Құрылыс алаңын инженерлік дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 17:44, курсовая работа

Краткое описание

Архитектура – сәулет өнері құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура (латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы) деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ҚҰРЫЛЫС САЛУ АУДАНЫ 6
2 ЖОСПАРЛЫ-КӨЛЕМДІК ШЕШІМДЕРІ 7
З ЖОСПАРЛЫ КӨРСЕТКІШТЕР КӨЛЕМІ 8
4 ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР 9
5 КОНСТРУКТОРЛЫҚ ШЕШІМДЕР 10
5.1 Іргетас және цокольдер 10
5.2 Қабырғалар 12
5.3 Колонналар 16
5.4 Ішкі қабырғалар және қалқалар 16
5.5 Аражабындар 17
5.6 Едендер 19
5.7 Төбе, шатыр, жабын 21
5.8 Сатылар 23
5.9 Терезелер мен есіктер 24
6 СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ӘРЛЕУ.........................................................................28
7 ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАР 29
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

улдай сссс (2).doc

— 2.73 Мб (Скачать документ)

Цоколь деп  қабырғаның іргетас үстінде орналасқан төменгі бөлігі аталады.

 

8-сурет.Цокольдің әр түрлі пішіндері.

 

Цокольдер мықты, төзімді материалдардан жасалады. Ернеулер деп ғимараттың қоршау құрылымдарына түскен суларды ағызып жіберу үшін арналған жазық кескінделген қабырғаның шыынқы бөлігін атайды. Қабырғаның жоғарғы үстінде орналасқан ернеуді негіз дейді.

 

9-сурет. Ернеу құрылымдары: 1-итарқа жалғасы; 2-тақтай итарқа; 3-сымтемір;               4-негізгі ернеу; 5-анкер

 

Қабырғаларды  өргенде терезе және есік блоктарын  орнату үшін тесіктер қалдырылады, олар ойықтар деп аталады.

Ойықтардың  төбесін жабатын және қабырғаның ойықтан жоғарға бөлігін ұстап  тұратын құрылымды маңдайшалар  деп атайды.

10-сурет.Қабырғаның құрылымдық бөлшектері.

 

Ойықтар арасындағы қабырға бөліктерін аралық қабырғалар деп атайды. Аралық қабырғалар аралық (ойықтар арасындағы)  және бұрыштық (ойық пен ғимарат бұрышы арасындағы)  болып бөлінеді.

Қабырға беттері  тік және көлденең бөліктерге бөлінеді, және олар қабырғаның негізгі бөлшектері болып табылады. Қабырғалардың өзі жасалу материалына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде кірпіш қабырға материалдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып саналады. Бұл материалдың сәулеттік-көркемділік қасиеттері мен сапасын қолдануға үлкен мүмкіншіліктер жасалуда. Кірпіш қабырғалар керамикалық және силикаттық кірпіштерден орындалады.

Кірпіш түрлері:

11-сурет. Кірпіш қабырғасындағы кірпіштердің орналасуы: а) стандартты кірпіш; б) жазық қатар; в) үшкір қатар; 1- үшкір қыры; 2 - жалпақ беті; 3-жазық қыры.

 

Кірпішті үнемдеу  үшін жеңілдетілген кірпіш қабырғаларын қолданған тиімді. Олардың ішінде кірпіш тиімді жылу оқшаулағыш материалдармен алмастырылған. Жеңілдетілген кірпіш қабырғалары екі топқа бөлінеді:

  1. Кірпішті-бетонды

12-сурет. Жеңілдетілген кірпіш қабырғалардың құрылымы: 1- жеңіл бетон;

2 –жылу ұстамды қосымша

 

2)Құдықты қабырғалар

13-сурет. 1 – ішкі көлденең жұқа қабырға; 2 –  сыртқы бойлық жұқа қабырға;                           3 – жылуоқшаулағыш (жұқабетон)

 

3) Ауа қабатты қабырғалар.

 

Екінші топтағы  қабырғалар – 2-үшкір қатарлар. Бұл топқа көтергіш және жылу оқшаулағыш бөліктерінен тұратын жылу оқшаулағышты кірпіш қабырғалары жатады.

Сыртқы және ішкі қабырғалардың қалаулары үшін қызыл кірпішті қолдандым.

Ақ кірпіш-90% құмнан, 10 % известь және кішкене үлес қосымшадан тұрады. Қоспа автоклавқаға престеледі және сүйенеді, өртелетін пешке салмайды, керамикалық кірпіш сияқты. Егер пигменттер қосса түрлі-түсті силикатты кірпіштер алуға болады - көк, жасыл, таңқурай, күлгін түсті болып келеді.

 

  

 

14-сурет. Кірпіштер.

 

Қабырғалардың қалауы цемент ерітіндісімен жүзеге асырылады. Сыртқы қабырғалардың жуандықтарын жылутехникалық есептеу негізінде тағайындалады. Сыртқы қабырғаның жуандыгы бастапқыда 640 мм тең деп есептелінді. Мұндай жуандық желдің және екпінді жүктемелерге қарағанда орнықтылықтың қамтамасыз етуіне керек, сонымен бірге жылу және қабырғалардың дыбыс оқшаулайтын қабілеттілігіне байланысты болады. Қабырғаларды сырттан және ішінен цементпен сылақтайды. Сылақтың сырқы жуандығы 15 мм-ді құраса, ішкісі 20 мм-ді құрайды. Сырттағы сылақтан кейін түрлі-түсті бояумен сырлайды. Ол бояу «Колер» деп аталады. Бұл ғимараттың кескін-келбетін әдемілеп көрсетеді.

 

Жылутехникалық есептеу

 

Бастапқы деректер:

Құрылыстың ауданының атауы – Махамбет

Аймақтың дымқылдығы – орташа

Есепті температура, суық бес күндіктіктің тең температурасы: і =-27 °С

Ішкі ауаның есепті температурасы: (в =+18°С Ауаның салыстырмалы ылғалдығы: 60%. Вөлмелердің ылғалдық тәртібі - орташа.

Дымқылдықтың нормалы аймағындағы пайдалануды деңгейі :Б .Ішкі қабырғаларға арналған жылу беруді коэффициент :

ав =8.7 Вт/м 2   0 С

Қысқы шарттарындағы сыртқы қабырғаларға арналған жылу беруін коэффициент: а н =23 Вт/м2 °С

Сыртқы ауа қарағанда қоршаушы куралымдарды сыртқы беттің

коэффициенті жағдайға байланыстырылады: П=1

Ішкі ауа және қоршаушы қүралымдарды температуралық ішкі бетінің температурасының аралығында нормативтік температуралық

құламасы М н =6° С.

Қабырга жіктерден тұрады:

  1. Цемент - сылақ: р=1800 кг/м 3; А= 0,93; 8 =11,091.
  2. Силикат кірпіш тегістігі: р=1800 кг/м3;А=0, 81; 8=10, 92
  3. Цемент сылағы: р=1800кг/м3;А =0, 93; 8=11, 091.

Формула бойынша жылу беруге тиісті кедергіні анықтаймыз:

К=ів - ін/Аі н ав *П

(4=20+18/6*8,7=0,7279 Қабаттай қаланған кірпіш жуандығын анықтаймыз:

62=(Н о -1/а в - 51/А1 - 63/АЗ - 1/а н) *А2 52=(0,7279 -1/8,7 -0,015/0,93 -0,02/0,93 -1/23)=0,41м Кірпішті қалау қалыңдығын 6=0,64 м деп қабылдаймыз. Формула бойынша оны тексереміз: Д=К181 + Н282 + ... + Нп8п , мундағы Нп = Ьп/А п

т = 0,015/0,93= 0,0161; К2 =0,64/0,81=0,79 ; ЯЗ =0,02/0,93 = 0,0215

Д=0,0161*11,091+0,79*10,92+0,0215*11,091=9,04 шартты қанағаттандырлық-тай, яғни Д>7. Мұннан қабырга қалыңдығы былай болады:

6= 61+52+53=0,015+0,64+0,02=0,675 м Кірпіш қалауының жуандығын біржолата 640 мм деп аламыз.

 

 

5.3 Колонналар

Қазіргі заманға сай құрылыста  негізінен құрамалы темірбетон каркастарын  қолданады.

Конструктивті шешіміне байланысты колонналарды біртармақты және ектармақты деп бөледі, ғимараттың орналасуына байланысты соңғы, ортаңғы және бүйір қабырғаға орналасқан деп ажыратады.

Екі тармақты темірбетон колонналарының аралығы 24, 30 және 36 м, колонна қадамы 6 және 12 м жүк көтергіштігі  75/20, 100/20 және 125/20 т болғанда шешімдері өңделді. Колонна градациясы биіктігі бойынша қысқа модульді 600 мм.

Биіктігі еденнен көтергіш конструкцияның түбіне дейінгі арасы 9,6 м, көпірлі кран болмаған жағдайда 400X400, 500X500 және 600x500 мм колонна қиылысын қолданады. Қиылысы 400Х400 мм ортаңғы көтеруші конструкцияның тірек жабынының бүйірінде екі консоль болады. Колонналардың қиылысуы аралық өлшеміне және оның санына, колонналардың қадам көлеміне, стропильасты конструкцияға, аспалы көлікке және жабынның конструктивті шешіміне байланысты.

Өндірісті ғимараттарда негізгі  каркас колонналарының аралығында, қабырғалық панельдердің шекті ұзындығынан  асқан жағдайда қосымша каркас орнатады, әдетте оны фахверк деп атайды.

Фахверк темірбетон болат ригельден, ал кейбір жағдайда раскостан құралады. Ірі панельді қабырғада және құрамалы темірбетон каркастарында фахверк  тек қана тік элементтерден- темірбетон немесе болат колоннадан тұрады.

 

 

5.4 Ішкі қабырғалар және қалқа

Ішкі қабырғалар және қалқа деп ғимарат ішкі кеңістігін әр түрлі бөлмееге бөліп тұратын жұқа, тік келген құрылымдарды айтады.

Ішкі қабырғалар мен қалқаға қойылатын негізгі талаптар: жеңіл салмақтылығы, мықтылығы,орнықтылығы, тиісті дыбыс және жылу оқшаулағыштығы, индустриалдығы, ылғалға және отқа төзімділігі, бетінің тегістігі, үнемділігі.

Ішкі қабырғалар тұрғызу әдісі, құрылымы,қалыңдығы, тұрғызылу әдісі бойыншы бірнеше түрге жіктеледі.

Ішкі жүк көтергіш қабырғалар 320мм болып келеді, қалқаның жуандығының жіктерінің таңғышымен кірпіштен қалауды түрдегі қалқа жобалап қойған 120 мм-нің жуандықтарын алады. Ішкі жүк көтергіш қабырғаларға аражабын және олар арқа сүйейтін бөлмелерге бөледі. Қабырғалар және қалқалардың қалаулары үшін силикат кірпішті қолданылады. Қалқалар бойынша аражабын тақталарында тольмен бекітіліп, қабатталады. Ішкі қабырғалар және ғимараттың қалқаларының беттеріне 20 мм-нің жуандығын сылақтың жігі келтіріледі.

 

                  

                                                                                                          

            

 

15-сурет. Ішкі қабырғалар

 

 

5.5 Аражабындар

Аражабындар – ғимарат ішкі кеңістігін биіктігі бойынша әр түрлі қабаттарға бөлуге, сонымен қатар ғимараттың жазық бөлшегі есебінде олардың беріктігін, орнықтылығын қамтамасыз етуге арналған.

Аражабындарға төмендегі талаптар қойылады: беріктік,орнықтылық, жылу ұстамдылық, дыбыс оқшаулағыштық, ылғалға төзімділік, қаттылық, индустриалдық, ұзақ мерзімділік, отқа төзімділік, үнемділік, салмағының барынша жеңілдігі.

Аражабындар әр түрлі қасиеттеріне орай бірнеше түрге бөлінеді.

Соның ішінде темірбетонды аражабындар осы ғимаратта жобалап қойылған. Бұл аражабындардың өзі орнату әдісі бойынша құймалы, құрамалы және құймалы-құрамалы болып бөлінеді. Құймалы темірбетонды аражабындар өте мықты және ұзақ мерзімді болып саналады,сондықтан қазіргі құрылыста кеңінен қолданылады.

Құймалы жабынның негізгі бөлшегі тегіс келген бір аралықты тақта.

16-сурет.Тұтас құймалы темірбетонды аражабын.

 

Құрамалы темірбетонды жабындар құймалыға қарағанда әлдеқайда үнемді келеді, өйткені индустриалдығы артады, еңбек шығыны мен тұрғызу мерзімі азаяды. Құрамалы темірбетонды жабынды орнатуда оларға қойылатын негізгі талап –жинақтау өлшеміне тең тақталарды қолдану.

Азаматтық құрылыста тақталы жабындар көп тараған.

Жабын тақталардың орналасуы

 

17-сурет. Жертөле үстіндегі және шатыр кеңістігі астындағы жабындар.

 

Бұл жабындарға жалпы талаптармен қатар, арнайы талаптар да қойылады, сондықтан олардың құрылымдық шешімдері қабатаралық жабындардан өзгешеліктері бар.

                

18-сурет.

 

Аражабынның сыртқы қабырғаларында 200 мм қабырғаның ішкі өлкелерінен жатқызылады, ішкі жүк көтергіш қабырғалары 190 мм.

Жылытылмайтын және жылытылатын бөлмелерді бөлетін шатырдағы және жертөле аражабындары үшін жылу қорғаушы талаптарды көрсетуге болады. Сондықтан шатырдағы аражабын  7 см жуандықты керамзитті жылытқыштың жігін алады.

Аражабындарды дыбыс изоляцияны қамтамасыз етеді және сонымен бірге жылу изоляцияны, олар айналмаға қаттылықтары және беріктіктері биік талаптарға сәйкес келеді.

 

 

5.6 Едендер

Едендер - бұл механикалық әсерге үнемі ұшырайтын конструкциялар. Қабат аралық аражабындардағы едендер дыбыс оқшаулайтын қасиеттерге ие болуы керек. Санитарлық тораптарда және бойлер бөлмесі керамикалық тақташадан орындалады.

Еденге қойылатын  талаптар. Өндірістік ғимараттардың еденіне жалпы талаптардан басқа арнайы талаптар да қойылады. Мұндай талаптарға механикалық беріктікті, статикалық және динамикалық сипаттағы күштемені, еденнің жануға төтеп бері қасиетін, ыстыққа қарсы қасиетін,  физико-химиялық және биологиялқ әсерін және тағы да басқа талаптарға сай болуы керек.

Қабаттар бойынша олар бөлме және орналастырылудың тағайындауларына байланысты, конструкциялар қолданылады

Еденге әсері. Өндірістік ғимараттарда азаматтық құрылыстағындай еденді топырақ жабынына орнатады.

Еденді технологиялық  үрдіске байланысты сынайды. (сурет 2). Еден конструкциясына қондырғыдан, адамдардан, шикізат және дайын өнімнен күш түседі.

Қондырғылардың  жұмыс жасау барысында ауыр құралдардың құлауы кезінде дірілдеткіш, динамикалық және соққылы күштемелер пайда болады.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 19-сурет. Еденге әсер етуші ішкі әсерлер: 1 статикалық күштеме, 2 — дірілдеткіш күштеме, 3 – динамикалық күштеме, 4 — қозғау күші, 5 — қоршаған орта температурасы, 6 — жылу соққылары, 7 — газ, сұйық күйіндегі химиялық бөлшектер, , 8 сұйық және бутәріздес ылғал, 9 — статикалық электр желісі,  10 — адасқан токтар,  11 — биохимиялық әсерлер.

 

Конструктивті еденнің схемасы. Еден конструкциясы жабыннан, тартпадан, гтдроизоляциядан және жылу немесе дыбысоңашалағыш қабаттан тұрады.

Өндірістік ғимараттарда еденді жабынға  байланысты үш негізгі топқа бөледі.

Бірінші топ- біртекті немесе шовсыз. Олар мынадай болуы мумкін:

а) табиғи материалдар негізінде: топырақты, гравийлі, қиыршық тасты, саздыбитті, саздыбетонды;

б) жасанды материлдар негізінде; бетонды, болатбетонды, мозаикалы, цементті, шлаковые, асфальтты, асфальтібетонды,  полимерлі (мастика түрінде, илем  және бетон).

Екінші топ – даналық материалдан құралған еден: тасты- кірпішті және клинкерлі, жұмыртасты; тақтайшадан және бетон тақтайшасынан, металлцементті, мозаикалы – террацо, асфальтты, асфальтбетонды,  керамика-лық, шойынды, болатты, ағаш-талшықты.

Үшінші топ – орамды және беттік материалдар; орамды – линолеумнан, синтетикалық кілемшеден; жапырақша – винипласттан, ағаш-талшықты және ағашжоңқалы беттен тұрады.

Информация о работе Құрылыс алаңын инженерлік дайындау