Текстиль материалдардың тозуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 07:50, курсовая работа

Краткое описание

Матаның тозуға төзімділігі деп-оның көптеген тоздыру факторларға шыдамдылық қасиетін айтады.Пайдалану барысында киімді жарық күн,үйкеліс қайта-қайта созу,бүктеу,сығу,ылғал мен түп жеріне химиялық тазалау және тағы басқа әсерлерге түсіп сыналады. Механикалық ,физико-химиялық және бактериялық әсерлердің күрделі комплексі матаның біртіндеп босауына сонан соң жүндік сипаты бұйымның қолдану мақсаты мен пайдалану жағдайына байланысты ,яғни жуғыш заттардың ерітіндісінде қайнатқанда ауадағы оттегінің әсерінен целлюлоза тотығады да талшықтардың мықтылығы кемиді.Әлсіреу кезінде матаға түсетін механикалық әсердің және үтіктеген кездегі қызғыш металлдың әсері матаның босануына, сууына және тозуына алып келеді.Терезенің гардиналары мен перделері жарықтың күшеюі жерінен мықтылығын жоғалтады.

Содержание

Кіріспе.
Маталардың тозуға төзімділігі
Пиллингтің пайда болуы және жоғалуы
Матаның тозуы критериялары
II.Мата өніміне зиян келтіруші бактериялар және бактерия түрлері.
2.1Матаға зиян келтіруші факторлар.
2.2 Биоматериалдардың өкілдері.
III. Тоқыма материалдарында пайда болатын ақаулар.
3.1 Ақаулардың пайда болуы.
3.2 Ақауларды залалсыздандыру. Қайнату, қайташлихталау.
IV. Қорытынды.
V. Пайдаланған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 67.63 Кб (Скачать документ)

Газ арқылы күйдіруші ГО-24ОМ типті машинаның конструкциясы көрсетілген. Ол тиеуші құрылғыдан 1, қиқым тазалаушыдан және күйдіруші бөліктерден 2 және 3, және булы ұшқын сөндірушіден 4 тұрады. Күйдіруші бөлігі газды қыздырғыштарға ие, олар мата беттік және астарлы жағымен өте алатындай болып орнатылады. Газбен күйдірші машиналар әртүрлі маркілері бір біріне ұқсастықтиарға ие, бірақ газды қыздырғыштардың конструкцияларымен ерекшеленеді.

Жану камерасы жабылған газды қыздырғыштарға ие қыздырушының қимасы келтірілген. Қыздырушы шойын корпустан 1 тұрады, онда араластырғыш камера 2 және қуыс 3, газ өткізуші түтікше 4 орнатылған, газ өткізуші түтікше арқылы газ ауалы қоспа келіп түседі, сонымен қатар мұнда керамикалық отқа төзімді насадкалар 5 орнатылған, отқа төзімді керамикалық насадкалар жану камерасын 6 құрайды.

Мата тиеу құрылғысына  тиелген соң, ол жерден тарқатылған  және түзетілген күйде қиқым тазалаушы  камераға келіп түседі. Мұнда маталар  щеткамен мата қиқымдарынан тазартылып және бір мезгілде талшық қырқушыларға көтеріледі. Осыдан соң мата газбен күйдіруші бөлікке беріледі, бұл жерде қыздырғыштар үсітінен бірінші бір бетімен өтіп және одан соң қайталап астарлы бетімен өткізіледі. Мата күйдіріп тегістеуден соң ұшқын сөндірушіге беріледі., мұнда жандырудан соң мата беті және талшықтарында қалған от ұшқындары сөндіріледі.

Матаның машинадағы жылжу  жылдамдығы 50 ден 250 м/мин дейінгі  аралықта болады, ол матының типіне және сызықты тығыздығына байланысты болады.

Маталарды күйдіріп тегістеу кезінде келесі ақаулар кездесуі мүмкін: жете күйдіріліп тазаланбау, бірқалыпты емес күйдіру, матаның күйіп қалуы және плиталардың бірқалыпты қызбау салдарынан матаның біртегіс емес күйдірілуі және т.б.

Шлихтасыздандыру.

Қайташлихталау операциясының  арналуы – маталарға шлихталау  кезінде иірім жіпке тоқу процесінде матаның беріктікігін және тозуға төзімділігін арттыру мақсатында жағылған негіздік жіптегі шлихталарды алып тастау болып табылады. Қайташлихталанбаған  мата жоғары қатаңдыққа ие болады, ол матаның  өңдеу процесінде әртүрлі ерітінділермен өңдеу процестерін күрделендіреді. Шлихтадан басқа қайташлизхталау  процесінде талшықтардан табиғи қоспалардың  бір бөлігі аластатылады, мысалыға целлюлоза қалдықтары.

Маталардан шлихталарды  аластату келесі жолмен жүргізіледі. Мата күкірт қышқылының ерітіндісімен (3-6 г/л) немесе күйдіргіш натрийдің (3-5 г/л) ерітіндісімен 30-400С температурада  сіңдіріліп және 12-18 сағат көлемінде  демалдыру үшін жатқызылады. Судың  және химикатардың әсерінен шлихта (крахмал) ісініп және аздап немесе толықтай еритін жағдайға өтеді. Қышқылодар және сілтілер орнына шлихталарға әсер ету  мақсатында бактериальды препараттарды  пайдаланады.

Маталарды суландыру жгутты сіңдіру машиналарында жүргізіледі. Мата екі ағынмен үздіксіз түрде  түйінаулаушы арқылы 1 машинаға беріледі. Одан соң жгут тиеуші сақина 2 арқылы және шектеуші сақинамен 5 орату роликтеріне 6 беріледі, төменгі біліктер 3 бетіне және одан қайтадан орату роликтеріне  берілген мата түйіндер немесе орамалар түзеді. Түйіндердің араласуы және оралуына гребенкалар 4 әрекет етеді. Екі  жгут та машинадан шығу кезінде жоғарғы  қысу біліктеріне қысылады. Маталарды  машинадан шығарып алу таңдамалы  блокпен жүргізіледі. Сіңдірілген  матаны жатқызу үшін арнайы компенсаторлар үстіне төсеп қояды. Маталарды жуу  жатқызудан соң жгутты жуу машиналарында  жүргізіледі.

 

 

Қайнату

Маталарды қайнату крахмал  қалдықтарын, целлюлоза құрамындағы  парафин тәрізді және майлы пектинді қолсылыстарды аластату мақсатында, сонымен бірге азотты заттардан  арылу мақсатында жүргізіледі. Одан басқа матадан галочкалар және басқа  да механикалық қоспалар аластатылады.

Маталар қайнату нәтижесінде 8 пайызға дейін бастапқы массасын жоғалтады, және жақсы термиялық  төзімділікке ие және гигроскопиялы  болып шығады. Қайнатуға тартылатын негізгі химиялық материалдар болып  күйдіргіш натр және әртүрлі беттік активті заттар есептеледі, бұл заттардың  барлығы бір сатылы өңдеуде пайдаланылады. Одан басқа суланедырушылар және бисульфит немесе натрий силикаты пайдаланылады. Аталған препартар әсерінен балауыз  тәрізді заттардың жуылуы жүреді, олар майлы қышқылдардың натрийлі тұздарын түзеді, сонымен қатар пектинді және азотты қосылыстар гидрлизі жүреді. Осы  реакциялар нәтижесінде ерітінділердің көп ретті әсер етуімен маталардан қоспалардың аластатылуы жүзеге асырылады. Ерітіндіде майлағыштар  және суландырушылар қатысуы, және беттік – активті заттардың қосылуы  процесті үдетеді.

Маталарды қайнату, жылжымалы  құрылымға ие (марлі типтес), қайнату  қазандықтарында жүргізіледі. Ол меншікті қазандықтан 1, көпқадамдық қыздырғыштан 2, буферден 3, маталарды механикалық  жинаушыдан 4, циркуляциялық сораптан 5, гребенкадан 6 және вакуум – сораптан тұрады. Мата алдын ала мұздатылған  сіңдіру машинасында сілтілді ерітіндімен  өңделіп және қазандыққа механикалық  жинаушы арқылы тиеледі. Қазандыққа теиу уақытында берілген концентрациядағы ерітінді де қоспа беріледі. Қазандық мойыншасына дейін толтырылған соң вакуум – сораппен тығыздалады. Мұнда қайнату ерітіндісі буферге ағып, ол жерден циркуляциялық сорап дайындаушы бакке айдайды. Осыдан соң қазандық толтылып, қақпағы жабылып және ерітінді ішкі қазандықтың төменгі жағына сорылады.

Қайнату ерітіндіні келесі схема бойынша циркуляциялау  процесінде жүргізіледі:       

буферге қарай. 2-2,5 сағат  уақыттан соң циркуляциялаудың бағытын  кері бағытта ауыстырып және процесс  тағы 2,5 сағатқа созылады.

Қайнатудан соң қазандықты салқындату жүргізіліп, матаны ыстық  және салқын сумен жуу операциясы орындалады. Ерітінді бірінші жуудан соң матаның келесі партиясын  алдын ала суландыру үшін қайта  пайдаланылады. Жуылған матаны жуу  – материалды машина көмегімен алып және ағартуға жібереді. Қалған маталар  үздіксіз тәсілдерде қайнатылады.

Қайнату кезінде келесі ақаулар  туындауы мүмкін: матаның әлсізденуі – егер қазандыққа ауа оттегісі түсетін болса, жете қайнатылмау  – егер ерітінді концентрациясы жеткілікті шамадан төмен болса, және қайнату  уақыты толық орындалмаса

Киімнің термиялық кедергісіне  материалдардың қалыңдығының ықпал  жасауы.Киімнің кеуде бойындағы  термиялық кедергінің жиынтық теңдігі.Киімнің  жылу сақтағыш қасиеттері, ауа ағынының жылдамдығы және ауа өткізгішті материалдардың тәуелділік көрсеткіштері.

Тоқылған – тігілген беймата  маталардан жасалған өнімдердің үйкелуден  тозуы. Мақта – мата талшықтарының үйкелуге шыдамдылығы.Тозуға шыдамдылық. Киімнің термиялық кедергісіне материалдардың қалыңдығының ықпал жасауы.Киімнің кеуде бойындағы термиялық кедергінің жиынтық теңдігі.Киімнің жылу сақтағыш қасиеттері, ауа ағынының жылдамдығы және ауа өткізгішті материалдардың тәуелділік көрсеткіштері.Көйлектерге, кеудешелерге және жоғарғы жейделерге қойылатын гигиеналық талаптар.

Мата таңдаудағы негізгі назар аударатын белгілер:

Бүкіл маталар тобы қасиеттері  бойынша 5 топқа бөлінеді:

  • механикалық
  • технологиялық
  • физикалық
  • өлшемдік
  • оптикалық

Матаның механикалық  қасиеттері - киімді пайдалану барысында оның тозуы, негізінен - тартатын, қысатын, бүктейтін күштердің әсерінен болады. Сондықтанда киімнің түрлері мен түсін сақтауда, киім уақытын ұзартуда оның механикалық қасиеттерінің, яғни әр түрлі механикалық ықпалға қарсы тұра алу қабілетінің маңызы зор. Матаның тозуға төзімділігі, ұзаруы, қыртыстанбауы, қаттылығы, драпталынуы және т.б. жатады.

Матаның физикалық  қасиеті - оның гидроскопиялық, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, шаң жинау қабілеті, электрленгіш, су сіңіру қабілеті және т.б. қасиеттері жатады. Гидроскопиялық  қасиеттері матаның қоршаған ортадан ылғал тарту қабілеті.

Матаның технологиялық  қасиеті - матаның тайғақтығы, сетінегіштігі, ойылғыштығы, жіптің тігісте жылжығыштығы, отырғыштығы, пішуге қарсы тұрғыштығы, ылғал жылу өңдеу арқылы формасын сақтау қабілеті.

Матаның өлшемдік қасиеттеріне - матаның ені, қалыңдығы жатады.

Матаның оптикалық - қасиеттеріне адамның көзімен көруге болатын қасиеттері жатады. Яғни матаның түсі, өрнегі және  жылтыры  жатады. Оптикалық қасиеттері жағынан маталарды өңделмеген яғни өз түсімен ағартылған, сурет бастырылған ала тоқылған, меланджды, молимерленген болып бөлінеді.

Астарлық мата -  тігін бұйымының астын көрсетпеу үшін және киімдерді оңай киіп шешу үшін қолданылады. Астар маталарға мынандай талаптар қойылады: тозуға төзімді, тайғақтығы, үйкеліске мықтылығы, химиялық тазалауға мықтылығы, және де астар матаның отыруы негіз матаның отыруымен бірдей болу керек.

Астар маталар әр түрлі талшықтардан жасалуы мүмкін. Тоқыма ақаспасы жағынан  көптеген полотналық, саржалық, майда  өрнекті және т.б. болуы мүмкін. Өңдеу  жағынан бір түсті және сурет  бастырылған, ал тоқылған болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Қорытынды

 

Әдетте материалдарға қойылатын негізгі талаптар болып, оның жоғарғы беріктігі болып табылады. Егер жүз жыл бұрын материалдар тексеру үшін дамыса, қазіргі таңда бәрі мүлдем басқа. Яғни бүгінгі материал өндірушілер өте терең зерттеу  жұмыстарынан кейін ғана өндіреді. Көптеген материалдың жетіспеушілігі болып дұрыс зерттелмеуі болып табылады. Матеиалдардың екінші өкілінің пайда болуы  медициналық құрылғылардың дамуын тездетті  және медицинаның басқа салаларының дамуна үлкен әсер етті. Жаңа технологияның басты мақсаты  тірі жасушалардың биоматериалдарға жағымды әсер етуі. Мұндай зерттеулер ағзаны немесе ауру  жасушаны қалпына келтіретін немесе  ауыстыратын жаңа медициналық құрылғылар ойлап табуға мүмкіндік береді. Негізінен материалдардың тозуға төзімділігін және де тозған жағдайда оларды барынша залалсыздандырып әрі қарай оның өршіп басқа материалдарға тарамауының алдын – алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.А.Ж.Құтжанова, А.С.Абишова,  Т.Оңғар  Материалтану  зертханалық   практикумы.” Алматы  технологиялық университеті”,2006 ж.  176-191бет.

2.Г.Н.Кукин, А.Н.Соловьев, А.И.Кобляков   Текстильное материаловедение. “Легкая промышленность  и бытовое обслуживание”, 1989ж.    234-243бет.

3.Б.А.бузов, Н.Д.Алыменкова, Д.Г.Петропавловский   Практикум по материаловедению  швейного  производства.”Академия” , 2004ж.  255-274бет.

4.Б.А.Бузов, Н.Д.Алыменкова   Материаловедение  в  производстве  изделий  легкой  промышленности.  “Академия”, 2004ж.   283-301бет.

 

 

 

 


Информация о работе Текстиль материалдардың тозуы