Тұтас құйма және құйма-құрастырмалы үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 22:56, лекция

Краткое описание

Өнеркәсіп құрылысында жерүсті ғимараттарында түтас құймалы бетон жобалық емес көпқабатты үймереттерді, көпқабатты бір аралықты және көп аралықты име қораларды, катқыл ядроларды, резервуарларды, түтін шығатын мұржаларды, су тартатын мұнараларды, сүрлем ұраларын, градирендерді, ауқымды жабулар және басқаларын тұрғызу кезінде қолданылады. Ол сонымен қатар жер асты және инженерлік ғимараттардың (жертөлелер, іргетастар, төннелдер, т. б.) құрылыста-рында кеңінен қолданылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тақырып7.doc

— 53.00 Кб (Скачать документ)

Тақырып7.Тұтас құйма және құйма-құрастырмалы үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері.

Өнеркәсіп құрылысында жерүсті ғимараттарында түтас құймалы бетон жобалық емес көпқабатты үймереттерді, көпқабатты бір аралықты және көп аралықты име қораларды, катқыл ядроларды, резервуарларды, түтін шығатын мұржаларды, су тартатын мұнараларды, сүрлем ұраларын, градирендерді, ауқымды жабулар және басқаларын тұрғызу кезінде қолданылады. Ол сонымен қатар жер асты және инженерлік ғимараттардың (жертөлелер, іргетастар, төннелдер, т. б.) құрылыста-рында   кеңінен  қолданылады.

Тұтас құйма бетоннан көпқабатты үйлерді  тұрғызудын, жобалык шешімдерінде көп жағдайда тұтас құймалы сыртқы және ішкі қабырғалары және құрастырма жабуларымен бірге құрастырма-түтас кұймалы вариант қарастырылған. Осындай кұрылымдық вариантта жоспарлы шешімдерді үйлестіру мүмкіндігі ықшамдалады да тұтас құймалы жабулардың осындай артықшылықтары   жүзеге   асырылмайды.

Тұтас құймалы бетоннан салынған құрылыстардың  техникалық-экономикалық керсеткіштері көп жағдайда үймереттерді түрғызудың технологиялық схемаларының қолданылуына байланысты. Сондықтан өндірістік жұмыстардың жобаларын жасаған және құрылысты үйымдастырған кезде таңдағанда түзілістердің түрі мен ерекшелігі, оларды тұрғызудың шарттары, бетон жұмыстары өндірісінің ерекшеліктері ескерілген анағұрлым тиімді технологиялық схемалар пайдалануға тиісті.

Тұтас қүймалы бетондарды пайдалану арқылы түрғызылатын көп қабатты тұрғын үймереттерді технолоғиялық және құрылымдық белгілері бойынша шартты түрде үш негізгі топқа: барлық түзілістері тұтас құймалы бетоннан орындалған біртұтас кұйма, барлық қабырғалары тұтас құймалы бетоннан жасалған, ал   жабуы — құрастырма-тұтас   құймалы   деп    бөлуге болады.

Сусымалы  қалыптармен тұтас құймалы үймереттер түрғызу үздіксіз бетондауды қамтамасыз ету    үшін    бетон   жұмыстары өндірісінің ырғағып қатаң сақтауды талап ететін    жоғары деңгейде ұйымдастырылған процесс болып табылады.    


Сусымалы  қалып арқылы тұрғызылатын үймереттер мен ғимараттардың тұтас кұймалы жабуларының қондырғысы мынадай технологиялық схемалар арқылы айқындалуы мүмкін: қабырғаларды тұрғызу процесі кезінде бір қабатқа кешігу (сабақтастыру-циклді тәсіл); қабырғаларды тұрғызу процесінде екі-үш қабатқа кешуілдеу (қатарлы-ілеспелі тәсіл); қабырғаларды «төменнен жоғарыға» немесе «жоғарыдан төменге» схемасы бойынша бүкіл биіктігіне жеткізе тұрғызғаннан кейін.

  Тұтас құймалы жабулардың қондырғысын  сабақтастыру-циклді және қатарлы-ілеспелі тәсілдермен жасаған кезде қабырғаларды бетондаған кезде қолданған бетонды төсеу жабдықтарында да пайдалану ұсынылады.

Ауыстырмалы қалыппен жеңіл бетоннан тұтас құймалы  үймереттер мен ғимараттарды тұрғызудың ерекшелігі бетонның қажетті беріктігін қосу қарқындылығы болып табылады, бетондаудың үзақтығы да соған байланысты. Соидықтан қалыптың осы түрлерін пайдаланған кезде тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттарды тұрғызудың тиімділігі жеңіл бетонның талап ететін беріктікті қосуды жеделдететіп түрлі тәсілдерін қолдану есебінен артуы мүмкін.

Шегендеп  бекіту элементтерін, тасымалдау машиналарын, механизмдері мен құралдарын жинақтау.

Технологиялық жобалау сатысында шегендеп бекітудің  түрін таңдау және жинактық көлемін  анықтау қүрылыстың нақтылы шарттарына және құрылыс ұйымын технологиялық  жарақтан-дыруға сәйкес жүргізіледі. Мұның үстіне тандау кезінде тұтастай алғанда тұрғызылатын түзілістер мен ғимараттардың ерекшеліктері, аралықтарының мөлшері, түзілістің жерден қаншалықты биіктікте орналасқандығы, үй мен ғимараттың тұтас биіктігі, жоспарына және биіктігіне қарай түзлістің қайталанатындығы  ескеріледі.

Турлі үлгідегі шегендік бекітулерді дайындауға жұмсалатын бірмезгілдік шығындарды салмақтау  және орнату мен бөлшектеу құнын, орындалған жұмыстардың тиісті көрсеткіштерін салыстыру блокты, ірі қалқанды, орамды шегендеп   бекітуді қолдану тиімді екендігін білдіреді. Ал мұның өзі қол еңбегін күрт қысқартады. Есепті экономикалық тиімділік әдетте жөндеуге, бекітуге, бір айналымға деп есептелген элементтерді дайындауға кететін шығындардың айырмасынан құралады.

Қалыптардың белгілі  турін дайындау тиімді деген мәселені шешу барысында әсіресе мамандандырылған бөлімшелерді технологиялық жағынан  жарақтандырған жағдайда, материалдық  қаржылар шектеулі болатындықтан өзіндік  құн мен орындалған жұмыстың қаншалықты күшке түскендігін салыстырып отыру керек. Жұмыстық өзіндік құны мына формуламен айқындалады:

Сж = (СЖ  /Пне   + С0.а )/ V,

мұндағы Сж — қалыпқа кететін жылдық шығындар; орнату мен ажырату шығындарынсыз, сом/шаршы метр; Пн , Пе — аталмыш қалыптың айналмалы карқынының тиісті нақты және есепті көрсеткіштері; Со. а — орнату мен ажырату құны, сом/шаршы метр; V — қалыптап орындалатын жұмыс көлемі, шаршы метр.

Қолда бар материалдар  шектеулі болатындықтан жұмыс көлемі құрылыс ұйымындағы жұмыс көлемімен  сәйкес келуі немесе  кем  түсуі  мүмкін.

Қалыптаудың ең аз айналымдылығының есепті циклы нормативті   3-кестеде   көрсетілген.

 

                                                                                                                                                3 кесте

Қалып түрі

Қалып материалдары

Сүйеніш болар  болат эелементтер

металл

фанер

ағаш

Ұсақ қалқанды

100

   

200

Ірі қалқанды

       

Көтермелі-аустырмалы

120

30

20

120

Қөлемді- аустырмалы

200

   

200

Жылжымалы

300

60

30

600

Қолбеу-көшермелі

400

     

 

Технологиялық жобалау сатысында нактылы жағдайларға арналған қалыптардың түр-түрлілігінің айналымдық қарқыны мына формула арқылы  анықталуы мүмкін:

ұсақ қалқанды қалып ушін:

Пүк   =19,І7+О,23V— (35+0,5V)Кt   /10000,

мұнда V — құрылыс ұйымының жылдық бетондау  жұмысының көлемі, мың текше метр; Кt   — қысқы кезеңнің карсы температурасының есебіне қарсы температуралардын. ұзақтығын білдіретін температура   коэффициенті;

 ірі  қалқанды  қалыпқа

П,к   = 24,16+0,26V—(43 + 0,55V)Кt   /10000;

 

блокты   қалыпқа

П = 21,23 + 0,36V-(28 + 0,76V)Қt  /10000;

сырғымалы  қалыпқа

Пс   =10б + 0,99V— (140 + 3,6V)Кt  /10000,

Қалыптау жұмыстарың еңбек сыйымдылығы мына фор-муламен  айқындалады:

Еқn +(ЕД  +Еж)/n,

мұндағы Ек — қалыпты жинақтау мен ажыратуға жұмсалатын еңбек шығындарының сомасы, сондай-ақ бір айналымға келетін қалыпты дайындауға және жөндеуге жұмсалатын майда-шүйде шығындар; Еn — қалыптың пайдалану жұмысының еңбек сыйымдылығын жинақтау, ажырату, тазарту, майлау, адам-күн; Ед — қалыпты дайындаудың еңбек сыйымдылығы, адам-күн; Еж — қалыпты жөндеуге жұмсалатын еңбек сыйымдылығы, адам-күн; n — қалыптың нормативті айналымдығы, цикл (3-кестені қара).

Қалыпты орнату, арматураны жинақтау, бетон қоспасын жеткізіп төсеуге арналған машиналар мен механизмдер жинағын таңдау тұтас құймалы бетон және темір-бетоп үймереттері мен ғимараттарын және олардың құрылымдык элементтерін тұрғызудың бүкіл технологиялық процестерін кешенді механикаландыруға бағындырылуға тиісті. Бетондау қарқынын және барлық жұмыстарды үйымдастыру бетон қоспасын төсеу арқылы айқындалады. Жетекші машина есепті бетондау қарқынымен анықталады.

Жетекші бетон  төсеуші машина өнімділігі жағынан бетондау түзілісінің қарқындылығымен байланыстырылған, мұның үстіне параметрлер, өнімділік және өзге жинақтаушы механикаландыру құралдарының саны тиісті параметрлер мен жетекші машинаның өнімділігіне сәйкес іріктелініп алынады.

Жетекші машинаның  өнімділігін толығырақ пайдалану үшін жабдықтаушы машиналардың өнімділіктері әдетте 10—15 процент  жоғары  алынады.

Машиналар мен механизмдердің жинақтық құрамы шегендеп бекіту, арматура және бетондау жұмыстары мен өндірістік жұмыстардың шарттары технологиясы қабылдаған жетекші машинаның пайдалану өнімділігі арқылы айқындалады.

Негізгі әдебиеттер:   4 [154 -157]. [169-171].

Бақылау сұрақтары:

1. Тұтас құйма және құйма-құрастырмалы үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері

2. Шегендеп бекіту элементтерін, тасымалдау машиналарын, механизмдері мен құралдарын жинақтау.

3. Жұмыстық өзіндік құны қалай анықталады?


Информация о работе Тұтас құйма және құйма-құрастырмалы үймереттердің құрылыстық-конструкциялық шешімдері