Шпаргалка по дисциплине "Теория государства и права"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 18:04, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Теория государства и права".

Прикрепленные файлы: 1 файл

юрфак каз.doc

— 186.00 Кб (Скачать документ)

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жалпы сипаттамасы. Әрекеттегі ҚР ҚК-нің құрылымы және жүйесі: Кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұны және жүйесі. Жалпы және Ерекше бөлімдердің бірлестігі.

Жалпы және Ерекше бөлімдердің баптарында көзделген қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы. Гипотеза, диспозиция және санкцияның түсінігі. Қылмыстық-құқықтық диспозицияның және санкцияның түрлері.Қылмыстық-құқықтық норма және ҚК-тің баптары. Қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұны, белгіленуі. Қылмыстық заңның бланкеттік диспозицияларын толтыратын құқықтық нормалардың құқықтық табиғаты.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші. Қазақстан Республикасының аумағында  жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күші. Аумақ ұғымы. Континенталдық шельфте және ерекше экономикалық аумақта жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күші. Су және әуе көлігінде қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық заңның күші. Иммунитет мәселесі.

Қазақстан Республикасының аумағынан  тыс жерлерде қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық заңның күші. ҚР әскери қызметкерлерінің жауаптылығы.

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші. Қылмыстық заңның кері күші: түсінігі және шектері.  Қылмыстық заңды түсіндіру. Түсіндіру түрлері. Қылмыс жасаған тұлғаларды беру мәселесі

2. Қылмыс ұғымы. Қылмыстық  жауаптылық және оның негіздері.  Қылмыс құрамы

ҚР ҚК-і бойынша қылмыстың түсінігі. Қылмыстың әлеуметтік табиғаты. Қылмыс деп танылатын әрекеттерлің тарихи өзгермелі сипаты. Қылмыс белгілері әрекетке баға берудің міндетті бағдарламасы ретінде. Құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық. Қылмыстың материалды және формалды түсінігі. Қылмыс, қылмыс құрамы.  Әкімшілік преюдиция.

Қылмыстың дәрежесі. Жіктеу критерийлері және олардың әлеуметтік анықталуы.

Қолданыстағы ҚК-те көзделген  қылмыс құрамының барлық белгілерін қосатын тұлғаның әрекетті жасағандығы жайлы түбегейлі ереженің қылмыстық заңда бекітілуі- қылмыстық жауаптылықтың біртұтас және жалғыз негізі ретінде ( ҚК 10-бабы).

Қылмыстық жауаптылықтың  түсінігі және мазмұны. Қылмыстық- құқықтық қатынастардың түсінігі, мазмұны  және субъектілері. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, оны жүзеге асыру және тоқтату нысандары. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық жауаптылықтың түсінігіне, мазмұнына және оны жүзеге асыруға байланысты пікірталастық сұрақтар.

Қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс құрамы және қылмыс түсінігі. Қылмыс құрамының қызметтері.

Қылмыс құрамының элементтер. Қылмыс құрамының объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) белгілер.

Қылмыс құрамының түрлері. Оларды түрлерге бөлу критерийлері: а) қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша; ә) құрылымы бойынша және б) заңнамалық негізі бойынша. 

3. Қылмыстың  объектісі

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс объектісінің түсінігі. Қылмыстың қауіптілік дәрежесін және құрамын анықтаудағы объектінің маңызы. Қылмыс объектісі жайлы пікір талас. Құқықтық игілік пен қоғамдық қатынастар қылмыс объектісінің жалпы сипаттамасы ретінде. 

Жалпы, топтық және тікелей объектінің түсінігі. Негізгі, қосымша және факультативті объектілер. Жекеленген қылмыс құрамдарында объектілерді сипаттаудың тәсілдері. Объектілерді жіктеудің мәні.

Қылмыс затының түсінігі және оның объектіден айырмашылығы. Қылмыстан жәбір көргеннің түсінігі және оның қылмыстық құқықтық мәні.

4. Қылмыстың объективтік  жағы

Қылмыстық құқықтағы қылмыстың объективтік жағының түсінігі, мазмұны және мәні. Қылмыстық заңнамадағы қылмыстық объективтік жағы. Қылмыс құрамының қажетті және факультативті белгілері. Олардың пәндік мазмұны және қылмыстық құқықтық бағасы. Оларлы сипаттаудың анықтылығы. Қоғамға қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның мінез-құлқының сыртқы көрінісі ретінде.Қылмыстық құқықтық әрекеттің түсінігі және оның белгілері. Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктері. Тойтарылмайтын күштің, физикалық және психикалық мәжбүрлеудің түсінігі және олардың қылмыстық жауаптылық үшін маңызы.

Қоғамға қауіпті зардаптар, олардың қылмыстық құқықтық мәні. Зардаптардың түрлері. Олардың қылмыстық заңда бейнеленуі. Формальды және материалды құрамдар. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс: түсінігі және мәні. Себепті байланыстың объективті сипаты. Ұлттық және шет елдер қылмыстық құқығындағы себепті байланыстың теориялары. Қылмыстың объективтік жағының факультативті белгілері.

5. Қылмыстың  субъектісі

Қылмыстың субъектісінің түсінігі, оның әлеуметтік сипаттамасы. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасы. Субъектінің қылмыстық құқықтық негізгі (міндетті) және факультативті белгілері. Қылмыстық жауаптылықтың жас мөлшері.

Есі дұрыстықтың түсінігі. Есі дұрыс еместік: түнісінігі және критерийлері (медициналық (биологиялық) және психологиялық (заңи)). Аталған критерийлердің ара қатынасы.

Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын  психикасы бұзылған адамның қылмыстық  жауаптылығы (ҚК 17 бабы). Мас күйiнде  қылмыс жасаған адамның қылмыстық  жауаптылығы

 Қылмыстың арнайы субъектісі  және оның қылмыстық құқықтық  мағынасы. Қылмыстың арнайы субъектілері  жауаптылығының дифференциациясының  негіздемесі. Арнайы субъектілерді  саралау. 

6. Қылмыстық субъективтік  жағы

Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі: мазмұны және мәні. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті (міндетті) және факультативті белгілері.

Кінә қылмыстық заңның қағидасы, қылмыстың белгісі және субъективтік жақтың элементі ретінде. Кінәнің қылмыстық құқықтық құрылымындағы пәндік және бағаланушылық. Кінә нысандары, олардың қылмыстық жауаптылық үшін маңызы. Қасақаналық кінәнің және абайсыздағы кінәнің ара қатынасы. Абайсызда жасалған әрекет ол Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады деген ереженің қолданыстағы Қылмыстық кодексте заңдық бекітілуі (19 бап 4-тармақ).

Ниет кінәнің нысаны ретінде, оның мазмұны (интеллектуалдық және еріктілік элементтері). Тікелей және жанама ниет. Материалды және формальды құрамдардағы ниет. Қылмыстық құқық теориясындағы ниеттің басқа да түрлері. Қылмыстық жауаптылық үшін ниет түрлерін саралаудың маңызы.

Абайсыздық кінәнің бір нысаны ретінде, абайсыздықтың түрлері. Немқұрайлылықтың интеллектуалдық және еріктілік элементтері. Оның жанама ниеттен айырмашылықтары. Немқұрайлылық мен менмендіктің айырмашылығы. «Казус» пен немқұрайлылықтың айырмашылығы. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыс үшiн жауаптылық.

Қылмыстық заңдағы қылмыстың субъективтік жағының сипатталуы.

Ниет пен мақсат қылмыстық субъективтік жағының факультативті белгісі ретінде. Қылмыстың субъективтік жағында эмоцияның рөлі.

Қатенің түсінігі және оның қылмыстық жауаптылық үшін маңызы. Қатенің түрлері.

7. Қылмысты  жасау сатылары

Аяқталған қылмыстың түсінігі. Қылмысты жасау сатылары, сатылардың түрлері. Сатыларды қылмыс құрамының объективті және субъективті белгілері бойынша бөлу. Бағалау мен талқылаудың спецификасы.

Аяқталған қылмыстың түсінігі. Қылмыстың заңи және нақты аяқталуы.

Қылмысқа дайындалу: түсінігі мен мазмұны, объективті және субъективті белгілері. Дайындалу нысандары. Қылмысқа дайындалғандығы үшін қылмыстық жауаптылық негіздері. Қылмысқа оқталу. Қылмысқа оқталудың түсінігі мен мазмұны, оның объективті және субъктивті белгілері. Қылмыстық құқық теориясында оқталудың түрлері.

Қылмысқа оқталудың аяқталған қылмыс пен қылмысқа дайындалғандықтан айырмашылығы.

Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас  тарту. Қылмыс iстеуден өз еркiмен  бас тартудың түсінігі мен мәні және оның белгілері. Қылмыс істеуден өз еркімен  бас тарту кезінде қылмыстық жауаптылықты жоюдың негіздері мен жағдайлары. Қылмысқа қатысушылардың қылмсы істеуден өз еріктерімен бас тартуы.

8. Қылмыстың көптігі

Қылмыстың көптігінің түсінігі мен мазмұны. Көптіліктің құқықтық және әлеуметтік сипаттамасы. Бірнеше мәрте жасалған, жалғаспалы.созылмалы және күрделі құрамдағы қылмыстар. Көптіліктің қоғамға қауіптілігі.

Қылмыстардың көптігінің түрлері және олардың жалпы сипаттамасы. Қылмыстарды бірнеше мәрте жасау. Нақты және идеалды қылмыстар. Қылмыстың қайталануы. Қайталанған қылмыстардың түрлері.  

9. Қылмысқа  қатысу

Қылмысқа қатысудың заңи табиғаты, қоғамға қауіптілігі және әлеуметтік мәні. Қылмысқа қатысудың түсінігі, оның объективті және субъективті белгілері. Екі немесе одан да көп адамның қатысуы. Бірлесушілік. Қылмысқа қатысу кезіндегі ниет. Ниеттің түрлері. Қылмысқа қатысушылық жайлы пікірталастық сұрақтар.

Қатысушылардың түрлері, критерийлері және бөлінуінің жалпы сипаттамасы.Ұйымдастырушы, орындаушы, айдапсалушы және көмектесуші. Орындаушылардың түрлері. Орындаушылар мен басқа да қатысушылардың қылмыстық құқықтық мәртебесін жіктеу. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы және олардың әрекеттерін саралау ерекшеліктері.

Орындаушы өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейiн  жеткiзбеген жағдайдағы қатысушылардың жауаптылығы

Қылмысқа қатысушылықтың түрлері мен нысандары. Қатысушылықтың жекелеген түрлерінің түсінігі мен белгілері. Қылмысты ұйымдасқан топпен, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, алдын ала сөз байласпаған адамдар тобымен және қылмыстық ұйыммен қылмысты жасау.

Қатысушылық нысандарының белгілері. Қатысушылардың жауаптылығының шегі және негізі. Қатысушылардың әрекеттерін саралау. Қатысуда жазаның және жауаптылықтың жекелігі. Тұлғалардың жекелеп қатысуы және қылмыстың ауырлататын және жеңілдететін жағдайларын қатысушылардың шегі. Қылмыстардың жекелеген түрлеріндегі қылмысқа қатысудың спецификасы.

Қылмысқа жанасушылық.

10. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын  жоятын мəн-жайлар

Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын  мəн-жайлардың түсінігі және түрлері, олардың қылмыстық жауаптылықты және жазаны жоятын мән-жайлар жүйесіндегі орны.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар.

Қажетті қорғану. Әрбір азаматтың субъективті құқығы ретіндегі қажетті қорғанудың түсінігі және мазмұны. Қажетті қорғанудың мәні. Қажетті қорғанудың құқықтылығының жағдайлары. Қажетті қорғану шегінен асып кетушілік, оның мәні. Асып кетушіліктің субъективтік жағы. Қажетті қорғану шегінен асып кетушілік үшін жауаптылық негіздері.

Аса қажеттілік: түсінігі және мазмұны. Аса қажеттіліктің құқықтық шарттары. Аса қажеттіліктің қажетті қорғанудан айырмашылығы.

Қылмыс жасаған адамды ұстау  кезiнде зиян келтiру. Зиян келтірудің түсінігі және оның мазмұны. Қылмыс жасаған  адамды ұстау кезiнде зиян келтiрудің құқықтық шарттары.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеудің түсінігі және мазмұны. Күштеп мәжбүрлеудің салдарынан жасалған іс әрекеттің қылмыстылығын жоюдың шарттары. Психикалық мәжбүрлеудің салдарынан болатын қылмыстық жауаптылық.

Орынды тәуекел. Орынды тәуекелдің түсінігі және мазмұны. Орныды тәуелкел үшін жауаптылық. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Бұйрықты немесе өкімді орындау: түсінігі және осы мән-жайлардың мазмұны.

11. Жазаның түсінігі  және мақсаты. Жазаның түрлері  және жүйесі

Қылмысық жазаның түсінігі, оның мәні мен белгілері. Жазаның құқықтық табиғаты және оның әлеуметтік қызметтері. Жазаның мазмұны. Жазаның басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан айырмашылығы. ҚР ҚК бойынша жазаның мақсаттары және олардың орындалуы. Жекелеген мақсаттардың мағынасы. Жазаның легитимділігі және шегі.

Жазаның түрлері туралы пікірталастар. Өлім жазасы туралы пікірталастар.

ҚР ҚК бойынша жазалардың жүйесі және оның мағынасы. Жазаның басқа да қылмыстық құқықтық сипаты бар шаралардан айырмашылығы. Жазаның түрлері: айыппұл салу; белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; абақтыда ұстау; бас бостандығынан айыру; өлiм жазасы. Негізгі және қосымша жазалар. Жекелеген жазалардың түрлерін тағайындаудың мазмұны және негіздері. Олардың қылмыстылықпен күресудегі рөлі.

12. Жаза тағайындау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің жаза таңайындаудың жалпы  бастамасы. Жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар. Аяқталған қыамыс үшін жазаны тағайындау. Қатысып қылмыс жасағаны үшін жаза тағайындау.

Қылмыстың жиынтығы мен қайталану  жағдайында жаза тағайындау.

Қылмыстың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың  ережелері. Жазаны тағайындаудың негізгі міндеттері.

Жазаны өтеу және жіктеу тәртібі. Жазаның  жекелік әдістемесі. Жаза тағайындау туралы қылмыстық заңнамалардың  даму тенденциялары.

13. Қылмыстық жауаптылықтан  және жазалаудан босату. Кәмелетке  толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату институты. Босатудың түрлері  мен негіздері.

Қорқу, шошу және күмәндану салдарынан болған қажетті қорғаныс шегінен  шығу кезіндегі қылмыстық жауаптылықтан  босатудың шарттары.

Қылмыстық жауаптылықтан босату және тараптардың қолданылуы.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық  жауаптылықтан босату.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ескіру мерзімінің түрлері.

Ескіру мерзімін есептеудің тәртібі. Ескіру мерзімінің өтуін тоқтата тұру немесе асыру түсінігі.

Жазаны өтеуден мерзімінен бүрын  шартты түрде босату институты,қылмыскерді  ұстау және жаңа қылмыстарды алдын  алу. Институтты қолданудың шарты мен  негізі.Заңдардағы бұл шарттардың дифференциациясы. Мерзімінен бұрын жазаны өтеуге тыйым салу.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Теория государства и права"