Қазақстан Республикасының Парламенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 05:21, контрольная работа

Краткое описание

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады.

Содержание

Кіріспе
3
Парламент палатасының депутаттарының өкілеттігі
4
Парламент пен оның палаталарының құзыреті
5
Парламентті тарату тәртібі
10
Қорытынды
11
Қолданылған әдебиеттер тізімі
12

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық.docx

— 30.75 Кб (Скачать документ)

 

 

Парламентті тарату тәртібі

Парламентті тарату негізін Конституция анықтайды. Парламенттің таратылуы, палаталар арасында, Парламент пен Үкімет арасында, Парламент пен Жоғарғы Соттың арасында еңсерілмейтін келіспеушілік туған жағдайда ғана болады. Парламент Палаталары арасында немесе Парламент пен басқа билік тармақтары арасында көзқарас қайшылығына байланысты саяси дағдарыс болған жағдайда. Парламентті тарату құқығы Конституция бойынша тек Республика Президентіне берілген. Парламентті таратқан жағдайда Президент жедел түрде Парламенттік сайлау өткізу туралы жариялайды.

Парламентті тарау құқығы тек Республика Президентіне берілген. Ол түсінікті: Президент – мемлекет басшысы, мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысына жатпайды. Ол бүкіл тұрақтылығына, мемлекеттік билік тармақтарының қалыпты жұмыс істеуіне қамқоршы болуы тиіс.

Егер Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірсе. Бұл Парламенттің сенімсіздік білдіруінің кез-келген жағдайында Президент Үкіметті таратып жібереді деген сөз емес. Себебі Парламентті тарату міндет емес, құқық ретінде көрініс тапқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы өкілді орган ретінде, демократияля органы ретінде де өзінің саяси еркін білдіреді.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады. Сенаттың жеті өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана 2007

2. Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық Заңы.  Алматы. 2005.

3. Қазақстан Республикасының Парламенті туралы Конституциялық Заңы. Алматы. 2007.

4. Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Заңы. Астана. 2007.

5. Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы.

6. Сахаров Н.А. Институт президентства в современном мире. М., 1994.

7. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999.

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының Парламенті