Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 21:50, лекция

Краткое описание

Әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға көмек көрсету. Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын адамға деген сүйіспеншілік, жан ашу, қиыншылықта бірге болу, ниеттестік, жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену, көмек жасау ниеті мен жәрдемі жатады. Әлеуметтік жұмыс-әрекеттің ерекше бір түрі. Егер құрылысшы үй салса, жөндеуші машиналарды жөндесе, ал әлеуметтік қызметкер «адамды» құрады. Ол өзінің адамымен (клиентімен) әңгімелеседі, оның психикалық стресін кетіреді, оны күнделікті өмірдің ырғағына енуге көмек көрсетеді. Ал бұл әрекеттердің барлығын әлеуметтік қызметкер клиенттің жасерекшелігін ескере отырып жүзеге асырады. Өйткені әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес бағыттары.docx

— 35.31 Кб (Скачать документ)

- арнайы-кәсіптік интеллекті қалыптастыруда  тек қана қоршаған ортасынан   ғана емес басқа да аумақтардан жедел толық ақпараттар алуға, жалпы сауаттылығын арттыруға,  пассионарлы индукцияны игеруге (басқа адамдардың көзқарасына өз ойын жұқтыру) қажетті білімділік, ептілік;

- әлеуметтік қызметтің ерекшелігін, этикасы мен біртұтастығын ескеріп, ұстануы;

- мамандығының құндылығын қорғауы,  сыни тұрғысынан баға бере білуі;

- жоғары дәрежеде мәдениетті  және адамгершілігі мол, социологияның, медицинаның, психология мен педагогиканың  заңдылықтарын, теориясы мен тәжірибелерінің  негіздерін жетік білуі. 

Жеткіншек жастағы баланың дүниетанымының «көздері» енді ғана ашылып келе жатқандықтан, өзіндік «мен» тұжырымының қалыптасуына қоршаған орта, көрген тәрбиесі мен алған білімі, күнделікті тұрмыс жағдайының маңызы зор. Сонымен қатар өзіндік «мен» тұжырымының қалыптасуына баланың денсаулығы, дене бітімі мен зердесінің дамуы, рухани және материалдық қажеттіліктері, жүріс-тұрысының еркіндігі мен талаптарға бой ұсынуы т.б. ықпалы бар. Жетім балалар арасынан денсаулығы мықты балалар аз кездеседі. Себебі ата-анасынан ажыраудың өзі олардың психикасы мен мінез-құлық, жүріс-тұрысының қалыптасуын белгілі дәрежеде бұзып, тағы бір жақтан бағып-күтудің жеткіліксіздігі және басқа да көптеген себептерден ауру болады. Мәселен, туа біткен не болмаса созылмалы аурулар, психикалық ауытқулар, дене мен ақыл-ой кемістігі, зердесіне зақым келгендер, мүгедек т.б. балалар да бар.

Балалар үйіндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

 

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мақсаты

Іс-әрекет қызметі

Ұйымдастыру түрлері мен әдістері

  1. Баланың әлеуметтік мәртебесін (статусын) анықтау

Диагностикалау

Тестілеу,сауалнама, әңгіме,сұхбат,баланың жеке құжаттарын зерделеу т.б.

  1. Баланы тәрбиелеп,дамытудың жеке бағдарламасын түзу

Болжамды пайымдау

Педагогикалық, медициналық, психологиялық түзетулермен емдеп, тәрбиелеу

  1. Баланы бейімдеу, түзету, қолдау

Әлеуметтендіру, қатарға қосу

Бақылау, байқау, әңгіме, жаттығу, мақтау, мадақтау, өзіндік жеке жұмыс жоспарын түзу және жүзеге асыру

  1. Баланың құқығы, мүддесін қорғау және басқару органдарымен бірлікте жұмыс жүргізу

Араға түсіп делдалдың ету, патронаж міндетін атқару

Сендіру, иландыру нандыру, шүйіркелесу


 

Дарынды бала, әрине, ата-ана, отбасының мақтанышы. Егер барлық бала, мысалы, отбасындағы бес-алты бала түгелімен жақсы оқып, әр нәрсеге қызығып, бір-бірінен сұрап, өзара көмектесіп оқыса олардың барлығы қабілетті болып өседі. Ата-аналардың көпшілігі егер баласы қарапайым қатардағы оқушы ретінде үлгеріп оқыса, қатарынан озып шықпаса, соған да риза. Ал кейбіреулері оқуға қабілеті жетпейтін баланы зорлықпен қинап, сүйрелеп оқытып, ешқандай қызығуы болмаса да, күштеп сабақ үйретуге әрекетттенеді. Ондай баланың дарыны не қабілеті болмаса, ешнәрсе өнбейтіні белгілі. Керісінше,  денсаулығы нашарлап, ата-анасынан да, оқудан да көңілі қалып, өзіне де риза болмай білімге, кейде тіпті өмірге де қызығуы болмай қалады. Осындай балаларды дарынды, қабілетті балаларға жеткізем деп бұзып алғандар да баршылық.

Дарынды балалар отбасында, ата-анасының сауатсыздығы не мән бермеуінен көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Ондай бала қысым көрсетуді, дауыс көтеріп ұрсу, жеку секілді дөрекіліктерді көтере алмайды. Көңіл-күйі тұрақсыз, жылдам алмасып тұрады, сөзді соңына дейін тыңдамайды, сабырсыз, өз қабілетін, білгенін тез айтып көрсетуге ұмтылады. Мұны түсінбегендер оны «шыдамсыз, ұшқалақ» деп айыптауы мүмкін. Сондықтан ата-анамен жұмыста осы және басқа да психикалық ерекшеліктерін ескеру туралы мәліметтер беріп тұру керек. Баланы біртіндеп шыдамды, табанды, сабырлы болуға тәрбиелеу керек.

Әлеуметтік педагогқа мұндай балалардың көп білуге құмарлығын қанағаттандыру жолдарын белгілеу, шығармашылық қабілетін іс жүзінде және көрсетуге жағдай жасау талабы қойылады. Бұл жердегі әлеуметтік педагогтың басты міндеті – баланың жалықпай ізденуі, үйреніп қалған әдет дағдыларын қайта қарап, дарын қабілетін дамытуға бағыттау, қоршаған әлеуметтік ортамен мәмлесін бұзып алмау үшін қажетті шараларды жүзеге асырады. Мұндай балаларды жастайынан бос уақытын дұрыс пайдалануға үйрету, оны пайдалы істерге жұмсауын қарастырып, шығармашылық еңбекке тәрбиелеу, соған сай ортаға араластыру, мысалы, музыкаға қабілетті болса музыканттармен араласуына, қабілеті аен дарынының дамуына шарт түзу көзделеді. Ондай балалардың шығармашылық үйі, мектептегі үйірмелерге музыка мектебі, спорт секциялары, сурет студиялары секілді арнайы орындарға баруына мүмкіндік туғызу және қадағалау, жағдай туғызу керек.

  1. Орта жас кезеңі немесе ересек адам өмірдің белсені тұлғалық қасиеттері қалыптасып, зердесі дамудың ең жоғарғы деңгейіне жетіп, рухани әлемі бай, адамдармен қарым-қатынас орнату тәсілдерін меңгерген, мысалы, сыйласу, кешірімділік, ақылдасу, кеңесу секілді қасиеттері отбасы, бала тәрбиесінде айта қаларлықтай жақсы қамтылған шағы. Ал, егер, керісінше болса отбасы мәселелерін туындатып, не балаға, не өзіне пайдасы жоқ, сөйтіп әлеуметтік педагогиканың нысанасына айналады.

Көпшілік адамдар 55 жастан кейін зейнетке шығу уақыты жақындап қалғандықтан мазасындана бастайды. Зейнетке шығу мен қарттығын қамсыздандыру, сый-құрметке ие болу, бос уақытын дұрыс пайдалану аса маңызды. Өйткені жұмыссыз қалу адамның әр түрлі қызығушылығын төмендетіп, қарым-қатынас ауқымы кішірейеді.Салғырт тұрмыс адамның денсаулығын нашарлатып, мінезі өзгеріп, адам өкпешіл, өзімшіл бола бастайды.

Үлкен жастағы адамдар бұрынғы артта қалған өмірге оралғысы келеді, өмірбаянының бір сәтіне оралсам деп арамандайды. Шет елдерде қолданылатын технологияның бірі — психогимнастика. Бұл технологияда қарттарға арналған  «Еске түсіру» клубын ұйымдастыру. Қарт адамдар жастық шақты, денсаулықты күтуге, әлеуметтік қызметін еске алуға мүмкіндік тудырады. Оған қоса, өткенге шолу суреттер, кітаптар,газеттер және журналдар да көмекке келеді.

Қарттарға еңбектерапиясын қолдануға болады. Индивидуалды қоғамдық ұйымдарға қатыстыру, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру, коммуникативті мүмкіндіктер, өзінің өмірін ұйымдастыруда шешім қабылдау, қоғамдық жұмыстарға белсеңді қатысу. Еңбектерапиясын, бұл жерде әлеуметтік реабилитация ретінде қарастыруға болады. Қартайған кезде бұл тәсіл өте нәтижелі және эффективті. Бұл терапияның ерекшелігі соматикалық және психикалық денсаулықты дұрыс баланста ұстауға көмек көрсетеді.

Қарт адамдарды қоғамдық өмірге қатыстыру керек. Олардың еңбегі мен өздерінің қоғамға керек екенін сездіру. Олар ақылшы, жастарға жол сілтеуші.

Әлеуметтік сала маманы жиі кеңес беруші рөлін де атқарады, сондықтан кеңес беру тәжірибесі басқа адамдарды дұрыс түсінуіне көмектеседі, олардың мұқтаждарына көңілімен ортақтас болуға, өз тарапынан байланыс құруға қолдау болады. Кеңес беру арқылы қарт адамдардың ойын, мұқтаждығын білуге болады, олардың қолданылып отырған қызметіне деген көзқарасын. Көмек көрсету арқылы қарт адамдармен қарым-қатынас құру әлеуметтік қызметкер үшін өте күрделі. Оның клиенттерінің түрлі сезімдері болады: қайғыру, мұңаю, уайымдау, тастанды сезімі, қажетсіздік сезімі. Олар басқа адамның көмегіне мұқтаж болуымен қатар өздігінше қабілеттерінен айырылу сезімімен де күйзеледі. Бұндай күрделі жағдайларда әлеуметтік қызметкер қарт және қария адамдармен қарым-қатынас құру мен соны сақтау қабілетін меңгеру керек, олардың психикалық құбылыстарын реттеуге тырысып тәуелсіздік орнын көрсете білу керек. Қарт адамдар оларды басқаруға, кеңес беруге, өмірлерін реттеуге қарсы келеді. Олармен жұмыс атқарғанда әлеуметтік қызметкердің міндетінде: - қарт клиенттерге деген мінсіз сыйластықты көрсету - олардың өмірлік тәжірибесіне жүгіну - қажетті психологиялық климатты құрып сақтауға тырысу, ол маңызды проблемаларды талқылауда екі жақты сенімділікке қолдау болады - қарт адамдарға деген шынайы қызығушылығы мен оларға көмек көрсету ынтасын көрсету - бар ойын айтуға толық мүмкінді беру - жай және түсінікті тілде сөйлеу, психологиялық терминологияны қолданбау - сұхбаттасуды 25-30 минутпен шектеу, өйткені қарт адамдар ұзақ әңгімелесуді көтермейді - жұмыс барысында жұбату мақтауды қолдану, өйткені қарт адам ұзақ сөйлейді және бір тақырыптан бір тақырыпқа ауыса береді. Қарт адамға әлеуметтік қызмет көрсету сұрақтарымен, қайғысына, қызметтік қабілеттерін жоғалтуы бойынша, қарым-қатынастағы қиындықтар мен жанжалдар бойынша, өткен мен болашақтың байланысы жөнінде, жаңа өмір әрекетіне және жағдайларға бейімделу бойынша кеңес беруге болады.

Қарт адам үшін зейнетке шығу кезеңі – нормативті жас ерекшеліктік дағдарыс, онда өмірдің жағдаяттары арасында қарамақайшылық туады (әлеуметтік статусының өзгеруі) және адам мұқтаждығы (әлеуметті маңызды әрекетін жалғастыру, отбасы мен қоғамдағы орнын сақтай білу). Зейнетке шығу қарт адамның нормалы өмірлік ырғағын үзеді, экономикалық мағынада өнімдіктен өнімсіздікке ауысу болады, сондықтан ол күйзеліске соғуы мүмкін. Жас ерекшеліктік психологиялық кеңес беру нормалы жас ерекшелігінің дағдарысын біліп сәйкесті өзгерулерді қабылдауға дайын болуға қарт адамға мүмкіндік береді. Жас ерекшеліктік психологиялық кеңес беру барысында екі проблеманы шешу қажет: «зейнеткер статусын» меңгеруге көмек көрсету, бар өзгерулерімен қатар өз кәрілігін қабылдай білу, көптеген әлеуметтік байланыстарын жоғалту мен физикалық сұраныста жоқтығын түсіну. Батыс елдерінде зейнетке шығу алдында арнайы курстар жүргізеді, зейнет жасының алдындағы адамдарға өміріндегі жаңа кезеңге дайындалуға көмек көрсетеді. Кеңес беруде отбасы мүшелерімен де араласу қажет, олар қарт адамның өмірлік өзгеруін қабылдауға қолдау көрсетеді және осы жерде келесіні ойдан шығармау керек:

- анкеталық мағлұматтар  және отбасы туралы толық мәліметтер 

-қарт адамның өмірлік жолын өту ерекшеліктері: оқудағы табыстылығы, кәсіби өсу кезеңдері, жұмыс орнының ауысуы, жетістіктері, марапаттаулары.

Қоғам оларды кемсітіп, оларға қарсы болып көрінеді. Егер үлкен егде жастағы адамдар жаққа жолды тауып, қалыптасқан байланысты сақтап қалса, олар мәдени деңгейдің жаңа түрін құрып, өзінің психологиялық тұрақтылығын сезінеді.

  1. Осы жастағы топқа жататын адамдардың арасында психологиялық жақындастық, бірін — бірі қабылдап, тез тіл табысып кету;
  2. Халықтың бөтен топтармен іс — әрекет жасаудан оларды алып тастауы.

Сонымен үлкен егде жастағы адамды кемсіту, олардың бірлігі қартаю кезіңде қарым- қатынастарының өзіне тән жаңа түрі туындайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі Педагогика және психология – Алматы: «Мектеп» баспасы 2002ж.-256б.
  2. Қазақ тілінің сөздігі –Алматы: Дайк –Пресс, 1999-776б.
  3. Халитова І. Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы. – Алматы: «Білім» баспасы, 2007-200б.
  4. Кертаева Г.М. Педагогикалық деантология негіздері : Оқу құралы – Павлодар, 2011-298б.
  5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университет студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2000-284 б.

Информация о работе Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес бағыттары