Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 15 жылдан астам, Салық кодексінің іске қосылғанынан 6 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Салықтан-жалтару.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

Салықтарды мәжбүрлеп  өндіріп алу бөлімінің негізгі  міндеттері мыналар:

  1. салық төлеушілердің бюджет алдындағы қарыздарын талдау;
  2. салық төлеушілердің және оның дебиторларының шоттарын басқаруға талаптарды уақытында ұсыну және оны бақылау;
  3. бюджет алдындағы қарызгерлердің банктік шоттарындағы қаражаттардыңы қозғалысын бақылау;
  4. салықтық заң бұзушылықты тоқтату және жою мақсатында қылмыстық белгісі бар салықтық заң бұзушылықтар бар салықтық тексерулердің нәтижелері туралы салық төлеушілердің материалдарын салық полициясына ұсыну;
  5. жойылатын кәсіпорындар бойынша мәліметтер жинау, оларды тиісті шешімдер қабылдау үшін «Салық төлеушілермен жұмыс жасау бойынша бөлімге» беру;
  6. тіркеуге тұрмаған және декларацияларды өткізбеген салық төлеушілер бойынша тиісті материалдар жинау, олар бойынша шаралар қолдану, мәліметтерді қажет жағдайларда салық полициясына беру. /27/

Қордай ауданы бойынша  салық төлеушілерді есепке тіреуге  алу бойынша бөлімінің мәліметтері  негізінде талдау жұмыстары 4 кестеде берілген. /29/

 

4 кесте – Қордай ауданы бойынша 2003-2005 жылдары есепке тұрған салық төлеушілердің саны

 

Салық төлеушілер

01.01.2003ж.

01.01.2004ж.

01.01.2005ж.

Заңды тұлғалар

181

230

235

Қожа шаруашылықтары

13

21

30

Куәлік бойынша қызмет ететін жеке тұлғалар

8

16

13

Патент бойынша қызмет ететін жеке тұлғалар

220

330

344

БАРЛЫҒЫ

422

576

622

Ақпарат көзі: Қордай ауданы бойынша салық комитетінің есебі (Н1 және Н2)


 

4 кестеден байқағанымыздай, 2005 жылдың 1 қаңтарында Қордай ауданы бойынша 235 кәсіпорын, соның ішінде 155 коммерциялылқ заңды тұлға, 29 бюджеттік ұйымдар, 30 филиалдар, 21 қоғамдық бірлестіктер тіркелген. Бұған қоса есепке кәсіпкерлікпен айналысатын 357 жеке тұлға және ауыл шаруашылығымен айналысатын 30 қожа шаруашылығы алынған.

Осылайша, соңғы жылдары тіркеуге алынған салық төлеушілердің  саны артып келеді. Бұл жеке кәсіпкерлікпен айналысатын, бірінші кезекте патент негізінде, жеке тұлғалардың көбеюімен  түсіндіріледі. Жалпы 2006 жылдың 1 қаңтарында корпоративтік табыс салығы бойынша 145 кәсіпорын есепке тұрған, солардың ішінде салық төлеуге тартылғандары 64 кәсіпорын бар.

Есепті 2005 жыл бойына жалпы құжаттық тексеруге 21 кәсіпорын алынған, олардың салмақ үлесі жалпы салық төлеушілердің 10,2% және салық төлеуге тартылған кәсіпорындардың 27,3% құраған.

Тексеруге алынған аталған кәсіпорындардың  ішінен 10 кәсіпорында салықтық заң бұзушылықтар анықталып, 4163,3 мың теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы және өсімпұлдар қосылған, соның ішінде 1394,2 мың теңге сома  немесе 33,5 % табыс салығы қосылып, 1384,7 мың теңге сомасы өндіріліп алынған, 246,3 мың теңге өсімпұл қосылып, 9,5 мың теңге өндіріліп алынған. Тексеру нәтижесінде шегерілген шығындардың сомасы 3607,3 мың теңгені құраға.

Жағдайды барынша толық көрсету  үшін Қордай ауданы бойынша салық комитетінің мәліметтері негізінде экономика салалары бойынша салық төлеушілердің саны мен салықтық тексерулердің нәтижелері жөніндегі сұрақтарға қатысты мысалдар келтірелік.

«Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман  шаруашылығы». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 2 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде бір кәсіпорын салық төлеуге тартылған, тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Тау кен өңдеу өнеркәсібі». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 10 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 8 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Солардың ішінде екі кәсіпорында тексеру жүргізіліп (жалпы кәсіпорындардың 20%), екі кәсіпорында да заң бұзушылық жағдайлары анықталған («Шарықтас» ЖШС және «Алатау Мрамор» ЖШС).

«Алатау Мрамор» ЖШС тексеру  актісі бойынша 339,9 мың теңге қосылған, соның ішінде 331,0 мың теңге салық, мың теңге 8,9 өсімпұл, барлық қосылған сома өндіріліп алынған.

«Өңдеуші өнеркәсіп». 2006 жылдың 1 қаңтарына  есепте барлығы 28 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 24 кәсіпорын салық  төлеуге тартылған. Аталған саладағы алты кәсіпорында салықтық тексерулер жүргізіліп, төрт кәсіпорында салықтық заң бұзушылық анықталған. Қосылған салықтар 663,8 мың теңгені, өсімпұлдар 4,2 тыс. мың теңгені, жалпы қосылған сома 668,0 мың теңгені құраған («Жупар и К» ЖШС – 1551,6 мың теңге, «Ниль» ЖШС фирмасы – 1130,7 мың теңге және «Аз» ЖШС фирмасы – 49,8 мың теңге). Шегерілген шығындар сомасы 2732,1 мың теңгені құрап отыр («Жупар и К» кәсіпорнында).

«Электр энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 4 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 3 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салықтық тексерулер барлық кәсіпорындарда жүргізіліп, бір салық төлеушіде заң бұзушылық анықталған және шығындар сомасы 139,4 мың теңгеге азайтылған.

«Құрылыс». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 4 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 3 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Аталған салада салықтық тексерулер жұмыстары жүргізілмеген.

«Сауда, автокөліктерді және бұйымдарды жөндеу». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 25 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 11 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салықтық тексеру жұмыстары 6 кәсіпорында жүргізіліп, 2 соның ішінде кәсіпорында заң бұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде 2916,9 мың теңге салық, 232,6 мың теңге өсімпұл, жалпы 3149,5 мың теңге сома қосылған, сондай-ақ 1,3 мың теңге шығындар азайтылған.

«Мейрамханалар және қонақүйлер». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 2 кәсіпорын тіркелген, екі кәсіпорын да салық төлеуге тартылған, тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Көлік және байланыс». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 5 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 3 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салықтық тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Жылжымайтын мүлікпен операциялар, аренда және қызметтер». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 29 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 24 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салық төлеушілер мен салық төлеуге тартылған кәсіпорындар арасындағы ауытқулардың себебі мынада: бір кәсіпорын өз қызметін есепті жылы жаңадан бастаған, бір кәсіпорын бұрынғы медициналық қызмет көрсету саласынан ауысқан және қайта тіркеуден өткен, үш кәсіпорын салық есебінен шыққан. Тексеру жұмыстары үш кәсіпорында жүргізілгенімен, заң бұзушылықтар анықталмай шығып отыр.

«Басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер». 2006 жылдың 1 қаңтарына есепте барлығы 27 кәсіпорын тіркелген, соның ішінде 2 кәсіпорын салық төлеуге тартылған, бір кәсіпорында тексеру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

«Кәсіпкерлік (шағын және орта бизнес) – заңды тұлғалар. Жалпы заңды тұлғалардың ішінде корпоративтік табыс салығын төлеуші 89 шағын кәсіпорындар бар, соларды ішінде 46 кәсіпорын салық төлеуге тартылған. Салықтық тексерулер 13 шағын және орта кәсіпорындарда жүргізіліп, 6 кәсіпорында заң бұзушылықтар анықталған және 3149,5 мың теңге сома қосылған, 1048,4 мың теңге өндіріліп алынған, соның ішінде 2916,9 мың теңге салықтарды, 232,6 мың теңге өсімпұлдарды қамтиды, азайтылған шығындар сомасы 1,3 мың теңгені құрайды.

Қордай ауданы бойынша  салық комитетінің салық жинау бөлімінің жұмысын талдау нәтижелері 5 кестеде және 1 суретте берілген. /29/

 

5 кесте – Қордай ауданы бойынша салық комитетінің салық жинау бөлімінің жұмысын талдау, мың теңге

 

Көрсеткіштер 

2004

2005

Ауытқулар, +/-

1

2

3

4

1.Бюджетке қарыз салық төлеушілердің жалпы саны

44

8 141,0

+8097,0

Соның ішінде заңды тұлғалар

44

42

-2

Бюджетке қарыздың жалпы  сомасы

84558,9

58 708,5

-25850,4

Соның ішінде: 1) негізгі төлем, соның ішінде:

47122,4

35 495,0

-11627,5

Корпоративтік табыс салығы

6070,8

3289,1

-2781,7

2) өсімпұлдар

30530,6

19 164,7

-11365,9

3) айыппұлдар

6905,9

4 048,8

-2857,1

2. Бюджетке қарызы бар жеке тұлғалар

0

8 099,0

8 099,0

Жеке тұлғалардың бюджетке қарыздарының жалпы сомасы (104102, 104302, 104402 кодтары бойынша)

0

5371,1

5371,1

Соның ішінде: 1) негізгі төлем

0

4 711,3

4 711,3

2) өсімпұлдар

0

659,8

659,8

3) айыппұлдар

0

0,0

0,0

3.Қызмет етпей тұрған қарыз салық төлеушілер саны

30

16

-14

Қызмет етпей тұрған ұйымдардың бюджетке қарызының жалпы  сомасы

38708,0

4301,4

-34406,6

Соның ішінде: 1) негізгі төлем

24917,0

2 084,5

-22832,5

2) өсімпұлдар

11169,0

1 754,5

-9414,5

3) айыппұлдар

2622,0

462,4

-2159,6

4. Уақытынд орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету жолдары

     

Берілген ескертулердің сомасы

16

24

8

Қарыз сомасына

28484,0

21053,0

-7431,0

Банктік шоттар бойынша  операцияларды тоқтату 

     

- ескерту берілген қарыз салық төлеушілердің саны

0

2

2

- ескертулердің саны

0

2

2

- қарыздың сомасы

0

7 427,6

7427,6

Мүлікті пайдалану құқығын шектеу туралы шешімдер

4

2

-2

Мүліктің тізімі алынған  қарызгер салық төлеушілер

4

2

-2

- қарыздың сомасы

4258,6

9 036,8

4778,2

5. Бюджет алдындағы қарызды мәжбүрлеп орындату шаралары

     

Берілген ескертулердің  саны

18

50

32

Қарыз сомасына

50779,3

76060,4

25281,1

5 кестенің жалғасы 

     

1

2

3

4

Салық төлеушінің банктік  шоттарына жіберілген инкассолық ескертулер

     

- <span class="dash041e_0431_



Информация о работе Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жалпы сипаттамасы