қарай сынау мүмкішілігін ұсыну, сериялық шығару мүмкіншілігі және т.б. Өнімнің түріне және сынау бағдарламасына байланысты сынау обьектілері бірлік өнім немесе партиялы өнім түрінде болуы мумкін.

       Сынаудың техникалық базасына сынау құралдары жатады. Оларға техникалық құрылғылар, сынақ жүргізу үшін қажетті материалдар және т.б. Өлшеу құрадарымен бірге сынау құралдарының ең маңыздысы,ол сынау жабдықтары, яғни сынақ жүргізу үшін қолданатын құралдар. Оларға арнайы стендтар, сынау машиналары, климаттық камералар және т.б. Ол құрылғыларда сынаудың түрлі шаралары жүргізіледі: температура, ылғалдылық, қысым, электромагниттік және радияциялық әсерлер, механикалық күштер және т.б. Ерекше айта кететін жай, сынақ шараларының дұрыс жүруі сынақ жабдықтарының дәлдігіне байланысты. Олар міндетті турде бақыланып отырылуы керек.

       Сынау сапасының басты сипаты болып, қайта тексеру кезінде оның нәтижелерінің сәйкестігі. Сынақ нәтижелерінің дәлдігі деп – сынау кезінде анықталған параметрлер мен олардың шынайы сипат мәніне жақын болуы. Сынау кезінде бақылау нәтижелерінің дәлдігіне де көңіл бөлінеді – яғни нормативтік құжат талаптарына сәйкестігін анықтау. Сонымен қатар, сынау сипатының ең маңыздысы ол – нәтижелерді іске асыру. Осы сипаттың барлығы сынау сапасын құрады және оларды шартты түрде тура деп айтса болады, ол бірлігіне жетудің негізі.

         Сынау бірлігін қамтамасыздандыру талабына көрсеткіштердің дәлдігін бағалау, сынақ жүргізу әдісін орнатумен қатар аттестацияланған сынау құралдардың нормативтік дәлдігі бойынша жарамдылығы да ескеріледі. Ал мұндай нормативтік дәлдік бойынша жарамдылыққа жету үшін біз алдымен аттестациялау жұмыстарын жүргіземіз. Біздің бұл курстық жұмысымызда сынау жабдықтары туралы мәлімет пен қоса олардың түрлері, аттестация жүргізу тәртібі қарастырылады.

      Сынау- әртүрлі әсер ету жағдайында жұмыс істейтін объектінің сандық немесе сапалық сипаттамаларын тәжірибе (эксперимент) жүзінде анықтау. 

     Сынаудың келесідей   түрлері бар:

     -Жетілдіре  сынау- берілген деңгейге дейін сапалық көрсеткішті көтеру процесінде енгізілетін өзгерістердің әсер етуін тексеру үшін өткізілетін сынаулар.

     -Жолдық сынауы- жолды жерде, кейде жолсыз жерде көлік құралының жүру кезінде өткізілетін сынау.

     -Иммитациялық, еліктете сынау- көлік құралының кез келген бөлшегін немесе қандай да болмасын әсер етуді жасанды Құрастыру арқылы өткізілетін қондырғыда сынау.

     -Зерттей сынау-  құрастырылып жатқан өнімнің параметрлерін, сызбаларын, жинақталуын таңдап алу бойынша қабылданатын шешімді негіздеуге мәліметтерді жинау мақсатында өткізілетін сынаулар.

     -Біліктілікке  сынау- сериялық шығаруға өндірістің дайындығын анықтау мақсатында өнімнің бірінші өнеркәсіпті партиясын сынау.

      -Зертханалық сынау- көлік құралын зертханалық жағдайда арнайы бағдарлама бойынша сынаудан өткізу.

      -Машина мен механизмдерді сынаудан өткізу-техникалық талаптарға сәйкестікті орнату мақсатында машина мен механизмдердің құрылыстық параметрлерін, сенімділігін және қызметтік қасиеттерін тексеру.

      -Әдеттегі ресурстық сынау- әдеттегі жағдайда өткізілетін ресурстық сынаулар.

      -Мерзімділік  сынау- белгілі мерзім аралығында сериялық өнімнің сапасын бақылау үшін өткізілетін сынаулар.

      -Қыр далада сынау- ауыл-шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде өткізілетін тракторлардың сынауы.

     -Полигонда  сынау- полигонда өткізілетін сынаулар.

     -Алдын ала  өткізілетін сынау- тәжірибелік үлгілерде жетілген нәтижені бақылау мақсатында өткізілетін сынаулар.

      -Қабылдап- тапсырасынау-сериялық немесе жөнделген үлгілерді өндіруге, жөндеуге немесе тұтынушыға жеткізуге техникалық талаптарға сәйкес келетініне сынау.

     -Мемлекеттік  қабылдай сынау-алдын ала сынаудан кейін жетілген тәжірибелік үлгілерді өндіріске қою туралы шешімді қабылдау үшін олардың техникалық талаптарға сәйкестігін сынаудан өткізу.

      -Ресурстік сынау-пайдаланудан бастап, күйдің шегіне жеткенге дейін өнімнің жұмыс істеу шамасын сынаудан өткізу.

      -Сертификаттық  сынау-сертификатты жасау үшін сериялық үлгілерді сынаудан өткізу.

      -Қондырғыда сынау-зертханалық жағдайда арнайы стендте келік құралының жүйелері мен жеке агрегаттарын сынаудан өткізу.

      -Жеделдетілген ресурстық сынау-аз жүктемемен жұмыс режимін шығару нәтижесінде сынау мерзімін көп есе қысқартатын, арнайы бағдарлама бойынша өткізілетін ресурстік сынаулар.

      -Қызметтік сынау-көлік құралының қызметтік қасиеттерін анықтау және олардың техникалық талаптарға сай келетінін орнату үшін өткізілетін сынаулар.

      -Эксплуатациялық  сынау-пайдалану-техникалық және сенімділік көрсеткіштер бойынша қосымша ақпаратты алу үшін нақты пайдалану жағдайында өткізілетін әдетте тәжірибелік үлгілер партиясы үшін сынаулар.

       -Сынауды  өткізуші-сынауға қатысатын адам.

      Курстық жұмыстың басты мақсаты парфюмерлік косметика өнімдерді сынау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Парфюмерлік косметика  өнімдерін сынау

    "Табиғи, демек пайдалы" ұғымы дұрыс екенін косметолог мамандар баяғыдан аңғарған. Осыған орай органикалық косметика үлкен танымалдыққа ие бола бастады. Органикалық косметика деген не? Ол несімен жақсы?

       Органикалық косметика тек табиғи компоненттер негізінде жасалады. Олар құрылысы бойынша біздің ағзамызбен үйлесімді болғандықтан, оған еш зиян тигізбей, керісінше пайдасын береді. Органикалық косметикалық құралдар 95%-ға табиғи құрамдас бөліктерден тұрады. Оны даярлауға экологиялық таза жерде өсірілген, химиялық тыңайтқыштар қолданылмаған өсімдік түрлері ғана пайдаланылады.

        Әрине бұндай косметикада да консерванттар жоқ емес, алайда олар да табиғи заттардан жасалады. Органикалық косметика дайындауда қара үйеңкі қабығын, грейпфрут сүйектерін, розмарин, барбарис экстракттерін, Е дәруменін және басқа да табиғи заттарды қолданады. Үйреншікті синтетикалық косметикаға қарағанда, органикалық түрлерінде био белсенді табиғи компоненттер болады. Олар ағза үшін зиянды емес. Бұндай өнімдерде 50%-ға көбірек дәрумендер мен минералдар және басқа да қоректендіргіш микроэлементтер бар. Органикалық косметика өндіруде жоғары технологиялар қолданылады: өсімдіктерді жылдың белгілі бір уақытында, белгілі бір температура мен қоршаған ортаның жағдайында ғана жинайды. Бұл кезде сол өсімдіктердің пайдалы заттар бөлу қасиеті әлдеқайда жоғары болады. Органикалық косметика ағзаны уландырмай, керісінше ағзадан артық кір-қоқыстарды шығарады.

       Органикалық косметиканың сапалы болғаны шарт. Қорабында сертификация белгісінің бар екендігіне көз жеткізіңіз. Ең жиі кездесетіндері: EcoCert пен CosmeBIO (Франция), BDIH (Германия), ICEA AIAB (Италия) және USDA (АҚШ).

       Мұндай косметиканың ең жақсы жері - ол аллергия қоздырмайды. Қарапайым косметикадағы синтетикалық дәрумендер, бояулар мен химиялық консерванттар адамның аллергик болуына ықпал жасайды. Ал органикалық косметика тіпті, уақыт өте аллергияны жазуы мүмкін.

        Органикалық косметиканы қолдану - қоршаған ортаны сақтауға бір қадам. Көптеген жұлдыздар осындай косметиканы қолдану арқылы өздерінің экология жағдайына алаңдайтындықтарын көрсетеді. Органикалық косметиканы өндіретін компаниялар жануарларға тест өткізбейді, көп жағдайда косметиканың қораптары да органикалық, уақыт өте өзі ұсақталатын болады.

        Органикалық косметиканың сыртында міндетті түрде organic деген белгі болады. Dr.Hauschka, The Body Shop, Living Nature мен John Masters Organic маркалы органикалық косметикалардың танымалдығы жоғары. Айта кетсек, органикалық косметика қарапайым косметиканың бағасындай-ақ тұрады.

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі

       1) қауіпсіздікті және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында парфюмерлік-косметикалық өнімдерге (бұдан әрі - ПК өнімдер) қойылатын міндетті талаптарды;

       2) тұтынушы орауына және парфюмерлік-косметикалық өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптарды;

       3) ПК  өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау  және кәдеге жарату процестеріне  қойылатын талаптарды;

       4) ПК өнімдерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауға қойылатын талаптарды.

       Осы  техникалық регламенттің талаптары  таралатын ПК өнімдері тазарту,  жағымсыз иістерді жою, эстетикалық  әсер беру және оларды қоршаған  ортаның зиянды факторларынан  қорғау мақсатында адамның денесіне  қолдануға арналған, құралдарға  теңестірілген: 

       1) тері, тырнақ және шаш күтіміне арналған  сірне негізіндегі, эмульсиялық  және майлы құралдар (кремдер,  сүт, кілегейлер, маскалар, скрабтар, пилингтер, крем-гельдер);

       2) шаш пен терінің гигиеналық күтіміне арналған жуу құралдары (шампундер, сұйық сабындар, душқа, ванна мен интим гигиенасына арналған жуу гельдері, ваннаға арналған көбік және тазарту құралдары: көбіктер, гельдер, мусстар);

       3) бет,  ерін, дене және шаш макияжына  арналған эмульсия негізіндегі  сәндік косметика құралдары (тоналды  құралдар, бет далабы, қабаққа арналған  бояу, шашқа арналған тушь, кірпікке  арналған сұйық тушь және көзге  арналған бояу, ерінге арналған  жылтыр);

       4) тері, көз және ерін макияжы мен  күтіміне арналған май-балауыз  негізіндегі сәндік косметика  құралдары (ерін, далаптары) ерінге  арналған жылтыр мен бальзам;  театр гримі; қас, қабақ және  ерінге арналған контур қарындаштары, маскалағыш қарындаштар; кірпікке  арналған қатты тушь);

       5) бет,  дене және шаш макияжына арналған  ұнтақ тәрізді және шағын сәндік  құралдар (опа, бет далабы, қабаққа  арналған бояулар, бетке, денеге  және шашқа арналған жылтыр);

       6) дененің  гигиеналық күтіміне арналған  ұнтақ тәрізді және шағын құралдар (тальк, ұнтақ, балаларға арналған, парфюмерлік, хош иістендірілген  опа);

       7) тіс  және ауыз қуысының күтіміне  арналған құралдар (гигиеналық және  емдік-профилактикалық тіс пасталары;  эликсирлер, шайғыштар, сергіткіштер, бальзамдар);

       8) гигиеналық, сергіткіш және хош иістендіргіш  құралдар ретінде пайдаланылатын  парфюмерлік сұйық құралдар (иіс  майлар, әтірлер, парфюмерлік, иіс  және хош иісті сулар);

       9) тері, шаш және тырнақтың гигиеналық  және/немесе сергіту күтіміне  арналған косметикалық сұйық  құралдар (лосьондар, лосьон-тониктер, тониктер);

       10) шаш  күтіміне арналған косметикалық  сұйық құралдар (шашты бұйралауға  және түзеуге арналған құралдар, шашты сәндеуге арналған құралдар);

       11) тазарту,  хош иістендіру және сергіту  әсеріне арналған косметикалық  сұйық құралдар (дезодоранттар мен  дезодорант-антиперспиранттар);

       12) қырынуға дейін, қырыну кезінде және қырынудан кейін қолданылатын құралдар (қырынуға арналған кремдер, гельдер және көбіктер);

       13) тырнақ  күтіміне арналған құралдар (маникюрлік  лактар, тырнақ көбесін алуға арналған құралдар, лакты кетіруге арналған сұйықтық, тырнақты өсіруге арналған құралдар);

       14) шашты  түссіздендіруге (немесе түсін  кетіруге) және бояуға арналған  құралдар;

       15) татуажға арналған құралдар;

       16) иіссабын.

 

    1. Өнімдердің нарықта айналу жағдайы

 

      ПК өнімдер белгіленген тараптарға сәйкес болуы тиіс.

       ПК өнімдер, егер оларды мақсаты бойынша тиісінше қолдану кезінде тек адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндірмеген жағдайда, нарыққа жеткізілуі және сатылуы мүмкін.

       ПК өнімдері сатуға енгізгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпке сәйкестігін міндетті растау рәсімдеріне ілігуі тиіс. Сәйкес сертификаттың бар болуы туралы мәлімет ілеспе құжаттамада көрсетіледі.

Информация о работе Өнім курстық