Керамикалык буйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 11:40, реферат

Краткое описание

Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптар;
2) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптар;
3) өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістерге және жабдықтарға қойылатын талаптар;
4) өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын талаптар;
5) сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын талаптар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 32.54 Кб (Скачать документ)

 

      1. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды: 
      1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптар; 
      2) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптар; 
      3) өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістерге және жабдықтарға қойылатын талаптар; 
      4) өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын талаптар; 
      5) сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын талаптар. 
      2. Санитариялық қағидалар жер асты құрылыстарын және кен қазбаларын, сондай-ақ жұмыс мерзімі бес жылға дейін құрылыс кезеңінде тұрғызылатын уақытша өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға қолданылмайды. 
      4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 
      1) аэрация - құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы; 
      2) ауамен себезгілеу - үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш; 
      3) зиянды заттар - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға (бұдан әрі - Санитариялық талаптар) сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар; 
      4) зиянды өндірістік фактор - қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор; 
      5) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар - технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер; 
      6) объектінің қауіптілік сыныбы - қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін ластайтын заттардың сипатына және мөлшеріне, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін шуға, дірілге, иондамайтын сәулеленуге байланысты белгіленетін, кейіннен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, қызметтің осы түрін жүзеге асыратын жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты; 
      7) өндірістік объект — адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі; 
      8) рециркуляция - температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық үдеріске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп мәрте, толық немесе ішінара қайтуы; 
      9) шлам — сарқынды суларды тазарту үдерісінде алынған, құрамында 60-70 пайызға дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді; 
      10) шлам үйіндісі - шламды жинау және сақтау орны; 
      11) экрандалған үй-жайлар - радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, жөндеу және сынау кезінде, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын электромагниттік өрістерді орналастыру кезінде қызмет көрсететін персоналды электромагниттік өрістің әсерінен қорғау, қабылдаушы құрылғылар мен арнайы өлшеу, есептеу және басқа да аппаратураны сыртқы ЭМӨ әсерлерінен қорғау мақсатында жабдықталған үй-жайлар.      

 3. Жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы объектілерді кеңейтуге арналған алаңдар климаттық жағдайларды, жер бедерінің сипаттамаларын, ауа ортасының қазіргі заманғы жағдайын және қазіргі бар фондық ластануды ескере отырып; химиялық ластайтын заттар, қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды енгізу көздерінен, сондай-ақ тұрғын, рекреациялық, курорттық аймақ, халықтың демалыс аймағының атмосфералық ауасындағы шығарындыларды болдырмау (қысқарту) бойынша арнайы іс-шараларды ескере отырып таңдалады. 
      4. Жаңа объектілерді рекреациялық аумақтарда, сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарында, суды қорғау және су қоймасы маңындағы аймақтарда, курорттардың қорғау аймақтарында орналастыруға жол берілмейді.     

 5. Объектінің аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлінеді: 
      1) өндірістік;2) әкімшілік-шаруашылық;3) көлік—қоймалық;4) қосалқы объектілер. 
       6. Зиянды заттарды пайдаланғанда технологиялық жабдықтарға арналған ғимараттар мен ашық алаңдардың ұзын біліктері желдің басым бағытына параллель болуы тиіс. 
      7. Жолдан және құрылыстан бос объектілердің аумақтары абаттандырылады және көгалдандырылады. 
      8. Объектінің аумағында тұрғын үй ғимараттарын немесе үй-жайларды салуға жол берілмейді.     

 9. Өндірістік объектілерде 1 жұмысшыға келетін үлесті аудан кемінде 4,5 шаршы метрді, үй-жайдың биіктігі кемінде 3,25 метрді құрауы тиіс. 
      10. Әрбір тұрақты және тұрақты емес жұмыс орнының ауданы кемінде 2,2 м2 құрауы тиіс. Нормативке жабдықтар, қызмет көрсету аймақтары, өтетін жолдар, жүретін жерлер, аралық жинау орындары мен өндірісті кейіннен кеңейтуге арналған резервтегі алаңдар алып жатқан аудандар кірмейді. 
      11. Жұмыс орнында негізгі және қосымша жабдықтарды орналастыру тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құру және жұмыс істеу үшін көлемдері бойынша жеткілікті өтетін орындарды және бос алаңдарды, сондай-ақ жұмысшылардың қызмет көрсету аймағында еркін қозғалуын қамтамасыз етуі тиіс. 
      12. Монтаждауға (демонтаждауға), жабдықтарға қызмет көрсетуге және жөндеуге байланысты еңбек операцияларын орындау барысында жұмысшылардың күйі мен қалпына қарай жұмыс аймағының мынадай ең аз өлшемдері қабылдануы тиіс, метрмен: 
      1) түрегеп тұрып 15о-қа дейін еңкейіп - 0,7 (0,6) м; 
      2) түрегеп тұрып 30о-қа дейін еңкейіп - 0,8 (0,6) м; 
      3) түрегеп тұрып 60о-қа дейін еңкейіп - 0,9 (0,6) м; 
      4) түрегеп тұрып 90о-қа дейін еңкейіп - 1,2 (0,6) м; 
      5) жүресінен отырып - 1,1 (0,8) м; 
      6) өтетін жолдар - 0,7 м.     

13. Барлық жұмысшылар үшін жұмыс уақытында демалуға арналған үй-жайлар көзделуі тиіс. Өндірістік үй-жайларда тамақ сақтауға және ішуге жол берілмейді.     

 14. Үй-жайлар көлемі микроклимат бойынша, бірақ кемінде 15 м3 нормативтер талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, есептеу жолымен анықталады. 
      15. Ғимарат ішіндегі жекелеген үй-жайлардың өзара орналасуы, егер бұл технологиялық үдерісті ұйымдастыруға қайшы болмаса, шикізаттың, аралық және дайын өнімдер мен бұйымдардың қайтарымды немесе қарама-қарсы қозғалысын болдырмайтын технологиялық ағынға сәйкес бөлінеді. 
      16. Егер бұл табиғи ауа алмасу мен жарықтандыруды бұзбаған жағдайда, өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына жапсарлас құрылыстар салуға жол беріледі. 
      17. Бу, газ және шаң түріндегі зиянды заттарды бөлмейтін ыстық технологиялық үдерістермен сипатталатын объектілерді орналастыру үшін бір қабатты ғимараттар немесе табиғи басқарылатын ауа алмасуды (аэрацияны) қамтамасыз ететін қабырғалар мен шатырдың конструктивті элементтері бар көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттары көзделуі тиіс. 
      18. Зиянды заттар бөлінетін болған жағдайда, механикалық ішке тарту және сыртқа тарату желдеткіш жүйесі, сондай-ақ технологиялық үдерістерді ескере отырып жергілікті желдету жүйелері көзделеді. 
      19. Қауіптілігі 1-2-сыныпты зиянды заттардың жабық үй-жайларында бөлінуі мүмкін ғимараттар мен құрылыстарды жобалаған кезде санитариялық қағидаларға сәйкес технологиялық жабдықтарды оқшауланған үй-жайларға осы жабдықты пультті немесе операторлық аймақтардан басқаратын аймақтарда орналастыру көзделеді. 
      20. Қауіптілігі 1-2-сыныпты зиянды заттарымен жұмыс жүргізілетін бір ғимаратта бірнеше өндірістерді орналастырған кезде, улы заттардың көп компонентті қоспасының түзілуіне және олардың көрші өндірістік үй-жайларға таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін қолдана отырып, әрқайсысын оқшаулау қамтамасыз етіледі. 
      21. Терезесі және жарықтандыру шамы жоқ ғимараттарды салуға, табиғи жарығы жеткіліксіз жертөледе және цоколды қабатта тұрақты жұмыс орындары бар өндірістік үй-жайларды орналастыруға жол беріледі.Бұл ретте мыналар:1) жасанды жарықтандыру;2) ультракүлгін сәулеленуге арналған құрылғы;3) жұмысшылардың қысқа уақытқа демалуына арналған бөлмені жасанды жарығы бар жұмыс орнынан 100 м алыс емес арақашықтықта орнату;4) осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес тұрақты қолданыстағы ықтиярсыз желдеткішпен қамтамасыз ету көзделуі тиіс. 
      22. Технологиялық және энергетикалық жабдықты ашық алаңда орналастырған кезде жабдықты пультпен басқаруға және жұмысшылардың демалысына арналған үй-жайлар көзделуі тиіс. 
      23. Өндірістік ғимараттарда ішке тарту желдеткіш камераларына арналған алаңдар бөлінеді. Ішке тарту камераларынан кіретін жер үй-жайдан, дәлізден, тамбурдан немесе сырттан болуы тиіс.Ішке тарту желдеткіш камерасына сыртқы ауаны жинау жерден 2 м төмен емес биіктікте жүргізіледі. 
      24. Басқару пульттерінің үй-жайларында, санитариялық-тұрмыстық қондырғыларда және жаяу жүретін туннелдерде зиянды сұйықтықтар мен газдарды тасымалдауға арналған құбырларды, сондай-ақ транзиттік бу құбырларын салуға жол берілмейді. 
      25. Жылытылатын өндірістік үй-жайлардың сыртқы қоршаулары қабырғалар мен төбенің ішкі беттерінде конденсаттың түзілу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Ылғалды режімі бар үй-жайлар үшін бұл талаптан бас тартуға жол беріледі. 
      26. Ашылатын терезелермен немесе жарық шамдарымен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарда еденнен немесе жұмыс алаңынан басқарылатын, ашық ойықтың мөлшерін реттейтін механизмдер, сондай-ақ терезелерді, шамдар мен жарықтандыру арматурасын тазалауға арналған, осы тәрізді жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін алаңдар мен механизмдер көзделуі тиіс.  
      27. Үй-жайды және жабдықтарды түспен безендіру шағылудың барынша аз коэффициентін (0,4-тен артық емес) ескере отырып орындалады. 
      28. Жаңа және қайта жаңартылатын ғимараттар мен құрылыстарда сыртқы қоршаулар арқылы, сондай-ақ технологиялық көздерден жұмыс аймағына жылу мен суықтың артығымен түсуін азайтуға бағытталған іс-шаралар көзделеді. 
      29. Жылытылатын үй-жайларда түрегеп тұрып жұмыс істейтін тұрақты жұмыс орындарында еденге төсеуге арналған материалдың жылуды сіңіру коэффициенті сағатқа көбейтілген және градусқа көбейтілген шаршы метрге 6 килокалориядан (ккал/м2-сағ.град) артық болмауы тиіс немесе ағаш қалқандармен не жылудан оқшаулайтын кілемшемен жабылуы тиіс. 
      30. Агрессивті сұйықтықтардың (қышқылдардың, сілтілердің) және сынап, еріткіштер, биологиялық активті заттар сияқты зиянды заттардың ықтимал әсер ететін орындарында еденге көрсетілген заттардың әсеріне төзімді, оларды сіңіруді болдырмайтын, тазалауға және зарарсыздандыруға болатын материал төсеу көзделуі тиіс. Көрсетілген заттарды шығару үшін жергілікті су бұру құрылыстарына суағарлар көзделуі тиіс. Осындай суағарлар елді мекендердің су бұру жүйесіне қабылданбайды.     

32. Электромагниттік энергия құрылыс конструкциялары арқылы көрші үй-жайларға өткен жағдайда әртүрлі экрандалған материалдардан (қалқалар, металл табақтар, торлар) жасалған құрылыс материалдары және конструкциялары қолданылады. 
      33. Лазер қондырғыларына арналған үй-жайларда лазердің құрылымы мен оны пайдалану жөніндегі талаптар сақталуы тиіс. 
      34. Шу көздері орналасқан жаңа және қайта жаңартылатын объектілерде үй-жай ішінде, жұмыс орындарында, сондай-ақ тұрғын үйлер қоршап тұрған аумақта шуды төмендетуге бағытталған сәулет-құрылыс іс-шаралары көзделуі тиіс. 
      35. Шу параметрлерін қолданыстағы санитариялық талаптарға дейін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:1) стационарлық жабдық үшін дыбыстан оқшаулау кабиналарын жасау, үдерісті қашықтықтан басқаруды көздеу;2) қол аспабы үшін басқа жұмысшыларға шудың әсерін болдырмайтын жұмыс орындарын орналастыруды көздеу қажет. 
      36. Жұмысшыларға шудың, дірілдің, ультра және инфрадыбыстың әсеріне байланысты жұмыс орындарының маңында мерзімдік демалуға және профилактикалық рәсімдер жүргізуге арналған үй-жайлар қарастыру қажет. 
      37. Плазмалы технологияларға арналған үй-жайларда: 
      1) бір жұмысшыға кемінде 10 м2 және үй-жайдың биіктігі еденнің ең төменгі нүктесінен кемінде 3,5 м есебінен жабдық қойылмаған алаңның болуы көзделеді; 
      2) қабырғалары мен төбесі ультракүлгін сәулені жұтатын, жанбайтын перфорацияланған материалдан қорғаныш жабыны бар, дыбыс сіңіретін қаптаумен жабылады. Жабдықтың өзінде дыбыс сіңіретін қорғанышы болмағанда, қаптау биіктігі кемінде 2,7 м болуы тиіс. 
      38. Өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға кіреберістерінде аяқ киімді тазалауға арналған металл торлар мен басқа да құрылғылар қарастыру қажет. 
      39. Адамдар тұрақты болатын өндірістік үй-жайларда табиғи жарықтандыру көзделеді.      

 40. Жасанды жарықтандыру жұмысшы және апаттық болып көзделеді. Орташа дәлдіктегі жұмысты атқарған кезде жұмыс орнындағы құрамдастырылған жарықтандыру кемінде 500 люкс, аз дәлдіктегі және дөрекі істелетін жұмыс кезінде кемінде 200 лк болуы тиіс.          

 41. Газбен қуаттандырылатын шамдары бар жарықтандыру қондырғылары үшін сынап толтырылған, істен шыққан шамдарды сақтауға арналған үй-жай көзделеді. 
      42. Тізімдік құрамы 50-ден 300-ге дейін адам бар объектілерде медициналық пункт, 300-ден астам адам бар объектілерде фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері, сауықтыру кешендері көзделеді.     

 43. Демалыс бөлмесінің ауданы ауысымдағы бір жұмыс істейтін әйелге 2,0 м2 есебінен, бірақ кемінде 18 м2 белгіленеді. 30 м2-ден артық демалыс бөлмелері демалыс аймағына және гимнастикалық жаттығулар аймағына, дәрігерлік бақылау және сабақ өтетін аймақтарға бөлінеді.     

 44. Еңбекпен сауықтыру орталығы (учаскелері) (бұдан әрі - орталық) жұмысшылар саны 5000 және одан көп адам болатын объектінің құрылымында көзделеді. Орталықтардың құрамында емдеу-диагностикалық және техникалық бөлімдер болуы тиіс. 
     


Информация о работе Керамикалык буйымдар