Қазақстан Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 19:25, курсовая работа

Краткое описание

Республикалық басқару нысаны — бұл ұжымдық басқару болып саналады. Республика деген сөз коне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданылды. Мемлекеттік басқарушы адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар Республикада болмайды. Жаңа кезеңде Республиканың екі түрі кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар.

Содержание

Кіріспе 2
1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі 3
1.1 Мемлекеттің басқару нысаны 3
1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 7
1.3 Мемлекеттік саяси режим 11
2 Қазақстанның мемлекеттік нысанын бейнелейтін белгілер 14
2.1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары 14
2.2 Қазақстан Республикасының нысаны 20
2.3 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Президенттік басқару нысаны.doc

— 97.00 Кб (Скачать документ)

 

Бұл салада бөлініп, әр бөлшектің өзінің атқаратын қызметі бар екенін көріп отырмыз, ал монархияда керісінше, мемлекет билігі және басқа да іс әрекеттерді  бір адам ғана басқарады, екінші айырмашылық  монархия мұрагерлікпен, атадан әкеге, әкеден балаға, немесе ағайын, туысқа беріліп жалғасса, Республика басқару нысанында, ол мүлдем басқаша, яғни жоғарыда атап өткендей Ел басшысын халық белгілі бір уақытқа сайлайды және халық үкіметтің жұмысына толық араласады.

 

Президенттен кейінгі республика ол Парламенттік, осы тұрғыда Парламентке тоқталып өткенді жөн көрдім. Парламенттік Республика — бұл мемлекеттік басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер — министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Үкімет Парламенттің алдында жауапты. Парламенттің басқару нысанында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек үкімет басшысы. Үкімет атқарушы билікті  жүзеге   асырады,   әрі   Парламенттегі партиялық көпшілік негізінде қүрылады. Күшті Үкімет, әлсіз Президент.

 

Үкіметте Парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады.Осы  тұрғыда қарап көрсек Президентте  де, Парламентте де билік бар екенін көріп отырмыз. Республиканы бір басшы басқарғанымен, екі басшы қызмет атқарады, ал қалған органдар оларға тәуелді болады. Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:

 

- мемлекеттің жоғарғы орғаны  қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;

 

-  жоғарғы және басқа мемлекеттік  органдардың арасындағы қарым-қатынастардың  негізінде қандай принциптер  жатыр;

 

-  жоғарғы  мемлекеттік билікпен тұрғындардың  арасындағы қарым-қатынас қалай  құрылған;

 

- жоғарғы  мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.

 

Жоғарыдағы  айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан  Республикасы Конституциясының 2-бабында  көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.

 

Президенттік  басқару нысандары әр елде әр түрлі  болады. Президенттік басқаруға тән  мынандай сипаттарды айтуға болады:

 

1. Президентті  Парламентсіз сайлау және үкіметті  құру тәсілі;

 

2. Үкіметтің  Парламенттің алдында емес, Президенттің  алдындағы жауаптылығы;

 

3. Парламенттік  республикаға қарағанда, мемлекет  басшысының өкілеттігінің көбірек  кеңдігі.

 

Президенттік  Республика қазіргі кездегі мемлекеттік  басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.


Информация о работе Қазақстан Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет