Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың түсінігі және қағидаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 23:08, реферат

Краткое описание

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ыкдалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кукыктык тартип.pptx

— 110.94 Кб (Скачать документ)

СӨЖ

 

“Астана Медицина Университеті” АҚ

 

 

Тақырыбы:

Құқықтық  тәртіп пен заңдылықтың түсінігі және қағидаттары

 

 

“Құқық негіздерімен сот медицина” кафедрасы

 

Жоспар:

 

 

    • 1 Заңдылықтың түсінігі мен қағидалары
    • 2 Құқықтық тәртіптің түсінігі.
    • 3 Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы.

1. Заңдылықтың  түсінігі  
 

 

    • Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ыкдалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.

 

    • 1). Құқықтық норма

арқылы  қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.

 

    • 2).Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.

 

    • Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері:

 

    • 3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
    • Заңдылық дегеніміз — мемлекеттің конституциясын, парламенттің қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.

 

    • 1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек.

Сол арқылы мемлекеттің заңдары бостандықты, тендікті, адамгершілікті, инабаттылықгы, парасаттылықты т.б. жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс басқару.

 

 

2.Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау. "Сөз бен іс бір жерден" шығу керек.

 

 

3. Конституция мен заңды халықаралық  құқықтың принциптерін қатаң  қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.

 

 

Міне  осы элементтер іс жүзінде бірігіп, қалыптасса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік  болады.

Заңдылықтың өзіне тән ерекшеліктері:

    • - заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау, дамыту барлық қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың міндеті. Бақылау мемлекеттік органның жұмысы.
    • - заңдылық нормативтік актілермен тығыз байланыста дамиды. Олар бір-біріне зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса екіншісі де жақсы дамиды, нашар дамыса, екеуінің де деңгейі төмен болады.

Сондықтан заңдылық мемлекетте бір-бірімен тығыз  байланысты екі мәселені дұрыс дамытуды қалайды:

    • - заң шығаруды дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу;
    • - заңды бұлжытпай, уақытында орындауды қамтамасыз ету.

Заңдылықтың негізгі талабы:

    • - заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
    • - заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң, орындау;
    • - адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан келтірмеуге міндетті;
    • - заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайды;
    • - құқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргізу.
    • Заңдылықтың қағидалары –

бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:

    • 1) заң үстемдігі – барлық нормативтік және жеке құқықтық  актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;
    • 2) заңдылықтың тұтастығы – нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді біл-діреді;
    • 3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі – құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заң-дардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкес-тілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсат-қа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;        
    • 4) заңдылықтың шынайылығы – құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

 

2. Құқықтық тәртіптің түсінігі  
 

 

    • Құқықтық тәртіп — заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық орындалуы. Заңдылық-құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп - заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалады
    • Құқықтық тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекетгің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.
    • Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:
    • а) ол құқық нормаларында жоспарланған;
    • ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;
    • б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
    • в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасай-ды;
    • г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады.

 

    • 3. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы.

 

    • Заңды-лық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді.
    • 1) құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табы-лады; құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нор-мативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;
    • 2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес;
    • 3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;
    • 4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұ-нына байланысты болады.  

 

Қорытынды

 


Информация о работе Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың түсінігі және қағидаттары