Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Июня 2014 в 09:35, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана және құқықтық мәдениет” деп танылады. Сана – объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_kurs_103.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

6) Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық қамтамасыз  етілмесе саяси нигилизмнің негізіне  айналып, көп зиян келтіруі мүмкін.

7) Әр түрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар күрестер.

 

ІІ .2. Құқықтық мәдениеттi қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенiң маңызы

Жалпы тәрбиенiң маңызы- тұлғаны жан- жақты және үйлесiмдi дамыту болып табылады. Әлеуметтiк топтарға бiрiктiрiлген адамдардың құқықтық санасы – сан алуан факторлар негiзiнде қалыптасады, яғни әлеуметтiк - экономикалық, саяси, этнопсихологиялық, мәдени және тарихи факторлар. Алайда бұл, азаматтардың бойындағы құқықтық сананы қалыптастыруға тiкелей әсер ету мүкiн емес деген сөз емес . Керiсiнше құқықтық сан басқа да адамгершiлiк сана, дiни сана, ғылыми сана секiлдi рационалды жуйелi дамуды, стимулды, әлеуметтiк әсер етудi қажет етедi. /10/

Құқықтық тәрбие –жеке азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, мемлекеттiң азамат бойында заңи практиканы беру бойынша, заң нормаларын сақтауды қамтамасыз ететiн позицияны сiңiру бағытында жұмыс жасайтын бағытты қызметi. Құқықтық тәрбиенiң мазмұны азаматтарға құқық пен мемлекет, заңдылық, тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi туралы бiлiм беруболып табылады. Сонымен қатар, құқықтық тәрбие адам бойында заң тыңдаушылықты да қалыптастыруы қажет. Құқықтық тәрбие – күрделi және көп аспектiлi қызмет жүйесi. Әрине коптеген құқықтық құндылықтар өз негiзiн моральдық нормалардан ала отырып, адам бойына басқа да құқықтық емес каналдар арқылы жеткiзiледi. Алайда құқықтық тәрбие ез келген адамның бойына құқықтық құндылықтарды жеткiзу үшiн және оларды тәртiп ориентирiне айналдыру үшiн арнайы тәсiлдер жүйесiн ұсынады. Сондықтан,құқықтық тәрбиенiң құралдары мен тәсiлдерi ұйымдастырушы және методологиялық механизм болып табылады, осылардың көмегi арқылы құқықтық тәрбие субъектiлерi қоғамдық және жеке санаға өз әсерiн тигiзедi де субъектiге құқықтық принциптер мен нормаларды тез игеруiне көмектеседi. Құқықтық тәрбиенiң механизмiнiң негiзгi элементтерi қандай? Алдымен бұл,тәрбие процесiн ұйымдастырудың нақты әдiстерi. Қазiргi таңда халықпен құқықтық жұмыс жүргiзудiң көптеген шаралары қолданылады: құқықтық жалпы бiлiм беру, жалпы коммун икация құралдары арқылы құқықты насихаттау, әртүрлi конституциялық шараларға байланысты құқық тәрбиелiк жұмыс жүргiзу. Мысалы, референдумдар, сайлаулар және т.б. Құқықтық жалпы бiлiм берудiң жүйесi мыналарды қамтиды: арнайы құқытық семинарлар,мектептер. Бұл шаралар мемлекетпен және қоғамдық бiрлестiктермен ақылы немесе ақысыз түрде ұйымдастырылуы мүмкiн. Құқықтық тәрбиелiк жұмыстар санатына құқықтық тақырыпқа байланысты “дөңгелек үстелдер”, құқық мамандарымен кездесулер, саяси құқықтық қатынастардың өзектi мәселелерi бойынша пiкiрталастар, тақырыптық бағдарламалар, мамандармен заң нормаларын талқылаулар жатады. Өкiнiшке орай, қазiргi таңда жалпы құқық тәрбиелiк жұмыстардың жүргiзiлуi күрт азайып кеттi, соның iшiнде азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша жүргiзiлетiн құықтық тәрбиелiк жұмыстар жоқтың қасы. Қазiргi таңда бұл жұмыс мерзiмдi сайлау жұмыстары кезiнде немесе қажеттi конституциялық маңызды шаралар жүргiзу кезiнде жүзеге асырылады. Сонымен бiрге практикада жалпы құқықтық жұмыстың мынадай түрлерi жасақталып шығарылды, яғни, лекциялық насихаттау,құқықтық апталықтар, декадалар, ғылыми практикалық конференциялар және т.б. Қазiргi кездегi құқық саласындағы тәрбие жұмысындағы өрескел жетiспеушiлiк болып жастарға арналған құқықтық тәрбие жұмыстарының жүргiзiлмеуi болып табылады, яғни, мектепшiлiк құқықтық олимпиадалардың,құқық тақырыьында диспуттардың,“жас юрист” үйiрмелерiнiң жүргiзiлмеуi, болып табылады. Отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы, меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады. Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор. Бұл жерде өз маңызын құқықтық және адам бостандықтарын сыйлауға, азаматтардың жаңа экономикалық мүмкiндiктерiн айқындауға бағытталған журналдық мақалалар, кинофильдер, театралдық қойылымдар, көрнекi құралдар да өз маңызын жоғалтпақ емес. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениетiн зерттеумен айналысатын көптеген ғалымдар құқықтық тәрбиенiң маңызы мен мақсаты ретiнде азаматтардың құқықтық сауаттылығын,құқықтық пiкiрдiң болуын, жоғары құқықтық белсендiлiк ретiнде қабылдайды.

Құқықтық тәрбиелеуде ең басты назар мына үш элементке аударылады:

-заңдарды бiлу;

оларды сақтау және заң нормаларын орындау;

әлеуметтiк белсендi құқықтық тәртiп;Көптеген ғалымдар адам бойында құқықтық тәрбиелiлiктi қалыптастыру үшiн осы үш элемент арасында үздiксiздiк болуы керек екенiн айтады.


Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет.Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi – қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.

Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құқықтық мәдениет және тәрбие деңгейiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тақырыпты қорытындылай келе мына жағдайларға ерекше тоқталғым келедi. Отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы, меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады.

Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.

Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет.Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi – қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.

Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.

 

 

 

 

СIЛТЕМЕЛЕР

 

  1. Ғ.Сапарғалиев,А.Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1999. 236-бет
  1.  Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М.,1995г. 122-бет
  1. Марченко М.Н. Теория государства и права. М.:Зерцало. 1998,216 бет
  2. М.Н. Марченко “Теория государства и права” Москва-1999 ж. 436 бет.
  3. Сальников В.П. “Правовая культура: проблемы формирования гражданского общества и правового государства”\\ Демократия и законность. Самара 1991 г.
  4. В.К. Бабаева “Теория государства и права” Москва-2004 ж. 312 бет.
  5. В.К. Бабаева “Теория государства и права” Москва-2004 ж. 314 бет.
  6. А.В.Малько, Н.И.Матузов. “Теория государства и права” Москва-2003 ж. 684- бет.
  7. А.В.Малько, Н.И.Матузов. “Теория государства и права” Москва-2003 ж. 690 бет.
  8. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. М., “Знание”1985. 66 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

НОРМАТИВТIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕР

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагмбетов М.М. Казахстан:эволюциягосударства и общества. Алматы,1996.
  2. Азаров Ю.П. “Искусство воспитывать”/Книга для учителя/ Москва “Просвещение” 1985г.
  3. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Учебное пособие для ВУЗов.“Эльфа”,1996 ж.
  4. Жоламан Қ.Д.,Мухтарова А.К.,Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1996.
  5. Люблинская А.А. “Учителю о психологии” /Учебное пособие/ Москва “Просвещение” 1977г.
  6. Марченко М.Н. Теория государства и права. М.:Зерцало. 1998.
  7. Основы государства и права Республики Казахстан. Учебноеғ пособие. Под.ред. Г.С. Сапаргалиева. Алматы, Жетi Жарғы. 1997.
  8. “Правовая культура: проблемы теории и практики”. Под редакцией Ибраевой А.С. г. Алматы 2002г.// “Жетi Жаргы”
  9. “Общая Теория Государства и Права”.//Под редакцией Комарова С.А. Москва 1998г.
  10. “Теория Государства и Права”. Курс лекций. //Под редакцией Н.И. Матузова, А.В. Малько - Москва 2002г. “ЮРИСТЪ”.
  11. “Теория Государства и Права”. //Под редакцией Нерсесянц В.С. Издательская НОРМА - ИНФРА*М// Москва 1999г.
  12. Сальников В.П. “Правовая культура: проблемы формирования гражданского общества и правового государства”\\ Демократия и законность. Самара 1991 г.
  13. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Зерцало. М:.1996.
  14. Теория государства и права:Ч 1. Под. ред. А.Б. Венгерова. “Юристъ”1996.
  15. “Теория Государства и Права” под редакцией В.Н. Хропанюка. 2002г.
  16. Учебное пособие “Введение в гражданское образование”. //Алматы 2002г.
  17. Хутыз М.Х.,Сергейко П.Н. Энциклопедия права.М. “Знание” 11995.
  18. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. М., “Знание”1985.

 

 


 



Информация о работе Құқықтық сана және құқықтық мәдениет