Өлшем құралдарының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 05:49, курсовая работа

Краткое описание

Шама бірлігін іс жүзінде өлшеу үшін нормаланған қателіктері бар өлшем құралдары деп аталатын техникалық құралдар қолданылады. Өлшем құралдарына жататындар: өлшемдер, өлшемдік түрлендіргіштер, өлшеуіш аспаптар, өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер, өлшеуіш жабдықтар.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................................3
1. Өлшемдік түрлендіргіш ........................................................................................4
1.1 Өлшеуіш қондыргылар мен жүйелер.................................................................5
1.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі
жағдайы......................................................................................................................8
1.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүесінің қазіргі....................10
2. Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму жағдайы......................
2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі......................................12
Қортынды....................................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өлшем құралдарының түрлері.docx

— 42.17 Кб (Скачать документ)

ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады: 
-   өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту;

-  шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру;

-  метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту;

- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру; 
- метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге, халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер, нормалар мен талаптардың оңтайлылығы;

-  өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу. 
ҚР МӨЖ-ң негізгі ұстанымдары:

-  ҚР-ң териториясында қолдануға рұқсат етілген заңды шама бірліктеріндегі өлшеу нәтижелерінің бірігуі;

-  берілген ықтималдықпен орнатылған шекараларында орналасқан, қателігі бар өлшемді жүзеге асыру;

-    өлшеу құралдарының шама бірлік эталондарынан өлшем бірлік мөлшеріне берілуі;

-   заңды және нормативті құжаттарға сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру.

ҚР МӨЖ  объектілері мыналар:

-  шама бірліктері;

-  шама бірлік эталондары;

-өлшеу құралдары  (ӨҚ);

-  өлшеу нәтижелері мен әдістерінің және өлшеу құралдарына талап қою;

-   өлшемді орындау әдістемесі (ӨОӘ);

-   нормативтік құжаттар (НҚ).

Келесі бөлімдерде МӨЖ-ң объектілерін анығырақ қарастырамыз. Бұнда өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің ерекшеліктеріне  тоқталу керек. Шама бірліктері Қазақстан  Республикасының териториясында халықаралық  өлшеу жүесінің шама бірліктерін  қолдануға рұқсат етіледі. Стандартизаци, метрология және сертификация жөніндегі  өкілетті органның шешімі бойынша халықаралық  өлшеу жүесіне кірмейтін шама бірліктері рұқсат етіледі.

Шама бірліктерінің  мемлекеттік эталоны. ҚР МӨЖ-ң техникалық негізін шама бірліктерінің мемлекеттік  эталондары құрайды. Олардың құрлымы  мен мазмұнын мемлекет жүзеге асырады. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін  сақтау мен қайталау үшін арналған (шама бірліктерін есе немесе үлестік  мағынасында) және ол Қазақстан Республикасының  териториясындағы бастапқы ретінде  өлшемнің басқа өлшеу құралдарына  беру мақсатымен қолданылады .

Қазақстан Республикасында  қолдануға рұқсат етілген шама бірлікті анықтау үшін өлшеу құралдары  қолданылады, және олар орнатылған талаптар мен эксплуатация шартына сәйкес болуы керек.

Өлшеулерді  орындау әдістері, салаларда қолданылатын мемлекеттік метрологиялық қадағалаумен жүзеге асырылады (ҚР 23 бабы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң), және олар орнатылған тәртіппен стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі  өкілетті органмен аккредиттеуге керек, өнімдерді орындау әдістерін  аттестацияланатын және жасауды жүзеге асыратын Метрологиялық қызметтін ҚР МӨЖ-ң реестіріндегі метрологиялық аттестация мен регистрациядан өтуі керек.

ҚР-ң териториясындағы міндетті түрде қолданылатын ҚР МӨЖ  нормативтік құжаты стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі  өкілетті орган бекітеді.

ҚР МӨЖ  Қазақстан Республикасына қойылған талаптар бойынша өлшеу дәлдігі  мен бірлігін қолдау және жетістіктеріне арналған, техникалық және нормативтік  негізінің жиынтығы болып табылады.

ҚР МӨЖ-ні ұйымдастыру негізі ҚР-ң қызметі  болып табылады. 
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік басқарылуы, Қазақстан Республикасының стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органы мен ҚР-ң Мемстандартымен жүргізіледі, олар 4 Қосымшада көрсетілген функцияларды орындайды. 
Қақастан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемстандарты: 
-                       ҚР-ң метрологиялық қызметінің жұмыс координациясын жүзеге асырады; 
-  метрология саласындағы іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады; 
-  өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту мен жұмыс тәртібін анықтайды; 
-  өлшеу құралдарын жөндеу, қолдану және жасау тәртібін анықтайды; 
-  өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің реестірін жүргізеді; 
-  метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұжымдарда Қазақстан Республикасының өкілі болады;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлерді дайындау мен қайта дайындауды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы метрологиясының техникалық негізін  мыналар құрайды: 
- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметімен қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүесі;

- өлшеу құралдары, соның ішінде мемлекет териториясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілері; 
-заттар мен материалдардың қасиеті мен физикалық константалар жөнінде стандартты анықтама мәліметтері. 
ҚР МӨЖ-ң нормативтік негізі мыналарды регламенттейді: 
- шама бірліктері;

- мемлекеттін салыстырып тексеру сызбалары мен мемлекетін шамаэталондары; 
- өлшеу құралдарын калибрлеу мен тексерудің әдістері мен құралдары; 
- өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының нөмірленген номенклатурасы; 
- өлшеу дәлдігінің нормалары; 
-  өлшеу дәлдігінің көрсеткіші мен өлшеу нәтижелерін көрсету формаларының әдістері;

-  өлшеуді орындау әдістемесі;

-  заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне қойылатын талаптар;

- жобалау, құрлымдық және техналогиялық құжаттарды, нормативтік құжаттардың метрологиялық сараптауын, өлшеу құралдардың калибрлеуі мен тексеруді, метрологиялық аттестацияны, сынауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі;

-метрология  саласындағы терминдер мен анықтамалар. 
ҚР МӨЖ номативтік құжаттары мыналарға бөлінеді:

-номалар  мен ережелерді және жалпы  талаптарды орнататын, негізін  қалаушысы;

- өлшемнің қандай да бір түріне нормалар мен ережелерді және талаптарды регламенттеу.

ҚР МӨЖ-дегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар орындалады: 
- ҚР МӨЖ-ң нормативті құжаттарды жасау мен жетілдіру; 
- Қазақстан Республикасының  шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, қолдану, сақтау және жетілдіру; 
- шама бірліктері, мемлекеттік эталоннан өлшеу құралдарына шама бірліктерінің өлшемінің берілуі.

Өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ету келесі жолдармен жүргізіледі: 
-бекітілген типке сәйкестігі мен типтің бекіту мақсатымен өлшеу құралдарын сынау; 
-  өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациялауы; 
- өлшеу құралдарын калибрлеу мен салыстырып тексеру;

- өлшеуді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестациясы:

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді лицензиялау;

-мемлекеттік  метралогиялық бақылау мен метрологиялық  қадағалау;

-МӨЖ-ң эксперт-аудиторларын  дайындау мен атестациялау; 
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандылығын жетілдіру; 
- ақпараттық қамтамасыздандыру;

- Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық келісім шарт негізінде, шет елдерінде метралогия саласында жасалған жұмыс нәтижелерін мойындауды қамтамасыз ету;

- метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұжымдардың жұмыстарына қатысу.

 

Қазақстан Республикасындағы метрологияның  даму жағдайы

Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.

1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары).

1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған.

Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі.

Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған.

Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру оменклатурасының кеңеюіне әкелді.

1931 жылы Қазақстанның Аймақты салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды.

1933 жылы Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды.

Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14 облыстан құралады. Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған.

Соғыс жылдарынан кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары көбейді.

1995 жылы бірінші разрядты иеленген Алма-Аты мемлекеттік қадағалау лабараториясы ұйымдастырылған, кейін оның аты Республиканың мемлекеттік қадағалау лабараториясына (РМҚЛ) өзгертілді.

Қазақстанда метрологияның қарқынды дамуы 60-шы жылдарда басталды. Осы жылдарда жабдықтандыру  жағынан көрсеткіш құралдар мен  көмекші құралдарға сәйкес келетін 2-ші, 3-ші разрядты, облыстық лабараторияның қарқынды құрылысы басталды.

Алма-Атының мемлекетік қадағалау лабараториясында, механикалық, бұрышты-сызықтық, теплотехникалық, электрлік өлшеу түрлері бойынша  спекторіне кіретін салыстырып тексеру  бөлімі құрылды.

1971 жылы ақпан  айында КСРО-ң Қазақтың республикалық  мемлекеттік стандарт басқармасы  құрылады. Басқару функциясын анықтайтын  жаңа жағдай еңгізіледі. Жаңа  жағдаймен бірге жаңа мақсаттар  мен міндеттер анықталып, стандартизация  және метрология саласындағы  КСРО-ң мемлекеттік стандарт құқығы  кеңейеді.

КСРО-ң Мемстандарттың негізгі мақсаттарының бірі, мемлекеттегі стандартизация мен метрология жүйесін  жасап, негізгі даму бағыттарын анықтау, өнімнің сапасы мен өндірудің  техникалық деңгейінің жоғарлауының тиімді амалдары ретінді стандартизация мен  метрологияның қолдану маштабтарын  кеңейту және оның жұмысының эксплуатациясы мен өндірудің шығынын азайту болып табылады.

70-ші жылдарда  Алма-Атыда физикалық шама бірліктерді  сақтап қайталауға, оларды эталоннан  өлшеу құралдарының корсеткіштеріне  және салыстырып тексеру сызбаларына  сәйкес, жұмысшы өлшеу құралдарына  беруге арналған арнайы мекемені  салу жоспарланды.

1974 жылы құрлыстың  аяқталуы мен мекемелерді салыстырып  тексеру құрылғылармен қамтамасыз  етуден кейін, аккустикалық өлшеу  құралдарын салыстырып тексеру  бойынша, жоғары қуатты өлшеу құралдары бойынша, селкілдеу (вибрация) мен жылдамдық бойынша, жоғарғы және төмен темпиратура бойынша, қысым мен 100 мыңға дейін баратын күш және жоғарғы жиілік бойынша жаңа лабараторияларды құрды. Бұндай салыстырып тексерулер Қазақстанның өндірістері мен ұжымдардын ғана емес, сондай-ақ Орта Азия мен Батыс Сібір мемлекеттерді де қамтамасыз етеді.

1972 жылы Қапчағай  қаласында радиоциондық қадағалау  құрылғыларын салыстырып тексеру  бойынша лабаратория құрылды.  Бұл лабаратория көрсеткіші ерекше құрылғылармен қамтамасыз етіліп, изатоптарды сақтауға барлық мүмкіндікті жасап, альфа — , бетта — , гамма – сәулеленудің энергиясы бойынша өлшеу құралдарының толық диапазонын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді.

1996 жылға  дейін ол дозиметриялық және  радиометриялық аппараттарын мемлекеттік  салыстырып тексеруді қамтамасыз  ететін жалғыз лабаратория болған.

70-шы жылдардың  басында Өскемен, Целиноград, Шымкент,  Жамдыл қалаларында лабараториялар  құрылды. Олар 2-ші, 3-ші разрядтары  бойынша салыстырып тексерудің  ең жаңа құрылғыларымен қамтамасз  етілді.1975 жылы өлшеу техникасы  мен стандарттар бойынша Қазақ  республикасының тарту қадағалау  лабараториясы Қазақ республикасының  стандартизация мен метралогия  орталығы негізінде (ҚазРСМО)  қайта құрылды, ол өнім өндіру  мен жасауды метрологиялық қамтамасыз  етудің күйі мен шығарылатын  өнімнің сапасының стандарттары  мен еңгізулерді сақтап, мемлекеттік  қадағалауды жүзеге асыруға міндетті. 1971 жылы Қазақ КСМ мен бүкіл КСРО республикасында өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қадағалаудан өлшем бірлігін қамтамаыз етуге өтуіне байланысты үлкен жұмыс істелді.

Республикадағы  өндірістермен шығарылатын және жасалынатын өлшеу құралдары  мемлекеттік сынаудан өткізіледі, өндірістің бірлік өлшеу құралдарын метрологиялық  аттестациялауды ұйымдастырады, өлшеуді  орындау бойынша аттестациялаудың методикасын жасау жұмыстары  басталады. Осындай жұмыстар халық  шаруашылығының әр түрлі салаларындағы  өлшем күйлерінің анализін өткізуге түрткі болды.

Информация о работе Өлшем құралдарының түрлері