Эмиль дюркгейм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:46, реферат

Краткое описание

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың арқасында оның негізгі туындыларына « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм.docx

— 15.54 Кб (Скачать документ)

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың арқасында оның негізгі туындыларына  « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Ал Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.

Діннің  қоғам интеграциясы ретіндегі социологиялық  теорияны жасаудағы басты еңбек  Дюргеймге тиісті. «Діни өмірдің  элементті факторларынан» ол дінің  пайда болуы мен дамуының эволюциялық  теориясын жасайды. Ең бастысы –  діни феноменнің қызметі мен құрылымын  анықтаудың мәселесін жетілдіреді. Белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді білдіре отырып, дін қажетті қоғамдық міндеттерді атқарады. Дюркгейм табыну практикасындағы негізгі әлеуметтік қызметтерді атап көрсетеді: тәртіпке шақыру, немесе мәжбүр ету және бақылау қызметі, соның негізінде әлеуметтік бірлік нығайып, бекиді; жаңадан өндіру міндеті, бұл жаңа ұрпаққа әлеуметтік – мәдени мұраларды берудің және оның жандануының көмегімен іске асады; эйфориялық  міндет, бұл әлеуметтік аман- есендік қуаныш сезімін қалыптастырудан тұрады. Дюркгейм дін ұғымын діннің басты кмпоненттерінен, яғни құдай, т.б. айырып, дінді кез-келген әлеуметтік объектіге қатысы  бар наным мен ырымдардың жүйесі ретінде кеңірек көлемде түсіндіреді.  Түптеп келгенде, дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгі сипатталған, кез-келген қоғамдық типте ұқсастығымен көрінетін абстактілі идеологиямен теңестірді. Дюргейм үшін дін – қоғамдағы тұтастық, тұрақтылықың, «тәртіптің» негізі және бар нәрсені өзгертуге емес, сақтауға консервативті бағытталған. Осы бұрыштан дін антикалықтан бастап осылай қарастырылды.

Діннің  ролі жөніндегі Веберлік концепцияны  түсіну үшін, оның өз зерттеулерінде басшылыққа алған шартарды ескереу керек. Бұл  біріншіден, діннің социологиялық аспектінің зертеуге – адамдардың діни іс-әрекетін әлеуметтік іс-әрекет ретінде зерттеуге  бағыт ұстау. Вебер «идеялардан» қоғам дамуының факторын  этикалық принциптердің, діни сенімдердің құқықтық нормалардың арасындағы байланысты көру керектігін дәлелдеді. Осы орайда  Вебер діннің ерекшелігін оның мән қараушысы іс-әрекетінен көреді. Бұл жерден мына міндет келіп шығады: тарихи дамудағы діннің ролін түсіну, діннің әлеуметтік өзгерістермен байланысын анықтау. Вебер діннің әлеуметтік аспектілеріне ден қойды, яғни қоғам дамуындағы діннің ықпалын анықтау үшін «әлемдік діндерді» зерттеуге жүгінді. Ол христиандықты ғана емес, сондай-ақ оның Батыс тарихына қосқан үлесінде зерттеді. Ол әлемдік діндер деп ұстанушылары біршама көп, тарихқа өзіндік із қалдырған діндерді атады. Вебер христианды, будизмді, исламды, иудаизмді, таоизмді және индуизмді зерттеді. Осы діндердің социомәдени процестермен байланысын анықтады. әлемдік діндерде салыстырмалық тарихи анализ жасай отырып М.Вебер «әлемге» қарым-қатынас тәсілі ретінде жалпы деген үш типті болды.

Түптеп  келгенде Дюркгейм дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгі сипатталған, кез-келген қоғамдық типте ұқсастығымен көрінетін абстактілі идеологиямен теңестірді. Ал Вебер дінді тип-типке бөліп, әр түрлі процестермен байланысын анықтап, қарастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер (сілтемелер):

http://volnakz.com/kz/r/301.zip               

        http://www.diplomkaz.kz

 

 

 

 

 


Информация о работе Эмиль дюркгейм