Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 12:08, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың бірінші бөлімінде негізінен сақтандырудың соның ішінде әрине жеке мүлікті сақтандырудың анықтамасы, оның қалай атқарылатындығы берілген. Сондай-ақ оның мәні, іс-әрекеті, сақтандыру сфералары жайлы сөз болады.
Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің сақтаулығы жанды түршіктірердей.

Содержание

Кіріспе

I. Сақтандырудың мәні
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

II. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары
2.3 Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеке мулікті сактандыру.DOC

— 256.00 Кб (Скачать документ)

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды  және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін  программалар жатады.

Есептеу кезеңін  ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық   жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс  қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет  болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек  функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін  программалар кіреді. ҚПП – жалпы  жүйелік және функционалдық болып  екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:

  • Мәліметтерді басқаруда ;
  • мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
  • деректі программалық әдістерін;
  • дискретті программалар әдістерін;
  • үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды

орындайтын  алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай  бөлуге болады.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.

Программалық  жабдықтау

 

Тип

Атауы

Мүмкіндіктері

Жалпы программалық жабдықтау

 

Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0

MS Offіce XP

Дербес ЭЕМ  үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді  серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal

Дербес ЛЕЖ  үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау.

ҚПП

Delphі 7

Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.

МББЖ

Paradox 7

Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер  базасын жинақтау.

Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді  бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне  ену құқын анықтайды.

Вирусқа қарсы  программа 

Мәліметтерге  қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.


 

Математикалық жабдықтау

Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты  өңдеудің математикалық, үлгілері мен  алгоритмдерінің жиынтығы. Жеке мүлікті сақтандыру  ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.

Ақпараттық  жүйені математикалық жабдықтау  құрамына мыналар кіреді:

    • Типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
    • Мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).

Ақпараттық  жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:

    • Математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;
    • ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модельдерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
    • Қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
    • Алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.

Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей  жалпы талаптарға жауап беруі  тиіс:

    • ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;
    • ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
  • өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;
    • есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
    • қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
    • программаның орындауы жолына бақылау енгізу;

Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың  шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің  бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз  етуі қажет.

Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы.

Лингвистикалық  жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. ЖМСАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.

Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. ЖМСАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

    • жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
    • жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

Құқықтық  жабдықтау – бұл, ЖМСАЖ-нің ұйымдастырылуын, оның мақсаты мен мәселелерін, құрылымы мен функцияларын, оның барлық буындарының құқықтық мәртебесін белгілейтін және бекітетін нормативтік актілермен өрнектелетін, сонымен қатар құру және жұмыс істеу үрдісін реттеу үшін тағайындалатын нормалар жиынтығы.

Концептуалды  схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін  бейнелейді, және негізгі  құралдарды анықтайды.

Ақпараттық  жүйелер -  бұл күрделі жүйе болып келеді. Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

Әдетте  декомпозициялау  анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы  элементтердің атқару роліне  қарай  екі бөлшекке бөледі.

Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі  жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Жүйеше дегеніміз - жүйенің анықталған  белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.

Ақпараттық  жүйенің функционалдық бөлшегі - жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.

Функционалдық жүйеше – нақты функциялармен шектелген ақпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.

Қамтамасыз  ету бөлігі - бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)

жүйенің қызмет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.

Қамтамасыз  ету бөлігі мыналардан тұрады: техникалық  қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ).

Жеке мүлікті  сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық  сызбасы  2-ші суретте көрсетілген:

 

Концептуальдық схема



 

 

 

 

 

 


 

 

 



 


 

 

 

         












 

 

 

 

 

Мәселе  қойылымы. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіндегі негізгі мәселе Сақтандыру жұмысының атқару қызметін жақсарту, оған дер кезінде ақпараттарды беріп отыру.

2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары

Кіріс ақпараттары

Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.

Кіріс құжаттары  және олардың негізінде алынған  файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті  мәліметтер көрсетілген.

Қайта өңдеуге  түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет. Жеке мүлікті сақтандыру барысында кіріс құжаттары мыналар: Сақтандыруға өтініш, Мүлік куәлігі, Мүлікті иеленушінің РНН-і, Біріншілікті төлем туралы анықтама.

 

Кіріс құжаттары

Ақпарат түсу  көзі

Аты

Ұсыну түрі

Сақтандыруға  өтініш

құжат

Сақтандырушы

Мүлік куәлігі

құжат

Сақтандырушы

Мүлікті иеленушінің  РНН-і

құжат

Сақтанушы

Біріншілікті төлем туралы анықтама

құжат

Сақтанушы


Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат. Бұл жобада шығыс ақпараттары: Сақтандыру келісім-шарты, Сақтандыруға кепілдік.

 

Шығыс  құжаттары

Ақпарат түсу  көзі

Аты

Ұсыну түрі

Сақтандыру  келісім-шарты

құжат

Сақтандырушы

Сақтандыруға  кепілдік

құжат

Сақтандырушы 


 

 

2.3 Жеке мүлікті  сақтандырудың ақпараттық жүйесінің  концептуалдық схемасы

Ақпараттық жүйе – бұл жүйе жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және ақпараттарды беру, экономикалық объектіні басқаруға қажетті.

ҚР ақпараттандыру туралы заңында ақпараттық жүйенің келесідей  анықтамасы көрсетілген: ақпараттық жүйе – бұл ақпараттық технологиялардың жиынтығы, ақпараттық желілер және құралдар олардың бағдарламалық – техникалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық процестердің орындалуына арналған.

Концептуалды схема  бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.

Өзара байланысқан құрылым  схемалардың жиынтығын көрсетеді, бұлардың құрамына иерархиялық және ұзындық тәуелді жүйеастылары кіреді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өнделуі кезінде жүйенің әртүрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы, ақпараттық үлгілердің, блок – схемалық алгоритмдердің, ақпараттарды өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.

Тұтас ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей жүйені құрудың методологиялық аспектілерін көрсетеді және негізгі аспаптық құралдарды анықтайды, сонымен қатар функционалдық жүйе астыларына кіретін пәндік облыстар. Ал функционалдық жүйе астыларының ролінде ЛЕЖ қолданылуы мүмкін.

Жеке мүлікті сақтандырудағы ақпараттық жүйенің концептуалдық  схемасы төмендегі суретте көрсетілген. Ол жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады.

Ақпараттық жүйенің  жабдықтаушы бөлімі программалық, техникалық және ақпаратты жабдықтаушы түрінде  көрсетілген, ал мінездемелері бөлек  кестелерде келтірілген.

Информация о работе Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі