Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 04:06, реферат

Краткое описание

1. Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері.

2. Қазақстанның ішкі саясаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саясаттану.docx

— 26.00 Кб (Скачать документ)

    Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері.

 

                           Қазақстанның ішкі саясаты.

 

           Жоспар:

 

1. Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері.

 

2. Қазақстанның ішкі саясаты. 

 

Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері.

 

 

Қоғамның өндіргіш күштерінің басты элементі деп, өнімді еңбекке қабілетті, талап-тілегі, мүддесі және денсаулығы, тәжірибесі бар қоғамның белгілі бір жас мөлшеріндегі адамдардың тобын айтамыз. Тиімді табысты еңбекету үшін әрбір еңбек етуші субъектінің, яғни тұлғаның белгілі бір көзқарасы, білімі, мамандық дайындығы, тәжірибесі, тәрбиесі, жоғары санасы, психологиясының болуы аса маңызды. Осыған орай әрбір еңбеккердіңжұмысты ойдағыдай тиімді жүргізуі үшін оның жоғары әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері де болуы қажет.Бұған жататын жоғары қасиеттер: терең мамандық, білімдар, маманданған тәжірибе, жұмысқа дағдылану, саналық, әділеттілік , сөз бен істің бірлігі, жауапкершілік, белсенділік, тәртіптілік, дербестік, т.б. Бұлардың әрқайсысы адамға, оның ішінде, әсіресе, еңбеккерге, жоғары мамандарға, кәсіпкерлерге,қызметкерлерге,т.б. тән қасиет.

Бұл қасиеттерді әрбір адам бойына сіңіріп, қалыптастыруы қажет. Бұл қасиеттер қоғамдық өндірісті дамытудың, өндірісті тиімді жүргізуін,сапалы тауарларды шығарудың негізгі факторлары болып саналады.

Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелерінің бірі – адамдардың еңбекке қатынасы және олардың еңбек сүйгіш деңгейін зерттеу.

Бұрынғы Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде адамның еңбегін бағалауда олқылықтар орын алды. Адамдардың еңбектерін бағалаудың нақты критерийлері болмады. Осының салдарынан миллиондаған адмдар еңбекке қалай болса, солай қарап, жұмыс істеу қабілетін жойды, еңбекке жауапкершілікпен қарау болмады. Бұл ойымыздың растығын 1997-1998-жылдары орта мектепті бітіруші оқушылардан сұрау арқылы алынған деректерден көруге болады. орта мектепті бітірушілердің 7%-ы ғана өндірістік, маманданған еңбекке құлық білдірген, 22%- еңбекті қажетті деп есептейді, ал, 37% – еңбекті жағымсыз процесс ретінде қарайды.

Еңбекшілердің арасында еңбекке қызығудың өлшемдері мынандай: 99%- жұмыс қызықты (адамды еңбектің ұдайы тартатындай болу) болуын, 88%- жалақының істеген еңбегіне қарай бөлінуін, 85%- еңбектің әлеуметтік қорғау кепілдігін, 82%- басшылардың еңбек адамына әріптестік қарым-қатынаста болуын қалайды.

Қазіргі қоғамда зиялы қауымның беделі күрт түсіп кетті.

Елде жоғары мамандырды дайындау деңгейі, қазіргі өндірістің талап-өндірістің талап-тілегіне сәйкес емес. Ал, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында ғылыми-техникалық жоспарға сәйкес жоғары кәсіби маманданған, білімді, компьютерді жақсы меңгерген, шет тілдерін білетін, жоғары адамгершілік қасиеттері бар кадрлар қажет.

Қазіргі өндірісте тауарды шығару немесе оның шығынын азайту, төмендету ғана емес,осылармен қатар тауарды тұтынушыға уақытында жеткізіп, тиімді сата білуде көкейтесті мәселелерге жатады. Бұл ретте әлеуметтік зерттеумен қатар маркетингтік зерттеу аса үлкен рөл атқарады.

Маркетингтік зерттеу сапалы тауарды өндірумен бірге оны тұтынушыға өткізуде алуан түрлі қызмет атқарады. Маркетингтік зерттеудің жобамен алғанда кестесі мынандай болуы мүмкін.

Бүгінгі күнде маркетинг –бұл бір бүтін ғылым, тіпті ғылымдардың жиынтығы деп атауға болады. сондықтан ол ерекше мамандық және болашағы зор. Маркетингтік зерттеулер нарықта өндірілген өнімді немесе қөрсетілетін қызмет түрін тиімді сатуға бағытталады. Ол үшін зерттеу барысынад тұтынушының талғам,сұранысы, көзқарастары, мінез құлықтары зерттеледі.

Яғни, әрбір маркентингтің басты қағидасын, басшылыққа алатын идеясын былай тұжырымдауға болады: өндірушінің басты мақсаты мен міндеті – ол тұтынушының талап-тілегін, мүддесін анықтап алғаннан кейін олардың қажетін қанағаттандыру. Тұтынушының талап-тілегіне сай қандай тауар шығару қажет, оған не керек? Осыны анықтап алғаннан кейін, тұтынушының ұсынысын өндіруші ескеріп отыруы керек. Мұнсыз ешқандай экономика,өндіріс алға басып дамымайды.

Жоғарыда айтылғандардан келесідей мәселелер шығады: өндірістегі әр түрлі қоғамдық топтардың құрылымын, олардың жіктерге бөлінуін, сапалық өзгешелігін талдап, анықтау қажет,өйткені олар экономикалық дамудың негізгі әлеуметтік жағын құрайды.

Өндірістіктегі барлық топтарлың мұң-мұқтажын, мүддесін, қабілетін, белсенділігін ескеріп отыру – бүгін күннің басты талабы.

Қысқаша айтқанда, өндірістегі басты тұлға-еңбек адамы екендігінестен шығармауымыз керек. Еңбек адамына жұмыс күші ретінде ғана қарама, оның көңіл күйімен, мүддесімен санасу керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегінбағалау – басты мәселе. Өндірісте, фирмалар мен корпорацияларда еңбек адамын өндірісті ұйымдастыру, тіпті басқару істеріне де араластырып отыру - әлемдіктәжірибе көрсеткендей, жоғары нәтижегеқол жеткізеді. Бұл -әлеуметтік еңбек қатынастарының “әлеуметтік әріптестік” деген түріне жатады.

 

 

                                                  Қазақстанның ішкі саясаты 
 
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, өзінің егемендігі бар, дербес және демократиялық мемлекет болып табылады. Өз тәуелсіздігінің 19 жылында Қазақстан ішкі саясатын да біршама өзгерістер енгізе отырып, белсенді түрде жемісті жүргізіп келеді. Ішкі саясаттың жүру қарқынын мыналардан көруге болады: 
 
1.Қазақстан тәуелсіздік алғандықтан, өзінің Конституциясын жариялады. Алғаш рет 1993 жылы Конституция қабылдап, кейін 1995 жылы бүгінгі күнге дейін жетіп отырған екінші жаңа Конституциясын қабылдады. Конституцияның маңызды ережелерін атап кетер болсақ, олар: 

  •  
    Халықтың билік етуі жарияланып, халыққа мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілді. 
  •  
    Қазақстан Республикасында өз аумағының, оның тұтастығының, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, өз заңдарының, басқа елдермен терезесі тең болуы Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайды. 
  •  
    Қазақстан Республикасының саясаты тікелей адам мен азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын әр кез қолдап отырады.
  •  
    Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналып отыр. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ол ұлттардың өкілдері елімізде тату-тәтті тыныш өмір кешуде. Сол себепті Конституцияда адамдардың ұлтына, нәсіліне, жынысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі атап көрсетілген.

 
2.Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған саясат демократиялық сипатта болғандықтан, елімізде көппартиялық жүйе қалыптасқан болатын. Себебі елдегі билік етуші үкіметтің саясатын бақылап отыру үшін халық бірнеше оппозициялық саяси партияларды құруы тиіс. Бүгінде елімізде билік тізгінін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басқарып отырған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ұстап отыр. Сонымен қатар елімізде «Ақжол», «Руханият», «Қазақстанның коммунистік париясы» , т.б. ірілі-ұсақты оппозициялық саяси партиялар да бар. 
 
3. Қазақстанның алға дамуын әрі қарай ілгерілету мақсатында Елбасымыз алдағы жылдарда жүргізілетін саясаттың бағыттарын айқындау үшін 1997 жылдың қазан айында «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялады. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Осы стратегияның маңызды басымдықтарына шолу жасап кетер болсақ: 

  •  
    Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыта отырып, әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет,төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайта отырып, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асыру қажет.
  •  
    Макроэкономиканы тұрақтандыра отырып, сауда мен өндіріске мемлекеттің жиі араласуын тежеу арқылы және тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету мақсатында өндірісті диверсификациялау көмегімен Қазақстанныңсалауатты экономикалық өрлеу стратегиясын жүзеге асыру қажет.
  •  
    Сонымен қатар әлеуметтік стратегияны, ресурстарды дұрыс пайдалану стратегиясын, көлік пен байланысты дамыту стратегиясын, басқару саласындағы стратегияны және де қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында алға біршама тапсырма қойылып отыр.

 
4. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты туралы сөз қозғай отырып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Жаңа онжылдық–жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы туралы сөз қозғамай кету мүмкін емес. Елбасымыз алдағы онжылдықта экономиканы дағдаарыстан кейінгі дамуға әзірлеу қажет екендігін, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканық тұрақты өсуіне қол жеткізу керек екенін, адам капиталының қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау қажетін, қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерімен қамтамасыз ету қажетін, ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту керек екенін айтып өткен еді. Еліміздің экономикасын өрге өрлету үшін экономиканы әртараптандыру, сауатты сауда саясатын жүргізу, экономикаға инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті дамыту, отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару – аталмыш жоспарда ел экономикасын дамытуға бағытталған алға қойылған мәселелер болып табылады.  
 
                                       

                                                            Қорытынды бөлім 
 
Қорытынды ретінде, Республикамызда ішкі саясаттың халық пайдасына жүргізіліп отырғанын «Жол картасы-2009» бағдарламасынан көруге болатынын атап кетуге болады. Бұл бағдарламаның арқасында қазіргі дағдарыс жағдайында көптеген жөндеу мен реконструкциялауды қажет ететін жолдар,маңызы бар трассалар, электр және су, жылу желілері, мектептер мен ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары қайта қалпына келтірілген болатын.  
 
Болашақта Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.  
 
Сөз соңында ,егер «Қазақстан-2030» стратегиясында алға қойылған мақсаттарға жететін болсақ, еліміз күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болатынын атап өткім кеп отыр . 
 
                                                  

                                                  Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1.  
    Электронды оқулық. «Википедия. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты»
  2.  
    Электрондық оқулық. «Википедия. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты»
  3.  
    Шың-кітап. Қазақстан тарихы. Алматы-2005 , 322-339 беттер
  4.  
    Ә.З.Тұралин. Құқық негіздері. Петропавл-2006 , 39-40 беттер
  5.  
    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Жаңа онжылдық–жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Петропавл, 201

 


Информация о работе Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері